Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 тамызда № 11932 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице - министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 546 бұйрығымен   
бекітілген      

Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды
суларды қабылдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау ережесі (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабына 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендердің су бұру жүйелеріне (бұдан әрі - су бұру жүйесі) ағынды суларды қабылдау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ағынды суларды қабылдау - тұтынушылардың су бұру жүйелеріне ағызатын ағынды суларын жинауды, тасымалдауды, тазалауды және бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
      2) бақылау құдығы - тұтынушының (қосалқы тұтынушының) ағынды суларының сынамасын іріктеуге және оның көлемін есепке алуға арналған оның су бұру жүйесіне қосылуы алдындағы тұтынушының су бұру желісіндегі соңғы құдық;
      3) бақылау сынамасы - су бұру жүйесіне бұрылатын өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамын анықтау мақсатында (зиянды заттардың және олардың шоғырлануының болуы) бақылау құдығынан алынған өнеркәсіптік ағынды сулардың сынамасы;
      4) есептеу құралы - нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
      5) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы (бұдан әрі - ЗЗЖБШ) - тұтынушының су бұру жүйелеріне ағызатын өнеркәсіптік ағынды суларының құрамындағы зиянды заттардың жол берілетін шамасы;
      6) қосалқы тұтынушы - меншігінде немесе өзге де заңды негізде тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған су бұру жүйелері бар және оның жүйелерін шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      7) қызмет көрсетуші - сумен жабдықтау мен су бұрудың толық технологиялық үдерісін жүзеге асыратын және тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету мақсатында елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланатын, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, тұтастай алғанда елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің дамуын реттейтін және бақылайтын су шаруашылығы ұйымы (сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорны);
      8) май сүзгіш - құрамында май бар ағынды суларды су бұру желісіне ағызу алдында оқшау тазалауға арналған құрылғы;
      9) оқшау тазарту құрылыстары - тұтынушының өзінің ағынды суларын су бұру жүйесіне ағызу алдында оларды тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;
      10) өнеркәсіптік ағынды сулар - жеке немесе заңды тұлғалар суды өндірістік мақсатта пайдаланғаннан кейін ағызатын ағынды сулар;
      11) ағынды суларды жаппай ағызу - су бұру жүйесіне өнеркәсіптік ағынды суларды шығынды 1,3 еседен астам ұлғайтып және зиянды заттардың жол берілетін шектен 2 еседен астам шоғырландырып ағызу;
      12) су бұру желілері - су бұруға арналған құбыржолдар, коллекторлар, арналар және олардағы құрылыстар жүйесі;
      13) елді мекеннің су бұру жүйесі - елді мекеннің ағынды суларын жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
      14) су бұру жүйесіне шығару - ғимараттан немесе құрылыстан су бұру желісіндегі бірінші құдыққа дейінгі құбыржол;
      15) тазарту құрылыстары - елді мекеннің ағынды суларын қабылдауға, зарарсыздандыруға, тазартуға және табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызуға арналған, сондай-ақ шөгінділерді өңдеуге және кәдеге жаратуға арналған құрылыстар;
      16) тұтынушы - меншігінде немесе өзге де заңды негізде су бұру жүйелері бар, су бұру жүйелеріне қосылған және қызмет көрсетушінің су бұру қызметтерін келісім-шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      17) тұтынушының су бұру жүйесі - тұтынушының меншігіндегі немесе өзге де заңды негіздегі және ағынды суларын жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
      18) шартты түрде таза ағынды сулар - сапасы оларды өнеркәсіптік сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға немесе су объектілеріне қосымша тазартпай ағызуға мүмкіндік беретін ағынды сулар.

2. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне
ағынды суларды қабылдау тәртібі

      3. Су бұру жүйелеріне:
      құрамында топырақ, құм, құрылыс және тұрмыстық қоқыстар, май және құбырларды, құдықтарды бітейтін заттар бар сулар;
      құрамында оқшау тазарту құрылыстарының тұнбалары, өндірістің қатты қалдықтары бар сулар;
      айналымдық және қайталап сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға жататын сулар (бассейндер мен бұрқақтардан аққан сулар, бу конденсаты, кәріз және шартты түрде таза ағынды сулар);
      өнеркәсіп алаңдарының аумағынан аққан жер үстіндегі ағын су;
      жаңбыр, еріген, табиғи және суғару-жуу сулары;
      мұз сынықтары және қар;
      бөлінудің әр түрлі кезеңіндегі радионуклидтерден тұратын сулар қабылдауға жатпайды.
      4. Су бұру жүйесіне Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексі талаптарының негізінде олардағы қолданылатын тазарту технологиясына сәйкес тазарту құрылғыларындағы тазартуға жататын ағынды суларды қабылдауға жол беріледі.
      5. Су бұру жүйелерінің жұмыс қабілетіне қауіп төндіретін, келесі келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтыратын заттар (материал) бар, ағынды сулар су бұру жүйелеріне қабылдауға жатпайды:
      1) су бұру объектілерін зақымдану және жұмыс тәртібін бұзатын келесі себептер:
      канализациялық жүйелерге, басқада құрылыстар мен жабдықтарға коррозияны жоятын, абразивті немесе механикалық әсер ететін;
      канализациялық жүйелерде және тазартқыш құрылыстарда өртке қауіпті, жарылыс қаупі және токсикалық газды ауа араластары;
      су бұру жүйелерінің тазартқыш құрылыстарында ағынды суларды тазартудың биологиялық процесін бұзатын, сонымен қатар тазартуға көнбейтін, тұрақты, токсикалық, биожинақталған заттардың ағынды суларда болуы себебінен;
      2) су бұру жүйелерінің сенімділікті және тоқтатапай қызмет етуін бұзатын, сонымен қатар жұмыс су ағымына қарсы келтіруді туғызатын және жүйдердің бөлінуінің азаюы салдарынан;
      3) су бұру жүйелерін қарап жүрген персоналдарға денсаулыққа кері әсер тигізетін жағдай тудыратын;
      4) қоршаған ортаға қауіпсіз шөкпені пайдаға асыру жағдайы мүмкн болмаған жағадайда.
      6. Суды коммуналдық-тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылардан (жеке тұлғалар) ағынды суларды қабылдау шектеусіз жүргізіледі.
      7. Қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұтынушылардың су бұру желілері немесе жүйелері су бұру желілеріне қосылғанға дейін май сүзгіштермен жабдықталады.
      8. Су бұру жүйелеріне қосылмаған тұтынушылардың шығарылатын коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларын қабылдау жабдықталған төгу пункттерінде жүргізіледі.
      9. Коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларды бірлесіп бұру және тазарту мүмкіндігі тазарту құрылыстарының қазіргі бар технологияларын ескере отырып, соңғысының құрамымен анықталады.
      10. Елді мекеннің коммуналдық-тұрмыстық ағынды суларымен бірлесіп бұруға және тазартуға жататын өнеркәсіптік ағынды сулар су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарының жұмысын бұзбауы, су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстары элементтерінің материалына қиратушы ықпал етпеуі және температурасы 40 0 С-тан аспауы және олардың құрамында:
      су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарында жарылыс қауіпті және улы газдар мен қоспаларды жинауға қабілетті жанғыш қоспалар, қышқылдар, улы және ерітілген газ тәрізді заттар;
      су бұру жүйесінің элементтерін ластайтын немесе оларға шөгетін заттар мен бұйымдар;
      ЗЗЖБШ мәндерінен асатын және ағынды суларды биологиялық тазартуға кедергі келтіретін зиянды заттар;
      тиісті пайдалану түріндегі су айдындарының суында шекті рұқсат етілген шоғырлану мәндері белгіленбеген заттар;
      минералды ластанулар;
      қауіпті бактериялық ластанулар;
      500 мг/л астам өлшенген және балқитын заттар;
      ерітілмеген майлар, сондай-ақ шайыр мен мазут;
      оттегін химиялық тұтыну оттегін биохимиялық тұтынудан (бұдан әрі - ОБТ) (толық) 1,5 еседен асатын заттар
      қышқыл ерітіндісі pH 6,5 - 9,0 сыртында;
      кәсіпкерлік бөлмелерде және тазартқыш құрылыстарының аймағының жұмыс зонасының ауасын ластауға әкілеіп соқтыратын, сасық және басқа ұшатын заттар көлемі.
      қауіпті бактериялық және вирусты ластаулар (санитарлық эпидемиологиялық талаптармен рұқсат берілген заттарды қоспағанда);
      тазартқыш ауаның (шаң газ тазартқыш жабдықтар), техникалық су дайындау станциясының қалдықтары, сонымен бірге қазандықтардың, жылу электр станицяларының қалдықтары, ион алмасудың шайыры, активтенген көмір, су дайындау жүйелерінің концентрациялық регенерациялық ертінділері;
      мал соятын жерлердің және қайта өңделген еттердің әр түрлі қатты қалдықтары, каныга, тұтас қан, былғары және терінің қайта өңделген қалдықтары, мал шаруашылығы, аң шаруашылығы және құс шаруашылығы қалдықтары, сонымен бірге нысаптар болмауы тиіс.
      11. Су бұру жүйесіне өнеркәсіптік ағынды суларды қабылдау:
      өнеркәсіптік ағынды суларды қабылдау үшін су бұру жүйесінің жеткілікті қуаттылығы;
      өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту технологиясымен қамтамасыз ету ағып келетін ластануларды шекті жол берілетін ағызудың (бұдан әрі - ШЖБА) нормативтік талаптарына дейін жою;
      қызмет көрсетушінің техникалық шарттарының талаптарын орындау;
      тұтынушының өнеркәсіптік ағынды суларының оларда ЗЗЖБШ-ның болу талаптарына сәйкестігі жағдайлары кезінде жол беріледі.
      12. Осы Қағиданың 10-тармағының талаптарын қанағаттандырмайтын тұтынушының (қосалқы тұтынушының) өнеркәсіптік ағынды сулары ЗЗЖБШ- ға қол жеткенге дейін оқшау тазарту құрылыстарында алдын ала тазартылуға жатады.
      13. Өнеркәсіптік ағынды суларда таза, шартты түрде таза және басқа суларды қоса отырып, ЗЗЖБШ-ға қол жеткізуге жол берілмейді.
      14. Су бұру жүйесіне қабылданатын өнеркәсіптік ағынды сулардағы ЗЗЖБШ-ны есептеу кезінде қызмет көрсетуші мынадай талаптарды басшылыққа алады:
      ОБТ бойынша бағаланатын органикалық заттардың болуы зертханалық жолмен бақыланады, бұл ретте су бұру жүйесіне ағызылатын өнеркәсіптік ағынды судың ОБТ тазарту құрылыстарына ағып келетін және оларды жобалау кезінде қабылданған өнеркәсіптік ағынды сулардағы ОБТ-дан асып кетпеуі тиіс;
      тазарту құрылыстарында жойылатын зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген су объектілеріне тазартылған өнеркәсіптік ағынды сулардың ШЖБА нормативіне сәйкес анықталады;
      тазарту құрылыстарында жойылмайтын зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы су объектілерінің суындағы олардың ЗЗЖБШ және коммуналдық- тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды сулар көлемдерінің ара қатынасына байланысты анықталады.
      15. Тазарту құрылыстарына ағып келетін өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамында тазарту құрылыстарының жұмысы үшін жол берілмейтін болып табылатын зиянды заттардың шоғырлануы анықталған кезде қызмет көрсетуші оларды анықтаған күні бұл туралы жазбаша түрде немесе телефонограммамен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға хабарлайды. Қызмет көрсетуші бір уақытта бақылау талдауларын жүргізеді және осы ағызуға жол берген тұтынушыларды анықтайды.
      16. Өнеркәсіптік ағынды суларды талдау нәтижелері бойынша ЗЗЖБШ асып кеткен кезде тұтынушы өнеркәсіптік ағынды суларды су бұру жүйесіне ағызуын тоқтатады және ластануды ЗЗЖБШ-ға дейін төмендету жөнінде жедел шаралар қабылдайды. Ластанудың артуын тудырған себептерді жойғаннан кейін қызмет көрсетуші сынамаларды қайта алуды жүргізеді.
      17. Бірыңғай ластанулар кездесетін бірнеше кәсіпорындардың өнеркәсіптік ағынды суларын жалпы оқшау тазарту құрылыстарында тазартуға жол беріледі.
      18. Тұтынушылардың су бұру жүйесінде өзара іс-әрекеті эмульсиялардың, улы немесе жарылыс қаупі бар газдардың, сондай-ақ үлкен мөлшердегі ерімейтін заттардың (құрамында кальций немесе магний және сілтілі ерітінділердің тұздары, сода мен қышқыл сулар, натрий және су сульфиді, құрамындағы сілтілер, хлор, фенол шектен тыс өнеркәсіптік ағынды сулар) пайда болуына алып келуі мүмкін өнеркәсіптік ағынды сулардың бірігуіне жол берілмейді.
      19. Қышқыл және сілтілі өнеркәсіптік ағынды сулар су бұру жүйесіне ағызғанға дейін бейтараптандыруға немесе орталандыруға жатады.
      20. Өнеркәсіптік ағынды суларды су бұру жүйелеріне қабылдау бақылау құдығы арқылы жеке-жеке шығарып жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік ағынды сулардың шығыны және сапасын бақылау үшін көрсетілген шығарулар құрылғылармен жабдықталады. Көрсетілген су бұру қызметтерінің көлемі ағынды суларды есептеу құралының көрсеткіштері бойынша анықталады.
      21. Тұтынушы пайдалану кезеңінде пайдаланылатын су бұру жүйелерін ақаусыз күйінде ұстайды және су бұру жүйесіне ағызылатын өнеркәсіптік ағынды суларға талдау жүргізеді.
      22. Су бұру жүйелеріне өнеркәсіптік ағынды суларды ағызуды жүзеге асыратын тұтынушылар қызмет көрсетушінің тұтынушының өнеркәсіптік ағынды суларынан сынамалар алуды, талдауды және олардың көлемін есепке алуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
      23. Өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамын талдауды жүргізу үшін сынамаларды қызмет көрсетуші (өндірістік бақылау үшін) немесе тұтынушы (жол берілетін шоғырланудан артық шоғырлануда зиянды заттарды ағызуға жол бермеу үшін) оқшау тазарту құрылғылары кешеніне дейін және одан кейін алады, ал олар болмаған кезде бақылау құдықтарында, сондай-ақ су бұру желісіне әрбір шығару бойынша бақылау құдықтарында ағызылатын өнеркәсіптік ағынды сулардың мөлшерін өлшеу жолымен алынады.
      24. Тұтынушылардың су бұру жүйелеріндегі өнеркәсіптік ағынды сулардың сынамаларын алуды қызмет көрсетуші тұтынушының өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.
      Қызмет көрсетуші ағынды сулардың сынамаларын алудың графигін тоқсан ішінде бір реттен аз емес анықталады.
      25. Өнеркәсіптік ағынды сулардың сынамалары мен талдауларын жоспарлы алуды жүргізу қызмет көрсетушінің есебінен, ал тұтынушының тапсырысы бойынша оның есебінен жүзеге асырылады.
      26. Тұтынушы қызмет көрсетушінің жазбаша талабы бойынша бұрылатын өнеркәсіптік ағынды сулардың көлемі, сапалы құрамы және оларды әрбір шығару бойынша су бұру жүйесіне ағызу режимі туралы мәліметтерді ұсынады.
      27. Өнеркәсіптік ағынды суларды жаппай ағызуға жол берілмейді.
      28. Өнеркәсіптік ағынды суларды жаппай немесе авариялық ағызуға жол берген тұтынушы бұл туралы жазбаша түрде немесе телефонограммамен қызмет көрсетушіге тез арада хабарлайды және өнеркәсіптік ағынды суларды жаппай немесе авариялық ағызудың салдарын жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      29. Қызмет көрсетуші тұтынушылардың өнеркәсіптік ағынды суларын жаппай немесе авариялық ағызу жағдайлары туралы оларды анықтаған күні мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға хабарлайды.
      30. Су бұру жүйесіне нөсер және тасқын суларды қабылдауды қызмет көрсетуші осындай ағызуды жүзеге асыратын тұтынушымен жасалған нөсер және тасқын суларды қабылдауға арналған шарт негізінде жүргізеді.

Об утверждении Правил приема сточных вод в системы водоотведения населенных пунктов

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 июля 2015 года № 546. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 августа 2015 года № 11932.

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 37-1 Водного Кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила приема сточных вод в системы водоотведения населенных пунктов.

      2. Комитету по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

Министр

Е. Досаев

  Утвержден
приказом министра национальной
экономики Республики Казахстан
от 20 июля 2015 года № 546

Правила
приема сточных вод в системы водоотведения населенных пунктов
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила приема сточных вод в системы водоотведения населенных пунктов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6) статьи 37-1 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года и определяют порядок приема сточных вод в системы водоотведения населенных пунктов (далее - система водоотведения).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) контрольный колодец - последний колодец на сети водоотведения потребителя перед присоединением ее в систему водоотведения, предназначенный для отбора проб сточных вод потребителя и учета их объемов;

      2) контрольная проба - проба сточных вод, отобранная из контрольного колодца с целью определения состава сточных вод (наличие вредных веществ и их концентрация), отводимых в систему водоотведения;

      3) система водоотведения населенного пункта - комплекс инженерных сетей и сооружений, предназначенных для сбора, транспортировки, очистки и отведения сточных вод населенного пункта;

      4) прибор учета - техническое средство, предназначенное для измерения объема воды, имеющее нормированные метрологические характеристики, воспроизводящее и хранящее единицу физической величины в течение определенного интервала времени, и разрешенное к применению для коммерческого учета в порядке, установленном Законом Республики Казахстан от 7 июня 2000 года "Об обеспечении единства измерений";

      5) поверхностные сточные воды - принимаемые в систему водоотведения дождевые, талые, поливомоечные сточные воды;

      6) допустимая концентрация вредных веществ (далее - ДКВВ) - величина допустимого содержания вредных веществ в сточных водах потребителя, сбрасываемых в системы водоотведения;

      7) услугодатель - организация (предприятие) по водоотведению, осуществляющая полный технологический процесс водоотведения и эксплуатирующая системы водоотведения населенного пункта с целью оказания услуг потребителям по водоотведению, а также осуществляющая технический надзор за состоянием систем водоотведения потребителей, регулирующая и контролирующая развитие систем водоотведения населенного пункта в целом;

      8) субпотребитель - физическое или юридическое лицо, имеющее в собственности или на иных законных основаниях систему водоотведения, присоединенную к системе водоотведения потребителя, и пользующееся его системой на договорной основе;

      9) жироловка - устройство, предназначенное для локальной очистки жиросодержащих сточных вод перед их сбросом в сеть водоотведения;

      10) локальные очистные сооружения - совокупность сооружений и устройств потребителя, предназначенных для очистки собственных сточных вод перед их сбросом в систему водоотведения населенного пункта;

      11) производственные сточные воды - сточные воды, сбрасываемые физическими или юридическими лицами, после использования воды в производственных целях.

      К производственным сточным водам также относятся сточные воды, сбрасываемые после использования на автомойках, в предприятиях питания, торговых центрах, предприятиях сферы услуг (прачечные, химчистки, автомобильные заправочные станции, лечебные и фармацевтические центры);

      12) сети водоотведения - система трубопроводов, коллекторов, каналов и сооружений на них, предназначенных для водоотведения;

      13) выпуск в систему водоотведения - трубопровод от здания или сооружения до первого колодца на сети водоотведения;

      14) залповый сброс сточных вод - сброс в систему водоотведения сточных вод с увеличенным расходом более чем в 1,3 раза и концентрацией вредных веществ, превышающей допустимые более чем в 2 раза;

      15) очистные сооружения - комплекс сооружений механической, биологической, химической очистки сточных вод населенных пунктов, включая биологические пруды, поля-фильтрации, пруды-испарители, пруды-накопители, сооружения по обработке и утилизации осадков сточных вод;

      16) потребитель - физическое или юридическое лицо, пользующееся услугами водоотведения в населенном пункте на договорной основе;

      17) система водоотведения потребителя - комплекс инженерных сетей и сооружений, находящихся у Потребителя в собственности или на иных законных основаниях, и предназначенных для сбора, транспортировки, отведения сточных вод потребителя, включая очистку или без нее;

      18) условно чистые сточные воды - сточные воды, качество которых позволяет использовать их в производственных системах водоснабжения или сбрасывать в водные объекты без дополнительной очистки.

2. Порядок приема сточных вод в системы водоотведения
населенных пунктов

      3. В систему водоотведения допускается прием сточных вод, подлежащих очистке на очистных сооружениях в соответствии с применяемой на них технологией очистки, на основании требований Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года и Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года.

      4. В системы водоотведения приему не подлежат:

      воды, содержащие грунт, песок, строительный и бытовой мусор, жир;

      воды, содержащие осадки из локальных очистных сооружений, твердые отходы производства;

      воды, подлежащие использованию в системах оборотного и повторного водоснабжения (воды от бассейнов и фонтанов, конденсат пара, дренажные и условно чистые сточные воды);

      поверхностный сток с территории промышленных площадок;

      сколы льда и снега;

      воды, содержащие радионуклиды различного периода распада.

      5. В системы водоотведения приему не подлежат сточные воды, содержащие вещества (материалы), которые приводят к следующим негативным последствиям, угрожающим работоспособности систем водоотведения:

      1) повреждение объектов систем водоотведения и нарушение режима их работы в силу следующих причин:

      разрушающее коррозионное, абразивное или механическое воздействие на канализационные сети, иные сооружения и оборудование;

      образование в канализационных сетях и на очистных сооружениях пожароопасных, взрывоопасных и токсичных газопаровоздушных смесей;

      нарушение процессов биологической очистки сточных вод на очистных сооружениях системы водоотведения, в том числе по причине содержания в сточных водах стойких, токсичных, биоаккумулирующих веществ, не поддающихся очистке;

      2) нарушение надежности и бесперебойности работы системы водоотведения, в том числе по причине уменьшения рабочего сечения сетей и возникновения препятствий для тока воды;

      3) создание условий для причинения вреда здоровью персонала, обслуживающего системы водоотведения;

      4) невозможность утилизации осадков сточных вод с применением методов безопасных для окружающей среды.

      6. Прием сточных вод от потребителей (физических лиц), использующих воду для хозяйственно-бытового потребления, производится без ограничений.

      7. Сети или системы водоотведения потребителей, осуществляющих деятельность в сфере общественного питания, до подключения к сетям водоотведения оборудуются жироловками.

      8. Прием вывозимых хозяйственно-бытовых и производственных сточных вод потребителей, не присоединенных к системам водоотведения, производится на оборудованных сливных пунктах по договору с услугодателем.

      9. Возможность совместного отведения и очистки хозяйственно-бытовых и производственных сточных вод определяется составом последних, с учетом существующей технологии очистных сооружений.

      10. Производственные сточные воды, подлежащие совместному отведению и очистке с хозяйственно-бытовыми сточными водами населенного пункта, не должны нарушать работу сетей и сооружений системы водоотведения, оказывать разрушающее действие на материал элементов сетей и сооружений системы водоотведения, иметь температуру более 400С и содержать:

      горючие примеси, кислоты, токсичные и растворенные газообразные вещества, способные образовывать в сетях и сооружениях системы водоотведения, взрывоопасные и токсичные газы и смеси;

      вещества и предметы, засоряющие элементы системы водоотведения или отлагающиеся на них;

      вредные вещества с превышением значений ДКВВ и препятствующие биологической очистке сточных вод;

      вещества, для которых не установлены значения предельно допустимых концентраций в воде водоемов соответствующего вида пользования;

      минеральные загрязнения;

      опасные бактериальные загрязнения;

      более 500 мг/л взвешенных и всплывающих веществ;

      нерастворенные масла, а также смолы и мазут;

      вещества, у которых химическое потребление кислорода превышает биохимическое потребление кислорода (далее - БПК) (полное) более чем в 1,5 раза;

      растворы кислот с pH за пределами 6,5-9,0;

      дурно пахнущие и другие летучие вещества в количестве, приводящем к загрязнению атмосферы рабочей зоны в производственных помещениях и на на территории очистных сооружений;

      опасные бактериальные и вирусные загрязнения (за исключением веществ, сброс которых разрешен санитарно-эпидемиологическими требованиями);

      отходы очистки воздуха (пылегазоочистного оборудования), осадки станций технической водоподготовки, в том числе котельных, теплоэлектростанций, ионообменные смолы, активированный уголь, концентрированные растворы регенерации систем водоподготовки, химические реактивы и реагенты;

      любые твердые отходы скотобоен и переработки мяса, каныга, цельная кровь, отходы обработки шкур и кож, отходы животноводства, звероводства и птицеводства, включая фекальные.

      11. Прием производственных сточных вод в систему водоотведения населенного пункта допускается при условиях:

      достаточной мощности системы водоотведения для приема производственных сточных вод;

      обеспечения технологией очистки производственных сточных вод, удаления поступающих загрязнений до нормативных требований предельно допустимых сбросов (далее - ПДС);

      выполнения требований технических условий услугодателя;

      соответствия состава производственных сточных вод потребителя требованиям содержания в них ДКВВ.

      12. Производственные сточные воды потребителя (субпотребителя), не удовлетворяющие требованиям пункта 10 настоящих Правил, подлежат предварительной очистке на локальных очистных сооружениях до достижения ДКВВ.

      13. Достижение ДКВВ в производственных сточных водах разбавлением чистыми, условно чистыми и другими водами не допускается.

      14. При расчете ДКВВ в производственных сточных водах, принимаемых в систему водоотведения, услугодатель руководствуется следующими требованиями:

      содержание органических веществ, оцениваемых по БПК, контролируется лабораторным путем, при этом БПК производственных сточных вод, сбрасываемых в систему водоотведения не должно превышать БПК в производственных сточных водах, поступающих на очистные сооружения и принятого при их проектировании;

      допустимая концентрация вредных веществ, удаляемых на очистных сооружениях населенного пункта, определяется в соответствии с нормативом ПДС очищенных сточных вод в водные объекты, согласованным с территориальным подразделением ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и утвержденным в порядке, установленном статьей 84 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года;

      допустимая концентрация вредных веществ, не удаляемых на очистных сооружениях населенного пункта, определяется исходя из их ДКВВ в воде водных объектов и соотношения объемов хозяйственно-бытовых и производственных сточных вод.

      15. При обнаружении в составе сточных вод, поступающих на очистные сооружения населенного пункта, концентраций вредных веществ, являющихся недопустимыми для работы очистных сооружений, услугодатель в письменном виде или телефонограммой уведомляет об этом территориальное подразделение ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения в день их обнаружения. Одновременно услугодатель проводит контрольные анализы и устанавливает потребителей, допустивших эти сбросы.

      16. При превышении ДКВВ по результатам анализа производственных сточных вод, потребитель прекращает сброс производственных сточных вод в систему водоотведения и принимает срочные меры по снижению загрязнений до ДКВВ. После устранения причины, вызвавшей повышение содержания загрязнений, производится повторный отбор проб услугодателем.

      17. Допускается очистка производственных сточных вод нескольких предприятий, имеющих однородные загрязнения на общих локальных очистных сооружениях.

      18. В системе водоотведения потребителей не допускается объединение производственных сточных вод, взаимодействие которых может привести к образованию эмульсий, ядовитых или взрывоопасных газов, а также большого количества нерастворимых веществ (производственные сточные воды, содержащие соли кальция или магния и щелочных растворов, соду и кислые воды, сульфид натрия и воды, чрезмерно содержащие щелочи, хлор, фенолы).

      19. Кислые и щелочные производственные сточные воды до сброса в системы водоотведения подлежат нейтрализации или усреднению.

      20. Прием производственных сточных вод в системы водоотведения осуществляется отдельными выпусками через контрольный колодец. Указанные выпуски оборудуются устройствами для контроля над расходом и составом производственных сточных вод. Объем представленных услуг водоотведения определяется по показаниям прибора учета сточных вод.

      21. Потребитель, имеющий в составе системы водоотведения локальные очистные сооружения, в период эксплуатации содержит их в исправном состоянии и проводит анализы производственных сточных вод, сбрасываемых в систему водоотведения.

      22. Потребители, осуществляющие сброс производственных сточных вод в системы водоотведения, обеспечивают возможность проведения услугодателем отбора проб и учета их объемов.

      23. Пробы для проведения анализов качественного состава производственных сточных вод отбираются услугодателем (для производственного контроля) и потребителем (для недопущения сброса вредных веществ, в концентрации, превышающей допустимую концентрацию) до и после комплекса локальных очистных сооружений, а при их отсутствии, в контрольных колодцах.

      24. Услугодатель осуществляет отбор проб производственных сточных вод на системах водоотведения потребителей в присутствии представителей потребителя.

      Услугодатель устанавливает график отбора проб производственных сточных вод потребителя с периодичностью не реже одного раза в квартал.

      25. Проведение плановых отборов проб и анализов производственных сточных вод осуществляется за счет услугодателя, а по заявке потребителя - за его счет.

      26. Потребитель по письменному требованию услугодателя представляет сведения об объемах, качественном составе отводимых производственных сточных вод и режиме их сброса в систему водоотведения населенного пункта по каждому выпуску.

      27. Залповый сброс производственных сточных вод не допускается.

      28. Потребитель, допустивший залповый или аварийный сброс производственных сточных вод, немедленно сообщает об этом услугодателю в письменном виде или телефонограммой и принимает все необходимые меры для ликвидации последствий залпового или аварийного сброса производственных сточных вод.

      29. О случаях залпового или аварийного сброса производственных сточных вод потребителей, услугодатель сообщает территориальным подразделениям ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения в день их обнаружения.

      30. Прием поверхностных сточных вод в систему водоотведения производится услугодателем при технологической возможности системы и условии возмещения ему затрат на основании договора на прием поверхностных вод с потребителем, осуществляющим такой сброс.