Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-1/1124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12905 болып тіркелді.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы

      Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман

      шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген

      тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

      мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Казахстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


А. Мамытбеков




  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 19-1/1124 бұйрығына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6530 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 90-93 (26495) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережелерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда болу тәртібін айқындайды.";

      6-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) "Жасанды жолмен жасалатын шудың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/899 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12387 болып тіркелген) шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердiң нормаларына сәйкес қоршаған ортаға шу шығаратын және басқа да акустикалық әсерлердi қолдану;";

      2) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6518 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 94-97 (26499) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидаларда:

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар айналмаларға (инспекторлық учаскелерге) бөлініп, олар техникалық учаскелерге біріктіріледі. Бір инспекторға шаққандағы бір айналманың нормативтік көлемі "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.";

      3) "Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 561 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6531 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 134-137 (26539) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережелерінде:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде пайда болған қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдыларды табиғи жолмен қалпына келтірудің жай-күйін бағалау "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) сәйкес шәкілдер бойынша жүргізіледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4) Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2016 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережелерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережелері (бұдан әрі – Ереже) 2003 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 56-бабына сәйкес әзірленді.";

      5) "Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 25-02/176 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7669 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 483-488 (27561) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары;";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлері;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Құрметті атақтармен, омырауға тағатын белгілермен және құрмет грамоталарымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды қарастыру және дайындау үшін Комитетте комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы басқарады.";

      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының басшылары;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгілері осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес наградталушы тұлғаға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау туралы куәлікті тапсырумен бір мезгілде тапсырылады.";

      4, 5, 6, 7, 9, 10, 11-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6) "Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтау және құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 257-Ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8750 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 268 (28207) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтау және құру қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Клондар мұрағаттарын құрудың негізгі тәсілі тамыр жүйесі жабық жерсіндірілген көшеттерді отырғызу болып табылады. Көшеттер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/897 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 12249 болып тіркелген) бекітілген Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сондай-ақ клондар мұрағаттарын құру арнайы өсірілген телінген дақылдарға шыбықшалар ұластыру арқылы немесе тұқымдармен жүргізіледі.";

      7) "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-02/691 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10141 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 148 (28626) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларында:

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сүрек тасып әкетудi кейiнге қалдыру мерзiмi берiлген жағдайда осы кейiнге қалдыру мерзiмi аяқталғаннан кейін қайталама куәландыру жүргiзiледi.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру кезiнде кеспеағаштарды игерудiң толықтығы мен дұрыстығы, кеспеағаштарды игеру тәсілдерінің технологиялық картасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12249 болып тіркелген) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына сәйкес (кеспеағаштар мен сүрек сүйретiп шығаратын жолдардың енi, тиеу алаңдарын, қоймаларды және басқа да қосымша объектiлердi орналастыру, орман өсіру талаптарын сақтау) анықталады.";

      8) "Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 212 (28690) санында жарияланған):

      бұйрыққа 1-қосымшада:

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Ағаштарды тасып әкету мерзімдерінің ұзартылғаны туралы белгілер

      Отметки о представлении отсрочек по вывозке __________________

      ____________________________________________________________________

      Мөр орны, мекеме басшысы _____________________________________

      Место печати, руководитель учреждения (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы – подпись, фамилия, имя, отчество (при наличии))";

      бұйрыққа 3-қосымшада:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Ағаш кесу жұмыстарын жүргізуге ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға ведомство сүрек дайындау көлемін бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) көзделген тәртіппен кеспеағашты игерудің технологиялық карталары болған жағдайда беріледі.";

      16-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. "Дайындау мерзімінің аяқталуы" деген 14-жол "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10679 болып тіркелген) көзделген тәртіппен толтырылады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. "Тасымалдау мерзімін кейінге қалдыру туралы белгілер" деген 26-жолда мемлекеттік орман иеленуші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, мөр басылған тиісті жазбалар енгізіледі.";

      9) Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10) "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/161 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10693 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларда:

      10-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеспеағаштар бөліп беру жоспарын орман күтуші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына (бұдан әрі – Ағаш кесу қағидалары) сәйкес орман орналастыру материалдарының негізінде жасайды.";

      11) "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10679 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұзақ мерзімді орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу және өзге де мақсаттарда ағаш кесу тәртiбiмен сүрек босату Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген осы Қағидаларға және Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      17-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеспеғаш аймағын бөліп беру мен мөлшерлеуді мемлекеттік орман иеленушiлер Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/161 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10693 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына сәйкес жүргізеді.";

      12) "Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-02/405 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11882 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларында:

      4-тармақ 5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шөп шабу мен мал жаю мемлекеттік орман қорының аумағында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұзақ мерзiмдi пайдалану Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12247 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу қағидаларына сәйкес тендер хаттамасының негізінде, кейіннен мемлекеттік орман иеленуші және орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қаражаты мен өндірістік қуаттары және тиісті мамандық иелері бар орман пайдаланушының арасында 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге шарт ресімдей отырып беріледі.";

      13) "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларында:

      147-тармағынан кейін мынадай мазмұндағы 4-бөлімнің атауымен толықтырылсын:

      "4-бөлім. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі басқа кесулер";

      10-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өзге де мақсаттарға кесу жүргізу ерекшеліктері";

      14) "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларында:

      9-тармақтың 5) тармақшасына орыс тілінде өзгерістер енгізілген, қазақ тіліндегі мәтін өзгерілмейді;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалануға бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12247 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларына сәйкес тендерлік негізде жүзеге асырылады.".


  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 19-1/1124 бұйрығына 1-қосымша


  Мемлекеттік орман қорындағы
  орман көмкермеген жерлерді
  орман көмкерген жерлерге
  ауыстыру ережелеріне
  1-қосымша

Қазақстан Республикасының табиғи аймақтары мен аймақ тармақтары бойынша орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапасын бағалаудың нормативтік көрсеткіштері

Тұқымдықтардың атауы


Негізгі орман түрлерінің немесе орман өсіру жағдайларының тобы


Орман дақылдарының немесе қорғаныштық алқа-ағаштардың жасы, жыл


Сапа сыныбы


Өсірілетін өміршең ағаштардың болуы, мың дана/гектар, кем емес


Өсірілетін ағаштардың орташа биіктігі, метр кем емес


1


2


3


4


5


6


1. Орманды дала аймағы

1.1 Оңтүстік және шоқ орманды аймақ тармағы


Салпыншақ қайың (сүйелді)


Жас және ылғалды шоққайыңдар


4


1

2


4,2

2,8


2,0

1,5


Сібір балқарағайы


Ылғалды және жас шоққайыңдарға ауысатын


5


1

2


4,0

2,5


1,5

1,1


Кәдімгі қарағай


Жас шоққарағайлар


6


1

2


5,3

3,5


1,4

1,0


Шаған


Ылғалдану шарттары қанағаттанарлық қара топырақты жағдайлар


4


1

2


3,0

2,0


1,5

1,1


1.2. Шағын адырлы Көкшетау облысы


Салпыншақ қайың (сүйелді)


Жас шоққайындар


4


1

2


4,0

2,7


1,8

1,4


Сібір балқарағайы


Қара және қою қоңыр топырақты 1 жас және ылғалды жағдайлар


5


1

2


3,5

2,0


1,4

1,0


Кәдімгі қарағай


Құрғақ және жас шоққарағай


6


1

2


6,0

4,0


1,2

0,9


Шаған


Ылғалдану шарттары қанағаттанарлық қара топырақты жағдайлар


4


1

2


2,8

2,0


1,5

1,1


2. Дала аймағы;

2.1. Бірқалыпты шөлейт дала аймағы


Салпыншақ қайың (сүйелді)


Ылғалдылығы әдеттегідей қайың орманы


4


1

2


4,0

2,7


1,8

1,4


Емен


Жайылма және тоғайлы ормандар жағдайлары


10


1

2


3,0

2,2


1,5

1,2


Сібір балқарағайы


Әдеттегі және оңтүстік қара топырақты жерлерінің тың жағдайлары


5


1

2


3,5

2,0


1,3

1,0


Кәдімгі қарағай


Құрғақ және жас шоққарағайлар


6


1

2


5,0

3,2


1,3

1,0


Терек


Ылғалдылығы қанағаттанарлық шалғын топырақ


4


1

2


2,8

2,0


1,5

1,1


Шаған


сондай


4


1

2


2,8

2,0


1,5

1,1


2.2 Шөлейт дала аймағы


Салпыншақ қайың (сүйелді)


Құрғақ және жас шоққайыңдар


5


1

2


3,2

2,2


1,8

1,4


Аласа шегіршін


Қою қоңыр топырақ


4


1

2


3,0

2,0


2,1

1,6


Сібір балқарағайы


сондай


6


1

2


3,5

2,0


1,3

1,0


Кәдімгі қарағай


Құрғақ және жас шоққарағайлар


6


1

2


6,0

3,5


1,2

0,9


Терек


Ылғалдылығы қанағаттанарлық жайылма және тоғайлы ормандар


4


1

2


3,0

2,0


3,5

2,5


Шаған


сондай


4


1

2


3,0

2,0


1,4

1,0


2.3. Қуаң дала аймағының тармағы


Салпыншақ қайың (сүйелді)


Құрғақ қайың орманы


6


1

2


3,2

2,2


1,3

1,0


Аласа шегіршін


Қою қоңыр топырақ


4


1

2


3,0

2,0


2,1

1,6


Тал


Жайылма және тоғайлы ормандар


4


1

2


3,0

2,0


3,5

2,5


Жиде


Сондай


4


1

2


3,0

2,0


1,5

1,1


Кәдімгі қарағай


Құрғақ шоққарағайлар


7


1

2


2,50

2,13


1,23

1,04


8


1

2


2,31

1,96


1,40

1,19


9


1

2


2,14

1,82


1,58

1,34


10


1

2


1,96

1,67


1,75

1,48


Жас шоққарағайлар


7


1

2


2,88

2,45


1,41

1,20


8


1

2


2,66

2,26


1,61

1,37


9


1

2


2,46

2,09


1,82

1,55


10


1

2


2,25

1,91


2,01

1,71


Терек


Жайылма және тоғайлы ормандар


4


1

2


3,0

2,0


3,0

2,3


Шаған


Сондай


4


1

2


3,0

2,0


1,5

1,0


3. Шөл аймағы

3.1. Солтүстік шөлдері аймағының тармағы


Аласа шегіршін


Сұр және сұр құба топырақ


4


1

2


3,0

2,0


1,6

1,0


Тал


Жайылма және тоғайлы ормандар


4


1

2


3,0

2,0


3,2

2,5


Жиде


сондай


4


1

2


3,0

2,0


1,5

1,1


Қара сексеуіл


Сұрғылт құба топырақтардағы сексеуіл тоғайы


5


1

2


1,2

0,8


0,8

0,5


Терек


Жайылма және тоғайлы ормандар


4


1

2


3,0

2,0


3,0

2,3


3.2. Оңтүстік шөлдері аймағының тармағы


Аласа шегіршін


Сұр, құмдауыт және сазды топырақ


4


1

2


3,0

2,0


1,8

1,2


Тал


Жайылма және тоғайлы ормандар


4


1

2


3,0

2,0


3,0

2,0


Жиде


Сондай


4


1

2


3,0

2,0


1,5

1,1


Қара сексеуіл


Тау етегіндегі орманды жазықтар мен құмдауыт жазықтардың сексеуіл тоғайы


5


1

2


3,0

2,0


0,9

0,6


Сазды және құмдауыт топырақтардағы сексеуіл тоғайы


5


1

2


1,5

1,0


0,8

0,5


Құм алдының құм үйінділеріндегі сексеуіл тоғайы


5


1

2


1,5

1,0


1,0

0,7


Сырдария өңірінің тақырлы карбонатты және сортаң топырақтағы сексеуіл тоғайлары


5


1

2


1,5

1,0


0,7

0,4


Балқаш өңірінің тақырлы сазды топырақтарындағы сексеуіл тоғайлары


5


1

2


1,2

0,8


0,8

0,5


Терек


Суару жүйесінің бойындағы қорғаныштық орман жолақтарындағы суармалы сұр топырақты жерлер


3


1

2


2,5

1,8


3,0

2,0



4. Тау ормандары

4.1. Солтүстік Тянь-Шань


Кәдімгі сары өрік


Таудың қоңыр топырағы


4


1

2


1,5

1,2


1,2

0,8


Шренк шыршасы


Шағын және орташа қуатты топырақтардағы жас және ылғалды шырша ормандары


10


1

2


3,8

2,7


1,1

0,8


Сиверс алма ағашы


Тау ормандарының қара және қара-сұр топырақтардағы алма ағаштары


5


1

2


1,5

1,2


1,1

0,8


4.2. Оңтүстік және Кенді Алтай


Сібір шыршасы


Жас, ылғалды және жап-жасыл папоротник тәрізді шырша, жапырақты және балқарағай ормандары


8


1

2


4,0

2,8


1,0

0,7


Сібір балқарағайы


Жас және шөбі қалың, жап-жасыл папоротник тәрізді балқарағайлар мен майқарағайлар (1700 м дейін)


6


1

2


4,0

2,5


1,5

1,2


Майқарағай


Жас шөбі қалың, жап-жасыл папоротник тәрізді тауда, жазықта өсетін майқарағайлар


10


1

2


4,0

2,5


1,0

0,7


Кәдімгі қарағай


Таулы-орманды, таулы-шалғынды далалық қара топырақ


7


1

2


4,0

2,0


1,5

1,2


Сібір қарағайы (самырсын)


Таулы-орманды қышқылшым топырақ


8


1

2


4,0

2,5


1,0

0,7




  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 19-1/1124 бұйрығына 2-қосымша


  Мемлекеттік орман қорындағы
  орман көмкермеген жерлерді
  орман көмкерген жерлерге
  ауыстыру ережелеріне
  4-қосымша

      Нысан

"Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағын беру және оның омырауға тағатын белгісін тапсыру хаттамасы

      ______________________________________________________________

      (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)

      Мен,________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы

      және жануарлар дүниесі комитетінің 20____жылғы "____" _____________

      № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

      атынан:

      ____________________________________________________________________

      (наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      "Еңбек сіңірген орман өсіруші" омырауға тағатын белгісі мен оның

      куәлігін тапсырдым.

      Ұйым басшысы:_______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы және ұйымның мөрі)

      Комиссия хатшысы ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:

      ___________________________________

      ____________________________________________________________________


  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 19-1/1124 бұйрығына 3-қосымша


  Мемлекеттік орман қорындағы
  орман көмкермеген жерлерді
  орман көмкерген жерлерге
  ауыстыру ережелеріне
  5-қосымша

      Нысан

І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз
қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау
хаттамасы

      _______________________________________________________________

      (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)

      Мен,________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы

      және жануарлар дүниесі комитетінің 20__ жылғы "____" _____________

      № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

      атынан:

      ____________________________________________________________________

      (наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Еңбек сіңірген орман өсіруші" омырауға тағатын

      белгісі мен оның куәлігін тапсырдым.

      Ұйым басшысы:_______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы және ұйымның мөрі)

      Комиссия хатшысы ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:

      ___________________________________

      ____________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 19-1/1124 бұйрығына 4-қосымша


  Мемлекеттік орман қорындағы
  орман көмкермеген жерлерді
  орман көмкерген жерлерге
  ауыстыру ережелеріне
  6-қосымша

      Нысан

Құрмет грамотасы




  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 19-1/1124 бұйрығына 5-қосымша


  Мемлекеттік орман қорындағы
  орман көмкермеген жерлерді
  орман көмкерген жерлерге
  ауыстыру ережелеріне
  7-қосымша

      Нысан

Құрмет грамотасымен наградтау және тапсыру
хаттамасы

      _______________________________________________________________

      (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)

      Мен,________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы

      және жануарлар дүниесі комитетінің 20____жылғы "____" _____________

      № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

      атынан:

      ____________________________________________________________________

      (наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      Құрмет грамотасын тапсырдым.

      Ұйым басшысы:_______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы және ұйымның мөрі)

      Комиссия хатшысы ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы: ___________________________________

      ____________________________________________________________________


  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 19-1/1124 бұйрығына 6-қосымша


  Мемлекеттік орман қорындағы
  орман көмкермеген жерлерді
  орман көмкерген жерлерге
  ауыстыру ережелеріне
  9-қосымша

      Нысан

"Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен наградтау туралы куәлік

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Удостоверение

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      Куәлік №_________

      Удостоверение

      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      Осы куәлік ол ормандарда қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, орман шаруашылығы саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен наградталғаны жөнінде берілді.

      Төраға ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      _____________________________________________________________

      (наградталған күні, айы, жылы)

      (мөр орны)

  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 19-1/1124 бұйрығына 7-қосымша
  Мемлекеттік орман қорындағы
  орман көмкермеген жерлерді
  орман көмкерген жерлерге
  ауыстыру ережелеріне
  10-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз
қызметі үшін" омырауға тағатын белгісі



      Ескертпе:

      I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісі (бұдан әрі – омырауға тағатын белгі) диаметрі 34 миллиметр металл шеңбер (бұдан әрі – шеңбер) болып табылады, онда стильді үш элемент: терек жапырағы, ұшып бара жатқан бүркіт және су бейнеленген, оның ішінде ақ түсте "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" деген бедерлі жазу бар.

      Терек жапырағы орманды бейнелейді және терек жапырағының бейнесі Қазақстанның бүкіл аумағында өсетін теректі білдіреді. Ұшып бара жатқан бүркіт Қазақстанның жануарлар дүниесін бейнелейді, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің сақталуына бақылауды білдіреді.

      Су тамшысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өмірінің негізін, сондай-ақ ормандардың су қорғау рөлін білдіреді.

      Шеңбер тартпа мен сақинаның көмегімен мөлшері 55х34 миллиметр қалыпқа бекітілген, ол жасыл матамен керілген, саны белгінің дәрежесін білдіретін алтын түсті жолақтары бар алтын жиектемемен көмкерілген.

      Құрметті омырауға тағатын белгі мыс-никель құймасынан жасалады.

      Омырауға тағатын белгінің сыртында (реверс) тіркеу нөмірі ойылған.


  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 19-1/1124 бұйрығына 8-қосымша


  Мемлекеттік орман қорындағы
  орман көмкермеген жерлерді
  орман көмкерген жерлерге
  ауыстыру ережелеріне
  11-қосымша

      Нысан

І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз
қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау туралы
куәлік

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:

      Куәлік Удостоверение

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      Куәлік №_____

      Удостоверение

      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      Осы куәлік ормандарда қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, орман шаруашылығы саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін І, ІІ және ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен марапатталғаны жөнінде берілді.

      Төраға _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      ______________________________________________________________ (наградталған күні, айы, жылы)

      (мөр орны)

  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 19-1/1124 бұйрығына 9-қосымша

      Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады