"Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) "Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы және білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 01.09.2022 № 742 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Б. Әбдірайым |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына 1-қосымша |
"Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 01.09.2022 № 742 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: жеке және заңды тұлғалар.
3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.
"Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша |
Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері
№ | Норманың/ нормативтің атауы | Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті | Норманың/ нормативтің мөлшері |
1 | Құқықтық ақпарат беру |
1. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. |
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша тегін негізде барлық жеке және заңды тұлғаларға ең төмен әлеуметтік стандартына құқығы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну. |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына 2-қосымша |
"Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 01.09.2022 № 742 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның 26-бабының 2 тармағында белгіленген жеке тұлғалар шеңбері.
3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.
"Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша |
Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері
№ | Норманың/ нормативтің атауы | Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті | Норманың/ нормативтің мөлшері |
1 | Құқықтық консультация беру |
1. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; |
1. Ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсету, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау. |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына 3-қосымша |
"Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 01.09.2022 № 742 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 26-бабының 3-тармағында белгіленген жеке тұлғалар шеңбері.
3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.
"Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша |
Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері
№ | Норманың/ нормативтің атауы | Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті | Норманың/ нормативтің мөлшері |
1 | Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі |
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi; |
1. Адвокаттардың, заң консультанттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен өкілдік етуі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің талаптарына сәйкес көрсетіледі. |