Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 27.01.2025 № 43-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 9959 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 сәуірінде № 69 (28547) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 556 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығымен бекітілді |
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай
өнімдерінің тізбесi
1) Аи-80 маркалы бензин, бөлшек сауда арқылы өткізу;
2) дизель отыны (жазғы, маусымаралық), бөлшек сауда арқылы өткізу.