"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 497 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 шілдеде № 11571 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2017 жылғы 24 мамырдағы № 356 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.05.2017 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) "Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 135 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 15 наурызда № 9228 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 23 маусымда, "Казахстанская правда" газетінде 2014 жылғы 31 шілдеде № 147 (27768) жарияланған);

      2) "Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 376 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 1 шілдедегі № 9666 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеудi;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға көшірмелерін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 497 бұйрығымен
бекітілді

"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 343 бұйрығымен бекітілген "Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11121 тіркелді) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ішкі істер министрлігі www.mvd.gov.kz интернет-ресурсының "Ішкі істер органдарының қызметі туралы" бөлімінде көрсетілген мекенжай бойынша Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының визаларын ұзарту және көрсетілетін қызметті алушының шетелдік паспортының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің визалар үшін көзделген беттерінде толтырылған және Астана, Алматы қалаларының, облыстардың Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасы бастығының (бастықтың орынбасарының) қолымен куәландырылған визалық жапсырманы жапсыру арқылы беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы "терезе" арқылы жүргізіледі, онда көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызметті берушіге берген стандарттың 9-тармағында сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттар қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1) он минут ішінде орындаушының өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайлығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін тексеруі;

      2) он минут ішінде орындаушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркеуі;

      3) он минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының жауапты орындаушыны таңдауы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдаған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөліністерімен (бұдан әрі – ҰҚКД) келісу үшін орындаушының өтінішті жолдауы;

      5) бір жұмыс күні ішінде тиісті санаттағы визаны жапсыру не ҰҚКД жауабының негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің бір жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлануы;

      7) он минут ішінде толтырылған визалық жапсырма жапсырылған құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші мен мемлекеттік органдар құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орындаушы;

      3) сұрау салуды қарайтын және ҰҚКД-ге жолдайтын жауапты орындаушы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің бастығы;

      5) ҰҚКД қызметкерлері.

      10. Құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімдердің (әрекеттердің) ұзақтығын көрсететін рәсімдер (әрекеттер) кезектілігінің сипаттамасы:

      1) мемлекеттік қызмет алуға қағаз тасымалдағышта келіп түскен өтінішті түскен күні тіркеу;

      2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен шынайлығын көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күні тексеру;

      3) көрсетілетін қызметті алушыдан ұсынылған құжаттар толық және шынайы болған жағдайда оларды қабылдаған күні келісу үшін ҰҚКД-ге сұрау салу жолдау;

      4) келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде ҰҚКД жауабын орындаушының өңдеуі және тиісті санаттағы визаны жапсыру не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Министрліктің www.mvd.gov.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

  "Шығу визаларын ұзарту және беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы



Об утверждении регламента государственной услуги "Продление и выдача выездных виз"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 497. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 июля 2015 года № 11571. Утратил силу приказом и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 мая 2017 года № 356 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра внутренних дел РК от 24.05.2017 № 356 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Продление и выдача выездных виз".

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 марта 2014 года № 135 "Об утверждении регламента государственной услуги "Продление и выдача выездных виз", (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан от 15 марта 2014 года за № 9228, опубликован в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет" 23 июня 2014 года, газете "Казахстанская правда" от 31 июля 2014 года № 147 (27768);

      2) приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 июня 2014 года № 376 "О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 марта 2014 года № 135 "Об утверждении регламента государственной услуги "Продление и выдача выездных виз" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан от 1 августа 2014 года за № 9666, опубликован в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет" от 1 июня 2015 года).

      3. Департаменту миграционной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан Тургумбаева Е.З. и Департамент миграционной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Саинов С.С.).

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Министр внутренних дел


Республики Казахстан


генерал-полковник полиции

К. Касымов


  Утвержден
приказом Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 30 мая 2015 года № 497

Регламент государственной услуги
"Продление и выдача выездных виз"
1. Общие положения

      1. Регламент государственной услуги "Продление и выдача выездных виз" (далее – регламент) оказывается по месту постоянного жительства услугополучателя в соответствии со стандартом государственной услуги "Продление и выдача выездных виз", утвержденным приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 343 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11121) (далее – стандарт).

      2. Государственная услуга оказывается территориальными подразделениями Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее – услугодатель) по адресам, указанным на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел (далее – Министерства) www.mvd.gov.kz в разделе "О деятельности органов внутренних дел".

      3. Форма оказания государственной услуги – бумажная.

      4. Результат оказания государственной услуги – продление и выдача виз Республики Казахстан путем вклеивания заполненной и заверенной подписью начальника (заместителя начальника) Управления миграционной полиции Департамента внутренних дел г.г. Астаны, Алматы, областей визовой наклейки в заграничный паспорт либо удостоверение лица без гражданства услугополучателя, предусмотренных для виз либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 стандарта.

2. Описание порядка действий структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания государственной
услуги

      5. Прием документов услугодателем осуществляется посредством "окон", на которых указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность сотрудника миграционной полиции.

      6. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является наличие заявления услугополучателя с прилагаемыми документами (далее – заявление) согласно пункту 9 стандарта, поданного услугодателю на бумажном носителе.

      7. Содержание каждой процедуры (действия), входящих в состав процесса оказания государственной услуги, длительность выполнения:

      1) проверка исполнителем заявления на достоверность указанных в нем сведений, а также соответствие перечню, указанному в пункте 9 стандарта в течение десяти минут;

      2) регистрация исполнителем заявления на получение государственной услуги в канцелярии услугодателя в течение десяти минут;

      3) выбор руководством услугодателя ответственного исполнителя в течение десяти минут;

      4) направление исполнителем заявления для согласования в территориальные подразделения Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее – ДКНБ) в день получения документов от услугополучателя;

      5) вклеивание визы соответствующей категории либо мотивированный отказ в предоставлении государственной услуги на основании ответа ДКНБ в течение одного рабочего дня;

      6) уведомление услугодателем услугополучателя о принятом решении в течении одного рабочего дня;

      7) выдача услугополучателю документов с вклеенной заполненной визовой наклейкой в течение десяти минут.

      8. Срок оказания государственной услуги составляет пять рабочих дней.

3. Описание взаимодействия структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания
государственной услуги

      9. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя и государственных органов, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:

      1) работник канцелярии услугодателя;

      2) исполнитель, который осуществляет прием документов от услугополучателя;

      3) ответственный исполнитель, который рассматривает и направляет запрос в ДКНБ;

      4) начальник услугодателя;

      5) сотрудники ДКНБ.

      10. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия):

      1) регистрация в день поступления заявления на получение государственной услуги, поступившего на бумажном носителе;

      2) проверка полноты и достоверности представленных документов в день получения документов услугополучателя;

      3) направление запроса в ДКНБ для согласования в случае полноты и достоверности, представленных документов в день получения документов от услугополучателя;

      4) обработка исполнителем ответа ДКНБ в течение одного рабочего дня со дня его поступления и вклеивание визы соответствующей категории либо мотивированный отказ в предоставлении государственной услуги.

      11. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги, а также описание порядка взаимодействия с иными услугодателями в процессе оказания государственной услуги отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги, согласно приложению к настоящему Регламенту. Полная информация о порядке оказания государственной услуги и необходимых документах, образцы их заполнения, а также справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги размещаются на интернет-ресурсе Министерства www.mvd.gov.kz, а также в официальных источниках информации и на стендах, расположенных в подразделениях миграционной полиции.

  Приложение
к регламенту государственной
услуги "Продление и выдача выездных виз"

Справочник
бизнес-процессов оказания государственной услуги

      "Продление и выдача выездных виз"