БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 18-02/909 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлкеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю Қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шөп шабу және мал жаю үшін мемлекеттік орман қорының құрамына енетін осы мақсатқа жарамды ауыл шаруашылығы жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және шөп шабу басталғанға дейін орманды табиғи немесе жасанды жолмен жаңарту, оларды жақсарту жөнінде басқа да іс-шаралар жүргізу көзделмейтін басқа да орман көмкермеген алқаптар және сексеуіл мен басқа да бұта түрлерімен көмкерілген (жинақталмаған орман екпелерінен басқа) орман алқаптары, сондай-ақ қайта жаңартуға арналмаған құндылығы аз екпелердің жекелеген учаскелері пайдаланылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді орман пайдалануға беру кезінде орман пайдаланушының өтініші және орманды пайдаланғаны үшін малдың болуы және төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде орман пайдаланушыларға да орман билеті жазып беріледі.";
мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
"23. Орман ресурстары шөп шабу және мал жаю үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу Кодекстің 102-2-бабына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушы берілген учаскелерде уақытша (қалқалар, күзет үйшіктері, қоршаулар, қашалар) құрылыстар салады.
Жануарларды қашаларда орналастыру мынадай норманы сақтай отырып жүзеге асырылады:
1) ірі жануарлар үшін (түйелер, жылқылар, мүйізді ірі қара малдар - бұдан әрі - ірі жануарлар) - бір жануарға 3 м2;
2) ұсақ жануарлар үшін (қойлар, ешкілер, шошқалар) - бір жануарға 1,7 - 2 м2.
Қашаларда қораларда ірі малдарға қосымша байлағыштар жасалады.
Қашаларды металл құрылыстарынан жасайды, олардың биіктігі:
1) ірі жануарлар үшін кем дегенде 1,5 м;
2) ұсақ жануарлар үшін кем дегенде 1 м.
Секциялар мен қашаларды жануарлардың жарақаттану мүмкіндігін болдырмайтын шарбақтармен, қақпалармен жабдықтайды.
Қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде құнарлы қабатты адып тастамай, қоршау мен тұруға жарамды жылжымалы үй-жайларды орнатуға рұқсат етіледі.
Аталған құрылыстардың мөлшері және оларды орналастыру ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шартында, сондай-ақ орман билетінде көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:
"24. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.";
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
З. Сулейменова |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі 2023 жылғы 18 мамырдағы № 156 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі мал жаю алаңдарын айқындау
№ | Табиғи аймақтар | Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері | Мал жаю алаңы, басқа гектар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жартылай шөлейт және шөлейт |
Қой, ешкі |
3,0 |
2 | Далалы |
Қой, ешкі |
1,5-3,0 |
3 | Таулы |
Қой, ешкі |
0,75-1,5 |