Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12771 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 18 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.10.2016 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 29-бабының 8-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын белгілеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (бұдан әрі - Ұлттық бюро) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;
      4) осы бұйрықтың Ұлттық бюроның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық бюроның Төрағасы  Қ.П. Қожамжаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Т.Донақов

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы   
№ 22 бұйрығымен бекітілген   

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын белгілеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын (бұдан әрі - Жұмыс стандарттары) белгілеу тәртібін анықтайды.
      2. Жұмыс стандарттарын белгілеудің мақсаттары:
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің учаскелеріндегі және бағыттарындағы әрекеттерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізу;
      2) қызметтің нақты учаскелеріндегі, бағыттарындағы қызметкерлердің міндеттерін, әрекет ету тәртібін, өкілеттіктерін және салаларын нақтылау;
      3) қызметке бірінші рет, сондай-ақ басқа лауазымдарға жаңа тағайындалған қызметкерлердің бейімделуінің тиімді процесін қамтамасыз ету;
      3. Жұмыс стандарттарын әзірлеу қызметтік іс-әрекетті, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ержелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізінде жүргізіледі.
      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) біліктілік деңгейі – еңбек әрекеттерінің күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
      2) жұмыс стандарты – қызметкер әрекетінің нақты учаскідегі міндеттерді орындау бойынша, сондай-ақ оның атқарған жұмысының нәтижелеріне қойылатын талаптардың қадамдық алгоритмі;
      3) құзыреттілік – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің нақты лауазымында қызметтік іс-әрекетті тиімді орындау үшін қажетті білімнің, машықтықтар мен дағдылардың жиынтығы;
      4) лауазым – нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттіктер шеңбері жүктелген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің құрылымдық штат бірлігі.

2. Жұмыс стандарттарының құрылымы

      5. Жұмыс стандарттары мынадай бөлімдерден құрылады:
      1) жалпы ережелер – өзіне жұмыстың нақты учаскесіндегі қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің түпкілікті тізбесін қамтиды;
      2) лауазымға кіру рәсімі – жұмыс ерекшелігімен танысу тәртібі;
      3) іс-әрекеттің алгоритмі – қойылған міндеттерді шешу және соңғы нәтижеге қол жеткізу үшін кезекті іс-әрекеттер жүйесі;
      4) жұмыс нәтижелеріне қойылатын талаптар – қызметтік іс-әрекетіндегі жетістіктердің көрсеткіштері;
      5) қызметкерді атқарып отырған лауазымынан босату кезінде қызметтік құжаттарды тапсыру рәсімі – қабылдау-тапсыру актісі бойынша  қызметтік құжаттарды тапсыру бойынша қызметкердің әрекеті;
      6) қызметкердің атқарған жұмысы туралы есеп беру рәсімдері – есеп беру тәртібі;
      7) жұмыс стандарттарына қосымша түріндегі процестік құжаттардың үлгісі.
      6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлеріне арналған жұмыс стандарттарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің құрылымдық бөлімшелері әзірлейді және олардың басшылары бекітеді.
      7. Жұмыс стандарттарын белгілеу бойынша жұмысты жалпы үйлестіру, сондай-ақ олардың сақталуын бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктеледі.
      8. Жұмыс стандарттарын сақтау (сақтамау) туралы ақпарат қызметкерлерді аттестаттау, жұмысын бағалау кезінде қолданылады.
      9. Бекітілген стандарттар қызметкерге жүктелген функцияларға байланысты өзгертіледі (толықтырылады).

Об утверждении Правил установления стандартов работ антикоррупционной службы

Приказ Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 22. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2015 года № 12771. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 октября 2016 года № 18

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21.10.2016 № 18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 8 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О правоохранительной службе», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила установления стандартов работ антикоррупционной службы.
      2. Национальному бюро по противодействию коррупции Министерства Республики Казахстан по делам государственной службы
(далее – Национальное бюро) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) доведение настоящего приказа до сведения структурных и территориальных подразделений Национального бюро.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Национального бюро Кожамжарова К.П.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.  

      Министр                                    Т. Донаков

Утверждены           
приказом Министра        
Республики Казахстан       
по делам государственной службы
от 30 декабря 2015 года № 22 

Правила установления стандартов работ
      антикоррупционной службы 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления стандартов работ антикоррупционной службы (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 8 статьи 29 Закона Республики Казахстан
«О правоохранительной службе» и определяют порядок установления стандартов работ антикоррупционной службы (далее – Стандарты работ).
      2. Целями установления Стандартов работ является:
      1) достижение оптимальной степени упорядочения действий на участках и направлениях деятельности антикоррупционной службы;
      2) конкретизация задач, порядка действий, полномочий и сфер ответственности сотрудников на конкретных участках, направлениях деятельности;
      3) обеспечение эффективного процесса адаптации сотрудников, впервые поступивших на службу, а также вновь назначенных на другие должности.
      3. Разработка Стандартов работ проводится на основе нормативных правовых актов, регламентирующих служебную деятельность, Закона 
«О противодействии коррупции», положений о структурных и территориальных подразделениях Национального бюро по противодействию коррупции Министерства Республики Казахстан по делам государственной службы, функциональных обязанностей сотрудников антикоррупционной службы.
      4. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) квалификационный уровень – совокупность требований к компетенциям сотрудников, дифференцируемых по параметрам сложности, нестандартности трудовых действий, ответственности и самостоятельности;
      2) стандарт работ - пошаговый алгоритм действий сотрудника по выполнению задач на конкретном участке, а также требования к результатам выполненной им работы;
      3) компетенция – совокупность знаний, умений и навыков, необходимых для эффективного выполнения служебной деятельности на конкретной должности антикоррупционной службы;
      4) должность – структурная штатная единица антикоррупционной службы, на которую возложен установленный нормативными правовыми актами круг должностных полномочий.

2. Структура Стандартов работ

      5. Стандарты работ состоят из следующих разделов:
      1) общие положения – включают в себя исчерпывающий перечень нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность на конкретном участке работы;
      2) процедура вхождения в должность – порядок ознакомления со спецификой работы;
      3) алгоритм действий - система последовательных действий для решения поставленных задач и достижения конечного результата;
      4) требования к результатам работы - показатели достижений в служебной деятельности;
      5) процедура передачи служебных документов при освобождении сотрудника от занимаемой должности – действия сотрудника по передаче служебных документов по акту приема-передачи;
      6) процедура отчетности сотрудника о проделанной работе – порядок отчета;
      7) образцы процессуальных документов в виде приложений к Стандартам работ.
      6. Стандарты работ для сотрудников антикоррупционной службы разрабатываются структурными подразделениями антикоррупционной службы и утверждаются их руководителями.
      7. Общая координация работы по установлению Стандартов работ, а также контроль за их соблюдением возлагается на руководителей структурных подразделений антикоррупционной службы.
      8. Информация о соблюдении (несоблюдении) Стандартов работ используются при аттестации, оценке работы сотрудников.
      9. Утвержденные стандарты изменяются (дополняются) в зависимости от возложенных на сотрудника функций.