Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 маусымда № 11294 тіркелді

      «Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы №1134 қаулысының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» ДББҰ арасында бөлу бекітілсін.
      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж. Шаймарданов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты министрліктер мен «Назарбаев Университеті» ДББҰ назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Экономика және қаржы департаменті (Т. Нұрғожаева) көрсетілген стипендияны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап төлеуді жүзеге асырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 4 мамырдағы 
№ 275 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» ДББҰ арасында бөлу

Мемлекеттік орган, «Назарбаев Университеті» ДББҰ

Стипендия

студенттерге

магистранттарға

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

914

7

2

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

11

0

3

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

89

1

4

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

57



5

«Назарбаев Университеті» ДББҰ

9



ИТОГО

1080

8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады