Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 703 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 желтоқсанда № 12456 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 19 қарашадағы
№ 703 бұйрығымен бекітілген

Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы
үлгілік ереже
1-тарау. Негізгі ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-7-бабына сәйкес әзірленді және республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) жанындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі қызметінің нысанын, негізгі міндеттерін, қабылдайтын шешімдерінің мәртебесін және қызметінің басқа да ұйымдастырушылық мәселелерін, өкілеттіктерін, оның басшысын және оны сайлау тәртібін өкілеттіктерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округінің шекараларындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жұмыс істеуі, аумақтың санитариялық жай-күйі (бұдан әрі – аумақтық маңызы бар мәселелер) және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімінің (бұдан әрі – Әкім) халықпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихатының (бұдан әрі – Мәслихат) шешімдері негізінде құрылатын Әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері, қызмет нысаны және өкілеттіктері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кеңестің негізгі міндеттері:

      аумақтық маңызы бар мәселелерді шешу және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша азаматтардың құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;

      азаматтармен жұмыс істеуде өкілді және атқарушы органдарға көмек көрсету болып табылады.

      4. Кеңестің өкілеттіктері:

      мемлекеттік органдарға аумақтық маңызы бар мәселелер және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік органдардан Кеңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты, материалдарды сұрату және алу;

      аумағына кіру шектелген мекемелер мен ұйымдарды қоспағанда, Кеңес шекарасы шегіндегі аумақтық маңызы бар мәселелерді шешумен байланысты мекемелер мен ұйымдарға бару;

      Кеңес шекарасы шегінде абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, санитариялық жағдай және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша азаматтардың пікірлерін зерделеу, талдау және ескеру;

      азаматтарды тұрғын үй және үй маңы аумақтарының сақталуын, пайдаланылуын, жөнделуін, абаттандырылуын жақсарту мәселелерін шешуге тарту;

      Кеңес шекарасы шегінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қызметті жүзеге асыруға жәрдемдесу;

      Кеңес шекарасы шегінде полицияның учаскелік инспекторларының жұмысын жақсарту бойынша уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізу болып табылады.

      5. Кеңес қызметінің нысандары:

      аумақтық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау;

      Әкіммен, депутаттармен және басқа лауазымды тұлғалармен азаматтардың өтініштері бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау;

      аумақтық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтардың Әкіммен, мәслихат депутаттарымен және басқа лауазымды тұлғалармен кездесулерін ұйымдастыру;

      құқық бұзушылықтарды жасауға төзбеушілікті насихаттауды жүзеге асыру;

      азаматтармен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсініктемелік-құқықтық жұмыстарды жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің басқа да нысандары болып табылады.

3-тарау. Кеңесті құру тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Кеңес Мәслихаттың шешімі негізінде қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округтерінің шекарасында Әкім ұсынған құрамда құрылады.

      Қалада құрылатын Кеңестің саны туралы, олардың шекаралары және сандық құрамы туралы ұсыныстарды тиісті Әкімдік Мәслихатқа ұсынады.

      7. Кеңестің дербес құрамын еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, пәтер иелері кооперативтерінің ұсынымы бойынша қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округтерінің тұрғындары арасынан Әкім айқындайды және Мәслихат бекітеді.

      Кеңестің құрамына Кеңестің шекарасына кіретін сайлау округтері бойынша сайланған қалалық мәслихаттың депутаттары кіре алады.

      Кеңестің құрамына кәмелетке толмаған адамдар, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар кірмейді.

      Кеңес құрамының саны тақ сан.

      Кеңестің дербес құрамы әрбір бес жыл сайын Әкімнің ұсынысы бойынша жаңартылады.

      8. Кеңес туралы ережені осы Үлгілік ереженің негізінде Әкімдік әзірлейді және Мәслихат бекітеді.

4-тарау. Кеңестің төрағасы

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Кеңестің төрағасын Кеңес құрамы арасынан Әкім ұсынған кандидатуралар арасынан қоғамдық бастамада Кеңес мүшелері сайлайды.

      Кеңестің төрағасы:

      Кеңеске жүктелген жұмысты ұйымдастырады және міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

      Кеңестің отырыстарын дайындайды және жүргізеді, шешімдерге, отырыс хаттамаларына және басқа да құжаттарға қол қояды;

      Кеңестің аумағында тұратын халыққа Кеңестің шешімдерін жеткізеді және олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

      Кеңес аумағындағы аумақтық маңызы бар мәселелерді қарайтын мемлекеттік билік органдарында, ұйымдар мен мекемелерде Кеңестің мүдделерін білдіреді;

      Кеңестің тапсырмасы бойынша өзге де мәселелерді шешеді.

5-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Кеңестің бірінші отырысын Әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Кеңестің бірінші отырысында ашық дауыс берумен Кеңестің төрағасы және хатшысы сайланады.

      Хатшы жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырысқа материалдарды дайындауды ұйымдастырады, отырыстың өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы Кеңес мүшелеріне хабарлайды, отырыстың хаттамасын ресімдейді және іс жүргізеді.

      11. Кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Кеңес отырыстары оның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп саналады.

      Кеңес отырыстары ашық болып табылады.

      12. Кеңес шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Кеңестің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      13. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатқа ие.

      14. Кеңес отырыстарына Әкім немесе ол уәкілеттік берген адам қатыса алады.

      15. Кеңестің шешімі хаттама түрінде ресімделеді және Әкім аппараты мен тиісті мекемелер мен ұйымдарға жолданады.

6-тарау. Кеңес қызметінің тоқтатылуы

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Кеңес қызметі тиісті Мәслихаттың шешімі бойынша тоқтатылады.

Об утверждении Типового положения о территориальных советах местного самоуправления

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2015 года № 703. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 декабря 2015 года № 12456.

      В соответствии с пунктом 2 статья 39-7 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 31.07.2024 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемое Типовое положение о территориальных советах местного самоуправления.

      2. Департаменту региональной политики и развития местного самоуправления Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


национальной экономики


Республики Казахстан

Е. Досаев


  Утверждено
приказом Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 19 ноября 2015 года № 703

Типовое положение о территориальных советах местного
самоуправления
Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 31.07.2024 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящее Типовое положение о территориальных советах местного самоуправления (далее – Положение) разработано в соответствии со статьей 39-7 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет форму деятельности, основные задачи, статус принимаемых решений и другие организационные вопросы деятельности, полномочия территориального совета местного самоуправления при акимате города республиканского значения, столицы, города областного значения (далее – Акимат), его руководителя и порядок его избрания.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 31.07.2024 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Территориальный совет местного самоуправления (далее – Совет) является консультативно-совещательным органом при Акимате, создаваемым на основании решения маслихата города республиканского значения, столицы, города областного значения (далее – Маслихат) по вопросам взаимодействия акима города республиканского значения, столицы города областного значения (далее – Аким) с населением по вопросам функционирования жилищно-коммунальных хозяйств, санитарного состояния территории (далее – вопросы территориального значения) и профилактике правонарушений в границах одного или нескольких избирательных округов по выборам депутатов городского маслихата.

Глава 2. Основные задачи, форма деятельности и полномочия Совета

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 31.07.2024 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Основными задачами Совета являются:

      содействие в реализации прав граждан по решению вопросов территориального значения и профилактике правонарушений;

      оказание помощи представительным и исполнительным органам в работе с гражданами.

      4. Полномочиями Совета являются:

      внесение в государственные органы предложений по вопросам территориального значения и профилактике правонарушений;

      запрашивание и получение от государственных органов информации, материалов, необходимых для реализации задач Совета;

      посещение учреждений и организаций, связанных с решением вопросов территориального значения в пределах границ Совета, за исключением учреждений и организаций, вход на территорию которых ограничен;

      изучение, анализ и учет мнения граждан по вопросам благоустройства, жилищно-коммунального хозяйства, санитарного состояния и профилактики правонарушений в пределах границ Совета;

      привлечение граждан к решению вопросов улучшения сохранности, эксплуатации, ремонта, благоустройства жилых домов и придомовых территорий;

      содействие в осуществлении деятельности по профилактике правонарушений в пределах границ Совета;

      внесение предложений в уполномоченные органы по улучшению работы участковых инспекторов полиции в пределах границ Совета.

      5. Формами деятельности Совета являются:

      прием граждан по вопросам территориального значения;

      обсуждение с Акимом, депутатами и другими должностными лицами вопросов местного значения по обращениям граждан;

      организация встреч граждан с Акимом, депутатами маслихатов и другими должностными лицами по вопросам территориального значения;

      осуществление пропаганды нетерпимости к совершению правонарушений;

      проведение разъяснительно-правовой работы с гражданами направленной на профилактику правонарушений;

      другие формы деятельности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Порядок образования Совета

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 31.07.2024 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Совет создается на основании решения Маслихата в границах одного или нескольких избирательных округов по выборам депутатов городского маслихата в составе, предложенном Акимом.

      Предложения о количестве создаваемых Советов в городе, об их границах и численном составе вносятся в Маслихат соответствующим Акиматом.

      7. Персональный состав Совета определяется Акимом из числа жителей одного или нескольких избирательных округов по выборам депутатов городского маслихата по представлению трудовых коллективов, общественных организаций, кооперативов собственников квартир и утверждается Маслихатом.

      В состав Совета могут входить депутаты городского маслихата, избранные по избирательным округам, входящим в границы Совета.

      В состав Совета не входят несовершеннолетние лица, лица, признанные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Численный состав Совета нечетный.

      Персональный состав Совета обновляется каждые пять лет по предложению Акима.

      8. Положение о Совете разрабатывается Акиматом на основе настоящего Типового положения и утверждается Маслихатом.

Глава 4. Председатель Совета

      Сноска. Заголовок главы 4 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 31.07.2024 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Председатель Совета избирается на общественных началах членами Совета из числа кандидатур, представленных Акимом из состава Совета.

      Председатель Совета:

      организовывает работу и обеспечивает своевременное и качественное выполнение задач и функций, возложенных на Совет;

      готовит и ведет заседания Совета, подписывает решения, протоколы заседаний и другие документы;

      доводит до сведения населения, проживающего на территории Совета, решения Совета и организует контроль за их выполнением;

      представляет интересы Совета в органах государственной власти, организациях и учреждениях, рассматривающих вопросы территориального значения на территории Совета;

      решает иные вопросы по поручению Совета.

Глава 5. Организация деятельности Совета

      Сноска. Заголовок главы 5 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 31.07.2024 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Первое заседание Совета открывает Аким или уполномоченное им лицо.

      На первом заседании Совета открытым голосованием избираются председатель и секретарь Совета.

      Секретарь обеспечивает разработку плана работы, организовывает подготовку материалов к заседанию, оповещает членов Совета о месте, времени проведения и повестке дня заседания, оформляет протокол заседания и ведет делопроизводство.

      11. Основной формой работы Совета являются заседания. Заседания Совета считаются правомочными при участии в них не менее двух третей от общего числа их состава.

      Заседания Совета являются открытыми.

      12. Решения Совета принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов присутствующих членов Совета. При равенстве голосов, голос председателя является решающим.

      13. Решения Совета носят рекомендательный характер.

      14. На заседании Совета может присутствовать Аким или уполномоченное им лицо.

      15. Решение Совета оформляется в виде протокола и направляется в аппарат Акима и соответствующие учреждения и организации.

Глава 6. Прекращение деятельности Совета

      Сноска. Заголовок главы 6 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики РК от 31.07.2024 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Деятельность Совета прекращается по решению соответствующего Маслихата.