Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 31 қазанда № 9846 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 маусымдағы № 3 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 10.06.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ереженің 14-тармағының 22), 23), 24) және 25) тармақшаларын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 430 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.01.2019 № 27 бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

      Комитеттің республикалық мемлекеттiк мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық органдары, сондай-ақ мамандандырылған мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингi комитетінің "Кинологиялық орталық" – республикалық мемлекеттік мекемесі" бар.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 21.05.2019 № 468 бұйрығымен.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер заңнамаға сәйкес Комитетке уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің Төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 1-кіреберіс, "Министрліктер үйі" ғимараты.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 21.05.2019 № 468 бұйрығымен.

      9. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-бөлім. Комитеттің негізгі мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Комитеттің міндеттері:

      1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттік органдардың осы қызмет бағытындағы жұмысын үйлестіру;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйе құру және республикалық деректер базасын жүргізу;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.

      14. Комитеттің функциялары:

      1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру (бұдан әрі – Заң);

      2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында алынған ақпаратты талдауды жүзеге асыру;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      4) соттың қылмыстық іске қатысты сұратуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар бойынша қажетті ақпаратты жіберу;

      5) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сұратулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беру;

      6) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операция туралы мәліметтер мен ақпараттарды, осындай операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберу;

      7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

      8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірлігін және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      9) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

      10) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорыту, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;

      12) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша іс-шаралар өткізу;

      13) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және жұмыс топтарының қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;

      14) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша Заңның мақсаты үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін айқындау;

      15) тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша қаржы мониторингi субъектiлерiнiң түрлерi бойынша клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесін айқындау;

      16) Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жіберу;

      17) күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттігінің жоқтығы туралы шешім қабылдау және оны күдікті операция туралы хабарлама берген қаржы мониторингі субъектісі мен мемлекеттік органға электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізу;

      18) олар терроризмді қаржыландыруға бағытталды деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау және оны Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;

      19) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, олар терроризмді қаржыландыруға бағытталды деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдер берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарды банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар ету;

      20) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті шешімі алынған кезден бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісіне жеткізу;

      21) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көрсетілген кірістерді тәркілеу саласында шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастық жасау;

      22) Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;

      23) қаржы мониторингіне, сыртқы барлау уәкілетті органына жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну тәртібін сыртқы барлау уәкілетті органымен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп анықтау;

      24) шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұратуы бойынша жүзеге асырылатын қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру туралы ақпараттар, мәліметтер мен құжаттар беру;

      25) ақпараттарды, мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тарту негiздерiн көрсете отырып, шет мемлекеттiң сұратушы құзыреттi органын бас тарту туралы хабардар ету;

      26) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13)16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асыру;

      27) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13)16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;

      28) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      29) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;

      30) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның мүлкі, оның ішінде заңды тұлғаларда оқшауланған мүліктің анықталғаны туралы мәліметтерді мұндай мүлікке тыйым салу туралы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына беру;

      31) Заңның 12-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны жүргізу не жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

      32) ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы өтінішті қарау;

      33) қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін бекіту және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу;

      34) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде олардың құзыретіне сәйкес құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға ақпарат жіберу;

      35) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен берілген ақпарат бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      36) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру;

      37) қаржы мониторингі органы қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаржы мониторингі органының лауазымды адамын және олардың отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау;

      38) Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;

      39) Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандарын және әдістерін жетілдіру;

      40) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жалпы республикалық, өңірлік жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды үйлестіру және өткізу, қолда бар күш пен құралды пайдалану бойынша оңтайлы шешімді әзірлеу, қаржы мониторингі аумақтық органдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету, жұмыстың оң тәжірибесін жинақтап қорыту және тарату;

      41) жедел-іздестіру қызметін, анықтау және алдын ала тергеу, жедел-іздестіру, әкімшілік, тергеу қызметін және қаржы мониторингі органының анықтау практикасын талдау, республикадағы жедел жағдай болжамын жасау, қаржы мониторингі органының араласуын талап ететін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қабылдау;

      42) Қазақстан Республикасының заңнамасымен органдардың қарамағына жатқызылған қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша адамдарды, соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне сай қойылған талап арыздар бойынша жауапкерлердiң жүрген жерi белгісiз болған кезде оларды iздестіруді жүзеге асыру;

      43) шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау және өз өкілетті шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселесі бойынша қатысу;

      44) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      45) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 21.05.2019 № 468 бұйрығымен.

      15. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

      Құқықтары:

      1) қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға;

      2) күдікті операция белгілері анықталған жағдайда үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтату туралы шешім шығару;

      3) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы нормативтік құқықтық актілердің және халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысуға;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келісімдер жасауға;

      5) сұрату бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат, мәліметтер мен құжаттар алмасуға;

      6) мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, қаржы мониторингі саласында сараптама жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды әзірлеу, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерді құру үшін ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген мамандарды жұмысқа тартуға, оның ішінде шарттық негізде тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны туралы хабарламаны тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;

      8) құқық қорғау органдарымен және арнаулы мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты мәліметтер мен ақпарат алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға;

      9) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілерді бекіту;

      10) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлер мен қызметшілерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлер мен қызметшілерді материалдық жауапкершілікке тарту;

      11) Қазақстан Республикасында қылмыспен қарсы күресу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен криминалистік зерттеулер жүргізу;

      13) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерге хаттама жасау және қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген басқа да шараларды қолдану;

      14) құқық бұзушылық жасаған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұстап алу және Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі немесе өзге органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізу;

      15) Комитеттің аумақтық органдарының жұмысын бақылау;

      16) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қоюға тінту жасауға немесе алу;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құжаттау, дыбыс-, бейнежазба, кино-, суретке түсіру, көшірме бедер, баспатаңба, жоспарлар, схемалар және ақпаратты түсіріп алудың өзге де тәсілдерін жасау;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, сондай-ақ тауарлар сатып алу;

      19) дене күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін де қолдану;

      20) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атыс қару мен өзге де қаруды және арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану;

      22) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      23) іс жүргізуде бар материалдар мен қылмыстық істер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық ақпаратқа және өзге мәліметтерге қол жеткізу, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды беруді талап ету, олардың көшірмелерін түсіру, түсініктемелер алу;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;

      25) іс жүргізуде бар қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелу;

      26) ұсталғандарды және қамауға алынған өзге де адамдарды айдау;

      27) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес ұсыныс енгізу;

      27-1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құру және пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, іс жүргізу барысында зерттеулер ұйымдастыру;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      Міндеттері:

      29) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөнінде шаралар қабылдауға;

      30) өз қызметі процесінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және сақталуын қамтамасыз етуге;

      31) қаржы мониторингін жүзеге асыру процесінде адамның және азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      32) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қаржы мониторингі органының және (немесе) қаржы мониторингі органы лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;

      33) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен осы органның жүргізуіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру;

      34) өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау жөнінде жұмыс жүргізу;

      35) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, сондай-ақ "Жедел-iздестiру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді орындау;

      36) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарауға жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша шаралар қабылдау;

      37) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тарту;

      38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі органдарының қызметіне, қаржы мониторингі органдарының лауазымды тұлғаларына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;

      39) жасалған немесе жасалуға әзірленіп жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдау, тіркеу және қарау, олардың жолын кесу, ашу, сондай-ақ қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауіпті салдарларға жол бермеу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдау;

      40) Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтар келтірген мүліктік зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету үшін құзыреті шегінде шаралар қабылдау;

      41) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау жөніндегі заңнамалық актілерде көзделген шараларды қабылдау;

      42) Қазақстан Республикасының заннамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 21.05.2019 № 468 бұйрығымен.

3-бөлім. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитет Төрағасы жүзеге асырады.

      17. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет Төрағасы қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет Төрағасының қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет Төрағасының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      Комитеттің қызметкерлері мен қызметшілерін;

      аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, аумақтық органдардың басшыларының және олардың орынбасарларының міндетін және өкілеттігін анықтайды;

      3) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде Комитеттің және аумақтық органдардың штат кестесін бекітеді;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады;

      5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық органдары туралы ережені бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Төраға орынбасарларына, Комитеттің қызметкерлері мен қызметшілеріне және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларына және олардың орынбасарларына іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, үстемеақы және сыйақы төлеу туралы мәселелерді шешеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Төраға орынбасарларын, Комитеттің қызметкерлері мен қызметшілерін және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын марапаттау туралы мәселелерді шешеді;

      8) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды, сонымен қатар Комитеттің қыметкерлері мен қызметшілеріне және Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарларына орындаулары міндетті нұсқаулар береді;

      9) Заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауаптылықта болады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитет Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.06.2019 № 576 бұйрығымен.

      20. Комитет Төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

4-бөлім. Комитеттің мүлкі

      21. Заңнамада көзделген жағдайларда Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Комитет мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақша кірістерді қоса алғанда) және өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-бөлім. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады