Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2016 № 143 бұйрығымен.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушының сақтағаны туралы растама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ә.Исекешев
2015 жылғы 11 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е.Досаев
2015 жылғы 28 мамыр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 4-1/469 бұйрығымен
бекітілген
«Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық
жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушының
сақтағаны туралы растама беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушының сақтағаны туралы растама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді сақтауы туралы растама (бұдан әрі – растама).
Дайындығы туралы хабарлама порталда беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерi жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және оның өкілеттігін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтінім ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызмет алушыға – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгінің қойылғаны болып табылады;
портал арқылы – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің
және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отырады (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында («Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының, ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық
ресурстарына астық жеткізу жөніндегі
міндеттемелерді астық экспорттаушының
сақтағаны туралы растама беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
Нысан
Өтінім
_____________________________________________________________________
(агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы (БСН) немесе жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда) (ЖСН))
Мемлекеттік астық ресурстарына көлемі
_____________________________________________________________________
(цифрлармен және жазбаша)
_______________________________________________________________ тонна
астық жеткізу жөніндегі міндеттемелердің сақталғаны туралы растама беруді сұраймын.
Экспортталатын астық көлемі _________________________________________
_______________________________________________________________ тонна
(цифрлармен және жазбаша)
Өтінім берушінің мекенжайы: _________________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, аудан, облыс, қала (ауыл), көше, үй №, телефон)
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде орналасқан, заңмен қорғаланатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
_______________ ___________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болған жағдайда))
20__ жылғы «___» __________________
Өтінім 20__ жылғы «__» ________________ № _______ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
(өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке
басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), қолы)