"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 тамызда № 9666 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 497 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 30.05.2015  № 497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9228 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 23 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Министр

Қ. Қасымов


Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 376 бұйрығына
қосымша


«Шығу визаларын ұзарту және
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады