Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 337 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11545 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 21.05.2019 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексiнің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормалары бекітілсін.

      2. Бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормалары тиісті қаржылық жылға бөлінген қаржы шегінде жүргізілсін.

      3. Арнайы автокөліктерді пайдалану Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген тәртіпте, белгіленген лимит шегінде жүзеге асырылады.

      Арнайы автокөлік – салықтық, кедендік заңнамалардың және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын, қызметкерлері мен қызметшілеріне көлік қызметін көрсетуге арналған жеңіл не жүк автокөлігі, автобус, шағын автобус.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 337 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының
арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормалары

Атауы

Арнайы көлік құралдарының заттай нормалары (жеңіл көліктердің негізінде)

Арнайы көлік құралдарының заттай нормалары (жүк автомобилдері және жолаушылар автобустары мен шағын автобустар шассиінде)

Жүру лимиті

айына 1 а/м

(км)

1

2

3

4

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

18

5

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

56

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

49

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

72

5

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

39

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті

44

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

69

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

70

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

62

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

34

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

46

3

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

86

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

48

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

44

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

66

3

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекетті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменты

36

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменты

52

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Достық" кедені

8

2

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Кинологиялық орталығы"

2

1

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Орталық кеден зертханасы"

2

_

2600

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу әдістемелік орталығы

2

1

2600


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады