"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Қ. Жаңбыршин |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20 НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 22.06.2018 № 14-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ақпараттық жүйесінде олардың есепке алынуын ұйымдастыру мақсатында жасалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі
3. Тізілім Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) берген мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтерді білдіреді.
4. Тізілімді жүргізуді Жоғары аудиторлық палата қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүзеге асырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5. Жоғары аудиторлық палата:
1) Тізілімге мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың енгізілуін жүзеге асырады;
2) Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізімін жариялайды;
3) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтерге тиісті ақпарат келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.02.2023 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6. Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтер Тізілімге мынадай құжаттардың:
1) Ұлттық комиссия отырысының хаттамасы;
2) Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамның Тізілімдегі деректерінің өзгергені туралы Ұлттық комиссияға растайтын құжаттармен қоса берілетін өтініші негізінде енгізіледі.
7. Алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.03.2022 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Қағаз және электрондық жеткізгіштегі тізілім мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); туған күні (күні, айы, жылы); жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және кімнің бергені;
2) тұрғылықты жері (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте); телефон нөмірі (жұмыс, үй, ұялы); электрондық поштасының мекенжайы;
3) тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатының берілген күні және нөмірі;
4) Ұлттық комиссия отырысының мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы хаттамасының күні және нөмірі;
5) мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауаптылыққа тартылуы туралы мәліметтер (болған жағдайда);
6) кандидаттың білімін растайтын құжаттың күні және нөмірі;
7) жеке деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда) өзгергені туралы мәліметтер;
8) жұмыс орны мен атқаратын лауазымы туралы мәліметтер (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);
9) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіндегі және (немесе) қаржы саласында және (немесе) ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі туралы мәліметтер (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);
10) аудит саласындағы халықаралық ұйымдардағы және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі жалпы еңбек өтілі туралы мәліметтер (болған жағдайда) (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);
11) білімі туралы мәліметтер (дипломның нөмірі, берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы, біліктілігі);
12) бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілігі туралы мәліметтер (сертификаттың күні және нөмірі);
13) Ұлттық комиссия отырысының сертификатты қайтарып алу және телнұсқасын беру туралы хаттамасының күні және нөмірі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.03.2022 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.03.2022 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
10. Қағаз жеткізгіштегі тізілім осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдарды тіркеу кітабы нысанында жүргізіледі.
Жыл аяқталған соң, Тізілім нөмірленеді, тігіледі және оған мөр басылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.03.2022 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.11. Қағаз және электрондық жеткізгіштегі тізілім бөгде адамдардың қолы жетпейтін жерлерде және ақпараттың ұрлануына, жоғалуына, бұрмалануына, қолдан жасалуына жол бермеу қамтамасыз етілетін жағдайларда сақталады және өңделеді.
12. Электрондық жеткізгіштегі Тізілімде бар мәліметтердің толық жоғалып кетуін болдырмау мақсатында, Тізілімнің резервтік көшірмелері электрондық жеткізгіште қалыптастырылып, ол бір мезгілде тұпнұсқамен бірге жоғалуын болдырмайтын Ұлттық комиссияның жұмыс органында тұрақты негізде сақталады.
13. Ұлттық комиссияның жұмыс органы он жұмыс күні ішінде адамдар туралы мәліметтерге:
1) Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша Ұлттық комиссияның мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы шешімі қабылданған күннен бастап;
2) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамның қайтыс болғаны туралы құжат келіп түскен күннен бастап өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.03.2022 № 2-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.