Ротацияға жататын қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 724 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12761 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ротацияға жататын қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдардың тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ротацияға жататын қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 724 бұйрығына
1-қосымша

Ротацияға жататын мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орталық аппаратында басқарма басшысы;

      Комитеттің аумақтық органдарында:

      құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттері басшысының орынбасары;

      басқарма басшысы.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 724 бұйрығына
2-қосымша

Ротацияға жататын қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ауыстыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Ротацияға жататын, басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді ауыстыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Ротация – қызмет мүддесіне орай кадрлық әлеуетті ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын, басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлерді жоспарлы ауыстыру.

Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) қызметкерлерін ауыстыру тәртібі

      Ескерту. Бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуеттің тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында басшылық лауазымын атқаратын қызметкерлердің ротациясы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ротацияға Комитеттің және оның аумақтық органдарының ЭТҚ қызметкерлері жатады.

      5. ЭТҚ қызметкерлерінің ротациясы Комитет төрағасының шешімі бойынша жоспарлы негізде бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

      6. ЭТҚ қызметкерлерін ротациялау мынадай схема бойынша жүйелі негізде өткізіледі:

      1) деңгейаралық ("орталық-өңір", "өңір-орталық");

      2) өңірааралық ("өңір-өңір");

      3) сектораралық ("орталық-орталық").

      7. ЭТҚ қызметкерлеріне ротациялауды жүргізу бойынша, оның ішінде қызметкерлерді ротациялау бойынша жоспар жобаларын жасау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру Комитеттің кадр қызметіне кемінде бес жылға жүктеледі.

      8. Ротациялау жоспар жобасында ЭТҚ қызметкерлері туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) ЭТҚ қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      2) ЭТҚ қызметкерінің лауазымы, біліктілік сыныбы;

      3) аталған басшылық лауазымда ротациялаудың жоспарланған мерзімі;

      4) отбасы жағдайы және отбасы мүшелерінің саны;

      5) ЭТҚ қызметкерін қызметтік тұрғын үй-жаймен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ақпарат.

      9. ЭТҚ қызметкерлеріне ротациялауды жүргізу жоспары құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Комитет төрағасы орынбасарымен, аумақтық қаржы мониторингі органдарының басшыларымен келіседі және Комитет төрағасы бекітеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Жоспарды бекіту ЭТҚ қызметкерлеріне ротациялауды жүргізу кезеңі болғанға дейін кемінде үш ай бұрын жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.01.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. ЭТҚ қызметкерлерін ротациялау бойынша шешім қабылдаған кезде олардың қызметін бағалау нәтижесі есепке алынады (жұмыс тәжірибесі, кәсіби жетістіктері, кәсіби құзыреттілік деңгейі, біліктілігін арттыруы).

      12. Ротациялау жоспарына енгізілген ЭТҚ қызметкерлері ол бекітілгеннен кейін үш күндік мерзімде жоспармен таныстырылады.

      Ротациялау бойынша қабылданған шешім жеке құрам бойынша Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

      13. ЭТҚ қызметкерін ротациялау тәртібінде басқа елді-мекенге тағайындау туралы мәселені шешкен кезде, тиісті қаржы мониторингі органының кадр қызметі ЭТҚ қызметкерін тағайындағанға дейін кем дегенде 10 күнтізбелік күн бұрын қызметкердің тағайындалуы жоспарланған тиісті қаржы мониторингі органына (Комитетке немесе аумақтық органына) тұрғын үй қажеттілігі туралы уәжді ақпаратты жолдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жоспардан тыс жүзеге асырылатын ЭТҚ басшылық лауазымдарына ЭТҚ қызметкерін тағайындау ротация болып табылмайды.

      15. ЭТҚ қызметкерін басқа елді-мекендегі қызметке ротациялауға қызметкердің жазбаша келісімімен, ал қызмет мүддесінде – лауазымында болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің жазбаша келісімінсіз жол беріледі.

      16. Басқа елді-мекенге көшумен байланысты ротациялауға мүгедек балалары (қамқоршы болып табылатын), оның ішінде асырап алған ұлдары (қыздары) немесе асырауында қарт ата-аналары, не онымен бірге тұрақты тұратын және 1 және 2-топ мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар қызметкерлер жатпайды.

      Көрсетілген мән-жайлар құжаттармен расталуы тиіс.

      17. ЭТҚ қызметкерін ауыстыру, бір басшылық лауазымнан ЭТҚ басшылық лауазымы бойынша бұрынғы лауазымдағы бірдей біліктілік сыныбы мен жалақысын көздейтін басқа тең дәрежелі лауазымға жүргізіледі.

Об утверждении Перечня руководящих должностей оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований), подлежащих ротации, и Правил их перемещения

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 724. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2015 года № 12761. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 6 января 2022 года № 5.

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по финансовому мониторингу от 06.01.2022 № 5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2019 № 121 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О правоохранительной службе" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Перечень руководящих должностей оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований), подлежащих ротации, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила перемещения сотрудников оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований), занимающих руководящие должности, подлежащих ротации, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2019 № 121 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр финансов


Республики Казахстан

Б. Султанов


  Приложение 1
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 декабря 2015 года № 724

Перечень руководящих должностей оперативно-следственных подразделений органов государственных доходов (служба экономических расследований), подлежащих ротации

      Сноска. Приложение 1 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2019 № 121 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В центральном аппарате Комитета по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет) руководитель управления;

      В территориальных органах Комитета:

      заместитель руководителя Департаментов экономических расследований по областям, городам республиканского значения и столицы, курирующий правоохранительную деятельность;

      руководитель управления.

  Приложение 2
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 декабря 2015 года № 724

Правила перемещения сотрудников оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований), занимающих руководящие должности, подлежащих ротации

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2019 № 121 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила перемещения сотрудников, занимающих руководящие должности, подлежащих ротации (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О правоохранительной службе".

      2. Ротация – плановое перемещение сотрудников, занимающих руководящие должности, осуществляемое в целях оптимального использования кадрового потенциала в интересах службы.

Порядок перемещения сотрудников оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)

      Сноска. Заголовок раздела в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2019 № 121 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. В целях обеспечения эффективного использования профессионального потенциала при прохождении службы в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) (далее – СЭР) осуществляется ротация сотрудников, занимающих руководящие должности (далее – сотрудники).

      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2019 № 121 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Ротации подлежат сотрудники СЭР Комитета и его территориальных органов.

      5. Ротация сотрудников СЭР осуществляется на плановой основе по решению Председателя Комитета один раз в пять лет.

      6. Ротация сотрудников СЭР проводится на системной основе по следующим схемам:

      1) межуровневая ("центр-регион", "регион-центр");

      2) межрегиональная ("регион-регион");

      3) межсекторальная ("центр-центр").

      7. Организация мероприятий по проведению ротации сотрудников СЭР, в том числе по составлению проектов плана по ротации сотрудников возлагается на кадровую службу Комитета не менее чем на пять лет.

      8. В проекте плана ротации отражаются следующие сведения о сотрудниках СЭР:

      1) фамилия, имя, отчество (при его наличии) сотрудника СЭР;

      2) должность сотрудника СЭР, квалификационный класс;

      3) планируемый срок ротации в данной руководящей должности;

      4) семейное положение и количество членов семьи;

      5) информация о необходимости обеспечения сотрудника СЭР служебным жилым помещением.

      9. План проведения ротации согласовывается с заместителем председателя Комитета, курирующего правоохранительную деятельность, руководителями территориальных органов по финансовому мониторингу сотрудников СЭР и утверждается председателем Комитета.

      Сноска. Пункт 9 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2019 № 121 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Утверждение плана осуществляется не менее чем за три месяца до наступления периода проведения ротации сотрудников СЭР.

      Сноска. Пункт 10 в редакции приказа Министра финансов РК от 05.01.2017 № 3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      11. При принятии решения по ротации сотрудников СЭР учитывается результат оценки их деятельности (опыт работы, профессиональные достижения, уровень профессиональной компетентности, повышение квалификации).

      12. Сотрудники СЭР, включенные в план ротации, ознакамливаются с планом в трехдневный срок после его утверждения.

      Принятое решение по ротации оформляется приказом председателя Комитета по личному составу.

      13. При решении вопроса о назначении сотрудника СЭР в порядке ротации в другую местность, кадровая служба соответствующего органа по финансовому мониторингу не позднее, чем за 10 календарных дней до назначения сотрудника СЭР направляет в соответствующий орган по финансовому мониторингу (в Комитет или территориальный орган), в котором планируется назначение сотрудника, мотивированную информацию о потребности в жилье.

      Сноска. Пункт 13 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2019 № 121 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Назначения сотрудника СЭР на руководящие должности СЭР, осуществляемые вне плана, ротацией не являются.

      15. Ротация сотрудника СЭР на службу в другую местность допускается с письменного согласия сотрудника, а в интересах службы – независимо от срока пребывания на должности и без письменного согласия сотрудника.

      16. Ротации, связанные с переездом в другую местность, не подлежат сотрудники СЭР, имеющие (являющиеся опекунами) детей инвалидов, в том числе усыновленных (удочеренных) или на иждивении которых находятся престарелые родители, либо члены семьи, постоянно проживающие с ними и имеющие инвалидность 1 и 2 группы.

      Указанные обстоятельства подтверждается документально.

      17. Перемещение сотрудника СЭР проводится из одной руководящий должности на другую равнозначную руководящую должность, предусматривающую равные по прежней должности квалификационный класс и оклад по руководящей должности СЭР.