Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11920 болып тіркелді.

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) "Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы және білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 01.09.2022 № 742 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы

Б. Әбдірайым


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
1-қосымша

"Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 01.09.2022 № 742 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: жеке және заңды тұлғалар.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

  "Құқықтық ақпарат беру"
ең төмен әлеуметтік
стандартына
қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Құқықтық ақпарат беру

1. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша тегін негізде барлық жеке және заңды тұлғаларға ең төмен әлеуметтік стандартына құқығы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну.
2. Келіп түскен жолданымның негізінде әкімшілік рәсім козғалады. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды және қозғалған сәтінен бастап есептеледі және әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
3. Егер арыз иесі жолданымының құқықтық сипаты болмаса, құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
4. Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
2-қосымша

"Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 01.09.2022 № 742 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның 26-бабының 2 тармағында белгіленген жеке тұлғалар шеңбері.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

  "Құқықтық консультация беру"
ең төмен әлеуметтік
стандартына
қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Құқықтық консультация беру

1. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
3. "Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысы.

1. Ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсету, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау.
2. "Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысының 3- тармақшасы, 1 тармағына сәйкес, ауызша және жазбаша консультациялар үшін заң көмегіне ақы төлеудің, арыздардың, шағымдардың, өтінішхаттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың бір сағат үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,56 айлық есептік көрсеткіш есебіндегі мөлшерлемемен жасалуының бір сағат үшін сәйкестігі.
3. Мынадай шарттардың бірі болған кезде:
1) арыз иесі мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар санатына жатпаса;
2) арыз иесі жолданымының құқықтық сипаты болмаса құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
4. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
3-қосымша

"Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 01.09.2022 № 742 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 26-бабының 3-тармағында белгіленген жеке тұлғалар шеңбері.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

  "Адвокаттардың, заң
консультанттарының
жеке тұлғалардың мүдделерін
қорғауы мен білдіруі"
ең төмен әлеуметтік
стандартына
қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi;
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
3. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі;
4. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
5. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
6. "Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысы.

1. Адвокаттардың, заң консультанттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен өкілдік етуі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің талаптарына сәйкес көрсетіледі.
2. Заң көмегіне ақы төлеу сағаттық тариф бойынша "Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысында белгіленген мөлшерде есептеледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады