"Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11668 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2018 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10336 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларында:

      5, 37, 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бір мамандық бойынша қызметкерлер ауысқан (жоғары тұрған, бірдей, төмен тұрған лауазымға тағайындалған) кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жақын мамандықтар бойынша ІІО-ның мамандықтар тізбесіне сәйкес сыныптық біліктілігі расталмайды.

      37. Қызмет өтілі мен қол жеткізген кәсіби деңгейін есепке ала отырып, әскери қызметшілерге мынадай сыныптық біліктіліктер беріледі (жоғарылатылады, расталады):

      "III сыныпты маман" кемінде бір жыл қызмет өтілі бар (мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін үш айдан кейін), осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген әскери қызметшілерге.

      "II сыныпты маман", "III сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі бар (мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін алты айдан кейін) осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген әскери қызметшілерге.

      "I сыныпты маман", "II сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа, әскери қызметшілерге.

      "I сыныпты маман - тәлімгер (шебер)", "Тәлімгер (шебер)", "I сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа, әскери қызметшілерге.

      38. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының штаттық спорт командасының мына әскери қызметшілері үшін сыныптық біліктілік беріледі (расталады):

      1) Ұлттық ұланның штаттық спорт командасының резерві құрамына кіретін мерзімді қызмет әскери қызметшілері-спортшыларға:

      "IIІ сыныпты маман" - "спорт шеберіне кандидат" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері немесе Қазақстан Республикасы Кубогінің жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған (әскерге шақыру күнінен бастап үш айдан кейін);

      "II сыныпты маман" – "III сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "спорт шеберіне кандидат" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионы немесе Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге (әскерге шақыру күнінен бастап алты айдан кейін);

      2) Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші-спортшыларға (дене шынықтыру және спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):

      "IIІ сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет өтілі, "спорт шебері" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионы немесе Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы атақтарын жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "II сыныпты маман" – "III сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі, "спорт шебері" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Азия чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиада жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "I сыныпты маман" – "II сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі, "спорт шебері" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "I сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" – "I сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі, "халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Әлем чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогінің жүлдегері, Олимпиада ойындарының жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      3) офицерлер құрамындағы әскери қызметші-спортшыларға (спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):

      "IIІ сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет өтілі, "спорт шебері" спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Азия чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиада жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "IІ сыныпты маман" – "IІІ сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі, "халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағынан төмен емес спорттық атағы және таңдаған спорт түрінен Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионы, Әлем Кубогі кезеңінің жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "I сыныпты маман" – "IІ сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі, "еңбек сіңірген спорт шебері" атағынан төмен емес спорттық атағы бар және таңдаған спорт түрінен Әлем чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогінің жүлдегері, Олимпиада ойындарының жүлдегері, Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      "I сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" – "I сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі, "еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағы бар және таңдаған спорт түрінен Олимпиада ойындарының чемпионы, Әлем чемпионы, Әлем кубогінің жеңімпазы атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;

      4) Офицерлер құрамындағы әскери қызметшілерге (команда бастығына, бас жаттықтырушыға, команданың аға жаттықтырушысына, жаттықтырушыға):

      "III сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет өтілі бар, "халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі бес жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы, Азия жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, Дүниежүзілік Универсиада жеңімпазы – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;

      "II сыныпты маман" – "IІІ сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі бар, "халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі сегіз жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;

      "I сыныпты маман" – "IІ сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар, "халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі он жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Олимпиада ойындарының жүлдегері, Әлем чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогінің жүлдегері, Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;

      "I сыныпты маман – тәлімгер (шебер)" – "I сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар, "халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі он екі жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Олимпиада ойындарының чемпионы, Әлем чемпионы, Әлем кубогінің жеңімпазы – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Сыныптық біліктілік кәсіби даярлық деңгейіне, қызмет өтілі және әскери тәртібінің жай-күйіне (тәртіптік жазасының болуы) қарай:

      офицерлерге және сарбаздар мен сержанттар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге – осы Қағидаларға сәйкес жылына бір рет;

      мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне – осы Қағидаларға сәй кес айқындалады.

