Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.10.2016 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 29-бабының 8-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (бұдан әрі - Ұлттық бюро) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;
4) осы бұйрықтың Ұлттық бюроның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық бюроның Төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т.Донақов
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 22 бұйрығымен бекітілген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын (бұдан әрі - Жұмыс стандарттары) белгілеу тәртібін анықтайды.
2. Жұмыс стандарттарын белгілеудің мақсаттары:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің учаскелеріндегі және бағыттарындағы әрекеттерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізу;
2) қызметтің нақты учаскелеріндегі, бағыттарындағы қызметкерлердің міндеттерін, әрекет ету тәртібін, өкілеттіктерін және салаларын нақтылау;
3) қызметке бірінші рет, сондай-ақ басқа лауазымдарға жаңа тағайындалған қызметкерлердің бейімделуінің тиімді процесін қамтамасыз ету;
3. Жұмыс стандарттарын әзірлеу қызметтік іс-әрекетті, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ержелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізінде жүргізіледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) біліктілік деңгейі – еңбек әрекеттерінің күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
2) жұмыс стандарты – қызметкер әрекетінің нақты учаскідегі міндеттерді орындау бойынша, сондай-ақ оның атқарған жұмысының нәтижелеріне қойылатын талаптардың қадамдық алгоритмі;
3) құзыреттілік – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің нақты лауазымында қызметтік іс-әрекетті тиімді орындау үшін қажетті білімнің, машықтықтар мен дағдылардың жиынтығы;
4) лауазым – нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттіктер шеңбері жүктелген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің құрылымдық штат бірлігі.
2. Жұмыс стандарттарының құрылымы
5. Жұмыс стандарттары мынадай бөлімдерден құрылады:
1) жалпы ережелер – өзіне жұмыстың нақты учаскесіндегі қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің түпкілікті тізбесін қамтиды;
2) лауазымға кіру рәсімі – жұмыс ерекшелігімен танысу тәртібі;
3) іс-әрекеттің алгоритмі – қойылған міндеттерді шешу және соңғы нәтижеге қол жеткізу үшін кезекті іс-әрекеттер жүйесі;
4) жұмыс нәтижелеріне қойылатын талаптар – қызметтік іс-әрекетіндегі жетістіктердің көрсеткіштері;
5) қызметкерді атқарып отырған лауазымынан босату кезінде қызметтік құжаттарды тапсыру рәсімі – қабылдау-тапсыру актісі бойынша қызметтік құжаттарды тапсыру бойынша қызметкердің әрекеті;
6) қызметкердің атқарған жұмысы туралы есеп беру рәсімдері – есеп беру тәртібі;
7) жұмыс стандарттарына қосымша түріндегі процестік құжаттардың үлгісі.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлеріне арналған жұмыс стандарттарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің құрылымдық бөлімшелері әзірлейді және олардың басшылары бекітеді.
7. Жұмыс стандарттарын белгілеу бойынша жұмысты жалпы үйлестіру, сондай-ақ олардың сақталуын бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктеледі.
8. Жұмыс стандарттарын сақтау (сақтамау) туралы ақпарат қызметкерлерді аттестаттау, жұмысын бағалау кезінде қолданылады.
9. Бекітілген стандарттар қызметкерге жүктелген функцияларға байланысты өзгертіледі (толықтырылады).