"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 581 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда № 12465 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 маусымдағы № 3 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 10.06.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9846 болып тіркелген 2014 жылғы 18 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережеде:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Комитеттің функциялары:

      1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру (бұдан әрі – Заң);

      2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында алынған ақпаратты талдауды жүзеге асыру;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      4) соттың қылмыстық іске қатысты сұратуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар бойынша қажетті ақпаратты жіберу;

      5) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сұратулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беру;

      6) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операция туралы мәліметтер мен ақпараттарды, осындай операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберу;

      7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

      8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірлігін және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      9) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

      10) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорыту, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;

      12) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша іс-шаралар өткізу;

      13) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және жұмыс топтарының қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;

      14) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша Заңның мақсаты үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін айқындау;

      15) тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша қаржы мониторингi субъектiлерiнiң түрлерi бойынша клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесін айқындау;

      16) Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жіберу;

      17) күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттігінің жоқтығы туралы шешім қабылдау және оны күдікті операция туралы хабарлама берген қаржы мониторингі субъектісі мен мемлекеттік органға электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізу;

      18) олар терроризмді қаржыландыруға бағытталды деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау және оны Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;

      19) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, олар терроризмді қаржыландыруға бағытталды деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдер берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарды банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар ету;

      20) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті шешімі алынған кезден бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісіне жеткізу;

      21) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көрсетілген кірістерді тәркілеу саласында шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастық жасау;

      22) Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;

      23) қаржы мониторингіне, сыртқы барлау уәкілетті органына жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну тәртібін сыртқы барлау уәкілетті органымен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп анықтау;

      24) шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұратуы бойынша жүзеге асырылатын қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру туралы ақпараттар, мәліметтер мен құжаттар беру;

      25) ақпараттарды, мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тарту негiздерiн көрсете отырып, шет мемлекеттiң сұратушы құзыреттi органын бас тарту туралы хабардар ету;

      26) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттарды қоспағанда, Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асыру;

      27) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттарды қоспағанда, Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;

      28) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      29) Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;

      30) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның мүлкі, оның ішінде заңды тұлғаларда оқшауланған мүліктің анықталғаны туралы мәліметтерді мұндай мүлікке тыйым салу туралы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына беру;

      31) Заңның 12-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны жүргізу не жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

      32) ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы өтінішті қарау;";

      33) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".

      15-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға;

      2) күдікті операция белгілері анықталған жағдайда үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтату туралы шешім шығару;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сұрату бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат, мәліметтер мен құжаттар алмасуға;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) өз қызметі процесінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және сақталуын қамтамасыз етуге;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнама белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінеде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 октября 2014 года № 430 "Об утверждении Положения о Комитете по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 ноября 2015 года № 581. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 декабря 2015 года № 12465. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 10 июня 2021 года № 3.

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по финансовому мониторингу от 10.06.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от

      10 октября 2014 года № 430 "Об утверждении Положения о Комитете по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9846, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 18 ноября 2014 года) следующие изменения:

      в Положении о Комитете по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Функции Комитета:

      1) осуществление сбора и обработки информации об операциях с деньгами и (или) иным имуществом, подлежащих финансовому мониторингу, в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" (далее – Закон);

      2) осуществление анализа полученной информации в сфере противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма;

      3) координация деятельности государственных органов в сфере противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма;

      4) направление необходимой информации по операциям с деньгами и (или) иным имуществом, подлежащим финансовому мониторингу, для разрешения материалов, находящихся в производстве по запросу суда по уголовным делам;

      5) представление в установленном законодательством Республики Казахстан порядке по запросам правоохранительных и специальных государственных органов сведений и информации об операции, подлежащей финансовому мониторингу;

      6) направление в Генеральную прокуратуру Республики Казахстан сведений и информации об операции с деньгами и (или) иным имуществом, при наличии оснований полагать, что такая операция связана с легализацией (отмыванием) доходов, полученных преступным путем, и (или) финансированием терроризма;

      7) участие в разработке и осуществлении программ международного сотрудничества по вопросам противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма;

      8) организация формирования и ведения республиканской базы данных, а также обеспечение методологического единства и согласованного функционирования информационных систем в сфере противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма;

      9) разработка и проведение мероприятий по предупреждению нарушений законодательства Республики Казахстан о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма;

      10) обобщение практики применения законодательства Республики Казахстан о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма на основании информации, получаемой от государственных органов и иных организаций, а также разработка и внесение предложений по его совершенствованию;

      11) изучение международного опыта и практики противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма;

      12) проведение мероприятий по переподготовке и повышению квалификации кадров в сфере противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма;

      13) участие в установленном порядке в деятельности международных организаций, объединений и рабочих групп в сфере противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма;

      14) определение перечня оффшорных зон для целей Закона по согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан;

      15) определение по согласованию с соответствующими государственными органами перечня документов, необходимых для надлежащей проверки клиента по видам субъектов финансового мониторинга;

      16) составление перечня организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, который размещается на официальном интернет-ресурсе Комитета, и направление его соответствующим государственным органам в электронном виде;

      17) принятие решения о приостановлении подозрительной операции либо об отсутствии необходимости в приостановлении подозрительной операции и доведение его до субъекта финансового мониторинга и государственного органа, предоставившего сообщение о подозрительной операции, электронным способом или на бумажном носителе;

      18) принятие решения о приостановлении расходных операций по банковским счетам лиц, являющихся участниками операции, по которым имеются основания полагать, что они направлены на финансирование терроризма и доведение его до субъектов финансового мониторинга, предусмотренных подпунктом 1) пункта 1 статьи 3 Закона;

      19) информирование о приостановлении расходных операций по банковским счетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, правоохранительных и специальных государственных органов, предоставивших решения о необходимости приостановления подозрительной операции, по которым имеются основания полагать, что они направлены на финансирование терроризма;

      20) доведение до субъекта финансового мониторинга соответствующего решения правоохранительных и специальных государственных органов в течение трех часов с момента получения;

      21) сотрудничество с компетентными органами иностранных государств в сфере предупреждения, выявления, пресечения и расследования деяний, связанных с легализацией (отмыванием) доходов, полученных преступным путем, и финансированием терроризма, а также конфискации указанных доходов в соответствии с законами Республики Казахстан и международными договорами Республики Казахстан;

      22) составление перечня государств (территорий), которые не выполняют и (или) недостаточно выполняют рекомендации Группы разработки финансовых мер борьбы с отмыванием денег (ФАТФ), который размещается на официальном интернет-ресурсе Комитета;

      23) определение совместно с уполномоченным органом внешней разведки и Генеральной прокуратурой Республики Казахстан порядка предоставления сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, уполномоченному органу внешней разведки;

      24) передача информации, сведений и документов о легализации (отмывании) доходов, полученных преступным путем, и финансировании терроризма, осуществляемая по запросу компетентного органа иностранного государства;

      25) уведомление об отказе в передаче информации, сведений и документов запрашивающему компетентному органу иностранного государства с указанием оснований для отказа;

      26) осуществление учета субъектов финансового мониторинга, предусмотренных подпунктами 7), 12), 13), 14), 15), 16) пункта 1 статьи 3 Закона, за исключением адвокатов, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";

      27) осуществление приема уведомлений от субъектов финансового мониторинга, предусмотренных подпунктами 7), 12), 13), 14), 15), 16) пункта 1 статьи 3 Закона, за исключением адвокатов, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";

      28) координация работы по реализации оценки рисков в сфере противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма;

      29) разработка и внесение в Правительство Республики Казахстан на утверждение Правил проведения оценки рисков легализации (отмывания) доходов и финансирования терроризма, а также мер, направленных на снижение рисков легализации (отмывания) доходов и финансирования терроризма;

      30) передача сведений о выявлении имущества лица, включенного в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, в том числе обособленного имущества в юридических лицах в Генеральную прокуратуру Республики Казахстан для решения вопроса о наложении ареста на такое имущество;

      31) принятие решения о проведении операции либо отказе в проведении операции, предусмотренной подпунктом 1) части первой пункта 8 статьи 12 Закона и доведение его до субъектов финансового мониторинга;

      32) рассмотрение заявления об исключении организации или физического лица из перечня организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма;

      33) осуществление иных полномочий, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.";

      в пункте 15:

      подпункты 1) и 2) изложить в следующей редакции:

      "1) запрашивать необходимые информацию, сведения и документы об операциях с деньгами и (или) иным имуществом у субъектов финансового мониторинга, а также у государственных органов Республики Казахстан;

      2) выносить решение о приостановлении операций с деньгами и (или) иным имуществом в случае обнаружения признаков подозрительной операции на срок до трех рабочих дней;";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) по запросу или самостоятельно обмениваться информацией, сведениями и документами с компетентным органом иностранного государства в сфере противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма;";

      подпункт 10) изложить в следующей редакции:

      "10) обеспечивать соответствующий режим хранения, защиты и сохранность полученных в процессе своей деятельности информации, сведений и документов, составляющих служебную, коммерческую, банковскую или иную охраняемую законом тайну;".

      2. Комитету по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан (Таджияков Б.Ш.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 6 февраля 2016 года, за исключением абзацев тридцатого и тридцать первого пункта 1, которые вводятся в действие с 1 января 2017 года, и подлежит официальному опубликования.

Министр финансов


Республики Казахстан

Б. Султанов