"Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 2-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 наурызда № 27242 болып тіркелді

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12492 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Есеп комитеті:

      1) Тізілімге мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың енгізілуін жүзеге асырады;

      2) Есеп комитетінің интернет-ресурсында мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізімін жариялайды;

      3) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтерге тиісті ақпарат келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қағаз және электрондық жеткізгіштегі тізілім мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); туған күні (күні, айы, жылы); жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және кімнің бергені;

      2) тұрғылықты жері (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте); телефон нөмірі (жұмыс, үй, ұялы); электрондық поштасының мекенжайы;

      3) тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатының берілген күні және нөмірі;

      4) Ұлттық комиссия отырысының мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы хаттамасының күні және нөмірі;

      5) мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауаптылыққа тартылуы туралы мәліметтер (болған жағдайда);

      6) кандидаттың білімін растайтын құжаттың күні және нөмірі;

      7) жеке деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда) өзгергені туралы мәліметтер;

      8) жұмыс орны мен атқаратын лауазымы туралы мәліметтер (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);

      9) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіндегі және (немесе) қаржы саласында және (немесе) ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі туралы мәліметтер (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);

      10) аудит саласындағы халықаралық ұйымдардағы және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі жалпы еңбек өтілі туралы мәліметтер (болған жағдайда) (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);

      11) білімі туралы мәліметтер (дипломның нөмірі, берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы, біліктілігі);

      12) бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілігі туралы мәліметтер (сертификаттың күні және нөмірі);

      13) Ұлттық комиссия отырысының сертификатты қайтарып алу және телнұсқасын беру туралы хаттамасының күні және нөмірі.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қағаз жеткізгіштегі тізілім осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдарды тіркеу кітабы нысанында жүргізіледі.

      Жыл аяқталған соң, Тізілім нөмірленеді, тігіледі және оған мөр басылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұлттық комиссияның жұмыс органы он жұмыс күні ішінде адамдар туралы мәліметтерге:

      1) Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша Ұлттық комиссияның мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы шешімі қабылданған күннен бастап;

      2) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамның қайтыс болғаны туралы құжат келіп түскен күннен бастап өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.".

      2. Есеп комитетінің Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады