"Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 579 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 12447 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларында:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері бар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын;»;
      6-тармақтың екінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;
      7-тармақтың үшінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жаңа бастамаларға арналған шығыстар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өңірді дамыту басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлуге жатады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған бағалар дерекқоры да пайдаланылады;
      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
      1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;
      2) бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу бөлігінде бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін;
      3) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім берген шығыстарды оның негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепке облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары берген қорытындылары мен ұсынымдарын ескереді;
      4) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;
      5) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарының орындалуы және бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы ескеріледі;
      6) нысаналы даму трансферттері бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі, олардың шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісімдердің жобаларында көзделген нысаналы даму трансферттері бөлінеді.
      Бюджеттік өтінімнің жасалуы мен үсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.»;
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      «17-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыс бюджетінің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;
      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
      3) жергілікті бюджеттің жобасында қамтылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөліндісінде:
      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;
      орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын;
      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.»;
      20-тармақтың екінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;
      24-тармағын мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылында бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;
      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
      1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;
      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінім берген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есебіне облыстардың тексеру комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескереді;
      3) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;
      4) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарын орындау және нысаналы мақсат бойынша бюджеттік кредитті пайдалану ескеріледі.
      Бюджеттік өтінім оның жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.»;
      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
      «31-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңестің отырысында облыстық маңызы бар қала бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетінің жобасын жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;
      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
      3) жергілікті бюджеттің жобасында қамтылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөліндісінде:
      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;
      орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын;
      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (3.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                               Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 20 қараша

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 470 "Об утверждении Правил разработки проектов местных бюджетов"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 ноября 2015 года № 579. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 декабря 2015 года № 12447

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 470 «Об утверждении Правил разработки проектов местных бюджетов» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9950, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» от 26 декабря 2014 года) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах разработки проектов местных бюджетов, утвержденных указанным приказом:
      подпункт 3) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      «3) проектов бюджетных программ администраторов местных бюджетных программ с объемами планируемых бюджетных средств на плановый период, показателями прямого и конечного результатов, бюджетных заявок и их рассмотрение бюджетной комиссией области, города республиканского значения, столицы, района (города областного значения);»;
      часть вторую пункта 6 изложить в следующей редакции:
      «Базовыми расходами являются расходы постоянного характера, капитальные расходы, а также расходы на начатые (продолжающиеся) бюджетные инвестиционные проекты и выполнение принятых государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств.»;
      часть третью пункта 7 изложить в следующей редакции:
      «Расходы на новые инициативы подлежат распределению между администраторами местных бюджетных программ с учетом приоритетов развития региона, обозначенных в стратегических и программных документах, результатов бюджетного мониторинга отчетного финансового года, оценки результатов.»;
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Местный уполномоченный орган по государственному планированию с учетом результатов анализа исполнения местного бюджета за отчетный финансовый год и оценки эффективности деятельности государственного органа по управлению бюджетными средствами рассматривает:
      1) бюджетные заявки администраторов местных бюджетных программ на предмет их соответствия бюджетному и иному законодательству Республики Казахстан, прогнозу социально-экономического развития области, города республиканского значения, столицы, целевым индикаторам программы развития территорий, проектам бюджетных программ и действующим натуральным нормам, при этом при рассмотрении бюджетных заявок также используется база данных цен на товары, работы, услуги, установленная законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, в качестве ориентира при расчете по видам расходов по каждой бюджетной программе;
      2) проекты бюджетных программ администраторов местных бюджетных программ на предмет правильности выбора показателей результатов, наличия взаимоувязки показателей результатов с целями, целевыми индикаторами программы развития территорий, степени достижимости показателей результатов, а также на предмет их соответствия функциям, полномочиям, направлениям деятельности администратора бюджетных программ.»;
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      «11. При рассмотрении бюджетных заявок администраторов местных бюджетных программ на соответствующий плановый период местный уполномоченный орган по государственному планированию учитывает:
      1) результаты исполнения областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы за истекший финансовый год путем анализа исполнения бюджетных программ в истекшем финансовом году и сопоставления их с суммами бюджетных программ, представленными в бюджетной заявке на следующий плановый период, причины, повлекшие неосвоение бюджетных средств по каждой бюджетной программе;
      2) результаты оценки эффективности деятельности государственных органов по управлению бюджетными средствами в части достижения результатов бюджетных программ;
      3) выводы и рекомендации, данные ревизионными комиссиями областей, городов республиканского значения, столицы к отчету об исполнении областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы за истекший финансовый год в части рассмотрения заявленных администраторами местных бюджетных программ расходов на предмет их обоснованности;
      4) по государственным инвестиционным проектам учитываются наличие документации в соответствии с бюджетным законодательством, а также результаты мониторинга и оценки, с учетом долгосрочных показателей экономической и социальной отдачи от реализации бюджетных инвестиций;
      5) по бюджетным кредитам учитывается выполнение условий кредитного договора и использование бюджетного кредита по целевому назначению;
      6) по целевым трансфертам на развитие анализ достижения целей и задач, на решение которых выделяются целевые трансферты на развитие, предусмотренные в проектах соглашений по целевым трансфертам.
      При несоответствии бюджетной заявки требованиям бюджетного законодательства Республики Казахстан по ее составлению и представлению местный уполномоченный орган по государственному планированию возвращает ее администратору местных бюджетных программ без рассмотрения.»;
      дополнить пунктом 17-1 следующего содержания:
      «17-1. Акимат области, города республиканского значения, столицы проводит обсуждение проекта областного бюджета, бюджета города республиканского значения, столицы на заседании общественного совета, создаваемого в соответствии с Законом Республики Казахстан
«Об общественных советах».»;
      пункт 18 изложить в следующей редакции:
      «18. Проект областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы вносится местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы в соответствующий маслихат не позднее 15 октября текущего финансового года в порядке, предусмотренном пунктом 1 статьи 75 Бюджетного кодекса Республики Казахстан.
      Местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы одновременно с проектом областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы представляет следующие документы и материалы:
      1) прогноз социально-экономического развития области, города республиканского значения, столицы;
      2) проекты бюджетных программ администраторов местных бюджетных программ;
      3) пояснительную записку, раскрывающую решения, заложенные в проект местного бюджета, информацию в разрезе администраторов местных бюджетных программ, содержащую:
      краткое описание достигнутых показателей результатов за отчетный финансовый год;
      краткое описание текущей ситуации, имеющихся проблем;
      описание путей улучшения ситуации и решения проблем, достижения целей и планируемых целевых индикаторов, определенных в программе развития территории;
      описание целей бюджетных программ и планируемых конечных результатов бюджетных программ;
      направления расходования бюджетных средств в разрезе бюджетных программ и бюджетных подпрограмм, описание прямых результатов бюджетных программ.»;
      часть вторую пункта 20 изложить в следующей редакции:
      «Базовыми расходами являются расходы постоянного характера, капитальные расходы, а также расходы на начатые (продолжающиеся) бюджетные инвестиционные проекты и выполнение принятых государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств.»;
      пункт 24 изложить в следующей редакции:
      «24. Местный уполномоченный орган по государственному планированию с учетом результатов анализа исполнения местного бюджета за отчетный финансовый год и оценки эффективности деятельности государственного органа по управлению бюджетными средствами рассматривает:
      1) бюджетные заявки администраторов местных бюджетных программ на предмет их соответствия бюджетному и иному законодательству Республики Казахстан, прогнозу социально-экономического развития области, целевым индикаторам программы развития территорий, проектам бюджетных программ и действующим натуральным нормам, при этом при рассмотрении бюджетных заявок также используется база данных цен на товары, работы, услуги, установленная законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, в качестве ориентира при расчете по видам расходов по каждой бюджетной программе;
      2) проекты бюджетных программ администраторов местных бюджетных программ на предмет правильности выбора показателей результатов, наличия взаимоувязки показателей результатов с целями, целевыми индикаторами программы развития территорий, степени достижимости показателей результатов, а также на предмет их соответствия функциям, полномочиям, направлениям деятельности администратора бюджетных программ.»;
      пункт 25 изложить в следующей редакции:
      «25. При рассмотрении бюджетных заявок администраторов местных бюджетных программ на соответствующий плановый период местный уполномоченный орган по государственному планированию учитывает:
      1) результаты исполнения бюджета района (города областного значения) за истекший финансовый год путем анализа исполнения бюджетных программ в истекшем финансовом году и сопоставления их с суммами бюджетных программ, представленными в бюджетной заявке на следующий плановый период, причины, повлекшие неосвоение бюджетных средств по каждой бюджетной программе;
      2) выводы и рекомендации, данные ревизионными комиссиями областей к отчету об исполнении бюджета района (города областного значения) за истекший финансовый год в части рассмотрения заявленных администраторами местных бюджетных программ расходов на предмет их обоснованности;
      3) по государственным инвестиционным проектам учитываются наличие документации в соответствии с бюджетным законодательством, а также результаты мониторинга и оценки, с учетом долгосрочных показателей экономической и социальной отдачи от реализации бюджетных инвестиций;
      4) по бюджетным кредитам учитывается выполнение условий кредитного договора и использование бюджетного кредита по целевому назначению.
      При несоответствии бюджетной заявки требованиям бюджетного законодательства Республики Казахстан по ее составлению и представлению местный уполномоченный орган по государственному планированию возвращает ее администратору местных бюджетных программ без рассмотрения.»;
      дополнить пунктом 31-1 следующего содержания:
      «31-1. Акимат района (города областного значения) проводит обсуждение проекта бюджета района (города областного значения) на заседании общественного совета, создаваемого в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об общественных советах».»;
      пункт 32 изложить в следующей редакции:
      «32. Проект бюджета района (города областного значения) на плановый период вносится местным исполнительным органом в соответствующий маслихат не позднее 1 ноября текущего финансового года в порядке, предусмотренном пунктом 1 статьи 75 Бюджетного кодекса Республики Казахстан.
      Местный исполнительный орган района (города областного значения) одновременно с проектом бюджета района (города областного значения) представляет следующие документы и материалы:
      1) прогноз социально-экономического развития области;
      2) проекты бюджетных программ администраторов местных бюджетных программ;
      3) пояснительную записку, раскрывающую решения, заложенные в проект местного бюджета, информацию в разрезе администраторов местных бюджетных программ, содержащую:
      краткое описание достигнутых показателей результатов за отчетный финансовый год;
      краткое описание текущей ситуации, имеющихся проблем;
      описание путей улучшения ситуации и решения проблем, достижения целей и планируемых целевых индикаторов, определенных в программе развития территории;
      описание целей бюджетных программ и планируемых конечных результатов бюджетных программ;
      направления расходования бюджетных средств в разрезе бюджетных программ и бюджетных подпрограмм, описание прямых результатов бюджетных программ.».
      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан (Ерназарова З.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации.

      Министр финансов
      Республики Казахстан                       Б. Султанов

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      _____________ Е. Досаев
      20 ноября 2015 года