"Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 665 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 қаңтарда № 19890 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 665 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 12567 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 14 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 665 бұйрығымен
бекітілген

Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

А блогі (Басқарушы персонал)

А1

1

ММ басшысы

А1

1-1

ММ басшысының орынбасары

А2

1

ММ құрылымдылық бөлімшелерінің басшылары

А2

1-1

ММ құрылымдылық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

В блогі (негізгі персонал)

В2

4

Санаты жоқ біліктілік деңгейі жоғары негізгі персоналдың мамандары: бухгалтер

В3

4

Санаты жоқ біліктілік деңгейі орташа негізгі персоналдың мамандары: бухгалтер

Блог С (әкімшілік персонал)

С2


Әкімшілік функцияларды атқаратын бiлiктiлiк деңгейі жоғары мамандар: бухгалтер, кадр жөніндегі инспектор, заңгер

С3


Әкімшілік функцияларды атқаратын бiлiктiлiк деңгейі орташа мамандар: бухгалтер, кадр жөніндегі инспектор, заңгер

      Ескерту: аббревиатураларды толық жазу:

      ММ – мемлекеттік мекеме.

  Энергетика саласындағы
азаматтық қызметшілер
лауазымдарының тізіліміне
қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің бөлінуі

      I. Республикалық маңызы бар мекемелерге:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Капиталмұнайгаз" мемлекеттік мекемесі жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады