"Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 қарашада № 33697 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11437 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасында:

      "Спорттық жарыстар" 1-бөлімде:

      "Республикалық жарыстар" 2-кіші бөлімде:

      2.1.5.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.1.5. Жауынгерлік өнер фестивалі

Ереже (регламент) негізінде өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

      ";

      2.1.12.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.1.12. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі (қажет болған жағдайда дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша үш жылда бір рет өткізілуі мүмкін). Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шараларды орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
Е. МАРЖИКПАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады