Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 21.05.2019 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексiнің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормалары бекітілсін.
2. Бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормалары тиісті қаржылық жылға бөлінген қаржы шегінде жүргізілсін.
3. Арнайы автокөліктерді пайдалану Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген тәртіпте, белгіленген лимит шегінде жүзеге асырылады.
Арнайы автокөлік – салықтық, кедендік заңнамалардың және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын, қызметкерлері мен қызметшілеріне көлік қызметін көрсетуге арналған жеңіл не жүк автокөлігі, автобус, шағын автобус.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 337 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының
арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормалары
Атауы | Арнайы көлік құралдарының заттай нормалары (жеңіл көліктердің негізінде) | Арнайы көлік құралдарының заттай нормалары (жүк автомобилдері және жолаушылар автобустары мен шағын автобустар шассиінде) | Жүру лимиті айына 1 а/м (км) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті | 18 | 5 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 56 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 49 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 72 | 5 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 39 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті | 44 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 69 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 70 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 62 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 34 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 46 | 3 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 86 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 48 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 44 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті | 66 | 3 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекетті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменты | 36 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменты | 52 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Достық" кедені | 8 | 2 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Кинологиялық орталығы" | 2 | 1 | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Орталық кеден зертханасы" | 2 | _ | 2600 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу әдістемелік орталығы | 2 | 1 | 2600 |