Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 сәуірде № 36034 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 70-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік жоспарлаудың қағидалары бекiтiлсiн (бұдан әрі – Қағидалар).

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 46-тармағының 3) тармақшасын, 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 93-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте Қағидалардың 2-тармағының 5) тармақшасы және 58-тармағы 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 208 Бұйрығымен
бекітілген

Бюджеттік жоспарлаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджеттік жоспарлаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 70-бабынының 7-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік жоспарлаудың процесін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) дауыс беру – әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында электронды түрде немесе жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы дауыс беру жолымен жобалық ұсыныстар арасында жеңімпаздарды анықтау процесі;

      2) жобалық ұсыныс – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қазақстан Республикасы азаматы дайындаған және берген, іске асырылуы әкімдіктің (әкім аппаратының) құзыретіне жататын және осы Қағидалардың 7-тарауына сәйкес ресімделген құжат;

      3) заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері;

      4) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге және басқа да міндеттерді орындауға тапсырыс беру;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақша 31.12.2025 қоса алғанға дейін қолданыста болады – осы бұйрықтың 4-т. қараңыз.

      5) нысаналы даму трансферттері – жоғары тұрған бюджеттер жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер;

      6) халық қатысатын бюджет – азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы;

      3. Бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтауға негізделген, бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, нақтылау, түзету, секвестрлеу жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджетті жоспарлау болып табылады.

      4. Республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау Қазақстан Республикасының тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған есептілігі, заттай нормалар, ең төмен әлеуметтік стандарттар негізінде, шығыстарды шолу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мониторингтеу және нәтижелерді бағалау қорытындылары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған есептілігі, заттай нормалар, ең төмен әлеуметтік стандарттар, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылым стандарттары, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі негізінде шығыстарды шолу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мониторингтеу және нәтижелерді бағалау қорытындылары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      5. Мыналар:

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау және оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу;

      заттай нормаларды әзірлеу;

      бюджеттік сұранымды жасау және ұсыну;

      республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу;

      бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету бюджетті жоспарлаудың негізгі кезеңдері болып табылады.

      6. Бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету кезінде бюджетті әзірлеу және бекіту кезіндегі осы Қағидаларда белгіленген талаптар сақталады.

2-тарау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау және жеткізу тәртібі

      7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының лимиттері Кодекстің 70-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының алдын ала шекті жылдық сомасын білдіреді.

      8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде:

      1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы;

      2) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары;

      3) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;

      4) алдыңғы және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалардың орындалу қорытындысы;

      5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;

      6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Жоғары аудиторлық палатаның (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;

      7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер;

      8) шығыстарды шолу нәтижелері.

      9. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары, мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізінде бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру үшін айқындалады.

      10. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін ескере отырып айқындайды.

      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және жергілікті атқарушы органдардың резервін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.

      11. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары лимитінің құрамында шығыстардың мынадай міндетті блоктары айқындалады:

      1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастыратын тізбе бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы әкімшілік шығыстары және ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған, түзетілген) республикалық бюджеттің өзге де шығыстары қамтылатын тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар.

      Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, трансферттер төлемдеріне және мемлекеттің басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестицияларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар болып табылады.

      Ағымдағы әкімшілік шығыстары деп мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етумен байланысты ағымдағы шығыстар түсініледі;

      2) Кодекстің 73-бабына сәйкес тиісті бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар шығыстардың жаңа бағыттарын қаржыландыруға бағытталған, жаңа бастамаларға арналған шығыстар.

      Жаңа бастамалар шығыстарына кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) құжаттарына сәйкес жалпыұлттық басымдықтардың жаңа бағыттарын іске асыруға бағытталған шығыстар жатады;

      3) қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің, құзыреттердің және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көлемін кеңейту) көздейтін шартсыз базалық шығыстарды ұлғайту.

      Шартсыз базалық шығыстарды ұлғайтуға арналған шығыстарға күрделі шығыстар және шығыстардың қолданыстағы бағыттары шеңберінде жаңа мемлекеттік инвестициялық жобаларға арналған шығыстар да жатады;

      4) көлемдерін абсолюттік мәнде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері:

      Жыл сайынғы индекстеу ескеріле отырып, соңғы есепті үш қаржы жылындағы шығыстар және ағымдағы қаржы жылының бекітілген (нақтыланған) бюджетінде көзделген шығыстар ескеріле отырып айқындалған, республикалық бюджет шығыстарының орташа жылдық көлемінің пайызымен жылдар бойынша бөлініп, жоспарлы кезеңге үш жылда бір рет белгіленеді;

      нысаналы индикаторлары жоқ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізінде айқындалады;

      шығыстарға міндетті түрде шолу жүргізіле отырып айқындалады;

      жоспарлы кезең ішінде өзгерту құқығынсыз бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратта көрсетіледі;

      Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының қолданыстағы лимиттері аяқталатын жылдың 7 маусымына дейін жеткізіледі;

      жоспарлы кезеңнен кейін келесі жылға арналған шығыстарының лимиті осы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ағымдағы қаржы жылының бюджетінде бекітілген (нақтыланған, түзетілген) тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстарын көзделген индекстеу жолымен айқындалады.

      13. Осы баптың 11-тармағының 2) және 3) тармақшаларына жатқызылған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, Кодекстің 48-бабы 2-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктеріне сәйкес айқындалған республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқыны негізінде жылжымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленеді.

      14. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары лимитінің құрамында шығыстардың мынадай блоктары айқындалады:

      1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті орган қалыптастыратын тізбе бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы әкімшілік шығыстары және ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған, түзетілген) тиісті жергілікті бюджеттің өзге де шығыстары қамтылатын тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар;

      Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, трансферттер төлемдеріне және мемлекеттің басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестицияларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар болып табылады.

      Ағымдағы әкімшілік шығыстары деп мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етумен байланысты ағымдағы шығыстар түсініледі;

      2) тиісті бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар шығыстардың жаңа бағыттарын қаржыландыруға бағытталған, жаңа бастамаларға арналған шығыстар;

      Жаңа бастамалар шығыстарына кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын МЖЖ-ның құжаттарына сәйкес жалпыұлттық басымдықтардың жаңа бағыттарын іске асыруға бағытталған шығыстар жатады;

      3) қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің, құзыреттердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көлемін кеңейту) көздейтін шартсыз базалық шығыстарды ұлғайту.

      Шартсыз базалық шығыстарды ұлғайтуға арналған шығыстарға күрделі шығыстар және шығыстардың қолданыстағы бағыттары шеңберінде жаңа мемлекеттік инвестициялық жобаларға арналған шығыстар да жатады;

      4) көлемін жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган айқындайтын жергілікті атқарушы органның резерві.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған шығыстар бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері:

      Жыл сайынғы индекстеу ескеріле отырып, соңғы есепті үш қаржы жылындағы шығыстар және ағымдағы қаржы жылының бекітілген (нақтыланған) бюджетінде көзделген шығыстар ескеріле отырып айқындалған, жергілікті бюджет шығыстарының орташа жылдық көлемінің пайызымен жылдар бойынша бөлініп, жоспарлы кезеңге үш жылда бір рет белгіленеді;

      нысаналы индикаторлары жоқ жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізінде айқындалады;

      шығыстарға міндетті түрде шолу жүргізіле отырып айқындалады;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратта көрсетіледі;

      тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының қолданыстағы лимиттері аяқталатын жылдың 7 маусымына дейін жеткізіледі.

      жоспарлы кезеңнен кейінгі жылға, осы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ағымдағы қаржы жылының бюджетінде бекітілген (нақтыланған, түзетілген) тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстарын индекстеу жолымен айқындалады.

      16. Осы Қағидалардың 14-тармағының 2) және 3) тармақшаларына жатқызылған шығыстар бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, жылжымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленеді.

      17. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері шартсыз шығыстарды қоспағанда бюджет жобасын қалыптастыру кезінде жылдар бойынша бөле отырып, бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін жылжымалы негізде жыл сайын жоспарлы үш жылдық кезеңге айқындалады.

      18. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері жоғары тұрған бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді есепке алмай айқындалады.

      19. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған мемлекеттік органдардың шартсыщ базалық шығыстарының тізбесін айқындайды.

      20. Мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимиті мынадай ағымдағы әкімшілік шығыстарды есептеу жолымен айқындалады:

      1) мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеуге есеп "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығымен бекітілген Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының (бұдан әрі – ШЭС) 110-кіші сыныбының ерекшеліктері) штат саны лимиттерінің негізінде жүзеге асырылады;

      2) жұмыс берушілердің жарналарына есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады (ШЭС-тың 120-кіші сыныбының ерекшеліктері);

      3) мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсетуге есеп "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығымен (бұдан әрі – № 179 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысымен (бұдан әрі – № 1210 қаулы) бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және ағымдағы қаржы жылындағы шарттар мен тауар бірлігі үшін құнын негіздеуші құжаттардың көшірмелерін ескере отырып, автокөлік құралдарын міндетті техникалық тексеріп қарауға арналған шығыстарды қоса алғанда (ШЭС-тың 153 және 169-ерекшеліктері), автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларын есепке ала отырып жүзеге асырылады;

      4) қызмет бабындағы iссапарларға есеп "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына сәйкес (ШЭС-тың 161-ерекшелігі) жүзеге асырылады;

      5) телефон байланысы қызметтеріне есеп № 179 бұйрыққа сәйкес заттай нормаларды және телефон байланысымен қамтамасыз ету бойынша орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларын (ШЭС-тың 152-ерекшелігі) ескере отырып жүзеге асырылады;

      6) коммуналдық қызметтерге есеп "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысына (бұдан әрі – № 1118 қаулы) сәйкес заттай нормаларды, шарттардың көшірмелерін (ШЭС-тың 151-ерекшелігі) ескере отырып жүзеге асырылады;

      7) ғимараттарға қызмет көрсетуге есеп № 1118 қаулыға сәйкес заттай нормаларды, шарттар көшірмелерді (ШЭС-тың 159-ерекшелігі) есепке ала отырып жүзеге асырылады;

      8) кеңсе тауарларына есеп заттай нормаларды және (немесе) тауардың бірлігі үшін құнын негіздейтін құжаттарды есепке ала отырып (ШЭС-тың 149-ерекшелігі) жүзеге асырылады;

      9) отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға есеп № 1210 қаулыға сәйкес (ШЭС-тың 144-ерекшелігі) жүзеге асырылады;

      10) үй-жайды жалға алу төлеміне есеп үш баға ұсынысын есепке ала отырып және жасасқан шарттарға сәйкес (ШЭС-тың 159-ерекшелігі) жүзеге асырылады;

      11) өзге ағымдағы шығыстарды төлеуге (ақшалай қаражатты аудару/жіберу бойынша банктердің қызметтерін, ШЭС-тың 159-ерекшелігі) жүзеге асырылады.

      21. Бюджеттік бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы жоқ бюджеттік инвестициялар есепке алынбайды.

      22. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 7 маусымынан сәуірінен кешіктірмей Республикалық бюджет комиссиясының қарауына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 25 мамырынан кешіктірмей жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 25 мамырынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін енгізеді.

      23. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалады.

      Тиісті бюджет комиссиясы мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бес күн мерзімде пысықтайды.

      24. Бюджеттік жоспарлау Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 7 маусымына дейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып айқындалған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін жібереді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттеріне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік сұраным құрамындағы есептер берілмейтін базалық шығыстар тізбесін қоса береді.

3-тарау. Заттай нормаларды әзірлеу тәртібі

      25. Заттай нормаларды Кодекстің 70-бабының 3-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.

      Орталық мемлекеттік органдар бекіткен заттай нормалардың ережелері жергілікті атқарушы органдарға қолданылады.

      Жергілікті атқарушы органдардың тиісті салаға/аяға жетекшілік ететін орталық салалық мемлекеттік органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларымен нормаланбаған шығыстар бойынша әзірлеуіне жол беріледі.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін заттай нормаларды жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.

      26. Мемлекеттік органдар мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету, оларға жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалу қажеттілігін ескере отырып, материалдық және материалдық емес игіліктерге қажеттілікті есептеуді:

      1) материалдық және материалдық емес игіліктерді тұтыну немесе пайдалану қажеттілігін, негізділігін және орындылығын талдау нәтижелері;

      2) ғылыми негізделген әдістер мен тәсілдерді ескере отырып, салалық ерекшеліктер негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік органдар үшін кеңсе жабдықтары мен басқа да шығыс материалдары үшін заттай нормаларда нормаларды ақшалай баламада белгілеуге жол беріледі.

      27. Айқындалған қажеттіліктер негізінде мемлекеттік органдар заттай нормаларды әзірлейді.

      Заттай нормалар мынадай талаптарға сәйкес әзірленеді:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына негізделуге;

      2) нақты және айқын болуға, әртүрлі оқылуды болдырмауға және оларды тәжірибеде еркін қолдану мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі;

      3) олардың қолданылу саласының айқындалуы;

      4) пайдаланушылар ортасының айқындалуы тиіс.

      28. Заттай нормалар кесте түрінде әзірленеді.

      Заттай нормалардың ерекшеліктеріне қарай орталық мемлекеттік органдар онда:

      1) заттай норманың атауын;

      2) заттай норманың өлшем бірлігін;

      3) сандық мәндегі нормасын;

      4) қызмет ету (қолданылу) мерзімін;

      5) пайдаланылу мерзімін;

      6) запаста сақталу мерзімін;

      7) заттай нормалардың қолданылу саласын – заттай нормалар қандай қызмет саласында қолданылады, олар неге арналғаны;

      8) заттай нормалардың қолданылу саласын – заттай нормалар белгіленетін мемлекеттік органдардың және/немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің, лауазымды тұлғалардың атауын;

      9) заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамасын көрсетеді.

      10) қажет кезде заттай нормаларда пайдаланылған терминдер мен анықтамалар нақтыланады, сондай-ақ ескертпелерге сілтемелер жасалады

      29. Әзірленген заттай нормалар:

      1) қаржыландыру көздері (ұсынылып отырған заттай нормаларды енгізуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды жүргізу ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы) және қаржы шығындарының қажеттілігі көрсетілген анықтама;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ұсынылып отырған заттай нормалардың қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат;

      3) ұсынылып отырған заттай нормаларды қабылдау қажеттілігінің негіздемесі, олардың орындылығын растау және оларға есептер қоса беріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

      30. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган заттай нормаларды алған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарайды.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның заттай нормалар бойынша ескертулері болған кезде орталық мемлекеттік органдар оларды пысықтайды және оған қайта келісуге енгізеді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның заттай нормаларды қайта келісу мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды және олардың осы мемлекеттік органға түскен күнінен бастап есептеледі.

      31. Заттай нормаларды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеушіге мынадай жауап нұсқаларының бірін ұсынады:

      1) заттай нормалар ескертулерсіз келісілді;

      2) заттай нормаларды келісуден бас тартылды (бірінші басшының орынбасары қол қойған уәжделген бас тартуды қоса бере отырып).

      32. Бекітілген заттай нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде тәртіп осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      33. Мемлекеттік органдар бюджет комиссиясының қарауына заттай нормаларды бекіту туралы ұсыныстар, сондай-ақ бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      34. Бюджеттік бағдарламлар әкімшілері заттай нормаларды бекіту туралы, сондай-ақ қолданыстағы заттай нормаларға өзгерістер мен толықтырулар бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай ұсыныстар енгізеді.

4-тарау. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібі

      35. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауы;

      2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау;

      3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есеп-қисаптарын әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауы;

      4) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеу.

      36. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын Кодекстің 51-бабының 6-тармағына сәйкес бюджет саясаты жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган анықтайтын тәртіппен бюджет саясаты жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi.

      37. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес айқындалады.

      38. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары паспорттарының жобалары, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары паспорттарының жобалары, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есеп-қисаптары "Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24908 болып тіркелген) және "Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен (бұдан әрі – № 185 бұйрық) айқындалады.

      39. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

      40. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      41. Бюджеттiк жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Кодекстің 86-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу үшін республикалық бюджеттің жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қарауға ұсынады.

      42. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заң жобасын ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.

      43. Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Кодекстің 86-бабы 7-тармағының 2-бөлігіне сәйкес қарайды.

      44. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы Кодекстің 9-бабында және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.

      45. Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.

      46. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заң жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:

      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

      2) бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-т. қараңыз.

      3) салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті;

      4) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыш түрлері бойынша мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерінің жай-күйі, мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомалары және мемлекет кепілдіктері мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекет міндеттемелері бойынша төленген ақша сомалары туралы деректерді;

      5) жоспарланатын қаржы жылына арналған үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен іске асырылатын әрбір жоба бөлінісінде қарыз шарттарына сәйкес негізгі борышты өтеу және оған қызмет көрсету, сыйақылар, комиссиялық және өзге де төлемдер сомаларының көлемдері бойынша деректерді;

      6) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша, тартылған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар туралы деректерді;

      7) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі қарыздардың түрлері, алынған көздері, шарттары бөлінісінде үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу жөніндегі ақпаратты;

      8) үкіметтік сыртқы қарызды тарту үшін ықтимал мүмкіндіктерді айқындайтын, борыштық капиталдың халықаралық нарықтарының конъюнктурасын талдауды;

      9) республикалық бюджет жобасында орындалуына бюджет қаражаты көзделетін мемлекеттік тапсырмалар туралы жиынтық ақпаратты;

      10) мемлекеттік органдардың бекітілген даму жоспарлары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;

      11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;

      12) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамын;

      13) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;

      14) шығыстарды шолуды, оны жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;

      15) нәтижелерді бағалау қорытындысын;

      16) Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы;

      17) Осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша соңғы үш есепті қаржы жылындағы, ағымдағы қаржы жылына және жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша жиынтық ақпаратты;

      18) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.

      Түсіндірме жазбаға:

      мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторлары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеуі туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарлама паспортында көзделген сома айырмасына республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделмеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мәлімдеген шығыстардың көлемі туралы ақпарат та енгізіледі;

      19) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:

      мемлекеттік органдардың даму жоспарларын немесе даму жоспарларының жобаларын;

      есеп-қисаптары жоқ бюджеттік сұранымды;

      республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларын (іс-шаралар жоспарларының жобаларын) немесе даму жоспарларын (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының жобаларын);

      дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларын;

      осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің түсіндірме жазбасы, республикалық бюджет жобасы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ақпаратын.

      мынадай:

      мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу сипаттамасы;

      мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылған нысаналы индикаторлардың және бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жоспарланатын түпкілікті нәтижелерінің, оның ішінде нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептерінің сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалар орындалуының және есепті екі қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасы, сондай-ақ жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражаты көлемінен ауытқуы (себептері, салдары) туралы мәліметтер;

      алдыңғы қаржы жылдарында республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстардың сомалары көрсетіле отырып, мемлекеттік органның даму жоспары шеңберінде Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органның инвестициялық жоспарына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген, басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары шеңберінде Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялардың (бұдан әрі – ЖБИ) атауы және шығыстар сомалары көрсетіле отырып, төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде есепті екі қаржы жылындағы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылуы туралы ақпарат бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.

5-тарау. Мемлекеттік тапсырмаларды әзірлеу тәртібі

      47. Мемлекеттік тапсырмаларға мынадай өлшемшарттардың біріне немесе бірнешеуіне сай келетін тапсырыстар жатқызылуы мүмкін:

      1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің немесе қоғам мүдделерін қорғаудың өзге мүмкіндігінің болмауы;

      2) қоғамдық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді, аса маңызды объектілерді, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қолдану, пайдалану және күтіп-ұстау;

      3) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында бәсекелестіктің болмауы;

      4) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің, зияткерлік меншік объектілерінің ерекшелігі мен бірегейлігі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген өлшемшарттарға сай келмейтін мемлекеттік тапсырманы жоспарлауға жол берілмейді.

      48. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау осы Қағидалардың 47-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен берілетін монополияға қарсы органның оң қорытындысы ескеріле отырып, бюджетті әзірлеу кезінде Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты, осы Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілері мен заңды тұлғалар мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерлікке берген жағдайда, монополияға қарсы органның қорытындысында мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерлікке берудің көлемі мен шарттары айқындалады.

      Осы тармақтың ережелері басталған (жалғасатын) мемлекеттік тапсырмалар бойынша мемлекеттік тапсырманы жоспарлауға қолданылмайды.

      49. Мемлекеттік тапсырманың құны Кодекстің 16-бабының 4-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

      50. Мемлекеттік тапсырма нәтижелерінің көрсеткіштері мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында айқындалады.

      51. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орындалуына республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделетін мемлекеттік тапсырмалар туралы жиынтық ақпаратты қалыптастырады және республикалық бюджет туралы заң жобасына қоса берілетін материалдар құрамына енгізіледі.

      52. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу жарғылық капиталды ұлғайтпай жүзеге асырылады.

      53. Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге немесе басқа да мiндеттердi орындауға арналған ұсыныстар мен негiздемелер дайындауды қамтиды.

      54. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттiк есеп-қисаптармен, бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларымен, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларымен немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен бiрге мемлекеттік қызметтер көрсетуге ұсыныс ұсынады.

      Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ұсыныс осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.

      55. Мемлекеттiк тапсырма нысанында орындауға жоспарланып отырған мемлекеттiк қызметтер тiзбесi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларымен немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен, бюджеттік есеп-қисаптармен, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік бағдарламалары паспорттарының жобаларымен және монополияға қарсы органның қорытындысымен бiрге енгiзiледi.

      56. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғаларды көрсете отырып, мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн жоспарланған мерзімге (бұдан әрi – мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi) қалыптастырады.

      Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi:

      1) мемлекеттiк тапсырма нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттiк қызметтiң атауын;

      2) мемлекеттiк қызметтiң қысқаша сипаттамасын;

      3) мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен заңды тұлғаның атауын;

      4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығымен бекітілген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес, Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;

      5) мемлекеттiк тапсырманы орындауға қажеттi жоспарланған мерзімге бюджет қаражатының сомасын қамтиды.

      Мемлекеттiк қызметтiң сипаттамасы қысқа әрi айқын жазылады және мемлекеттiк қызметтiң мәнiн көрсетеді.

      57. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді кейінге қалдырмай шешу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Кодекстің 16-бабына сәйкес қаржы жылы ішінде Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджетте бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар шегінде Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне толықтырулар енгізеді.

      Мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін толықтыру бойынша ұсыныстарды монополияға қарсы органның қорытындысын есепке ала отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынады.

6-тарау. Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      58-тармақ 31.12.2025 қоса алғанға дейін қолданыста болады – осы бұйрықтың 4-т. қараңыз.

      58. Іске асырылуына қаражат республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түрінде бөлінетін ЖБИ-ді жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі барлық салалар бойынша әрбір жаңа жергілікті инвестициялық жоба бойынша жоспарлы кезеңге кемінде 30 (отыз) пайыздан кем емес мөлшерінде айқындалады.

      59. Нысаналы даму трансферттерін жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес аса маңызды объектілерді және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға береді.

      60. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 129 бұйрық) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу, бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында белгіленген тәртіппен бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлісінде ЖБИ әзірлейді және ЖБИ тізбесін қалыптастырады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      61. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне өңірлер инфрақұрылыммен орташа республикалық деңгейден төмен қамтамасыз етілген кезде МЖЖ құжаттарының мақсаттарына, міндеттеріне, нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне сәйкес тиісті саланың орталық уәкілетті органдарының ұсыныстарына сәйкес бөлінеді.

      62. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық маңызы бар қаланың аудандық (облыстық маңызы бар қаланың), ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органы нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық маңызы бар қаланың бюджеттерінен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға:

      1) объектілер бөлінісінде ЖБИ тізбесі және олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімді;

      2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін ЖБИ жобалар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысымен (бар болған жағдайда) техникалық-экономикалық негіздемені;

      3) жергілікті мемлекеттік бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсынысты;

      4) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған ЖБИ-лардың қаржы-экономикалық негiздемесiн;

      5) инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындыларды, бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыларды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялар бойынша, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындыларын ұсынады.

      63. Тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган № 129 бұйрығында белгіленген талаптарға сай келетін ЖБИ енгізеді.

      64. Тиісті орталық мемлекеттік орган қарау және келісу үшін ағымдағы қаржы жылының 25 наурызынан кешіктірмей бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға салалық сараптама қорытындысымен бірге республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын объектілер бөлісінде ЖБИ тізбесін қарау және келісу үшін жібереді.

      Құжаттармен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға ұсынылатын объектілер бөлісіндегі ЖБИ тізбесін облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын тиісті жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкім аппараты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жібереді.

      65. Тиісті орталық мемлекеттік орган:

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік сұранымдарды толық көлемде және бюджеттік бағдарламалар жобаларының паспорттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.

      Бюджеттік бағдарламалар жобаларының паспорттары мен бюджеттік сұранымды облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын тиісті жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкім аппараты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жібереді.

      66. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган нысаналы даму трансферттері бойынша ЖБИ тізбесін қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      67. ЖБИ тізбесін тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған ЖБИ тізбелерінің негізінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық, облыстық бюджеттердің, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасына қосу үшін әрбір сала бойынша өңірлер бөлінісінде нысаналы даму трансферттерінің жалпы сомасын айқындайды.

      68. Тиісті жергілікті бюджеттерде іске асыруға қаражат көзделген объектілер бөлісіндегі ЖБИ жобалар туралы жиынтық ақпаратты жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде ағымдағы қаржы жылы мен жоспарлы кезеңге жылдық сома көрсетіле отырып:

      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;

      аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      69. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы Заңын іске асыру туралы қаулысын немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінің жобасын әзірлеу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі бойынша өңірлер бөлінісінде тиісті жоспарлы кезеңге нысаналы даму трансферттерінің сомаларын көздейді.

7-тарау. Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу тәртібі

      70. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу үдерісі:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауын;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін;

      3) жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, түпкілікті нәтиже көрсеткіштері бар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларының паспорттарын, есеп-қисаптарды және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын қалыптастыруды;

      4) жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуді;

      5) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қамтиды.

      71. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Кодекстің 51-бабының 6-тармағына сәйкес бюджет саясаты жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган әзiрлейдi.

      72. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес айқындалады.

      73. Үлгілік жобалық ұсыныстарды әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурста орналастырады.

      Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурстары болмаған кезде үлгілік жобалық ұсыныстар тиісті аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      74. Халық қатысатын бюджет мынадай елді мекендерде іске асырылады:

      1) республикалық маңызы бар қалалар, астана;

      2) облыстық маңызы бар қалалар;

      3) ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын және халық саны 10000 (он мың) адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар.

      Бұл ретте аудандары бар республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және аудандары бар облыстық маңызы бар қалаларда халық қатысатын бюджеттер қаладағы аудандар деңгейінде ғана іске асырылады.

      75. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджеттің іске асырылу ережелерін айқындайды.

      Аудандары жоқ облыстық маңызы бар қала әкімдігі, қаладағы аудан және аудандық маңызы бар қала әкімінің аппараты тиісті аумақ тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарауды, іріктеуді және шешім қабылдауды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Сараптамалық кеңес құрады.

      76. Халық қатысатын бюджеті шеңберінде мынадай іс-шаралар дауыс беруге шығарылады және әкімдік (әкім аппараты) іске асырады:

      1) аумақты көгалдандыру;

      2) тротуарларды жайластыру;

      3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

      4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);

      5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

      6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

      7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

      8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;

      9) санитарияны қамтамасыз ету.

      77. Ағымдағы қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі республикалық және облыстық маңызы бар қаладағы аудандар, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қала үшін жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттер мен қарыздарды қоспағанда, 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 10%-дан төмен болмауы тиіс.

      Беру кезінде бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны:

      1) республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жетпіс бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен;

      2) облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудандар үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген он бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен;

      3) аудандық маңызы бар қала үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс.

      78. Ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурсында және масс-медиада жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты орналастырады.

      Ресми интернет-ресурс болмаған кезде аудандық маңызы бар қала әкімінің аппараты жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты масс-медиа арқылы немесе тұрғындарды ақпараттандырудың қолжетімді құралдарын пайдалану арқылы таратады.

      Тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін жүзеге асырылады.

      Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурс болмаған кезде тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы жүзеге асырылады.

      79. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

      1) ортақ пайдалану объектісі;

      2) тиісті аумақтар тұрғындары үшін өзектілігі;

      Бұл ретте оларды бір қаржы жылы ішінде іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.

      80. Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша келіп түскен жобалық ұсыныстарды Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 5 сәуіріне дейінгі мерзімде:

      жобалардың қайталануының болмауына;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімдікте (әкім аппаратының) оларды іске асыру құзыреттілігінің болуы мәніне талдауды жүзеге асырады.

      81. Іске асырылуы осы Қағидалардың 76, 77, 79 және 80-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жобалық ұсыныстарды әкімдік (әкім аппараты) дауыс беруді өткізу үшін ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.

      Бұл ретте:

      1) тұтас емес, фрагменттік сипаты бар (элементтердің бірін орындау болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);

      2) тиісті елді мекеннің даму басымдықтарына сәйкес келмейтін;

      3) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтін;

      4) тиісті елді мекеннің құрамдас бөліктерінде осыған ұқсас іске асырылған жобалары бар жобалық ұсыныстар дауыс беруге жіберілмейді.

      82. Тиісті елді мекендердің кәмелетке толған тұрғындары ағымдағы қаржы жылының 24 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс беруді жүзеге асырады.

      Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурс болмаған кезде тиісті елді мекендердің тұрғындарының дауыс беруі жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы жүзеге асырылады.

      83. Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін әкімдік (әкім аппараты) дауыс беру нәтижелерін шығарады.

      Дауыс беру нәтижесі негізінде Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 30 сәуірінен кешіктірмей тиісті шешім шығарады.

      Бұл ретте тиісті елді мекендердің 10-нан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асырылуға жіберілмейтін облыстық орталық болып табылмайтын елді мекендерді қоспағанда тиісті елді мекендердің 20-дан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асырылуға жіберілмейді.

      Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

      84. Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде тиісті республикалық, облыстық маңызы бар қала, астананың әкімдігі, қаладағы аудан және аудандық маңызы бар қаланың әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.

      Жобалық ұсыныстарды іске асыру жөніндегі бюджеттік есеп-қисаптарды жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кезекті қаржы жылына № 185 бұйрыққа сәйкес жасайды.

      85. Жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы туралы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірілмей әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында міндетті түрде орналастырылуға жатады.

      Қоғамдастық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тұрғындар жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысымен танысады және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

      86. Әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурсын және бұқаралық ақпарат құралдарында жобалық ұсыныстарды іске асыру және оларды қаржыландыруға байланысты құралдарды пайдалану туралы ақпаратты жаңартады.

      87. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, астананың, қаладағы аудандардың, ауылдың әкімдері халықпен кездесу барысында оларды халық қатысатын бюджеттер шеңберінде іске асырылатын жобалық ұсыныстар туралы хабардар етеді.

      88. Бюджеттік бағдарламалар паспорттарының және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есеп-қисаптарының жобалары № 185 бұйрыққа сәйкес айқындалады.

      89. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік Кодекстің 72-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.

      90. Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет жобасымен бір мезгілде тиісті мәслхатқа мынадай құжаттар мен материалдарды:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

      2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының жобасын;

      4) шығыстарды шолуды, оны жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;

      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;

      6) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;

      7) кірістерді бөлу нормативтері жөніндегі ақпаратты;

      8) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыш түрлері бойынша жергілікті атқарушы орган борышының ағымдағы жай-күйі, жергілікті атқарушы органның борышын өтеу есебіне төленген ақша сомалары және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелері бойынша төленген ақша сомалары туралы мәліметтерді;

      9) жергілікті атқарушы орган есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша тартқан қарыздар туралы деректерді;

      10) қарыздардың түрлері, алынған көздері, шарттары бөлінісінде жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу жөніндегі ақпаратты;

      11) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.

      Түсіндірме жазбаға:

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторлары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеуі туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарлама паспортында көзделген сома айырмасына жергілікті бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделмеген, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мәлімдеген шығыстардың көлемі туралы ақпарат енгізіледі;

      12) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:

      есеп-қисаптары жоқ бюджеттік сұранымды;

      жергілікті бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларын (іс-шаралар жоспарларының жобаларын) немесе даму жоспарларын (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының жобаларын);

      мынадай:

      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;

      ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасы;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мақсаттар мен жоспарланатын нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жоспарланатын бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептерінің сипаттамасы;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген нысаналы индикаторлар мен жоспарланатын түпкілікті нәтижелердің сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы;

      алдыңғы қаржы жылдарында бөлінген және пайдаланылған шығыстардың сомалары көрсетіле отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары шеңберінде Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын, басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.

      91. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

      92. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      93-тармақ 01.01.2028 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-т. қараңыз.

      93. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Кодекстің 87-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу үшін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясына қарауға ұсынады.

      94. Жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасы Кодекстің 9-бабына және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.

      95. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарауына ұсынады.

      96. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде осы Қағидалардың 90-тармағына сәйкес құжаттар мен материалдарды ұсынады.

      97. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

      98. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қала) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

      99. Жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасы Кодекстің 9-бабына және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.

      100. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттiң жобасы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстары негiзiнде жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.

      101. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде осы Қағидалардың 90-тармағына сәйкес құжаттар мен материалдарды ұсынады.

      102. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

      103. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      104. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

      105. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасы Кодекстің 9-бабында және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.

      106. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын жасайды және оны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына қарауға ұсынады.

      107. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 10 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасымен бір мезгілде осы Қағидалардың 90-тармағына сәйкес құжаттар мен материалдарды ұсынады.

      108. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін жергілікті бюджеттерден нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу осы Қағидалардың 6-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

  Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері ___________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)

      мың теңге

Атауы

жоспарлы кезеңнің бірінші жылы

жоспарлы кезеңнің екінші жылы

жоспарлы кезеңнің үшінші жылы

1

2

3

4

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының лимиті, оның ішінде:




тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар:
ағымдағы әкімшілік шығыстар;
тізім бойынша шартсыз базалық шығыстар




жаңа бастамаларға арналған шығыстар




шартсыз базалық шығыстар ұлғайту




Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві




      Анықтама:

      Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві тек Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне қатысты.

  Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері __________________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)

      мың теңге

Атауы

жоспарлы кезеңнің бірінші жылы

жоспарлы кезеңнің екінші жылы

жоспарлы кезеңнің үшінші жылы

1

2

3

4

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының лимиті




тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар:
ағымдағы әкімшілік шығыстар;
тізім бойынша шартсыз базалық шығыстар




жаңа бастамаларға арналған шығыстар




шартсыз базалық шығыстар ұлғайту




жергілікті атқарушы органның резерві




  Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Бюджеттік сұраным құрамында есеп-қисаптар ұсынылмайтын базалық шығыстардың тізбесі ___________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)

      мың теңге

Бюджеттік бағдарлама коды

Бюджеттік кіші бағдарлама коды

Базалық шығыстардың тізбесі

жоспарлы кезеңнің бірінші жылы

жоспарлы кезеңнің екінші жылы

жоспарлы кезеңнің үшінші жылы

1

2

3

4

5

6













  Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына
4-қосымша

Ұсынылып отырған заттай нормалардың қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат

Заттай норманың атауы

Өлшем бірлігі

Ұсынылған тиесілік нормасы

Бар-жоғы

Ұсынылған тиесілік нормалары бойынша жалпы қажеттілік

ағымдағы қаржы жылының 01.01. нақты болуы

сатып алу жылы

қызмет мерзімі (жыл)

Ағымдағы қаржы жылында есептен шығаруға жатады

Ағымдағы қаржы жылында сатып алу жоспарланған

саны

құны (мың теңге)

саны (11-бағ. = (4-бағ. - ((5-бағ. - 8-бағ.) + 9-бағ.)

құны (мың теңге) (12-бағ. = 14-бағ. + 16-бағ. + 18-бағ.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1












2












...












Болжамды шығындар











      Кестенің жалғасы

оның ішінде

жоспарланған жоспарлы кезеңнің 2-ші жылына сатып алу көзделген

жоспарланған жоспарлы кезеңнің 3-ші жылына сатып алу көзделген

келесі жоспарлы кезеңде сатып алу жоспарлануда

саны

құны (мың теңге)

саны

құны (мың теңге)

саны (17-бағ. = 11-бағ. - 13-бағ. - 15-бағ.)

құны (мың теңге) (18-бағ. = 12-бағ. - 14-бағ. - 16-бағ.)

13

14

15

16

17

18

























  Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Шығыстардың функционалдық сыныптамасы бойынша республикалық бюджеттің шығыстары бойынша жиынтық ақпарат

      мың теңге


Функционалдық топ

Атауы

Есеп

Ағымдағы жылға жоспар

Республикалық бюджет жобасы

есепті кезең

есепті кезең

есепті кезең

жоспарлы кезең

жоспарлы кезең

жоспарлы кезең

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Жиыны








001

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер








002

Қорғаныс








003

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі








004

Бiлiм беру








005

Денсаулық сақтау








006

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру








007

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық








008

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк








009

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану








010

Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары








011

Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi








012

Көлiк және коммуникация








013

Басқалар








014

Борышқа қызмет көрсету








015

Трансферттер








016

Қарыздарды өтеу








  Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша республикалық бюджеттің шығыстары бойынша жиынтық ақпарат

      мың теңге

Санат

Атауы

Есеп

Ағымдағы жылға жоспар

Республикалық бюджет жобасы


Сынып

есепті кезең

есепті кезең

есепті кезең

жоспарлы кезең

жоспарлы кезең

жоспарлы кезең

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



Жиыны








1


Ағымдағы шығындар









01

Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар









02

Сыйақылар төлеу









03

Ағымдағы трансферттер








2


Күрделі шығындар









04

Негізгі капиталды сатып алу








3


Бюджеттiк кредиттер









05

Бюджеттiк кредиттер








4


Қаржы активтерiн сатып алу









06

Қаржы активтерін сатып алу








5


Қарыздарды өтеу









07

Қарыздарды өтеу








6


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін орындау









08

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін орындау








  Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің түсіндірме жазбасы

      1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар (саны), кіші бағдарламалар (саны) бойынша шығыстарына (жалпы сома), оның ішінде жылдар бойынша:

      жоспарлы кезең – _____ мың теңге;

      жоспарлы кезең – _____ мың теңге;

      жоспарлы кезең – _____ мың теңге көзделген.

      2. Нәтижеге бағдарланған бюджет шеңберінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметі мемлекеттік органның даму жоспарының бағыттары (саны) бойынша іске асырылатын болады:

      1) …;

      2) …;

      3) ….

      3. Мемлекеттік органның даму жоспарының бағыты бойынша ақпарат, оның ішінде жылдар бойынша барлық шығыстар:

      жоспарлы кезең – _____ мың теңге;

      жоспарлы кезең – _____ мың теңге;

      жоспарлы кезең – _____ мың теңге.

      1) Бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша шығыстар (жалпы сома), оның ішінде жылдар бойынша:

      жоспарлы кезең – _____ мың теңге;

      жоспарлы кезең – _____ мың теңге;

      жоспарлы кезең – _____ мың теңге көзделген.

      а) бюджеттік бағдарламаның/кіші бағдарламаның мақсаты.

      б) бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама шығыстарының бағыттары.

      в) бюджеттік бағдарламаны/кіші бағдарламаны іске асырудан болған әсер (нәтиже).

      2) …

      3) …

      Түсіндірме жазбада Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 18-тармақшасына сәйкес ақпарат қамтылады.

      Анықтама:

      Түсіндірме жазбаның 1-тармағы бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әрбір бюджеттік бағдарлама және кіші бағдарлама бойынша есепті қаржы жылында қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасын және ағымдағы ахуалдың, орын алып отырған проблемалардың сипаттамасын беруі қажет;

      Түсіндірме жазбаның 2-тармағы бойынша мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері толтырады.

      Бұдан басқа, түсіндірме жазбаны әзірлеу кезінде мынадай параметрлерді ұстану қажет: қаріп өлшемі 14 (Times New Roman) 1 жоларалық интервал арқылы, шегініс 1,25 сантиметр, жиектері кемінде: сол жағы – 2,5 сантиметр; оң жағы – 1,5 сантиметр; жоғарғы жағы – 2,5 сантиметр; төменгі жағы – 2,5 сантиметр. Бюджеттік бағдарламаның атауын қалың қаріппен және курсивпен, ал кіші бағдарламаларды – курсивпен бөліп көрсету қажет.

  Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Республикалық бюджет жобасы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ақпараты

      мың теңге

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Атауы

Есепті екі қаржы жылы үшін атқарылуы

Ағымдағы жылға жоспар

Республикалық бюджет жобасы

есепті кезең

есепті кезең

жоспарлы кезең

жоспарлы кезең

жоспарлы кезең

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




Жиыны

















  Бюджеттік жоспарлаудың
қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ұсыныс

Мемлекеттік қызметтің атауы

Мемлекеттік қызметтің сипаттамасы

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Мемлекеттік тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттік бағдарламаның атауы

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жоспарланған жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының сомасы

__жыл

__жыл

__жыл

Жалпы сомасы, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі

Жалпы сома, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі

Жалпы сомасы, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі)

Сомасы мың теңге

%

Сомасы мың теңге

%

Сомасы мың теңге

%

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

      кестенің жалғасы

Мемлекеттік тапсырманың орындалу мерзімі

Мемлекеттік тапсырмаға қол жеткізуге бағытталған мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету қажеттілігінің негіздемесі және оның орындылығы мен тиімділігін растау

Мемлекеттік тапсырманы орындаудың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің, сапа және тиімділік көрсеткіштерінің жоспарланған көрсеткіштері

15

16

17

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 208 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген);

      2. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелген);

      3. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10839 болып тіркелген);

      4. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 566 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12419 болып тіркелген);

      5. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 579 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12447 болып тіркелген);

      6. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 506 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15723 болып тіркелген);

      7. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 689 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16125 болып тіркелген);

      8. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 372 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15308 болып тіркелген);

      9. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 507 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15768 болып тіркелген);

      10. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 19 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16302 болып тіркелген);

      11. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 36 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16311 болып тіркелген);

      12. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 60 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16326 болып тіркелген);

      13. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16409 болып тіркелген);

      14. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 839 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17465 болып тіркелген);

      15. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 372 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18609 болып тіркелген);

      16. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 1457 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19863 болып тіркелген);

      17. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 51 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19921 болып тіркелген);

      18. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 254 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20129 болып тіркелген);

      19. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22097 болып тіркелген);

      20. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 197 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22326 болып тіркелген);

      21. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22341 болып тіркелген);

      22. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 265 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22414 болып тіркелген);

      23. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 1192 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25282 болып тіркелген);

      24. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26719 болып тіркелген);

      25. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 249 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27069 болып тіркелген);

      26. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 296 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27241 болып тіркелген);

      27. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 297 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27184 болып тіркелген);

      28. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 425 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27699 болып тіркелген);

      29. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 шiлдедегi № 666 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28723 болып тіркелген);

      30. "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 және "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31608 болып тіркелген);

      31. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 19 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31675 болып тіркелген);

      32. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 70 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31804 болып тіркелген);

      33. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 141 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31865 болып тіркелген);

      34. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 509 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32529 болып тіркелген).

      35. "Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 726 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33015 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады