Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12696 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 365 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11464 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовқа жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
даму министрiнiң
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1017 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурсты (бұдан әрі – конкурс) бос лауазымы және (немесе) уақытша бос лауазымы бар қазынашылық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – ұйым) ұйымдастырады және өткізеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Азаматтық қызметші лауазымына кандидатты іріктеу кезінде қажетті бейін бойынша білімі, кәсіптік даярлық деңгейі, сондай-ақ азаматтық қызметшіге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі негізгі талаптар болып табылады.

      4. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі Кодекстің 16-бабының 16) тармақшасына сәйкес Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.

2-тарау. Азаматтық қызметке кіру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару жолымен жүзеге асырылады.

      Азаматтық қызметке конкурс бойынша кіруге конкурстық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) оң қорытындысы негіз болып табылады.

      Азаматтық қызметші лауазымына тағайындалу үшін өтініш беруші ұйымға Кодекстің 32-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      6-1. Азаматтық қызметке конкурстық негізде кіру конкурстық негізде алмастырылатын азаматтық қызметшілердің лауазымдарының тізбесіне сәйкес, ұйым басшысы айқындайтын бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Азаматтық қызметші лауазымына тағайындау адам тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.

      9. Қазыналық кәсіпорынның басшысын тағайындауды тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен жүзеге асырады.

      Қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасарларын лауазымға осы кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) тағайындайды.

      Лауазымға басшының ұсынуы бойынша тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) тағайындайтын қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы кәсіпорынның жарғысында белгіленеді.

      10. Азаматтық қызметші оның жазбаша өтініші бойынша тиісті ұйымдардың басшылары арасындағы келісімге сәйкес басқа мемлекеттік мекемеге (қазыналық кәсіпорын) жұмысқа ауыстырылады.

      11. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Ұйымда азаматтық қызметшінің бос лауазымы бар болған жағдайда, тиісті ұйым құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын ұйымның және тиісті саланың (жергілікті атқарушы органның) интернет - ресурсында хабарландыру орналастырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін қажетті құжаттарды табыс еткен адамдар конкурсқа қатысушылар болып табылады.

      14. Комиссияның шешімі негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.

      15. Комиссия кемінде бес адамнан (комиссия мүшелерінен) тұратын алқалы орган болып табылады.

      16. Комиссия төрағадан, хатшыдан (кадр қызметінің өкілі) және комиссия мүшелерінен тұрады.

      17. Қажет болған жағдайда конкурс өткізу жөніндегі комиссияның құрамына олардың келісімі бойынша мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

      18. Ұйым:

      1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурс өткізілетін күн мен орынды белгілейді;

      3) конкурс өткізу туралы хабарландыруды интернет-ресурста және ұйымның қаражаты есебінен мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етеді;

      4) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

      5) комиссияны қалыптастырады және өз ұйымының өкілдері қатарынан комиссия төрағасын тағайындайды;

      6) комиссия отырысын ұйымдастырады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) орналасқан жерін, поштаның мекенжайын, телефон және факс нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, конкурс өткізетін ұйымның атауы;

      2) негізгі функционалдық міндеттерін, еңбек ақы көлемі мен шарттарын белгілей отырып, бос лауазымдардың атауы;

      3) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;

      4) конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі;

      5) қажетті құжаттардың тізімі;

      6) әңгімелесуді өткізу орны.

      Егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізіліп жатса, бұл шарт конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

      1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

      4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

      6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

      Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

      Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

      Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.02.2021 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

      2) кандидаттармен әңгімелесулер өткізу;

      3) конкурстың қорытындысын шығару.

      22. Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді.

      23. Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Ұйым кандидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

      1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді. Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;

      2) біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.

      25. Комиссия кандидаттармен әңгімелесу жүргізген кезде кандидаттардың осы лауазымға функционалдық міндеттерді орындауына қажетті кәсіби білімдері айқындалады.

      26. Комиссия отырысы оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.

      26-1. Тараптардың келісуі бойынша әңгімелесу бейнебайланыстың қашықтық құралдары арқылы өтеді.

      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша шешім кандидаттың қатысуынсыз ашық дауыс беру жолымен бір күн ішінде қабылданады.

      28. Кандидат, егер оған комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытындыға ие болады. Дауыс берген кезде дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      29. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның кез-келген мүшесінің жазбаша түрде баяндалатын, комиссия отырысының хаттамасына қоса берілетін пікірін білдіреді.

      30. Комиссияның шешімі төраға мен комиссия мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      31. Ұйым әңгімелесуден өткен кандидаттарды конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның нәтижелері туралы жазбаша хабардар етеді. Хабарламамен бірге кандидаттарға ұйымның мөрімен (бар болса) куәландырылған комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі жіберіледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Комиссия конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша ұйымның басшысына конкурстың жеңімпазын азаматтық қызметші лауазымына қабылдау туралы ұсыныммен қоса комиссияның шешімін енгізеді.

      33. Егер конкурс нәтижесінде комиссия осы лауазымға орналасуға кандидаттарды анықтамаған болса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

      34. Комиссияның оң қорытындысына ие болған кандидатпен ұйымның басшысы еңбек шартын жасасады және азаматтық қызметке қабылдау туралы акт шығарады, онымен азаматтық қызметші таныстырылады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныстырылады.

      36. Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымданады.

Об утверждении Правил поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1017. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2015 года № 12696.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2021 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2016.

      В соответствии с подпунктом 23) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2021 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту труда и социального партнерства Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Признать утратившим силу приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 21 мая 2015 года № 365 "Об утверждении Правил поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11464, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" от 16 июля 2015 года).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Нурымбетова Б.Б.

      5. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова


  Утверждены
приказом Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 25 декабря 2015 года № 1017

Правила поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2021 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 23) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года (далее – Кодекс) и определяют порядок поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2021 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Конкурс на занятие вакантной должности гражданского служащего (далее – конкурс) организуется и проводится государственным учреждением, казенным предприятием, имеющим вакантную и (или) временно вакантную должность (далее – организация).

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Основными требованиями при отборе кандидата на должность гражданского служащего являются образование по необходимому профилю, уровень профессиональной подготовки, а также соответствие квалификационным требованиям, предъявляемым к гражданским служащим (далее – квалификационные требования).

      4. Квалификационные требования к работникам и сложность определенных видов работ устанавливаются на основе Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих, тарифно-квалификационных характеристик профессий рабочих, Квалификационного справочника должностей руководителей, специалистов и других служащих, а также типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций в соответствии с подпунктом 16) статьи 16 Кодекса.

Глава 2. Поступление на гражданскую службу

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Поступление на гражданскую службу осуществляется в соответствии с решением работодателя в порядке назначения или по конкурсу.

      6. Прием на гражданскую службу осуществляется путем заключения трудового договора и издания акта работодателя.

      Основанием для приема на гражданскую службу по конкурсу является положительное заключение конкурсной комиссии (далее – комиссия).

      Для назначения на должность гражданского служащего заявитель представляет в организацию документы, предусмотренные пунктом 1 статьи 32 Кодекса.

      6-1. Поступление на гражданскую службу на конкурсной основе осуществляется на вакантные и (или) временно вакантные должности в соответствии с перечнем должностей гражданских служащих, замещаемых на конкурсной основе, определяемым руководителем организации.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 6-1 в соответствии с приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      7. Исключен приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Назначение на должность гражданского служащего осуществляется при условии соответствия лица предъявляемым квалификационным требованиям к соответствующей вакантной должности.

      9. Назначение руководителя казенного предприятия осуществляется уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом) в порядке, утвержденном приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 70 "Об утверждении Правил назначения и аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10379).

      Заместители руководителя казенного предприятия назначаются на должность уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом) по представлению руководителя данного предприятия.

      Номенклатура работников казенного предприятия, назначаемых на должность уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом) по представлению руководителя, устанавливается в уставе предприятия.

      10. Гражданский служащий по его письменному заявлению переводится на работу в другое государственное учреждение (казенное предприятие) по согласованию между руководителями соответствующих организаций.

      11. Исключен приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Порядок проведения конкурса

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. В случае наличия в организации вакантной должности гражданского служащего, соответствующая организация размещает объявление о проведении конкурса в интернет-ресурсе организации и уполномоченного органа соответствующей отрасли (местного исполнительного органа) не менее чем за 15 календарных дней до даты завершения приема документов.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2021 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Участниками конкурса являются лица, подавшие необходимые документы до указанной в объявлении даты окончания приема документов.

      14. Кандидатами на занятие вакантной должности гражданского служащего (далее – кандидаты) являются участники конкурса, допущенные к собеседованию на основании решения комиссии.

      15. Комиссия является коллегиальным органом, состоящая из не менее пяти человек (членов комиссии).

      16. Комиссия состоит из председателя, секретаря (представитель кадровой службы) и членов комиссии.

      17. В случае необходимости в состав комиссии по проведению конкурса включаются представители государственных органов и других организаций по согласованию с ними.

      18. Организация:

      1) принимает решение о проведении конкурса;

      2) определяет дату и место проведения конкурса;

      3) обеспечивает публикацию объявления на интернет-ресурсе и в периодических печатных изданиях о проведении конкурса за счет средств организации;

      4) производит прием, регистрацию и хранение представленных для участия в конкурсе документов;

      5) формирует комиссию и назначает председателя комиссии из числа представителей своей организации;

      6) организует заседание Комиссии.

      Сноска. В пункт 18 вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2021 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      19. Объявление о проведении конкурса включает следующие сведения:

      1) наименование организации, проводящего конкурс, с указанием его местонахождения, почтового адреса, номеров телефонов и факса, адреса электронной почты;

      2) наименование вакантных должностей с обозначением основных функциональных обязанностей, размера и условий оплаты труда;

      3) основные требования к участнику конкурса, в соответствии с квалификационными требованиями;

      4) срок приема документов, который исчисляется со следующего рабочего дня после последней публикации объявления о проведении конкурса;

      5) перечень необходимых документов;

      6) место проведения собеседования.

      Если конкурс проводится на временно вакантную должность, данное условие указывается в объявлении о проведении конкурса.

      Сноска. Пункт 19 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2021 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20. Лицо, изъявившее желание принять участие в конкурсе, в сроки приема документов, указанные в объявлении, представляет в организацию нарочно или по почте следующие документы:

      1) заявление об участии в конкурсе с указанием перечня прилагаемых документов;

      2) копию документа, удостоверяющего личность;

      3) заполненный личный листок по учету кадров (с указанием адреса фактического места жительства и контактных телефонов);

      4) копии документов об образовании в соответствии с предъявляемыми к должности квалификационными требованиями;

      5) копию документа, подтверждающую трудовую деятельность;

      6) справку о состоянии здоровья по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21579).

      При поступлении на гражданскую службу, лицо представляет справку о наличии либо отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления.

      Отсутствие одного из указанных документов является основанием для возврата документов участнику конкурса.

      Участник конкурса при наличии представляет дополнительную информацию, касающуюся его образования, опыта работы, профессионального уровня (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, научных публикациях, рекомендации от руководства предыдущего места работы).

      Сноска. Пункт 20 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 19.02.2021 № 46 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Конкурс состоит из следующих этапов:

      1) квалификационная оценка участников конкурса;

      2) проведение собеседования с кандидатами;

      3) подведение итогов конкурса.

      22. Комиссия в течение пяти рабочих дней после даты завершения приема документов проводит квалификационную оценку соответствия участника квалификационным требованиям.

      23. По результатам оценки участников конкурса на предмет соответствия квалификационным требованиям, комиссия путем голосования принимает решение об утверждении списка кандидатов, соответствующих квалификационным требованиям и (или) об отказе в допуске к собеседованию.

      24. Организация в течение трех рабочих дней со дня утверждения списка кандидатов уведомляет участников конкурса:

      1) соответствующих квалификационным требованиям, об утверждении их в качестве кандидатов, о дате, времени и месте прохождения собеседования. При этом, дата проведения собеседования устанавливается с учетом обеспечения необходимого времени для прибытия кандидатов на собеседование;

      2) не соответствующих квалификационным требованиям, об отказе в допуске к собеседованию.

      25. При проведении комиссией собеседования с кандидатами определяются профессиональные знания кандидатов, необходимые для выполнения функциональных обязанностей к данной должности.

      26. Заседание комиссии проводится при условии присутствия не менее двух третей от общего его состава.

      26-1. По соглашению сторон собеседование проводится посредством дистанционных средств видеосвязи.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 26-1 в соответствии с приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.08.2020 № 345 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      27. Решение по итогам заседания комиссии принимается в отсутствие кандидата путем открытого голосования в течение одного дня.

      28. Кандидат получает положительное заключение в случае, если за него проголосовало большинство присутствующих из состава комиссии. В случае равенства голосов при голосовании решающим является голос председателя комиссии.

      29. В случае несогласия с решением комиссии любой член комиссии излагает свое мнение, в письменном виде, которое прилагается к протоколу заседания комиссии.

      30. Решение комиссии оформляется протоколом, который подписывается председателем и членами комиссии, а также секретарем, осуществляющим протоколирование.

      31. Организация письменно извещает кандидатов, прошедших собеседование, о результатах конкурса в течение трех рабочих дней со дня его завершения. Вместе с извещением, кандидатам направляется копия протокола заседания комиссии заверенная печатью организации (при ее наличии).

      Сноска. В пункт 31 вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2021 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      32. Комиссия по итогам конкурсного отбора вносит руководителю организации решение комиссии с рекомендацией о принятии на должность гражданского служащего победителя конкурса.

      33. Если в результате конкурса комиссией не были выявлены кандидаты на занятие данной должности, конкурс признается несостоявшимся.

      34. С кандидатом, получившим положительное заключение комиссии, руководитель организации заключает трудовой договор и издает акт о приеме на гражданскую службу, с которым гражданский служащий ознакамливается.

      Сноска. В пункт 34 вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется, в соответствии с приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2021 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      35. Участники конкурса и кандидаты в части, их касающейся ознакамливаются с конкурсными документами и решениями комиссии.

      36. Решение комиссии обжалуется участниками и кандидатами конкурса в судебном порядке.