Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 11996 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 275 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін.
      2. Жоғары оқу орындарының ректорлары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын студенттерге жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерінің шешімдері негізінде тағайындасын.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д. Болатханұлы) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 3 тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) көрсетілген стипендияны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2015 жылғы кезеңге төлеуді жүзеге асырсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.А. Ахмедьяровқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрінің
      міндетін атқарушы                          Д. Болатханұлы

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
Міндетін атқарушының     
2015 жылғы 30 шілдедегі   
№ 263 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған
стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу

Жоғары оқу орындарының атауы

Студенттерге арналған стипендия

1

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

2

2

Қазақ ұлттық өнер университеті

4

3

Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

5

Барлығы:

11

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2015 год

Приказ и.о. Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 июля 2015 года № 263. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 сентября 2015 года № 11996

      В соответствии с пунктом 4 постановления Президента Республики Казахстан от 5 марта 1993 года № 1134 «Об учреждении стипендии Президента Республики Казахстан», в целях реализации  приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 мая 2015 года № 275 «О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2015 год», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемое распределение стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2015 год.
      2. Ректорам высших учебных заведений назначить стипендию Президента Республики Казахстан студентам на основании решении ученых советов высших учебных заведений.
      3. Департаменту образовательной, научной деятельности и международного сотрудничества Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (Д. Болатханұлы) в установленном законодательном порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан официальное опубликование настоящего приказа;
      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3)пункта 3 настоящего приказа.
      4. Департаменту экономики и финансов (А. Досходжаева) осуществить выплату указанной стипендии за период 2015 года в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан Г.А. Ахмедьярова.
      6. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      Министра культуры и спорта
      Республики Казахстан                       Д. Болатханұлы

Утвержден приказом  
Исполняющего обязанности
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан 
от "30" июля 2015 года
№263         

     Распределение стипендии Президента Республики Казахстан
               по высшим учебным заведениям на 2015 год

Наименование высших учебных заведений

Стипендия для студентов

1

Казахская национальная консерватория имени Курмангазы

2

2

Казахский национальный университет искусств

4

3

Казахская национальная академия искусств имени Т.К.Жургенова

5

Итого:

11