Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 желтоқсанда № 9950 тіркелді.

      Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы


      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 64-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.11.2021 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр      Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е.Досаев

      2014 жылғы 11 қараша



      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 31 қазандағы
№ 470 бұйрығымен бекітілді

      Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 21.08.2017 № 507 (мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.11.2021 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Осы Қағидаларда Кодекстің 67-бабында белгіленген ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу үдерісі:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауын;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;

      3) халық қатысатын бюджетті іске асыру;

      4) жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері бар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын қалыптастыруды;

      5) жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуді;

      6) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қамтиды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.01.2021 № 28 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кодекстің 61-бабының 8-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган әзiрлейдi.

      4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер негізінде айқындалады.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін Кодекстің 65-1-бабына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4-1. Кодекстің 61-1-бабының 3-тармағына сәйкес республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.

      Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 19.01.2021 № 28 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-тарау. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен
қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік

бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерді әзiрлеу

      5. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінiң шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

      Нәтижелердi бағалау жүргiзiлген жағдайда Қағидалардың осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 12.01.2018 № 19 бұйрығымен.

      6. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi шығыстарының көлемін базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөледі.

      Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде айқындалады.

      Жаңа бастамаларға арналған шығыстар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген өңірді дамыту басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлуге жатады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстарды ұлғайту жөніндегі жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау алдыңғы жоспарлы кезеңде облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептеулер жасалмайды.

      Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептеулер үшiншi жылға ғана жасалады.

      Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда шығыстар түрлерi бойынша есептер осы бағдарламаларға (кiшi бағдарламаларға) жоспарланатын жоспарлы кезең жылдары бөлiнiсiнде жасалады және ұсынылады.

      10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдаудың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған бағалар дерекқоры да пайдаланылады;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:

      1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін;

      3) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім берген шығыстарды оның негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепке облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары берген қорытындылары мен ұсынымдарын ескереді;

      4) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;

      5) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарының орындалуы және бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы ескеріледі;

      6) нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламалардың жобаларында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізілуін талдауды нысаналы даму трансферттері бойынша ескереді.

      Бюджеттік өтінімнің жасалуы мен үсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 12.01.2018 № 19; 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Қайтарылған жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдерді пысықтайды және оларды қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына жолдайды.

      13. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қарайды.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы Қағидалардың 10 және 12-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.

      14. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде пысықталған бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

      2-1-тарау. Халық қатысатын бюджетті іске асыру

      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.03.2020 № 254 бұйрығымен.

      14-1. Халық қатысатын бюджет – азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы.

      Жобалық ұсыныс – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қазақстан Республикасы азаматы дайындаған және берген, іске асырылуы әкімдіктің (әкім аппаратының) құзыретіне жататын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжат. Үлгілік жобалық ұсыныстарды әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурста орналастырады.

      Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурстары болмаған кезде үлгілік жобалық ұсыныстар тиісті аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Дауыс беру – әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында электронды түрде немесе "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – ЖӨБ туралы Заң) сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы дауыс беру жолымен жобалық ұсыныстар арасында жеңімпаздарды анықтау процесі.

      Ескерту. 14-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-2. Халық қатысатын бюджет мынадай елді мекендерде іске асырылады:

      1) республикалық маңызы бар қалалар, астана;

      2) облыстық маңызы бар қалалар;

      3) ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын және халық саны 10000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар.

      Бұл ретте аудандары бар республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және аудандары бар облыстық маңызы бар қалаларда халық қатысатын бюджеттер қаладағы аудандар деңгейінде ғана іске асырылады.

      Ескерту. 14-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджеттің іске асырылу ережелерін айқындайды.

      Аудандары жоқ облыстық маңызы бар қала әкімдігі, қаладағы аудан және аудандық маңызы бар қала әкімінің аппараты тиісті аумақ тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарауды, іріктеуді және шешім қабылдауды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Сараптамалық кеңес құрады.

      Ескерту. 14-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-4. Халық қатысатын бюджеті шеңберінде мынадай іс-шаралар дауыс беруге шығарылады және әкімдік (әкім аппараты) іске асырады:

      1) аумақты көгалдандыру;

      2) тротуарларды жайластыру;

      3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

      4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);

      5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

      6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

      7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

      8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;

      9) санитарияны қамтамасыз ету.

      Ескерту. 14-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-5. Ағымдағы қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі:

      1) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттер мен қарыздарды қоспағанда, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудандар үшін 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 10%-нан төмен;

      2) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттер мен қарыздарды қоспағанда, облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 10%-нан төмен;

      3) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттер мен қарыздарды қоспағанда, аудандық маңызы бар қала үшін 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 10%-ын төмен болмауы тиіс.

      Беру кезінде бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны:

      1) республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен;

      2) облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген он бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен;

      3) аудандық маңызы бар қала үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс.

      Ескерту. 14-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-6. Ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты орналастырады.

      Ресми интернет-ресурс болмаған кезде аудандық маңызы бар қала әкімінің аппараты жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.

      Тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін жүзеге асырылады.

      Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурс болмаған кезде тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ЖӨБ туралы Заңға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-7. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

      1) ортақ пайдалану объектісі;

      2) тиісті аумақтар тұрғындары үшін өзектілігі;

      Бұл ретте оларды бір қаржы жылы ішінде іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.

      Ескерту. 14-7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-8. Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша келіп түскен жобалық ұсыныстарды Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 5 сәуіріне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалардың қайталануының болмауына, оларды әкімдіктің (әкім аппаратының) іске асыру құзыреттілігінің болуы мәніне талдауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-9. Іске асырылуы осы Қағидалардың 14-4, 14-5, 14-7 және 14-8-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жобалық ұсыныстарды әкімдік (әкім аппараты) дауыс беруді өткізу үшін ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.

      Бұл ретте:

      1) тұтас емес, фрагменттік сипаты бар (элементтердің бірін орындау болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);

      2) тиісті елді мекеннің даму басымдықтарына сәйкес келмейтін;

      3) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтін;

      4) тиісті елді мекеннің құрамдас бөліктерінде осыған ұқсас іске асырылған жобалары бар жобалық ұсыныстар дауыс беруге жіберілмейді.

      Ескерту. 14-9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-10. Тиісті елді мекендердің кәмелетке толған тұрғындары ағымдағы қаржы жылының 24 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс беруді жүзеге асырады.

      Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурс болмаған кезде тиісті елді мекендердің тұрғындарының дауыс беруі ЖӨБ туралы Заңға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-11. Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін әкімдік (әкім аппараты) дауыс беру нәтижелерін шығарады.

      Дауыс беру нәтижесі негізінде Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 30 сәуірінен кешіктірмей тиісті шешім шығарады.

      Бұл ретте тиісті елді мекендердің 10-нан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асырылуға жіберілмейтін облыстық орталық болып табылмайтын елді мекендерді қоспағанда тиісті елді мекендердің 50-ден кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асырылуға жіберілмейді.

      Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

      Ескерту. 14-11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.04.2022 № 425 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-12. Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде тиісті республикалық, облыстық маңызы бар қала, астананың әкімдігі, қаладағы аудан және аудандық маңызы бар қаланың әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.

      Жобалық ұсыныстарды іске асыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кезекті қаржы жылына арналған бюджет заңнамасына сәйкес жасайды.

      Ескерту. 14-12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-13. Жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы туралы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірілмей әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында міндетті түрде орналастырылуға жатады.

      Қоғамдастық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тұрғындар жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысмен танысуға және мониторингті жүзеге асыруға құқығы бар.

      14-14. Әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурсын және бұқаралық ақпарат құралдарында жобалық ұсыныстарды іске асыру және оларды қаржыландыруға байланысты құралдарды пайдалану туралы ақпаратты жаңартады.

      14-15. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, астананың, қаладағы аудандардың, ауылдың әкімдері халықпен кездесу барысында оларды халық қатысатын бюджеттер шеңберінде іске асырылатын жобалық ұсыныстар туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 14-15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 11.01.2023 № 19 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-тарау. Мәслихаттың облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

      15. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуы болжамының негізінде облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

      Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей аяқталады.

      16. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.

      17. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Кодекстiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Кодекстiң 72-бабында көзделген талаптарды ескере отырып әзiрленедi.

      18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыс бюджетінің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.

      19. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Кодекстің 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      3) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;

      4) жергілікті бюджеттің жобасында қамтылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөліндісінде:

      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;

      орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;

      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.01.2021 № 28 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерiн әзірлеу

      20. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi толық көлемде, жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

      Нәтижелерге бағалау жүргiзiлген жағдайда, аталған Қағидалардың осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 12.01.2018 № 19 бұйрығымен.

      21. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының көлемi базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөлінедi.

      Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштері негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде анықталады.

      Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген өңірдің даму басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып бөлінуге жатады.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстарды ұлғайту жөніндегі жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау алдыңғы жоспарлы кезеңде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептер жасалмайды.

      Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептер тек қана үшiншi жылға жасалады.

      Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстар түрлерi бойынша есептер жоспарланған жоспарлы кезеңнің жылдары бөлінісінде жасалады және беріледі.

      25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдаудың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:

      1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінім берген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есебіне облыстардың тексеру комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескереді;

      3) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;

      4) нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламалардың жобаларында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізілуін талдауды нысаналы даму трансферттері бойынша ескереді.

      Бюджеттік өтінім оның жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 12.01.2018 № 19 бұйрығымен.

      27. Қайтарылған жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдерді пысықтайды және оларды қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.

      28. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы осы Қағидалардың 25 және 27-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.

      29. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде пысықталған бюджеттiк өтiнiмдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

      5-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

      30. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы негiзiнде жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

      Жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасын қарау және анықтау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей аяқталады.

      31. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттiң жобасы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстары негiзiнде жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.

      32. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Кодекстiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Кодекстiң 73-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзiрленедi.

      33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңестің отырысында талқылауды жүргізеді.

      34. Жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы Кодекстiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:

      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;

      2) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны;

      3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің:

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      мыналар:

      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;

      орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасы;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6-тарау. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетiнен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерiн әзірлеу

      35. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кент, ауылдық округтің бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi – бюджеттiк өтiнiмдерiнің, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.

      Нәтижелерге бағалау жүргiзiлген жағдайда, осы Қағидалардың аталған тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.

      36. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджет шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджет шығыстарының көлемi базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөледi.

      Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде айқындалады.

      Жаңа бастамаларға арналған шығыстар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген өңірді дамыту басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлуге жатады.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстарды ұлғайту жөніндегі жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау алдыңғы жоспарлы кезеңде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті туралы аудан (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатының шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұдан алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетi туралы аудан мәслихатының шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептер жасалмайды.

      Осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептер үшiншi жылға ғана жасалады.

      Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұдан алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетi туралы аудан мәслихатының шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептер жасалады және жоспарланған жоспарлы кезеңнің жылдары бөлінісінде ұсынылады.

      40. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті қаржы жылында аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетінің атқарылуын талдаудың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде пайдаланылады;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланысы болуы, нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің функцияларына, өкілеттіктеріне, бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетiнен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:

      1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің өткен қаржы жылындағы бюджетінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатын игермеуге әкеп соқтырған себептерді;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінім берген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің өткен қаржы жылындағы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне облыстардың тексеру комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескереді;

      3) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторинг пен бағалау нәтижелері ескеріледі.

      Бюджеттік өтінім оның жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны қарамастан қайтарады.

      42. Қайтарылған жағдайда, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетінен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдерін пысықтайды және оларды қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетінен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.

      43. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетінен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы арасындағы келiспеушiлiктердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы осы Қағидалардың 40 және 42-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.

      44. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетінен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi пысықталған бюджеттiк өтiнiмдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде ұсынады.

      7-тарау. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

      45. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын жасайды және оны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қарауына ұсынады.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей аяқталады.

      46. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Кодекстiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Кодекстiң 73-1-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзiрленедi.

      47. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет комиссиясы мақұлдаған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына ұсынады.

      48. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы Кодекстiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 10 қазанынан кешіктірмей аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатқа енгізеді.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:

      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;

      2) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны;

      3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің:

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      мыналар:

      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;

      орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасы;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады