Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы 18-02/909 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қарашада 12259 болып тіркелді.

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы
№ 18-02/909 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 99-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) орманның генетикалық резерваты – өсімдіктер түрі, түр тармағы популяциясының генетикалық-селекциялық тұрғыдан құнды бөлігі бар орман учаскесі;

      2) орман пайдалану – орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніндегі заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;

      3) орман пайдаланушы – Кодексте белгілеген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

      4) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Мемлекеттiк орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiлер белгiлейдi.

      4. Шөп шабу және мал жаю үшін мемлекеттік орман қорының құрамына енетін осы мақсатқа жарамды ауыл шаруашылығы жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және шөп шабу басталғанға дейін орманды табиғи немесе жасанды жолмен жаңарту, оларды жақсарту жөнінде басқа да іс-шаралар жүргізу көзделмейтін басқа да орман көмкермеген алқаптар және сексеуіл мен басқа да бұта түрлерімен көмкерілген (жинақталмаған орман екпелерінен басқа) орман алқаптары, сондай-ақ қайта жаңартуға арналмаған құндылығы аз екпелердің жекелеген учаскелері пайдаланылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабуға болатын алаңдарды жыл сайын шөп шабу басталғанға дейін Кодекстің 13-бабының 1-тармағының 18-3) тармақшасына сәйкес бекітілген орман орналастыру материалдарының негізінде мемлекеттік орман иеленушілер нақтылайды.

      6. Кодекстің 99-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк орман қорына кiретiн жайылымдарда бақташысыз мал жаю шалғай, жолы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда ерекше жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу және мал жаю үшін пайдалану тәртібі

      7. Мал жаю мемлекеттік орман қоры учаскелерінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалатын алаңдарда жүзеге асырылады, бұл ретте мал жаю үшін учаскелер таңдау орман жайылымдарын маусымдық пайдалану мүмкіндіктері, жайылым айналымдарын және оларға жеткілікті жүктемені ескере отырып, жүзеге асырылады.

      8. Жайылым айналымының алаңы:

      1) өсу кезеңінің табиғи-климаттық жағдайларын;

      2) жайылымдардың шығымдылық деңгейін;

      3) эрозияға ұшырау үдерістерінің ықтимал мүмкіндігі және нақты байқалуын;

      4) жабайы өсетін шөптердің ерекше құнды тұқымдарын жинау мүмкіндігі;

      5) "демалыс" берудің орындылығы, яғни жыл бойына мал жаюды, шөп шабуды толық болдырмауды ескере отырып, белгіленеді.

      9. Мынадай мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп жабу (өртке қарсы іс-шаралар шеңберінде жүзеге асырылатын шөп шабудан басқа) және мал жаю:

      1) мемлекеттiк орман қорының "мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары", "табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерi", "орманның гендiк резерваттарын қоса алғандағы ғылыми маңызы бар орман учаскелерi", "аса құнды орман алаптары" санаттарында, сондай-ақ қорық және тапсырыс режимiндегi мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтар аймақтарында, мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында;

      2) мемлекеттiк орман қорының рекреациялық пайдалану аймақтарындағы, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы, келушiлер мен туристерге қызмет көрсетуге арналған шағын аймақтардағы "мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар ормандары" және "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтар ормандары" санаттарында;

      3) мемлекеттiк орман қорының бұзылған ландшафтарды қалпына келтiру аймағындағы "мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары" санатында;

      4) мемлекеттiк орман қорының тапсырыс режимi аймағындағы "мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары" санатында;

      5) мемлекеттiк орман қорының "жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары", "орман-жемiс екпелерi", "aca биiк тау ормандары", "мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi", "эрозияға қарсы ормандар" және "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер", "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi" санаттарында жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 9-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілген, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мал жаюға рұқсат етілген учаскелер тізбесін мемлекеттік орман қоры жерлерінің жай-күйіне қатысты болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ орманды қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу мен орман ресурстарын дайындау жоспарларын ескере отырып, мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады.

      11. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп, қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелері ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде беріледi.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Орман иеленушілер 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 36, 41-баптарына сәйкес шөп шабу мен мал жаюға жарамды мемлекеттік орман қоры учаскелерінен орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлеріне шөп шабу үшін қызметтік жер телімдерін бөледі.

      14. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалануға бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12247 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларына сәйкес тендерлік негізде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Шөп шабу мен мал жаюға жарамды қалған алаңдар туралы мәліметтерді (осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілгеннен басқа) орман иеленушілер тендер ұйымдастырушыларға шөп шабу мен мал жаю басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей береді.

      16. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінен шөп шабатын және мал жаятын алқаптардың бөлінуіне мұқтаж орман пайдаланушылар:

      1) ұзақ мерзімді негізде (ұзақ мерзімді орман пайдалану) тендер өткізуді ұйымдастырушыларға шөп шабу мен мал жаю үшін ұзақ мерзімді пайдалануға мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру бойынша тендерге қатысуға арналған өтінім-лоттарды орман иеленушілердің дайындауы үшін тиісті өтінімдер жолдайды;

      2) қысқа мерзімді негізде (қысқа мерзімді пайдалану) шөп шабу немесе мал жаю басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей орман иеленушілерге орман пайдалану үшін учаскелер беру жөнінде өтініш жазады.

      17. Тендерлер өткізуді ұйымдастырушылар шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөнінде өткізілген тендерлердің нәтижелері негізінде мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендер комиссиясының хаттамасын толтырады, оның негізінде мемлекеттік орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар арасында осы учаскелерді ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шарт жасалады, онда осы учаскелерді пайдалану жөніндегі талаптармен және тараптардың өзара қарым-қатынастарының шарттарымен қатар Кодекстің 38-бабына сәйкес қорғау және Ормандарда өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау жөніндегі міндеттер белгіленеді.

      18. Шалғайдағы мал шаруашылығы үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөніндегі өтінім-лоттарды дайындау кезінде көршілес аудандардың, облыстардың қажеттілігін ескеру керек.

      19. Орман иеленушілер өткізілген тендерлердің нәтижелері бойынша жасалған шарттарға сәйкес және орман пайдаланғаны үшін төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде тендерлердің жеңімпаздарына "Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша орман билеттерінің жыл сайын берілуін оларға шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің табиғи түрінде берілуін қамтамасыз етеді.

      20. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді орман пайдалануға беру кезінде орман пайдаланушының өтініші және орманды пайдаланғаны үшін малдың болуы және төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде орман пайдаланушыларға да орман билеті жазып беріледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю орман билеттерінде көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.

      22. Шөп шабу мен мал жаю үшін берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Кодекстің 39-41-баптарына сәйкес тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады.

      23. Орман ресурстары шөп шабу және мал жаю үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу Кодекстің 102-2-бабына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушы берілген учаскелерде уақытша (қалқалар, күзет үйшіктері, қоршаулар, қашалар) құрылыстар салады.

      Жануарларды қашаларда орналастыру мынадай норманы сақтай отырып жүзеге асырылады:

      1) ірі жануарлар үшін (түйелер, жылқылар, мүйізді ірі қара малдар - бұдан әрі - ірі жануарлар) - бір жануарға 3 м2;

      2) ұсақ жануарлар үшін (қойлар, ешкілер, шошқалар) - бір жануарға 1,7 - 2 м2.

      Қашаларда қораларда ірі малдарға қосымша байлағыштар жасалады.

      Қашаларды металл құрылыстарынан жасайды, олардың биіктігі:

      1) ірі жануарлар үшін кем дегенде 1,5 м;

      2) ұсақ жануарлар үшін кем дегенде 1 м.

      Секциялар мен қашаларды жануарлардың жарақаттану мүмкіндігін болдырмайтын шарбақтармен, қақпалармен жабдықтайды.

      Қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде құнарлы қабатты адып тастамай, қоршау мен тұруға жарамды жылжымалы үй-жайларды орнатуға рұқсат етіледі.

      Аталған құрылыстардың мөлшері және оларды орналастыру ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шартында, сондай-ақ орман билетінде көрсетіледі.

      Ескерту. Қағидалар 23-тармақпен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.

      Ескерту. Қағидалар 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі мал жаю алаңдарын айқындау

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Табиғи аймақтар

Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері

Мал жаю алаңы, басқа гектар

1

2

3

4

1

Жартылай шөлейт және шөлейт

Қой, ешкі
Ірі қара мал
Жылқы

3,0
5,0
7,2

2

Далалы

Қой, ешкі
Ірі қара мал
Жылқы

1,5-3,0
1,5-3,0
1,0-2,25

3

Таулы

Қой, ешкі
Ірі қара мал
Жылқы

0,75-1,5
0,75-1,5
1,0


Об утверждении Правил сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 18-02/909. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 ноября 2015 года № 12259.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 99 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мамытбеков


  Утверждены
приказом Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 12 октября 2015 года № 18-02/909

Правила сенокошения и пастьбы скота на участках
государственного лесного фонда
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 99 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года (далее – Кодекс) и определяют порядок сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) лесной генетический резерват – участок леса с ценной в генетико-селекционном отношении частью популяции вида, подвида растений;

      2) лесопользование – юридически и экономически регламентированная деятельность по использованию лесных ресурсов и полезных свойств леса;

      3) лесопользователь – физическое или юридическое лицо, которому предоставлено право временного лесопользования в порядке, установленном Кодексом;

      4) ведомство уполномоченного органа в области лесного хозяйства – государственный орган, осуществляющий функции управления и контроля в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения.

      3. Участки государственного лесного фонда, на которых возможно сенокошение и пастьба скота, устанавливаются государственными лесовладельцами в соответствии с лесоустроительными проектами или планами управления особо охраняемыми природными территориями.

      4. Для сенокошения и пастьбы скота выделяются пригодные для этой цели, входящие в состав государственного лесного фонда площади сельскохозяйственных угодий, а также используются прогалины и другие, не покрытые лесом угодья, на которых не предусматривается естественное или искусственное возобновление леса, проведение других мероприятий по их улучшению и лесные угодья, покрытые саксаульными и другими кустарниковыми породами (кроме несомкнувшиеся лесные культуры) до начала сенокошения, а также отдельные участки малоценных насаждений, не предназначенные под реконструкцию.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра экологии и природных ресурсов РК от 18.05.2023 № 156 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Площади, где возможно осуществление сенокошения на участках государственного лесного фонда ежегодно до начала сенокошения уточняются государственными лесовладельцами на основании лесоустроительных материалов, утвержденных в соответствии с подпунктом 18-3) пункта 1 статьи 13 Кодекса.

      6. В соответствии с пунктом 2 статьи 99 Кодекса пастьба скота без пастуха на пастбищах, входящих в государственный лесной фонд, осуществляется в исключительных случаях в отдаленных, труднодоступных и малонаселенных районах.

2. Порядок пользования участками государственного лесного фонда
для сенокошения и пастьбы скота

      7. Пастьба скота на участках государственного лесного фонда осуществляется на площадях, определяемых согласно приложению к настоящим Правилам, при этом выбор участков для пастьбы скота осуществляется с учетом возможностей сезонного использования лесных пастбищ, пастбищеоборотов и допустимой нагрузки на них.

      8. Площадь пастбищеоборотов устанавливается с учетом:

      1) природно-климатических условий вегетативного периода;

      2) степени продуктивности пастбищ;

      3) потенциальной возможности и фактического проявления эрозионных процессов;

      4) возможности сбора особо ценных семян дикорастущих трав;

      5) целесообразности предоставления "отдыха", то есть полное исключение стравливания, сенокошения в течение года.

      9. Сенокошение (кроме сенокошения, осуществляемого в рамках противопожарных мероприятий) и пастьба скота на участках государственного лесного фонда не осуществляется:

      1) в категориях государственного лесного фонда "леса государственных региональных природных заповедников", "государственных лесных памятниках природы", "участки леса, имеющие научное значение, включая лесные генетические резерваты", "особо ценные лесные массивы", а также в зонах заповедного и заказного режима государственных национальных природных парков и государственных региональных природных парков, зонах заповедного ядра государственных региональных природных резерватов;

      2) в категориях государственного лесного фонда "леса государственных национальных природных парков" и "леса государственных региональных природных парков" в зонах рекреационного использования, подзон, административно-производственного назначения, обслуживания посетителей и туристов;

      3) в категории государственного лесного фонда "леса государственных природных резерватов" в зоне восстановления нарушенных ландшафтов;

      4) в категории государственного лесного фонда "леса государственных заповедных зон" в зоне заказного режима;

      5) в категориях государственного лесного фонда "орехопромысловые зоны", "лесоплодовые насаждения", "субальпийские леса", "государственные защитные лесные полосы", "противоэрозионные леса" и "защитные насаждения на полосах отвода железных и автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения, магистральных трубопроводов и других линейных сооружений", "защитные лесные полосы вдоль железных дорог и автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения.

      Сноска. Пункт 9 с изменением, внесенным приказом Министра сельского хозяйства РК от 25.12.2015 № 19-1/1124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Перечень участков, на которых допускается пастьба скота, уточняется ежегодно государственными лесовладельцами с учетом происходящих изменений состояния земель государственного лесного фонда, а также планов мероприятий по воспроизводству лесовосстановительных работ и заготовок лесных ресурсов.

      11. Пастьба коз на участках государственного лесного фонда, кроме саксауловых лесов, допускается только на специально отведенных огороженных участках.

      Сноска. Пункт 11 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 03.11.2017 № 445 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      12. Участки государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота предоставляются в долгосрочное лесопользование на условиях договора долгосрочного лесопользования, а в краткосрочное лесопользование – на основании договора краткосрочного лесопользования и разрешительных документов.

      Сноска. Пункт 12 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 03.11.2017 № 445 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      13. Лесовладельцы выделяют, в соответствии со статьями 36, 41 Земельного Кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, на участках государственного лесного фонда, из числа пригодных для сенокошения и пастьбы скота, служебные земельные наделы для сенокошения работникам лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий.

      14. Выделение участков государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота, в долгосрочное лесопользование осуществляется на тендерной основе согласно Правилам проведения тендеров по предоставлению лесных ресурсов на участках государственного лесного фонда в долгосрочное лесопользование, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 октября 2015 года № 18-02/896 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12247).

      Сноска. Пункт 14 в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 25.12.2015 № 19-1/1124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Сведения об остальных площадях, пригодных для сенокошения и пастьбы скота (кроме указанных в пункте 13 настоящих Правил), представляются лесовладельцами организаторам тендеров не позднее чем за два месяца до начала сенокошения и пастьбы скота.

      16. Лесопользователи, нуждающиеся в выделении сенокосных и пастбищных угодий на участках государственного лесного фонда:

      1) на долгосрочной основе (долгосрочное лесопользование), направляют организаторам проведения тендеров соответствующие заявки для подготовки лесовладельцами лот-заявок на участие в тендере по предоставлению участков государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота в долгосрочное лесопользование;

      2) на краткосрочной основе (краткосрочное лесопользование) не позднее чем за два месяца до начала сенокошения или пастьбы скота обращаются к лесовладельцам с заявлением на предоставление участков для лесопользования.

      17. Организаторы проведения тендеров на основании результатов проведенных тендеров по предоставлению участков государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота составляют протокол тендерной комиссии по предоставлению лесных ресурсов на участках государственного лесного фонда в долгосрочное лесопользование, на основании которого заключается договор о долгосрочном лесопользовании этими участками между государственными лесовладельцами и лесопользователями, в котором наряду с требованиями по эксплуатации этих участков и условиями взаимоотношения сторон устанавливаются обязанности по охране и соблюдению Правил пожарной безопасности в лесах, в соответствии со статьей 38 Кодекса.

      18. При подготовке лот-заявок по предоставлению участков государственного лесного фонда для отгонного животноводства учитывается потребность соседних районов, областей.

      19. Лесовладельцы по результатам проведенных тендеров, в соответствии с заключенными договорами и на основании документов, удостоверяющих оплату за лесопользование обеспечивают ежегодную выдачу лесных билетов по форме, утвержденной приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 18-02/40 "Об утверждении форм лесорубочного билета и лесного билета, правил их учета, хранения, заполнения и выдачи" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10676) победителям тендеров и предоставление им в натуре участков государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота.

      20. При предоставлении участков государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота в краткосрочное лесопользование лесопользователям выписывается лесной билет на основании заявления лесопользователя и документов, удостоверяющих наличие скота и оплату за краткосрочное лесопользование.

      Сноска. Пункт 20 - в редакции приказа Министра экологии и природных ресурсов РК от 18.05.2023 № 156 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Сенокошение и пастьба скота на предоставленных участках государственного лесного фонда осуществляются в сроки, указанные в лесных билетах.

      22. Право лесопользования на участках государственного фонда, данное для сенокошения и пастьбы скота приостанавливается, ограничивается или прекращается в соответствии со статьями 3941 Кодекса.

      23. Строительство объектов на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для сенокошения и пастьбы скота осуществляет в соответствии со статьей 102-2 Кодекса и статьей 27-2 Закон Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан".

      При долгосрочном лесопользовании лесопользователи на предоставленных участках возводят временные (навесы, сторожки, изгороди, загоны) строения.

      Загоны строятся с учетом вида, возраста животных с расчетом на одно животное, не допускающих задавливание и травмирование животных и людей.

      Размещение животных в загонах осуществляется из расчета с соблюдением следующей нормы:

      1) для крупных животных (верблюды, лошади, крупный рогатый скот, далее - крупные животные) - 3 м2 на одно животное;

      2) для мелких животных (овцы, козы, свиньи) - 1,7 - 2 м2 на одно животное.

      Дополнительно для крупных животных в загонах оборудуют привязи.

      Загоны строят из металлоконструкций с высотой:

      1) для крупных животных - не менее 1,5 м;

      2) для мелких животных - не менее 1 м.

      Секции и загоны оборудуют изгородями, воротами исключающими возможность травмирования животных.

      При краткосрочном лесопользовании допускается только установка ограждения и передвижных пригодных для проживания помещений без снятия плодородного слоя.

      Размеры указанных строений и их размещение указываются в договоре долгосрочного и краткосрочного лесопользования, а также в лесном билете.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 23 в соответствии с приказом Министра экологии и природных ресурсов РК от 18.05.2023 № 156 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      24. Пастьба коз на участках государственного лесного фонда, кроме саксауловых лесов, допускается только на специально отведенных огороженных участках.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 24 в соответствии с приказом Министра экологии и природных ресурсов РК от 18.05.2023 № 156 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение
к Правилам сенокошения и
пастьбы скота на участках
государственного лесного фонда

Определение площади выпаса скота на участках государственного лесного фонда

      Сноска. Приложение - в редакции приказа Министра экологии и природных ресурсов РК от 18.05.2023 № 156 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Природные зоны

Виды
сельскохозяйственных
животных

Площадь выпаса скота,
гектар на 1 голову

1

2

3

4

1

Полупустынные и пустынные

Овцы, козы
Крупный рогатый скот
Лошади

3,0
5,0
7,2

2

Степная

Овцы, козы
Крупный рогатый скот
Лошади

1,5-3,0
1,5-3,0
1,0-2,25

3

Горные

Овцы, козы
Крупный рогатый скот
Лошади

0,75-1,5
0,75-1,5
1,0