Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12797 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 30.06.2016 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 14-бабы 9-тармағының 2-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Қазанғап Т.Б.):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы
      _____________ З. Баймолдина
      2015 жылғы 31 желтоқсан

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму    
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсандағы  
№ 1272 бұйрығымен бекітілді 

Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік
құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық
актілердің интернет-порталында орналастыру және
жария талқылау қағидалары 1. Жалпы ереже

      1. Осы Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының 17-бабы 4-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 14-бабы 9-тармағының екінші бөліміне сәйкес әзірленген, заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау қағидаларын анықтайды.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
      1) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыруды қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы;
      2) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі–АЖО) – ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылатын баптаулар мен контентті басқару үшін арналған, «электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын қосымша;
      3) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      4) қолжетімділігі шектеулі ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат;
      5) нормативтiк құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат, сондай-ақ жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
      6) «электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – Оператор) – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
      7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және басқа да қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
      8) «on-line» режимі – нақты уақытта ақпаратпен алмасу.

2. Заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік
құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық
актілердің интернет-порталында орналастыру тәртібі

      3. Порталда қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұрмайтын заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оларға түсіндірме жазбалары мен анықтама-негіздемесімен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) (бұдан әрі – жобалар) орналастырылады.
      4. Порталда жобаларды орналастыру оларды мүдделі мемлекеттік органдарға келісімге жібергенге дейін жүргізіледі.
      5. Порталда жобаларды орналастыру күні және жария талқылау мерзімі жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдармен өз бетінше анықталады. Бұл ретте, Порталда жобалардың жария талқылау мерзімі оларды Порталда орналастыру күнінен бастап есептегенде он жұмыс күнінен кем болмауы керек.
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте заң жобалары шұғыл немесе басымды деп айқындалған жағдайда заң жобаларының жария талқылау мерзімі бес жұмыс күніне дейін қысқартылуы мүмкін.
      6. Жобалар Порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады. Жобалар АЖО арқылы мемлекеттік органдармен өздігінен анықталатын жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен орналастырылады. Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар қызметкерлеріне АЖО-ға қолжетімділік жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар өтінімі негізінде оператормен ұсынылады.
      Оператор жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлерін АЖО-мен жұмыс істеу тәртібіне үйретеді.

3. Заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік
құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық
актілердің интернет-порталында жария талқылау тәртібі

      7. Порталда жобаларды жария талқылау мынадай шарттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жария талқылау үшін орналастырылған жобаларға «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ақпарат пайдаланушыларынан ұсыныстар тек жобалардың нақты құрылымдық бөліктеріне қатысты және қысқаша негіздемемен электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландырусыз қабылданады;
      2) жобаның таңдалған бабына немесе басқа құрылымдық бөлігіне ұсыныстарды жіберу кезінде балағат сөздерді, тіл тигізулерді, жарнамаларды, сондай-ақ заң жобасы тұжырымдамасының жобасына немесе нормативтік құқықтық акт жобасына қатысы жоқ басқа да ақпаратты қолдану рұқсат етілмейді.
      8. Оператор «электрондық үкіметтің» веб-порталын ақпараттық толтыруды жүзеге асыру шеңберінде орналастырылған жобаларды жария талқылауға белгіленген шарттардың сақталуына мониторинг жүргізеді.
      9. Оператор бір жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушылар ұсыныстарының осы Қағиданың 8-тармағына сәйкестігіне тексеріс жүргізеді және ұсыныстарды жариялау туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағиданың 8-тармағына сәйкес келмеген жағдайда оператор негіздемені көрсетіп, жариялаудан бас тартады.
      10. Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар ақпарат пайдаланушылардың ұсыныстарын орналастырылған жобалардың жария талқылауы аяқталған күннен кейін он жұмыс күнінен көп емес мерзімде қарастырады және ақпарат пайдаланушылардың ұсыныстарын қабылдау немесе бас тарту негіздемесін көрсете отырып, оларды қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
      Қағиданың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң және жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдарда ақпарат пайдаланушылардың ұсыныстарын қарастыру нәтижелеріне сәйкес көрсетілген мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері АЖО арқылы жобаларды жария талқылаудың аяқталуы туралы есептің (бұдан әрі – есеп) алғашқы нұсқасын осы Қағиданың қосымшасында көрсетілген нысан бойынша қалыптастырады және Порталда жариялайды.
      Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдармен Порталда есепті жариялаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде олар анықтаған уақыт аралығында on-line режимінде жарияланған есепті ескерумен жобаларды қосымша жария талқылау жүргізіледі. Жобаларды қосымша жария талқылау аяқталғаннан соң жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері есептің соңғы нұсқасын қалыптастырады және Порталда жариялайды.

Заң жобалары тұжырымдамаларының     
жобаларын және нормативтік құқықтық   
актілердің жобаларын ашық нормативтік  
құқықтық актілердің интернет-порталында
орналастыру және жария талқылау     
қағидаларына қосымша           

Нысан

Жобаларды жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп

«__________________________________________________________________»
   (заң жобасы тұжырымдамасының немесе нормативтік құқықтық акті
                         жобасының атауы)

Есептің қалыптасу күні:
Жоба «үшін» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:
Жобаға «қарсы» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:
Ұсыныстардың барлық саны:
Жауаптардың барлық саны:
(Ұсыныс) «үшін» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:
(Ұсынысқа) «қарсы» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:
Нормативтік құқықтық акт түрі:
Санаты:
Мемлекеттік орган:

р/с

Құрылу күні

Нормативтік құқықтық актінің түсінік берілген құрылымдық бөлігі

Ақпарат пайдаланушы ұсынысының мәтіні

Мемле кеттік орган ның жауап мәтіні

Ұсыныс «үшін» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың саны

Ұсынысқа «қарсы» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың саны








Об утверждении Правил размещения и публичного обсуждения проектов концепций законопроектов и проектов нормативных правовых актов на интернет-портале открытых нормативных правовых актов

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1272. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2015 года № 12797. Утратил силу приказом Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 30 июня 2016 года № 22

      Сноска. Утратил силу приказом Министра информации и коммуникаций РК от 30.06.2016 № 22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с частью второй пункта 9 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила размещения и публичного обсуждения проектов концепций законопроектов и проектов нормативных правовых актов на интернет-портале открытых нормативных правовых актов.
      2. Комитету связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Қазанғап Т.Б.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет», а также в Республиканский центр правовой информации для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности Министра
      по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       Ж. Касымбек

     
«СОГЛАСОВАН»
Исполняющий обязанности
Министра юстиции
Республики Казахстан
_____________ З. Баймолдина
31 декабря 2015 года
 

Утверждены             
приказом исполняющего обязанности
Министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан       
от 30 декабря 2015 года № 1272   

Правила
размещения и публичного обсуждения проектов концепций законопроектов и проектов нормативных правовых актов на интернет-портале открытых нормативных правовых актов

1. Общие положения

       1. Настоящие Правила размещения и публичного обсуждения проектов концепций законопроектов и проектов нормативных правовых актов на интернет-портале открытых нормативных правовых актов (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года «О доступе к информации» и частью второй пункта 9 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах» и определяют порядок размещения и публичного обсуждения проектов концепций законопроектов и проектов нормативных правовых актов на интернет-портале открытых нормативных правовых актов.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия и сокращения:
      1) интернет-портал открытых нормативных правовых актов (далее – Портал) – компонент веб-портала «электронного правительства», обеспечивающий размещение проектов концепций законопроектов и нормативных правовых актов;
      2) автоматизированное рабочее место интернет-портала открытых нормативных правовых актов (далее – АРМ) – предоставляемое оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства» приложение, предназначенное для управления настройками и контентом, который размещается на интернет-портале открытых нормативных правовых актов;
      3) пользователь информации – физическое или юридическое лицо, запрашивающее и (или) использующее информацию;
      4) информация с ограниченным доступом – информация, отнесенная к государственным секретам, личной, семейной, врачебной, банковской, коммерческой и иным охраняемым законом тайнам, а также служебная информация с пометкой «Для служебного пользования»;
      5) нормативный правовой акт – письменный официальный документ установленной формы, принятый на референдуме либо уполномоченным органом или должностным лицом государства, устанавливающий правовые нормы, изменяющий, прекращающий или приостанавливающий их действие, а также документ в электронно-цифровой форме, идентичный письменному официальному документу и удостоверенный посредством электронной цифровой подписи;
      6) оператор информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства» (далее – Оператор) – юридическое лицо, определяемое Правительством Республики Казахстан, на которое возложено обеспечение функционирования закрепленной за ним информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»;
      7) веб-портал «электронного правительства» – информационная система, представляющая собой единое окно доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным и иным услугам, оказываемым в электронной форме;
      8) режим «on-line» – обмен информаций в реальном времени.

2. Порядок размещения проектов концепций законопроектов и проектов нормативных правовых актов на интернет-портале открытых нормативных правовых актов

      3. На Портале размещаются проекты концепций законопроектов и проекты нормативных правовых актов вместе с пояснительными записками,  справками–обоснованиями и сравнительными таблицами к ним (в случаях изменений и (или) дополнений в законодательные акты) (далее - проекты), не содержащие информацию с ограниченным доступом.
      4. Размещение проектов на Портале проводится до их направления на согласование в заинтересованные государственные органы.
      5. Дата размещения и срок для публичного обсуждения проектов на Портале определяются государственными органами–разработчиками проектов самостоятельно. При этом срок для публичного обсуждения проектов на Портале не может быть менее десяти рабочих дней с даты их размещения на Портале.
      В случае определения проектов законов срочными или приоритетными в установленном законодательством Республики Казахстан порядке срок для публичного обсуждения проектов законов может быть сокращен до пяти рабочих дней.
      6. Проекты на Портале размещаются на казахском и русском языках. Проекты размещаются посредством АРМ сотрудниками государственных органов-разработчиков проектов, которые определяются государственными органами самостоятельно. Доступ к АРМ сотрудникам государственных органов-разработчиков проектов предоставляется оператором на основании заявок государственных органов–разработчиков проектов.
      Оператор проводит обучение уполномоченных сотрудников государственных органов-разработчиков проектов порядку работы с АРМ.

3. Порядок публичного обсуждения проектов концепций законопроектов и проектов нормативных правовых актов на интернет-портале открытых нормативных правовых актов

      7. Публичное обсуждение проектов на Портале осуществляется на следующих условиях:
      1) к размещенным для публичного обсуждения проектам принимаются предложения от зарегистрированных на веб-портале «электронного правительства» пользователей информации и только в отношении конкретных структурных частей проектов, с кратким обоснованием без удостоверения электронной цифровой подписью;
      2) при направлении предложений к выбранной статье или иной структурной части проекта не допускается использование нецензурной лексики, оскорбительных выражений, рекламы, а также иной информации, не относящейся к проекту концепции законопроекта или проекту нормативного правового акта.
      8. Оператор в рамках осуществления информационного наполнения веб-портала «электронного правительства» осуществляет мониторинг соблюдения установленных условий к публичному обсуждению, размещенных проектов.
      9. Оператор в течение одного рабочего дня осуществляет проверку на соответствие пункта 8 настоящих Правил предложений пользователей информации и принимает решение о публикации предложений.
      В случае несоответствия пункту 8 настоящих Правил оператор отказывает в публикации с указанием обоснований.
      10. Государственные органы-разработчики проектов рассматривают предложения пользователей информации не более десяти рабочих дней после завершения публичного обсуждения размещенных проектов и принимают решения о принятии предложений пользователей информации либо об отклонении их с указанием оснований для отклонения.
      По истечению срока, указанного в части первой настоящего пункта Правил, и в соответствии с результатами рассмотрения предложений пользователей информации в государственных органах-разработчиках проектов уполномоченные сотрудники указанных государственных органов формируют и публикуют на Портале посредством АРМ предварительный вариант отчета о завершении публичного обсуждения проектов по форме, указанной в приложении к настоящим Правилам (далее – отчет).
      В течение одного рабочего дня, следующего после дня публикации на Портале отчета государственными органами-разработчиками проектов в определенное ими время проводится в режиме on-line дополнительное обсуждение проектов с учетом опубликованного отчета. После завершения дополнительного обсуждения уполномоченные сотрудники государственных органов-разработчиков проектов формируют и публикуют на Портале окончательный вариант отчета.

Приложение           
к Правилам размещения и    
публичного обсуждения    
проектов концепций законопроектов
и проектов нормативных     
правовых актов на интернет-портале
открытых нормативных правовых актов

Форма 

                             Отчет
              о завершении публичного обсуждения проектов

«__________________________________________________________________»
      (наименование концепции законопроекта или проекта нормативного
правового акта)

Дата формирования отчета:
Всего голосов пользователей информации «за» проект:
Всего голосов пользователей информации «против» проекта:
Всего предложений:
Всего ответов:
Всего голосов пользователей информации «за» (предложение):
Всего голосов пользователей информации «против» (предложения):
Тип нормативного правового акта:
Категория:
Государственный орган:


п/п

Дата создания

Комментируемая структурная часть нормативного правового акта

Текст предложения пользователя информации

Текст ответа государственного органа

Количество голосов пользователей информации  «за» предложение

Количество голосов пользователей информации «против» предложения