      Әскери қызметшілердің кәсіби даярлығының деңгейін айқындау инспекторлық (қорытынды) тексерістер, мемлекеттік және бітіру емтихандары, бақылау сабақтары, аттестаттау кезеңінде (нәтижелері бойынша) жүргізіледі".

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Егер әскери қызметшілердің кінәсінен:

      бұрын берілген сыныптық біліктілігін растауға арналған өлшемшарттар орындалмаса;

      қаруды ұстау қағидаларын бұзуға жол берілсе;

      әскери және арнайы техниканы (ұшуды), инженерлік-техникалық құралдарды, автоматтандыру құралдарын және жабдықты пайдалану және сақтау қағидаларын бір жыл ішінде (олардың кінәлары анықталған күннен бастап) бұзуға жол берілсе;

      әскери және арнайы техниканы, инженерлік-техникалық құралдарды және автоматтандыру құралдарын жөндеуде ақау жіберілсе;

      жауынгерлік (ішкі) қызмет, жауынгерлік кезекшілік, әскерді жасырын басқару, байланыс қауіпсіздігінің қағидалары өрескел бұзылса, олардың сыныптық біліктілігі бір саты төмендетіледі.

      Бұл ретте сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау "ІІІ сыныпты маман" сыныптық біліктілігі бар әскери қызметшілерге қатысты жүргізіледі".;

      53, 54, 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Сыныптық біліктілігі төмендетілген мерзімді қызмет сарбаздарынан басқа, әскери қызметшілер төмендетілген күннен бастап бір жылдан ерте емес уақытта кезекті сыныптық біліктілігін беруге жіберіледі.

      54. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау үшін мынадай кәсіби деңгей көрсету қажет:

      "ІІІ сыныпты маман" - барлық тексерілген пәндер бойынша "жақсы" бағадан төмен емес (шекті мәндер орындалған) бағаланған, сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ;

      Ұлттық ұлан Әскери институтының бітіруші курсының курсанттары – егер мемлекеттік емтиханға шығарылатын пәндер және диплом жұмысын (жоба, міндеттер) қорғау нәтижелері бойынша "жақсы" бағадан төмен емес бағаға бағаланған.

      "ІІ сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндер бойынша "жақсы" және "өте жақсы" деген бағаға (шекті мәндер орындалған) бағаланған, сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ;

      "І сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндер бойынша 30%-дан кем емес "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша (шекті мәндер орындалған) "жақсы" деген бағаға бағаланған және сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ.

      "І сыныпты маман - тәлімгер (шебер)", "Тәлімгер (шебер)" - барлық тексерілген пәндер бойынша 50%-дан кем емес "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша "жақсы" деген бағаға (шекті мәндер орындалған) бағаланған және сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ.

      Ұлттық ұланның авиациялық бөлімдерінде инженерлік-техникалық құрамның лауазымдарындағы сержанттар мен сарбаздар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті жоғарылатуға (растауға) кезінде қызмет көрсетілетін авиациялық техниканың инженерлік-техникалық даярлық бағдарламалары (Инженерлік-техникалық құрамның жауынгерлік даярлық курсы) көлемінде тексеріледі және инженерлік-техникалық даярлық бойынша алған бағаларға байланысты айқындалады.

      60. Бір мамандық бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері ауысқан (жоғары тұрған, бірдей, төмен тұрған лауазымға тағайындалған) кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жақын мамандықтар бойынша ІІО-ның мамандықтар тізбесіне сәйкес сыныптық біліктілік расталмайды.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Әскери қызметшілерге:

      Министр – Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Бас қолбасшысына, оның орынбасарларына және "Әскери ұшқыш (штурман) – мергенге";

      Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы – өңірлік қолбасшылық, Әскери институт, тікелей бағыныстағы бөлімдер қолбасшылығына, "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністер орталығына (Арнайы операциялар орталығы) және әскери қызметшілерге "І сыныпты маман – тәлімгер (шеберге)", "Тәлімгер (шеберге)" және "І сыныпты әскери ұшқыш (штурманға)" дейін қоса алғанда;

      өңірлік қолбасшылық қолбасшылары, Әскери институт бастығы, тікелей бағыныстағы бөлім командирлері - "I сыныпты маманға" дейінгі сыныптық біліктілікті қоса алғанда;

      әскери бөлім командирлері – "II сыныпты маман" сыныптық біліктіліктерін беруге, жоғарылатуға, растауға, төмендетуге және алып тастауға құқылы.

      Оқу орнында сыныптық біліктілік берілмеген Ұлттық ұланның жоғары оқу орындарының бітірушілеріне бітірушінің қызмет ету орнына келуі бойынша "III сыныпты маман" сыныптық біліктіліктің біліктілік талаптарын орындағанын растайтын тиісті құжаттарды ұсынған кезде әскери бөлімнің командирі бөлім тізіміне енгізілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей береді.";

      Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы мен оның орынбасарларының сыныптық біліктілігі осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бес жылда бір рет расталады".

      10-қосымша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылады.

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 511 бұйрығына
1-қосымша
  Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау
қағидаларына 10-қосымша

      Нысан

"1-сыныпты МАМАН-ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)"
әскери қызметшілерге (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен
басқа) арналған кеуде белгісі


"МАМАН" (1,2,3 - сыныпты маман)
әскери қызметшілерге (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен
басқа) арналған кеуде белгісі




"МАМАН" (2,3 - сыныпты маман)
мерзімді қызмет сарбаздарына
арналған кеуде белгісі



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 511 бұйрығына
2-қосымша
  Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау
қағидаларына 13-қосымша

      ______________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)

сыныптық біліктілік беруге (растауға) даярлығын бақылау карточкасы

Р/с

Теориялық сұрақтың мазмұны

Бақылау тақырыптары

Сынақтық сұрақтар. Орындалғаны туралы белгі (күні)

Тақырыпты игеру бағасы. Қосымша тапсырмалар туралы ұсыныстар және мерзімі

1

Әуе кемесінің конструкциясы

1. Әуе кемесінің жалпы сипаттамасы

2. Әуе кемесінің планері

3. Ұшу-қону құрылғылары

1. Әуе кемесінің аэродинамикалық құрылысы

2. Ұшу-тактикалық деректері

Тақырып _____ деген бағаға игерілді немесе:

Ұшу-қону құрылғыларының сипаттамаларын пысықтау қажет


      (карточканың сыртқы жағы)

Р/с№

Практикалық жұмыстардың түрлері

Бақылау жұмыстары. Орындалғаны туралы белгі

Сынақ жұмыстары.

Орындалғаны туралы белгі

Практикалық жұмыстарды игеру бағасы немесе қосымша жұмыстарды орындау бойынша ұсыныстар және мерзімі

1.

Әуе кемесін ұшуға дайындау

1. Әуе кемесіне оттегін толтыру

2. Жанар-жағармай материалдарын құю

3. Жанармайды ағызу

1. Жанар-жағармай материалдарын құю

2. Жанармайды ағызу

Практикалық жұмыстар _____ деген бағаға игерілді немесе: қосымша тренажерлар мен сабақтар өткізу қажет

2.

Реттеу жұмыстары

1. Дөңгелектердің тежеу жүйесін реттеу

2. Басқару жүйесін реттеу

3. Жалғасқанатшаларды реттеу

1. Басқару жүйесін реттеу

2. Жалғасқанатшаларды реттеу



      Ескертпе:

      1. 3-баған инженерлік-техникалық құрамды жауынгерлік даярлау курсының тақырыбын және пайдалану тәжірибесін пайдалана отырып толтырылады.

      2. Сынақ жұмыстары бақылау жұмыстарының негізгілерінен тұруы тиіс.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 40 "Об утверждении Правил присвоения, повышения, подтверждения, снижения и снятия классной квалификации сотрудникам и военнослужащим органов внутренних дел"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 июня 2015 года № 511. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 июля 2015 года № 11668. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 марта 2018 года № 208.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 16.03.2018 № 208 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 25) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" и пунктом 153 Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 40 "Об утверждении Правил присвоения, повышения, подтверждения, снижения и снятия классной квалификации сотрудникам и военнослужащим органов внутренних дел" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 10336, опубликованный в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан 17 марта 2015 года) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 25) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" и пунктом 153 Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах присвоения, повышения, подтверждения, снижения и снятия классной квалификации сотрудникам и военнослужащим органов внутренних дел, утвержденных вышеуказанным приказом:

      пункты 5, 37, 38 изложить в следующей редакции:

      "5. При перемещении сотрудников по одной специальности (назначении на вышестоящую, равнозначную, нижестоящую должность), в соответствии с Перечнем должностей ОВД по родственным специальностям согласно приложению 2 к настоящим Правилам, классная квалификация не подтверждается.

      37. Для военнослужащих с учетом стажа службы и достигнутого профессионального уровня присваиваются (повышаются, подтверждаются) следующие классные квалификации:

      "Специалист III класса" военнослужащим, имеющим стаж службы не менее одного года (для военнослужащих срочной службы не ранее чем через три месяца), выдержавшим профессиональный уровень в соответствии с критериями, предусмотренными пунктом 54 настоящих Правил.

      "Специалист II класса" военнослужащим, имеющим классную квалификацию "Специалист III класса", стаж службы не менее четырех лет, (для военнослужащих срочной службы не менее шести месяцев) выдержавшим профессиональный уровень в соответствии с критериями, предусмотренными пунктом 54 настоящих Правил.

      "Специалист І класса" военнослужащим, кроме солдат срочной службы, имеющим классную квалификацию "Специалист II класса", стаж службы не менее семи лет, выдержавшим профессиональный уровень в соответствии с критериями, предусмотренными пунктом 54 настоящих Правил.

      "Специалист І класса - наставник (мастер)", "Наставник (мастер)" военнослужащим, кроме солдат срочной службы, имеющим классную квалификацию "Специалист І класса", стаж службы не менее десяти лет, выдержавшим профессиональный уровень в соответствии с критериями, предусмотренными пунктом 54 настоящих Правил.

      38. Для военнослужащих штатной спортивной команды Национальной гвардии Республики Казахстан классная квалификация присваивается (подтверждается):

      1) Военнослужащим-спортсменам срочной службы входящим в состав резерва штатной спортивной команды Национальной гвардии:

      "Специалист III класса" - при спортивном звании не ниже "кандидата в мастера спорта" и завоевании одного из званий призер чемпионата Республики Казахстан или призер Кубка Республики Казахстан по избранному виду спорта (не ранее чем через трех месяцев со дня призыва);

      "Специалист II класса" военнослужащим, имеющим классную квалификацию "Специалист III класса" - при спортивном звании не ниже "кандидата в мастера спорта" и завоевании одного из званий чемпион Республики Казахстан или победитель Кубка Республики Казахстан по избранному виду спорта (не ранее чем через шесть месяцев).

      2) Военнослужащим-спортсменам, проходящим службу по контракту (старшим инструкторам по физической подготовке и спорту):

      "Специалист III класса" военнослужащим имеющим стаж службы не менее одного года – при спортивном звании не ниже "мастер спорта" и завоевании одного из званий - чемпион Республики Казахстан или победитель Кубка Республики Казахстан по избранному виду спорта;

      "Специалист II класса" военнослужащим, имеющим классную квалификацию "Специалист III класса", стаж службы не менее четырех лет - при спортивном звании не ниже "мастер спорта" и завоевании одного из званий - призер Чемпионата Азии, призер Азиатских игр, призер Всемирной Универсиады по избранному виду спорта;

      "Специалист I класса" военнослужащим, имеющим классную квалификацию "Специалист II класса", стаж службы не менее семи лет – при спортивном звании не ниже "мастер спорта" и завоевании одного из званий - чемпион Азиатских игр, чемпион Азии, призер этапа Кубка мира по избранному виду спорта.

      "Специалист I класса – наставник (мастер)" военнослужащим, имеющим классную квалификацию "Специалист I класса", стаж службы не менее десяти лет – при спортивном звании не ниже "мастер спорта международного класса" и завоевании одного из званий - призер Чемпионата мира, призера Кубка мира, призер Олимпийских игр по избранному виду спорта;

      3) Военнослужащим-спортсменам офицерского состава (старшим инструкторам по спорту):

      "Специалист III класса" военнослужащим имеющим стаж службы не менее одного года – при спортивном звании "мастер спорта" и завоевании одного из званий - призер Чемпионата Азии, призер Азиатских игр, призер Всемирной Универсиады по избранному виду спорта;

      "Специалист II класса" военнослужащим, имеющим классную квалификацию "Специалист III класса", стаж службы не менее четырех лет - при спортивном звании не ниже "мастер спорта международного класса" и одном из званий - чемпион Азиатских игр, чемпион Азии, призер этапа Кубка мира по избранному виду спорта;

      "Специалист I класса" военнослужащим, имеющим классную квалификацию "Специалист II класса", стаж службы не менее семи лет - при спортивном звании не ниже "заслуженный мастер спорта" и завоевании одного из званий - призер чемпионата Мира, призер Кубка мира, призер Олимпийских игр, победитель этапа Кубка мира по избранному виду спорта;

      "Специалист I класса – наставник (мастер)" военнослужащим, имеющим классную квалификацию "Специалист I класса", стаж службы не менее десяти лет – при спортивном звании "заслуженный мастер спорта" и завоевании одного из званий - чемпион Олимпийских игр, чемпион Мира, победитель Кубка мира по избранному виду спорта;

      4) Военнослужащим офицерского состава (начальнику команды, главному тренеру, старшему тренеру команды, тренеру команды):

      "Специалист III класса" военнослужащим, имеющим стаж службы не менее одного года – при спортивном звании не ниже "мастер спорта международного класса" или "заслуженный тренер Республики Казахстан", или стаже тренерской работы не менее пяти лет, а также подготовившего военнослужащего штатной спортивной команды в одном из званий - чемпион Республики Казахстан, победитель Кубка Республики Казахстан, призер Азии, призер Азиатских игр, чемпион Азиатских игр, победитель Всемирной Универсиады;

      "Специалист II класса" военнослужащим, имеющим классную квалификацию "Специалист III класса", стаж службы не менее четырех лет – при спортивном звании не ниже "мастер спорта международного класса" или "заслуженный тренер Республики Казахстан", или стаже тренерской работы не менее восьми лет, а также подготовившего военнослужащего штатной спортивной команды в одном из званий - чемпион Азии, чемпион Азиатских игр, призер этапа Кубка мира.

      "Специалист I класса" военнослужащим, имеющим классную квалификацию "Специалист II класса", стаж службы не менее семи лет - при спортивном звании не ниже "мастер спорта международного класса" или "заслуженный тренер Республики Казахстан", или стаже тренерской работы не менее десяти лет, а также подготовившего военнослужащего штатной спортивной команды в одном из званий - призер Олимпийских игр, призер Чемпионата мира, призер Кубка мира, победитель этапа Кубка мира.

      "Специалист I класса – наставник (мастер)" военнослужащим, имеющим классную квалификацию "Специалист I класса", стаж службы не менее десяти лет - при спортивном звании не ниже "мастер спорта международного класса" или "заслуженный тренер Республики Казахстан", или стаже тренерской работы не менее двенадцати лет, а также подготовившего военнослужащего штатной спортивной команды в одном из званий – чемпион Олимпийских игр, чемпион Мира, победитель Кубка мира."";

      пункт 40 изложить в следующей редакции:

      "40. Классная квалификация определяется исходя из уровня профессиональной подготовки, стажа службы и состояния воинской дисциплины (наличия дисциплинарных взысканий):

      офицерам и военнослужащим, проходящим воинскую службу по контракту на должностях солдат, сержантов – один раз в год в соответствии с настоящими Правилами;

      военнослужащим срочной службы – в соответствии с настоящими Правилами.

      Определение уровня профессиональной подготовки военнослужащих проводятся в период (по результатам) инспекторских (итоговых) проверок, государственных и выпускных экзаменов, контрольных занятий, аттестации".

      пункт 48 изложить в следующей редакции:

      "48. Классная квалификация снижается на одну ступень военнослужащим, если по его вине:

      не выполнены критерии на подтверждение ранее присвоенной классной квалификации;

      допущено нарушение правил обращения с оружием;

      допущено нарушение правил эксплуатации и сбережения военной и специальной техники (полетов), инженерно-технических средств, средств автоматизации и оборудования в течении года (со дня определения их вины);

      допущен брак в ремонте военной и специальной техники, инженерно-технических средств и средств автоматизации;

      грубо нарушены правила боевой (внутренней) службы, боевого дежурства, скрытого управления войсками, безопасности связи.

      При этом классная квалификация снижается только на одну ступень, а снятие производится в отношении военнослужащих, имеющих классную квалификацию "Специалист III класса".;

      пункты 53, 54, 60 изложить в следующей редакции:

      "53. Военнослужащим, кроме солдат срочной службы, которым классная квалификация была снижена, допускаются к присвоению очередной классной квалификации не ранее чем через год со дня ее снижения.

      54. Для присвоения, повышения, подтверждения классной квалификации необходимо показать следующий профессиональный уровень:

      "Специалист III класса" - оценены по всем проверенным предметам не ниже "хорошо" (выполнены пороговые значения), не имеющим дисциплинарных взысканий на момент определения классной квалификации.

      Курсанты выпускного курса Военного института Национальной гвардии – если по дисциплинам, выносимым на государственные экзамены и по результатам защиты дипломных работ (проектов, задач) оценены на оценку не ниже "хорошо".

      "Специалист II класса" - оценены по всем проверенным предметам на "хорошо" и "отлично" (выполнены пороговые значения), не имеющим дисциплинарных взысканий на момент определения классной квалификации.

      "Специалист І класса" - оценены не менее 30% по всем проверенным предметам оценены на "отлично", а по остальным на "хорошо" (выполнены пороговые значения) и не имеющим дисциплинарных взысканий на момент определения классной квалификации.

      "Специалист І класса - наставник (мастер)", "Наставник (мастер)" - оценены не менее 50 % по всем проверенным предметам оценены на "отлично", а по остальным на "хорошо" (выполнены пороговые значения) и не имеющим дисциплинарных взысканий на момент определения классной квалификации.

      Военнослужащим, проходящим военную службу по контракту на должностях сержантов и солдат в авиационных частях Национальной гвардии на должностях инженерно-технического состава при повышении (подтверждении) классной квалификации, проверяется в объеме программ инженерно-технической подготовки (Курса боевой подготовки инженерно-технического состава) обслуживаемой авиационной техники и определяется исходя из полученной оценки по инженерно-технической подготовке.

      60. При перемещении военнослужащих и сотрудников органов государственной противопожарной службы по одной специальности (назначении на вышестоящую, равнозначную, нижестоящую должность), в соответствии с Перечнем должностей ОВД по родственным специальностям согласно приложению 2 к настоящим Правилам, классная квалификация не подтверждается.";

      пункт 55 изложить в следующей редакции:

      "55. Военнослужащим право присвоения, повышения, подтверждения, снижения и снятия классной квалификации имеют:

      Министр - Главнокомандующему Национальной гвардией Республики Казахстан, его заместителям и "Военный летчик (штурман)-снайпер";

      Главнокомандующий Национальной гвардией - командованию региональных командований, Военного института и частей непосредственного подчинения, Центру подразделений специального назначения "Бүркіт" (Центр специальных операций) и военнослужащим до "Специалиста I класса - наставник (мастер)", "Наставник (мастер)", до "Военного летчика (штурмана) I класса" включительно;

      командующие региональными командованиями, начальник Военного института, командиры частей непосредственного подчинения – классную квалификацию до "Специалиста I класса" включительно;

      командиры воинских частей - классную квалификацию до "Специалиста II класса" включительно".

      Выпускникам высших учебных заведений Национальной гвардии, которым не была присвоена классная квалификация в учебном заведении, при представлении соответствующих документов, подтверждающих выполнение квалификационных требований классная квалификация "Специалиста III класса" присваивается по прибытию выпускника к месту службы командиром воинской части, не позднее одного месяца со дня зачисления в списки части.

      Классная квалификация Главнокомандующему Национальной гвардией Республики Казахстан и его заместителям подтверждается один раз в пять лет в порядке, установленном настоящими Правилами".

      приложение 10 изложить согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      дополнить приложением 13 согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      2. Главному командованию Национальной гвардии Республики Казахстан (Жаксылыков Р.Ф.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Главнокомандующего Национальной гвардией генерал-лейтенанта Жаксылыкова Р.Ф.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


генерал-полковник полиции

К. Касымов


  Приложение 1
к приказу Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 8 июня 2015 года № 511
Приложение 10
к Правилам присвоения, повышения,
подтверждения, снижения и снятия
классной квалификации сотрудникам
и военнослужащим органов
внутренних дел

      Форма

Нагрудный знак для военнослужащих
(кроме солдат срочной службы)
"1-сыныпты МАМАН-ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)"



Нагрудный знак для военнослужащих
(кроме солдат срочной службы)
"МАМАН" (1,2,3 - сыныпты маман)







Нагрудный знак для солдат срочной службы
"МАМАН" (2,3 - сыныпты маман)





  Приложение 2
к приказу Министра
внутренних дел
Республики Казахстан
от 8 июня 2015 года № 511
Приложение 13
к Правилам присвоения, повышения,
подтверждения, снижения и снятия
классной квалификации сотрудникам
и военнослужащим органов
внутренних дел

КАРТОЧКА
контроля подготовки _________________________________________
(должность, звание, фамилия, имя, отчество)
к испытаниям на ______________________________ класс (мастера)

№ п/п

Содержание теоретического вопроса

Контрольные темы

Зачетные вопросы.

Отметка о выполнении (дата)

Оценка усвоения тем. Рекомендации о дополнительных заданиях и сроки.

1

2

3

4

5

11.

Конструкция самолета

1. Общая характеристика самолета

2. Планер самолета

3. Взлетно-посадочные устройства

1. Аэродинамическая компоновка самолета

2. Летно-тактические данные

Тема усвоена с оценкой _____ или: Необходимо проработать характеристики взлетно-посадочных устройств

      (обратная сторона карточки)

№ п/п

Виды практических работ

Контрольные работы. Отметка о выполнении

Зачетные работы.

Отметка о выполнении

Оценка усвоения практических работ или рекомендации и сроки выполнения дополнительных работ

1

2

3

4

5

1.

Подготовка самолета к полетам

1. Заправка воздушного судна кислородом

2. Заправка горючесмазочным материалом

3. Слив топлива

1. Заправка горючесмазочным материалом

2. Слив топлива

Практические работы усвоены с оценкой ________ или:

Необходимо провести дополнительные тренажи и занятия

2.

Регулировочные работы

1. Регулировка системы торможения колес

2. Регулировка системы управления

3. Регулировка закрылков

1. Регулировка системы управления

2. Регулировка закрылков


      Примечание:

      1. Графа 3 заполняется с использованием тематики курса боевой подготовки инженерно-технического состава и опыта эксплуатации.

      2. Зачетные работы должны содержать основные из контрольных работ.