Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 744 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12525 болып тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 3-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика 
      министрі                                       Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С.Мамытбеков __________
2015 жылғы 3 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы 
№ 744 бұйрығымен    
бекітілді    

Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының мамандары шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – АШЖ БҚ) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын жануардың иесі туралы деректерді және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
      2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы);
      3) электрондық шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ЭШБЕА БҚ) – кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне шаруашылық бойынша есепке алу деректерін енгізуге, түзетуді және сақтауды жүзеге асыруға, сондай-ақ енгізілген ақпарат негізінде жиынтық біріктірілген деректерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету.
      3. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының лауазымды адамдары мынадай бағыттар бойынша:
      1) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 шілдедегі № 6334 болып тіркелген «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама» (бұдан әрі – Әдіснама) талаптарына сәйкестігін;
      2) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің жазбаларын тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің (бұдан әрi – ТҚСТ) деректерімен салыстыру арқылы нақтылауды;
      3) АЖБ ДБ бар ақпаратты қолданып, шаруашылық бойынша есепке алу жазбаларын нақтылауды жүзеге асырады.
      4. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын елді мекендерге шығу арқылы нақтылау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеріс ұйымдастыру және жүргізу талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу тәртібі 

      5. Мемлекеттік статистика саласындағы Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес бекітілген Іріктемелі тексеру жүргізу тізімін (бұдан әрі – Тізім) уәкілетті орган ведомствосы қалыптастырады.
      6. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу іс-шарасы екi кезең бойынша жүргiзiледi.
      1) бірінші кезеңде Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің Әдiснама талаптарының сәйкессiздiктерiн анықтау, ЭШБЕА БҚ-дағы жазбаларды АШЖ БҚ және ТҚСТ деректерімен салыстыру жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
      Шаруашылық бойынша есепке алудың ЭШБЕА БҚ «Тұрғын үй жағдайлары» бөлімі бойынша нақтылау ТҚСТ деректерімен іріктеп салыстыру арқылы жүргізіледі.
      Бұл салыстыруды жүргізу үшін уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдары ТҚСТ деректерінің негізінде нақтылаумен қамтылған елдi мекен бойынша тұрғын үйлердің қалыптастырады.
      Тізбеде үйдің сәйкестендіру коды, үй шаруашылығының жеке шоты, жер учаскесінің кадастрлік нөмірі, үй типі, үйдің жағдайы, меншік түрі, жалпы және тұрғын үй алаңының мөлшері, бөлме саны, абаттандырудың болуы, сыртқы қабырғалардың материалдары, тұратындардың саны және үй шаруашылықтарының саны көрсетіле отырып, елді мекеннің үйлері бойынша ақпарат қамтылады. 
      Салыстыру үшін үй саны шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға түсетін жүктемені ескере отырып анықталады.
      Үйдің сәйкестендіру коды бойынша ТҚСТ деректерімен нақтылау кезінде жалпы және тұрғын алаң көлемінің, тұрғын үй типінің, тұрғын үйдің меншік түрінің, бөлмелер санының, сыртқы қабырға материалдарының, тұрғын үй-жайды абаттандырудың (электр, су құбыры, ыстық сумен қамтамасыз ету, кәріз, ванна, себезгі, жылу электр орталықтарынан жылыту, жеке қондырғылардан жылыту, газ, электр пеші, жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтау, пештен жылыту) сәйкестігіне жазбаларды салыстыру жүзеге асырылады.
      2) екiншi кезеңдегі жұмыстарды жүргізу тәртібі АЖБ ДБ-да қамтылған ақпаратты пайдаланып, үй шаруашылықтарына бару арқылы ЭШБЕА БҚ жазбаларын нақтылау жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
      Уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органының лауазымды адамы аралауға жататын үй шаруашылықтарының саны мен тізбесін анықтайды.
      Аралауға қажетті үй шаруашылықтарының саны шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға түсетін жүктемені ескере отырып анықталады.
      Уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органының лауазымды адамы ветеринария саласындағы маманмен бiрлесiп (келісім бойынша) баруға жататын үй шаруашылықтарының тізбесі бойынша ЭШБЕА БҚ-да АЖБ ДБ көрсеткіштерімен жануарлардың түрлері және саны бойынша нақтылауды жүзеге асырады.
      АЖБ ДБ-да іздестіру үй шаруашылығы иесінің немесе мүшесінің ЖСН-і немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) бойынша жүргізіледі.
      Бұдан әрі ЭШБЕА БҚ «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)» бөлімінде көрсетілген мал басының саны бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны АЖБ ДБ-дағы ауыл шаруашылығы малының саны бойынша жазбалар санымен салыстырылып тексеріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен саны бойынша ЭШБЕА БҚ-да нақты үй шаруашылығы бойынша ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдайға сәйкес деректерін нақтылау ағымдағы жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден кейін болған ауылшаруашылығы жануарларының қозғалысын (сатып алынуын, төлдеуін және қатардан шығуын) есепке ала отырып жүзеге асырылады.
      Ауыл шаруашылығы жануарларының қозғалысын есепке алу үшін АЖБ ДБ «Есепке қою күні» және «Есептен шығарылу себебі» бағандарындағы ақпарат пайдаланылады.
      ЭШБЕА БҚ деректерін нақтылау және олардың анықтығын растау үшiн кенттің, ауылдың, ауылдық округ әкімінің немесе әкімдігінің, уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының лауазымды адамдарының қатысуымен және ветеринария саласындағы маманмен (келісім бойынша) бірге үй шаруашылықтарына бару жүзеге асырылады.
      Үй шаруашылықтарын аралау кезінде шаруашылық бойынша есепке алудың тiркеу жазбаларын нақтылау ауылшаруашылық жануарларын нақты қайта есептеу және картоп, көкөністер мен жеміс-жидектер және басқа да дақылдарға арналған егістік алаңдарын өлшеу арқылы жүргізіледі.
      Егер нақты қайта есептеуді жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда нақтылау ауылшаруашылық жануарларының және егістік алаңдарының нақты болуы туралы үй шаруашылығының иесі немесе осы үй шаруашылығының кәмелетке толған мүшесiне пікіртерім жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      7. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына жүргізілген нақтылау қорытындысы бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының лауазымды адамдары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мiндеттi түрде Шаруашылық бойынша есепке алуды тіркеу жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы акт (бұдан әрi – Акт) жасайды.
      Акт үш данада жасалады.
      Актінiң бiр данасы ауылдық округтің әкiмдiгі үшін, екiншiсі ветеринария саласындағы маман үшін, үшіншісі уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органы үшін.
      8. Шаруашылық бойынша есепке алуды жүргiзудің Әдіснаманың талаптарына сәйкессiздiгі, сондай-ақ АЖБ ДБ-дағы деректермен сәйкессіздіктері анықталған жағдайда сәйкессiздiктер туралы ақпаратты уәкілетті орган ведомствосының аудандық статистика органдарының лауазымды адамдары еркін нысанда құрастырылатын қорытынды анықтамада көрсетеді және тоқсан сайын аудан әкіміне және Актінің (актілердің) көшірмесі қосымшасымен статистика уәкілетті органы ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарына жібереді.
      9. Үй шаруашылығы иесінің немесе осы шаруашылықтың кәмелетке толған мүшесінің анықсыз деректерді ұсынуы анықталған жағдайда кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе жергілікті атқарушы органның маманы немесе ветеринария саласындағы маман ЭШБЕА БК немесе АЖБ ДБ-ға тиісті өзгерістер енгізеді.
      Анықталған сәйкессіздіктер туралы ақпарат уәкілетті орган ведомствосының аудандық статистика органдарының лауазымды адамдары қорытынды анықтамада көрсетеді және үй шаруашылығының иесімен немесе үй шаруашылығының кәмелетке толған мүшесімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
      10. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкiмi және ветеринария саласындағы маман нақтылау негізінде анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты алған кезде сәйкессіздіктердің Актіде көрcетiлген мерзiмде тиісінше жойылуын қамтамасыз етеді және уәкілетті орган ведомствосының аудандық статистика органына атқарылған жұмыс туралы ақпарат жібереді.

3. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды қорытындылау бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының іс-әрекеті  

      11. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері сәйкессіздіктерді жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес Актіде көрсетілген мерзімде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдары іріктемелі тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою талаптарымен ақпарат қалыптастырады және жоғарғы тұрған жергілікті атқарушы органға үш жұмыс күні ішінде жібереді.
      12. Аудандық статистика органдары тиісті уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органына ай сайын келесі айдың 3-ші күніне дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Актілер мен шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу туралы ақпарат жолдайды.
      13. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері лауазымды адамдарын әкімшілік жауапкершілікке тарту («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабының 1-тармағына сәйкес) мүмкін болмаған жағдайда статистика органдары әкімнен сәйкессіздіктерді жою туралы ақпарат алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға және шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін аудандардың әкімдіктеріне материалдар жолдайды.
      14. Бұзушылыққа жол берген лауазымды адамдарға қатысты қолданылған шаралар туралы ақпаратты, атап айтқанда тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар туралы бұйрықтың көшірмесін не тәртіптік жауапкершілікке тартудың мүмкін болмау себептері туралы ақпаратты аудандардың әкімдіктері нақтылау қорытындылары туралы ақпаратты алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарына ұсынады. 
      15. Нақтылаудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарына есепті тоқсаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде тиісті облыс әкімінің атына тәртіптік жазаға тарту туралы аудандық әкімдіктердің жауаптарын қоса ұсына отырып анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты тоқсан сайын жолдайды.
      16. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылау жүргізу нәтижелері бойынша кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жауапкершілікке тартылған әкімдері туралы ақпаратты уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдары уәкілетті орган ведомствосына есепті тоқсаннан кейінгі он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес тапсырады.
      

Шаруашылық бойынша есепке алу 
деректерінің анықтығын нақтылауды
жүргізу қағидаларына     
1-қосымша         

Нысан

«_________________________ облысының Статистика департаменті» ММ

___________________________________ ауданының статистика басқармасы


Шаруашылық бойынша есепке алу нысандары бойынша тіркеу
жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы
АКТІ

______________________ ауданының
______________________ кенті, ауылы,      20__ жылғы « ___ » ________
                       ауылдық округі

      Біз, төменде қол қоюшылар, мемлекеттік статистика саласындағы
уәкілетті органның өкілдері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________ әкімінің қатысуымен
 
      «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы
Қазақстан Республикасы Заңының 12-1 бабының16-бабының және
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі негізінде шаруашылық
бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу жазбаларына салыстыруды
жүргіздік.
      Салыстыру нәтижелері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы
уәкілетті органға әкімнің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
Қазақстан Республикасы Кодексінің 499-бабында көзделген дәйексіз
әкімшілік деректерді ұсынуының мынадай фактілері анықталды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бұзушылықтарды жою мерзімдері: осы Актіге қол қойылған күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Ескертпе (орындалғаны туралы ақпарат Актіге қол қойылғаннан кейін 10
жұмыс күні ішінде аумақтық статистика органына ұсынылады).

Қолдары __________________________________ Мөрге арналған орын
        __________________________________
        __________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
және әкімнің қолы                             ______________________
______________________________________________ Мөрге арналған орын

Ескерту (әкім қол қоюдан бас тартқан жағдайда «Қол қоюдан бас тартты»
деген жазу жазылады және күні қойылады).

Шаруашылық бойынша есепке алу 
деректерінің анықтығын нақтылауды
жүргізу қағидаларына      
2-қосымша            

Нысан

Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу туралы
20__ жылғы______________ ақпарат
(айы)

Облыс___________________________________________________________
Аудан___________________________________________________________
Кент, ауыл, ауылдық округ_______________________________________
 

р/н

Елді мекеннің (кенттің, ауылдың, ауылдық округтің) атауы

Үй шаруашылықтарының жалпы саны

Бірінші кезеңде анықталған сәйкессіздіктер саны

Екінші кезеңде барған үй шаруашылықтарының саны

Сәйкессіздіктер анықталған үй шаруашылықтарының саны

Бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар (ЭШБЕА БҚ өзгерістер енгізілді, акт жазылды, қорытынды анықтама бойынша әкімшілік жаза қолданылды және кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды)

1

2

3

4

5

6

7









Барлығы






Шаруашылық бойынша есепке алу  
деректерінің анықтығына    
нақтылауды жүргізу қағидаларына
3-қосымша            

Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды
жүргізу нәтижелері бойынша әкімдерді жауапкершілікке тарту туралы
20___ жылғы _____ тоқсандағы ақпарат

Облыс____________________________________________________________
 

р/с

Облыс ауданының атауы

Ауылдық округтердің саны

Үй шаруашылықтарының саны

Тартылған адамдар, саны



барлығы

барылғаны

сәйкессіздіктер анықталғаны

барылғаны

сәйкессіздіктер анықталғаны

әкімшілік жауапкершілікке

тәртіптік жауапкершілікке

1

2

3

4

5

6

7

8

9






































Барлығы








Об утверждении Правил проведения уточнения достоверности данных похозяйственного учета

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 744. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2015 года № 12525

      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.01.2016 г.

      В соответствии пункта 3 статьи 12-1 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года «О государственной статистике», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения уточнения достоверности данных похозяйственного учета.
      2. Комитету по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр национальной
      экономики
      Республики Казахстан                       Е. Досаев

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр сельского хозяйства
      Республики Казахстан
      ____________ А.С. Мамытбеков
      3 декабря 2015 года

Утверждены            
приказом Министра         
национальной экономики      
Республики Казахстан       
от 30 ноября 2015 года № 744   

Правила проведения уточнения
достоверности данных похозяйственного учета

1. Общее положение

      1. Правила проведения уточнения достоверности данных похозяйственного учета (далее – Правила) разработаны в соответствии пунктом 3 статьи 12-1 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года «О государственной статистике» (далее – Закон) и устанавливает порядок проведения уточнения достоверности данных похозяйственного учета специалистами областных территориальных органов статистики ведомства уполномоченного органа.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) база данных по идентификации сельскохозяйственных животных (далее – БД ИСЖ) – часть ветеринарного учета, предусматривающая единую, многоуровневую систему регистрации данных об индивидуальном номере животного, о его ветеринарных обработках, включая результаты диагностических исследований, а также данных о владельце животного, осуществляемая государственными ветеринарными организациями, созданными местными исполнительными органами, и используемая уполномоченным органом в области ветеринарии;
      2) ведомство уполномоченного органа – ведомство уполномоченного органа, осуществляющее руководство, а также межотраслевую координацию в области государственной статистики в пределах своей компетенции;
      3) программное обеспечение для ведения электронного похозяйственного учета (далее – ПО ЭПХУ) – прикладное программное обеспечение, позволяющее акиму поселка, села, сельского округа осуществлять ввод, корректировку и хранение данных похозяйственного учета, а также формировать агрегированные данные на основе введенной информации.
      3. Уточнение достоверности данных похозяйственного учета осуществляется должностными лицами областных территориальных органов статистики ведомства уполномоченного органа по следующим направлениям:
      1) соответствие ведения похозяйственного учета требованиям «Статистической методологии по ведению похозяйственного учета и форм организации ведения регистрационных записей», утвержденной приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 июня  2010 года № 136, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6334 (далее – Методология);
      2) уточнение достоверности данных похозяйственного учета записей данных похозяйственного учета путем сверки с данными статистического регистра жилищного фонда (далее – СРЖФ);
      3) уточнение достоверности данных похозяйственного учета записей похозяйственного учета при посещении домашних хозяйств с использованием информации, содержащейся в БД ИСЖ.
      4. Уточнение достоверности данных похозяйственного учета с выездом в населенные пункты осуществляется в соответствии с требованиями к организации и проведению проверок согласно Предпринимательскому кодексу Республики Казахстан от 29 октября 2015 года.

2. Порядок проведения уточнения
достоверности данных похозяйственного учета

      5. Ведомством уполномоченного органа формируется Список проведения выборочных проверок (далее – Список), который утверждается в соответствии с Критериями оценки степени риска в области государственной статистики.
      6. Мероприятия по проведению уточнения достоверности данных похозяйственного учета проводятся в два этапа:
      1) проведение уточнения достоверности данных похозяйственного учета на первом этапе включает в себя проведение работ по выявлению несоответствий ведения похозяйственного учета требованиям Методологии, сопоставление записей ПО ЭПХУ с данными БД ИСЖ и СРЖФ.
      В ПО ЭПХУ по разделу «Жилищные условия» похозяйственного учета уточнение достоверности данных похозяйственного учета производится путем выборочного сопоставления записей с данными СРЖФ.
      Для проведения этого сопоставления областные территориальные органы статистики ведомства уполномоченного органа, на основе базы данных СРЖФ, формируют перечень жилых домов по населенному пункту, охваченному уточнением достоверности данных похозяйственного учета.
      В перечне содержится информация по домам населенного пункта с указанием идентификационного кода дома, лицевого счета домашнего хозяйства, кадастрового номера земельного участка, адреса, типа дома, ситуации дома, вида собственности, размера общей и жилой площади, количества комнат, имеющихся благоустройств, материалов наружных стен, численности проживающих и количества домашних хозяйств.
      Количество домов для сопоставления определяется с учетом нагрузки на должностных лиц, осуществляющих уточнение достоверности данных похозяйственного учета.
      При уточнении достоверности данных похозяйственного учета с данными СРЖФ по идентификационному коду дома осуществляется сопоставление записей на соответствие размера общей и жилой площади, типа жилого дома, вида собственности жилого дома, количества комнат, материалов наружных стен, благоустройства жилого помещения (электричество, водопровод, горячее водоснабжение, канализация, ванна, душ, отопление от теплоэлектроцентрали, отопление от индивидуальных установок, газ, электроплита, горячее водоснабжение от индивидуальных водонагревателей, печное отопление);
      2) проведение уточнения достоверности данных похозяйственного учета на втором этапе включает в себя проведение работ по уточнению достоверности данных похозяйственного учета записей ПО ЭПХУ путем посещения домашних хозяйств, с использованием информации, содержащейся в БД ИСЖ.
      Должностным лицом областного территориального органа статистики ведомства уполномоченного органа определяется количество и перечень домашних хозяйств, необходимых для посещения.
      Количество домашних хозяйств необходимых для посещения определяется с учетом нагрузки на должностных лиц, осуществляющих уточнение достоверности данных похозяйственного учет.
      По перечню подлежащих для посещения домашних хозяйств должностным лицом областного территориального органа статистики ведомства уполномоченного органа совместно со специалистом в области ветеринарии (по согласованию) осуществляется уточнение достоверности данных похозяйственного учета в ПО ЭПХУ по видам и количеству животных с показателями БД ИСЖ.
      Поиск в БД ИСЖ производится по индивидуальному идентификационному коду или фамилии, имени, отчеству (при его наличии) главы или члена домашнего хозяйства.
      Далее сопоставляется количество сельскохозяйственных животных по поголовью скота, указанное в разделе «Скот, фактически находящийся в хозяйстве (голов)» ПО ЭПХУ, с количеством записей по поголовью скота сельскохозяйственных животных в БД ИСЖ. Уточнение достоверности данных похозяйственного учета в ПО ЭПХУ по видам и количеству сельскохозяйственных животных по конкретному домашнему хозяйству по состоянию на 1 января и 1 июля текущего года необходимо осуществлять с учетом движения сельскохозяйственных животных (приобретение, приплод и выбытие), которое произошло после 1 января и 1 июля текущего года.
      Для учета движения сельскохозяйственных животных используется информация из граф «Дата постановки на учет» и «Причина снятия с учета» БД ИСЖ.
      Для уточнения достоверности данных похозяйственного учета в ПО ЭПХУ и подтверждения их достоверности осуществляется посещение домашних хозяйств с участием акима или должностных лиц акимата поселка, села, сельского округа, областных территориальных органов статистики ведомства уполномоченного органа и со специалистом в области ветеринарии (по согласованию).
      При посещении домашних хозяйств уточнение достоверности данных похозяйственного учета регистрационных записей похозяйственного учета проводится путем фактического пересчета сельскохозяйственных животных и обмера посевных площадей под картофелем, овощами и плодово-ягодными и другими культурами.
      В случае если физический пересчет осуществить невозможно, уточнение достоверности данных похозяйственного учета проводится путем опроса главы домашнего хозяйства или совершеннолетнего члена этого домашнего хозяйства о фактическом наличии поголовья сельскохозяйственных животных и посевных площадей.
      7. По итогам проведенного уточнения достоверности данных похозяйственного учета должностными лицами областных территориальных органов статистики ведомства уполномоченного органа составляется Акт несоответствия или соответствия регистрационных записей по похозяйственному учету (далее – Акт) по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      Акт составляется в трех экземплярах.
      Один экземпляр Акта для акимата сельского округа, второй для специалиста в области ветеринарии, третий для областного территориального органа статистики ведомства уполномоченного органа.
      8. При выявлении несоответствия ведения похозяйственного учета требованиям Методологии, а также несоответствий с данными в БД ИСЖ, информация о несоответствиях отражается в итоговой справке, которая составляется в произвольной форме, должностными лицами районных органов статистики ведомства уполномоченного органа и ежеквартально направляется на имя акима района и в областные территориальные органы статистики ведомства уполномоченного органа статистики с приложением копии(й) Акта(ов).
      9. При выявлении представления недостоверных данных главой домашнего хозяйства или совершеннолетним членом этого домашнего хозяйства акимом поселка, села, сельского округа или специалистом местного исполнительного органа или специалистом в области ветеринарии вносятся соответствующие изменения в ПО ЭПХУ или в БД ИСЖ.
      Информация о выявленных несоответствиях отражается в итоговой справке должностными лицами районных органов статистики ведомства уполномоченного органа и проводится разъяснительная работа с главой домашнего хозяйства или совершеннолетним членом домашнего хозяйства.
      10. Аким поселка, села, сельского округа и специалист в области ветеринарии при получении информации о выявленных несоответствиях при уточнении достоверности данных похозяйственного учета обеспечивают надлежащее устранение несоответствий и направляют информацию о проделанной работе в районный орган статистики ведомства уполномоченного органа в сроки указанные в Акте.

3. Действия областных территориальных органов статистики
ведомства уполномоченного органа по итогам уточнения
достоверности данных похозяйственного учета

      11. В случае непредставления акимами поселка, села, сельского округа информации о проделанной работе по устранению несоответствий в срок, указанный в Акте, в соответствии с пунктом 10 настоящих Правил областные территориальные органы статистики ведомства уполномоченного органа формируют и направляют информацию в течении трех рабочих дней в вышестоящий местный исполнительный орган с требованием устранения несоответствий, выявленных в ходе проведения уточнения достоверности данных похозяйственного учета.
      12. Районный орган статистики ведомства уполномоченного органа ежемесячно в срок до 3 числа следующего месяца направляют в областной территориальный орган статистики ведомства уполномоченного органа соответствующей области Акты и информацию о проведении уточнения достоверности данных похозяйственного учета по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      13. При невозможности привлечения должностных лиц акимов поселков, сел, сельских округов к административной ответственности (согласно пункту 1 статьи 62 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях») органы статистики в течение пяти рабочих дней со дня получения информации от акима об устранении несоответствий, направляют материалы в акиматы районов для рассмотрения и привлечения должностных лиц, ответственных за ведение похозяйственного учета, к дисциплинарной ответственности.
      14. Информацию о принимаемых мерах в отношении должностных лиц, допустивших нарушение, а именно копию приказа о привлечении к дисциплинарной ответственности, либо информацию о причинах невозможности привлечения к дисциплинарной ответственности, акиматы районов предоставляют в областные территориальные органы статистики ведомства уполномоченного органа в течение тридцати календарных дней со дня получения информации об итогах уточнения достоверности данных похозяйственного учета.
      15. По итогам уточнения достоверности данных похозяйственного учета областными территориальными органами статистики ведомства уполномоченного органа на имя акима соответствующей области ежеквартально в течение десяти рабочих дней после отчетного квартала направляется информация о выявленных нарушениях с приложением ответов районных акиматов о наложении дисциплинарных взысканий.
      16. Информация о привлеченных к ответственности акимов поселков, сел, сельских округов по результатам проведения уточнения достоверности данных похозяйственного учета представляется областными территориальными органами статистики ведомства уполномоченного органа в ведомство уполномоченного органа в течение пятнадцати рабочих дней после отчетного квартала согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

Приложение 1                 
к Правилам проведения             
уточнения достоверности            
данных похозяйственного учета        

Форма           

ГУ «Департамент статистики _________________ области»
Управление статистики ________________________ района

                  АКТ НЕСООТВЕТСТВИЯ ИЛИ СООТВЕТСТВИЯ
      регистрационных записей по формам похозяйственного учета

_________________________ поселок, село, от «___» ______ 20__ года
                          сельский округ
_________________________ района

      Мы, нижеподписавшиеся, представители уполномоченного органа в
области государственной статистики:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
в присутствии Акима _________________________________________________
на основании статьи 12-1статьи 16 Закона Республики Казахстан от 19
марта 2010 года «О государственной статистике» и Предпринимательского
Кодекса Республики Казахстан осуществили сверку регистрационных
записей в формах похозяйственного учета.
      По результатам сверки выявлены следующие нарушения фактов
представления акимом недостоверных административных данных
уполномоченному органу в области государственной статистики,
предусмотренные статьей 499 Кодекса Республики Казахстан «Об
административных правонарушениях»:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Сроки устранения нарушений: в течение пяти рабочих дней со дня
подписания настоящего Акта.
Примечание (информация об исполнении предоставляется в течение десяти
рабочих дней после подписания настоящего Акта в территориальный орган
статистики).

Подписи ___________________________________    Место для печати
        ___________________________________
        ___________________________________

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) и подпись Акима ____________
_______________________________________________      Место для печати

Примечание (в случае отказа от подписи Акима, делается запись: «От
подписи отказался» и ставится дата).

Приложение 2                 
к Правилам проведения             
уточнения достоверности            
данных похозяйственного учета        

Форма           

           Информация о проведении уточнения достоверности
                  данных похозяйственного учета
                      за __________ 20__ года
                           (месяц)

Область _____________________________________________________________
Район _______________________________________________________________
Поселок, село, сельский округ _______________________________________

№ п/п

Наименование населенного пункта (поселок, село, сельский округ)

Общее количество домашних хозяйств

Количество выявленных несоответствий на первом этапе

Количество посещенных домашних хозяйств на втором этапе

Количество домашних хозяйств, в которых выявлены несоответствия

Принятые меры по устранению нарушений (внесены изменения в ПО ЭПХУ, выписан акт, вынесены административные взыскания, по итоговой справке, привлеченных к дисциплинарной ответственности)

1

2

3

4

5

6

7


Итого






Приложение 3                 
к Правилам проведения             
уточнения достоверности            
данных похозяйственного учета        

Форма           

            Информация о привлеченных к ответственности
                 акимов по результатам проведения
       уточнения достоверности данных похозяйственного учета
                  за ______ квартал 20__ года

Область _____________________________________________________________

№ п/п

Наименование района области

Количество сельских округов

Количество домашних хозяйств

Количество лиц, привлеченных

всего

посещенных

в которых выявлены несоответствия

посещенных

в которых выявлены несоответствия

к административной ответственности

к дисциплинарной ответственности

1

2

3

4

5

6

7

8

9





























Итого