"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 қыркүйекте № 12017 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 9959 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 сәуірінде № 69 (28547) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Министрі                                   В. Школьник

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 556 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 183 бұйрығымен бекітілді

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай
өнімдерінің тізбесi

      1) Аи-80 маркалы бензин, бөлшек сауда арқылы өткізу;
      2) дизель отыны (жазғы, маусымаралық), бөлшек сауда арқылы өткізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады