Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26495 болып тіркелді

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 4-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 Бұйрыққа
1-қосымша

Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесі

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) орталық аппаратында басқарма басшысы;

      Агенттіктің аумақтық органдарында:

      құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттері басшысының орынбасары;

      басқарма басшысы.

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 Бұйрыққа
2-қосымша

Ротацияға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел- тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ауыстыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ротацияға жататын, басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлерді ауыстырудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Ротация – қызмет мүддесі үшін кадрлық әлеуетті оңтайлы пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлерді жоспарлы ауыстыру.

2-тарау. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелері (экономикалық тергеу қызметі) қызметкерлерінің ауысу тәртібі

      3. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуетті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлердің (бұдан әрі - қызметкерлер) ротациясы жүзеге асырылады.

      4. Ротацияға Агенттіктің және оның аумақтық органдарының ЭТҚ қызметкерлері жатады.

      5. ЭТҚ қызметкерлерінің ротациясы Агенттік төрағасының шешімі бойынша жоспарлы негізде бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

      6. ЭТҚ қызметкерлерінің ротациясы келесі схема бойынша жүйелі негізде өткізіледі:

      1) деңгейаралық ("орталық-өңір", "өңір-орталық");

      2) өңірааралық ("өңір-өңір");

      3) сектораралық ("орталық-орталық").

      7. ЭТҚ қызметкерлеріне ротациялауды жүргізу бойынша, оның ішінде қызметкерлерді ротациялау бойынша жоспар жобаларын жасау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру Агенттіктің кадр қызметіне кемінде бес жылға жүктеледі.

      8. Ротациялау жоспар жобасында ЭТҚ қызметкерлері туралы келесі мәліметтер көрсетіледі:

      1) ЭТҚ қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі;

      2) ЭТҚ қызметкерінің лауазымы, біліктілік сыныбы;

      3) аталған басшылық лауазымында ротациялаудың жоспарланған мерзімі;

      4) отбасы жағдайы және отбасы мүшелерінің саны;

      5) ЭТҚ қызметкерін қызметтік тұрғын үй-жаймен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ақпарат.

      9. ЭТҚ қызметкерлеріне ротациялауды жүргізу жоспары құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарымен, аумақтық қаржылық мониторинг органдарының басшыларымен келісіледі және Агенттік төрағасымен бекітіледі.

      10. Жоспарды бекіту ЭТҚ қызметкерлеріне ротациялауды жүргізу кезеңі болғанға дейін кемінде үш ай бұрын жүзеге асырылады.

      11. ЭТҚ қызметкерлерін ротациялау бойынша шешім қабылдаған кезде олардың қызметін бағалау нәтижесі есепке алынады (жұмыс тәжірибесі, кәсіби жетістіктері, кәсіби құзыреттілік деңгейі, біліктілігін арттыруы).

      12. Ротациялау жоспарына енгізілген ЭТҚ қызметкерлері жоспармен, бекітілгеннен кейін, үш күндік мерзімде таныстырылады.

      Ротациялау бойынша қабылданған шешім жеке құрам бойынша Агенттік төрағасының бұйрығымен рәсімделеді.

      13. ЭТҚ қызметкерін ротациялау тәртібінде басқа елді-мекенге тағайындау туралы мәселені шешкен кезде, тиісті қаржылық мониторинг органының кадр қызметі ЭТҚ қызметкерін тағайындағанға дейін кем дегенде 10 күнтізбелік күн бұрын қызметкердің тағайындалуы жоспарланған тиісті қаржылық мониторинг органына (Агенттікке немесе аумақтық органға) тұрғын үй қажеттілігі туралы уәжді ақпаратты жолдайды.

      14. ЭТҚ қызметкерін жоспардан тыс жүзеге асырылатын ЭТҚ басшылық лауазымдарына тағайындау ротация болып табылмайды.

      15. ЭТҚ қызметкерін басқа елді-мекендегі қызметке ротациялауға қызметкердің жазбаша келісімімен, ал қызмет мүддесінде – лауазымында болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің жазбаша келісімінсіз жол беріледі.

      16. Басқа елді-мекенге көшумен байланысты ротациялауға мүгедек балалары (қамқоршы болып табылатын), оның ішінде асырап алған балалары немесе асырауында қарт ата-аналары, не онымен бірге тұрақты тұратын және 1 және 2-топ мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар қызметкерлер жатпайды.

      Көрсетілген мән-жайлар құжаттармен расталуы тиіс.

      17. ЭТҚ қызметкерін ауыстыру, бір басшылық лауазымнан ЭТҚ басшылық лауазымы бойынша бұрынғы лауазымдағы бірдей біліктілік сыныбы мен жалақысын көздейтін басқа тең дәрежелі лауазымға жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 Бұйрыққа
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ротациялауға жататын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшы лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 724 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12761 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 966 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17714 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 4-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 8-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады