РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139 бабынын 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілердің тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгенінен кейін он күнтiзбелiк күн оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3), және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму Министрі
__________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 28 қараша
Қазақстан Республикасы 2015 жылдың 25 қарашадағы № 665 Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген |
Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.01.2020 № 11 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
А блогі (Басқарушы персонал) | ||
А1 | 1 | ММ басшысы |
А1 | 1-1 | ММ басшысының орынбасары |
А2 | 1 | ММ құрылымдылық бөлімшелерінің басшылары |
А2 | 1-1 | ММ құрылымдылық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары |
В блогі (негізгі персонал) | ||
В2 | 4 | Санаты жоқ біліктілік деңгейі жоғары негізгі персоналдың мамандары: бухгалтер |
В3 | 4 | Санаты жоқ біліктілік деңгейі орташа негізгі персоналдың мамандары: бухгалтер |
Блог С (әкімшілік персонал) | ||
С2 | Әкімшілік функцияларды атқаратын бiлiктiлiк деңгейі жоғары мамандар: бухгалтер, кадр жөніндегі инспектор, заңгер | |
С3 | Әкімшілік функцияларды атқаратын бiлiктiлiк деңгейі орташа мамандар: бухгалтер, кадр жөніндегі инспектор, заңгер |
Ескерту: аббревиатураларды толық жазу:
ММ – мемлекеттік мекеме.
Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің бөлінуі
I. Республикалық маңызы бар мекемелерге:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Капиталмұнайгаз" мемлекеттік мекемесі жатады.