Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13071 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мына:

      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1016 тіркелген "Екiншi деңгейдегi банктердiң аударым және жай вексельдермен операциялар жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 397 қаулысының;

      2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3684 тіркелген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай коммерциялық вексельдермен операцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 61 қаулысының 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Акышев

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 261 қаулысымен
бекiтiлген

Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 1997 жылғы 28 сәуірдегі (бұдан әрі – Вексель айналысы туралы заң) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) аударым және жай коммерциялық вексельдермен (бұдан әрі – вексель/вексельдер) операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қағидаларда Вексель айналысы туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) вексель инкассосы (инкассолау) – вексельді төлем үшін ұсыну және клиенттің тапсырмасы бойынша банктің ол бойынша төлем алуы бойынша операция;

      2) домицилиант – аударым векселi бойынша төлем жасаушы және жай вексель бойынша вексель беруші;

      3) домицилиат – вексель бойынша төлем жасауды жүзеге асырушы делдал ретiнде вексельде көрсетiлген банк. Домицилиат вексель бойынша мiндеттi адам болып табылмайды;

      4) домицилиация – аударым векселi бойынша төлем жасаушының немесе жай вексель бойынша вексель берушiнiң тапсырмасы бойынша үшiншi тұлғаның (домицилиаттың) вексель бойынша төлем жасауы;

      5) домициль – вексельде көрсетiлген төлем жасау орны;

      6) инкассат – ремитент банк немесе инкассациялаушы банк болатын, вексель инкассосы (инкассолау) үшiн қайта тапсыратын индоссамент бойынша вексель алған банк;

      7) инкассациялаушы банк – вексель инкассосына (инкассолауға) қатысушы ремитент-банк болып табылмайтын банк;

      8) инкассоға тапсырма – клиенттiң ремитент-банкке вексель бойынша төлемдi вексельде көрсетiлген мерзiмде алу және/немесе вексель бойынша төлем жасамауға уақтылы наразылық бiлдiру туралы нұсқаулығы;

      9) ремитент банк – инкассоға тапсырма қабылдайтын банк;

      10) сенім білдіруші – банктің банкке вексель инкассосын (инкассолауды) жүзеге асыруды тапсыратын клиенті.

      2. Банк мына жағдайларда:

      1) ол Вексель айналысы туралы заңның 1 және 2 немесе 74 және 75-баптарына сәйкес келмеген жағдайда;

      2) индоссаменттер жүйелілігі үзілген жағдайда.

      Банктің индоссанттар қолдарының түпнұсқалығын, сондай-ақ вексель берушінің және вексель бойынша міндетті басқа тұлғалардың бар болуын тексеруді жүзеге асыруына рұқсат етіледі;

      3) вексель бойынша төлем мерзімі аяқталған кезде;

      4) вексельдің өзінде оны төлемге ұсыну үшін неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілген жағдайды қоспағанда, егер ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта ақы төленетін вексельді берген сәттен бастап бір жыл өтсе, вексельдермен операцияларды жүзеге асырудан бас тартады.

2. Вексельдердi инкассоға қабылдау

      3. Вексель инкассосын (инкассолауды) инкассат және сенім білдіруші немесе инкассоға тапсырмаларға сәйкес ремитент банк арасындағы тиісті шарт негізінде жүзеге асырады.

      4. Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша инкассоға тапсырмада мынадай мәліметтер болады:

      1) жасау күні;

      2) сенім білдірушінің не ремитент банктің және инкассациялаушы банктің (ол бар болса) атауы;

      3) вексель бойынша төлем жасаушының не төлем жасау немесе акцепт үшін вексель ұсынылатын өзге тұлғаның атауы;

      4) вексель бойынша төлем жасаушы банктің (ол бар болса) атауы;

      5) вексель бойынша төлем жасаушының орналасқан жері немесе тұрғылықты жері;

      6) вексель бойынша төлем мерзімі;

      7) вексель бойынша төлем орны;

      8) акцепттің болуы немесе акцепті алу қажеттілігі;

      9) вексель бойынша міндетті басқа тұлғалардың атауы немесе тегі, әкесінің аты (ол бар болса) және орналасқан орны немесе тұрғылықты жері;

      10) сенім білдірушінің төлемді немесе акцепті алу тәртібі немесе тәсілі туралы нұсқауы;

      11) вексель бойынша акцептемеу немесе төлем жасалмаған жағдайда наразылық немесе өзге іс-қимылдарға қатысты нұсқаулар.

      Инкассоға тапсырмалар санын ремитент банк айқындайды.

      5. Инкассат инкассоға тапсырмада көрсетілген нұсқаулықтарға сәйкес іс-қимылдар жасайды.

      6. Инкассат инкассоға векcель қабылданған кейiн вексельде немесе инкассоға тапсырмада көрсетілген мерзімнен кешiктiрмей инкассат пен төлеуші арасындағы шартқа сәйкес инкассоға құжаттардың түскенi туралы төлем жасаушыға хабарлайды. Егер вексель инкассоға ұсыну мерзiмi бойынша немесе ұсыну бойынша белгiлі уақытқа берiлсе және инкассоға тапсырмада ұсыным мерзiмi көрсетiлмесе инкассат инкассоға вексельдiң түскенi туралы инкассоға вексельдi қабылданған күннен кейiнгi келесi операциялық күннен кешiктiрмей төлем жасаушыға немесе вексель ұстаушыға жай вексель бойынша хабар жiбереді.

      7. Вексель бойынша толық төлем алынған жағдайда инкассат вексель бойынша iшiнара төлем алу жағдайларын қоспағанда, вексельдi төлем жасаушыға өткiзеді. Егер төлем жасау кезiнде төлем жасаушы төлем немесе оның бөлiгi алынғаны туралы вексельде белгi қоюды талап етсе‚ инкассат вексельдiң өзiне осындай белгi қояды.

      8. Шетел валютасындағы вексель инкассосы (инкассолау) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Валюталық реттеу туралы заң), Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (бұдан әрі – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары) және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қазақстан Республикасының аумағында вексель инкассосы (инкассолау) ол бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс төлем жасалатын жер Валюталық реттеу туралы заңға, Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына және Қағидаларда сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Егер инкассат төлем жасаушыға төлем үшiн вексель ұсына отырып‚ вексель бойынша ақы төлеуден бас тарту алса не вексельде көрсетiлген мерзiмде вексель бойынша төлемдi алмаса‚ инкассат, егер инкассоға тапсырмада вексель наразылығы туралы талап болса, өзiнiң сенiм бiлдiрушiнің атынан вексель бойынша акцептемеу немесе төлем жасамау наразылығын жасау үшiн вексельді нотариуске ұсынады.

      11. Нотариус төлем жасамау наразылығын жасағаннан кейiн банк инкассоға тапсырмада нұсқау болған кезде сенiм бiлдiрушiнiң атынан төлем жасаушыдан оның келiсiмiнсiз вексель бойынша сомаларды өндiрiп алу үшiн Вексель айналысы туралы заңға сәйкес іс-әрекет жасайды.

      12. Инкассалаушы банк төлем жасаушыға немесе домицилиатқа төлем жасауға вексельдi вексельдiң өзiнде көрсетiлген мерзiмде ұсынады. Егер вексель бойынша төлем жасау мерзiмi ұсыну бойынша немесе ұсынғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта көрсетiлген жағдайда‚ егер вексель инкассат пен сенiм білдіруші арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, инкассалаушы банк вексельдi алғаннан кейiн вексельдi келесi операциялық күннен кешiктiрмей төлем жасауға ұсынады.

      13. Инкассалаушы банк вексель бойынша соманы алғаннан кейiн оларды ремитент банкке аударуды жүзеге асырады. Вексель бойынша соманы алған ремитент банк сенiм бiлдiрушiнiң пайдасына төлемді жүзеге асырады.

      14. Инкассат вексель инкассосы (инкассолау) бойынша қызмет көрсету үшiн инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартта көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы алады.

      15. Инкассоға тапсырмада көрсетiлген тұрғылықты жер (орналасқан орны) бойынша вексель бойынша төлем жасаушы болмаған жағдайда‚ инкассалаушы банк инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартқа сәйкес осы факті туралы ремитент банкке хабарлайды. Ремитент банк инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартқа сәйкес одан әрi іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін сенiм бiлдiрушiге хабарлайды.

      Егер инкассоға тапсырмада өзгеше көрсетiлмесе‚ вексельдi төлеу үшiн белгiленген соңғы күнi сенiм бiлдiрушiден немесе ремитент банктен нұсқаулық түспеген жағдайда‚ инкассалаушы банк инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартқа сәйкес төлем жасаушыны немесе домицилиатты iздестiру шараларын қабылдайды.

3. Домицилирленген вексельдердi төлеу

      16. Банк клиентпен жасалған шарт негiзiнде домицилиант ретiнде іс-әрекет жасайды. Клиент (жай вексель бойынша вексель беруші немесе вексель бойынша төлем жасаушы) вексельде төлем жасайтын орын ретiнде домицилиаттың орналасқан жерін көрсетедi.

      17. Домицилиатты вексель бойынша төлем жасауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақша сомасымен‚ оның iшiнде регресс сомасының және вексель бойынша төлем жасау үшiн басқа қажеттi сомалардың пайыздарын қамтамасыз ету тәртiбi клиент пен домицилиат арасындағы шартта белгiленедi.

      18. Егер клиент вексель бойынша төлем жасауды қамтамасыз етуде домицилиатқа оның келiсiмiнсiз өзiнiң банк шотынан ақша алу құқығын берсе‚ ал клиенттiң банк шотындағы ақша домицилирленген вексельдi төлеу үшін ұсыну сәтiнде төлем жасауға жеткiлiксiз болса‚ банк:

      1) төлем жасаудан бас тартады және вексель ұстаушы төлем жасаушыға немесе жай вексель бойынша вексель берушiге талап қою арқылы вексельге наразылық бiлдiредi;

      2) не домицилианттың банк шотында бар вексельдiк сомасының қажет бөлiгiнде вексель бойынша төлем жасауды Вексель айналысы туралы заңның 38-бабына сәйкес жүзеге асырады.

4. Вексельдер кепілі

      19. Вексель кепілді банктің атына жасалған индоссаментке "қамтамасыз етiлуге тиiс валюта" не "кепiлдiкке берiлетiн валюта" ескертпелерін немесе кепiлді түріндегі өзге де ескертпені енгізумен ресімделеді.

      Вексель ұстаушы банк вексельден туындайтын барлық құқықты жүзеге асырады және ол қойған индоссаменттiң қайта кепiлдiк берушi индоссамент ретiнде күшi болады.

      20. Вексель кепілімен қамтамасыз етілген банктік қарызды өтеу мерзімі вексель бойынша төлем мерзімінен аспайды.

  Екінші деңгейдегі банктердің,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент банктері
филиалдарының және
банкоперацияларының
жекелеген түрлерін
жүзегеасыратын ұйымдардың
аударым және жай
вексельдермен
операциялар жүргізуі
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Инкассоға тапсырма

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Жасау орны ________________________

      Жасау күні ________________________

      Клиент/вексель ұстаушы/ремитент

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ремитент банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы

      __________________________________________________________________________

      атауы және орналасқан орны

      Төлеуші

      __________________________________________________________________________

      төлеушінің пошталық мекенжайы (жеке тұлғаның тұрғылықты жері заңды

      тұлғаның орналасқан орны)

      __________________________________________________________________________

      Төлеушінің банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы

      __________________________________________________________________________

      атауы және орналасқан орны

      Вексель бойынша төлем орны

      __________________________________________________________________________

      Вексель бойынша төлем мерзімі

      __________________________________________________________________________

      Вексель бойынша міндетті өзге тұлғалар

      __________________________________________________________________________

      атауы және пошталық мекенжайы (жеке тұлғаның тұрғылықты жері /

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның орналасқан орны)

      __________________________________________________________________________

      Клиенттің нұсқаулықтары

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Вексель бойынша наразылық талаптары

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ерекше белгілер

      __________________________________________________________________________

      (ремитент банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қолы)

Об утверждении Правил проведения операций с переводными и простыми векселями банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 261. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 февраля 2016 года № 13071.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      В соответствии с подпунктом 27) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 17.09.2022 № 84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения операций с переводными и простыми векселями банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 ноября 1999 года № 397 "Об утверждении Правил проведения банками второго уровня операций с переводными и простыми векселями" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1016);

      2) пункт 2 постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года № 61 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам осуществления банками второго уровня операций с переводными и простыми коммерческими векселями" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3684).

      3. Департаменту развития и управления платежными системами (Мусаев Р.Н.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Досмухамбетов Н.М.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Пирматова Г.О.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Д. Акишев


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 31 декабря 2015 года № 261

Правила проведения операций с переводными и простыми векселями банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

1. Общие положения

      Правила проведения операций с переводными и простыми векселями банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций (далее – Правила), разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан", от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", от 28 апреля 1997 года "О вексельном обращении в Республике Казахстан" (далее – Закон о вексельном обращении) и определяют порядок проведения банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций (далее – банки), операций с переводными и простыми коммерческими векселями (далее – вексель/векселя).

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      1. В Правилах используются понятия, предусмотренные Законом о вексельном обращении, а также следующие понятия:

      1) инкассо векселя (инкассирование) – операция по предъявлению векселя к платежу и получению по ним платежа банком по поручению клиента;

      2) домицилиант – плательщик по переводному векселю и векселедатель по простому векселю;

      3) домицилиат – банк, указанный в векселе в качестве посредника, осуществляющего платеж по векселю. Домицилиат не является лицом, обязанным по векселю;

      4) домицилиация – совершение платежа по векселю третьим лицом (домицилиатом) по поручению, от имени и за счет плательщика по переводному векселю или векселедателя по простому векселю;

      5) домициль – место совершения платежа, указанное в векселе;

      6) инкассат – банк, получивший вексель по препоручительному индоссаменту для инкассо векселя (инкассирования), который выступает банком-ремитентом или инкассирующим банком;

      7) инкассирующий банк – банк, участвующий в инкассо векселя (инкассировании), не являющийся банком-ремитентом;

      8) поручение на инкассо – указание клиента банку-ремитенту о получении платежа по векселю в срок, указанный в векселе, и/или своевременном совершении протеста в неплатеже по векселю;

      9) банк-ремитент – банк, принимающий поручение на инкассо;

      10) доверитель – клиент банка, который поручает банку осуществить инкассо векселя (инкассирование).

      2. Банк отказывает в проведении операции с векселем:

      1) в случае его несоответствия статьям 1 и 2 или статьям 74 и 75 Закона о вексельном обращении;

      2) если последовательность индоссаментов прервана.

      Допускается осуществление банком проверки подлинности подписей индоссантов, а также существования векселедателя и других лиц, обязанных по векселю;

      3) при истечении срока платежа по векселю;

      4) если с момента выдачи векселя, подлежащего оплате в определенное время после предъявления, истек один год, за исключением случая, если в самом векселе указан более продолжительный срок для его предъявления к оплате.

2. Принятие векселей на инкассо

      3. Инкассо векселей (инкассирование) осуществляется инкассатом на основании соответствующего договора между ним и доверителем или банком-ремитентом в соответствии с поручением на инкассо.

      4. Поручение на инкассо по форме согласно приложению к Правилам содержит следующие сведения:

      1) дата составления;

      2) наименование доверителя либо банка-ремитента и инкассирующего банка (при его наличии);

      3) наименование плательщика по векселю либо иного лица, которому предъявляется вексель для оплаты или акцепта;

      4) наименование банка плательщика по векселю (при его наличии);

      5) место нахождения или место жительства плательщика по векселю;

      6) срок платежа по векселю;

      7) место платежа по векселю;

      8) наличие акцепта или необходимость получения акцепта;

      9) наименование или фамилия, имя, отчество (при его наличии) и место нахождения или место жительства других лиц, обязанных по векселю;

      10) указания доверителя о порядке или способе получения платежа или акцепта;

      11) указания в отношении протеста или иного действия в случае неакцепта или неплатежа по векселю.

      Количество экземпляров поручений на инкассо определяется банком-ремитентом.

      5. Инкассат выполняет действия в соответствии с указаниями, предусмотренными в поручении на инкассо.

      6. После принятия векселя на инкассо инкассат в срок, не позднее указанного в векселе или в поручении на инкассо, уведомляет плательщика о поступлении документов на инкассо в соответствии с договором между инкассатом и плательщиком. Если на инкассо передан вексель сроком по предъявлении или в определенное время по предъявлении и в поручении на инкассо не содержится указание о сроке предъявления, инкассат направляет плательщику или векселедателю по простому векселю извещение о поступлении векселя на инкассо не позднее следующего операционного дня после принятия векселя на инкассо.

      7. В случае получения полного платежа по векселю инкассат передает вексель плательщику, за исключением случаев получения частичного платежа по векселю. Если при осуществлении платежа плательщик потребует поставить на векселе отметку о получении платежа или его части, инкассат проставляет на самом векселе такую отметку.

      8. Инкассо векселя (инкассирование) в иностранной валюте осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан "О валютном регулировании и валютном контроле" (далее – Закон о валютном регулировании), постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 40 "Об утверждении Правил осуществления валютных операций в Республике Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18512 (далее – Правила осуществления валютных операций) и Правилами.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 17.09.2022 № 84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Инкассо векселя (инкассирование) на территории Республики Казахстан, место платежа по которым находится вне территории Республики Казахстан, осуществляется в соответствии с Законом о валютном регулировании, Правилами осуществления валютных операций и Правилами.

      10. Если инкассат, предъявив вексель плательщику к оплате, получит отказ от оплаты по векселю либо не получит платеж по векселю в срок, указанный на векселе, инкассат предъявляет вексель к нотариусу для совершения протеста о неакцепте или неплатеже по векселю от имени своего доверителя, если условие о протесте векселя содержится в поручении на инкассо.

      11. После совершения нотариусом протеста о неплатеже банк от имени доверителя при наличии указания в поручении на инкассо осуществляет действия в соответствии с Законом о вексельном обращении для взыскания сумм по векселю с плательщика без его согласия.

      12. Инкассирующий банк предъявляет плательщику или домицилиату вексель к платежу в срок, указанный на самом векселе. В случае если срок платежа по векселю указан по предъявлении или в определенное время после предъявления, вексель предъявляется к платежу не позднее следующего операционного дня после получения векселя инкассирующим банком, если иное не предусмотрено договором между инкассатом и доверителем или в поручении на инкассо.

      13. Инкассирующий банк осуществляет перевод в банк-ремитент суммы по векселю после ее получения. Банк-ремитент, получивший сумму по векселю, осуществляет платеж в пользу доверителя.

      14. За оказание услуг по инкассо векселя (инкассированию) инкассат получает вознаграждение в размере и порядке, предусмотренных договором между инкассатом и доверителем или банком-ремитентом.

      15. В случае отсутствия по месту нахождения (месту жительства), плательщика по векселю, указанному в поручении на инкассо, инкассирующий банк уведомляет о данном факте банк-ремитент в соответствии с договором между инкассатом и доверителем или банком-ремитентом. Банк-ремитент уведомляет доверителя для осуществления дальнейших действий в соответствии с договором между инкассатом и доверителем или банком-ремитентом.

      Если иное не предусмотрено в поручении на инкассо, в случае непоступления в последний день, установленный для оплаты векселя, указаний доверителя или банка-ремитента инкассирующий банк предпринимает меры к поиску плательщика или домицилиата в соответствии с договором между инкассатом и доверителем или банком-ремитентом.

3. Оплата домицилированных векселей

      16. Банк выступает в качестве домицилиата на основании договора с клиентом. Клиент (векселедатель по простому векселю или плательщик по векселю) указывает на векселе в качестве места платежа место нахождения домицилиата.

      17. Порядок обеспечения домицилиата суммой денег, необходимой для осуществления платежа по векселю, в том числе процентов, суммы регресса и других необходимых для платежа по векселю сумм, определяется договором между клиентом и домицилиатом.

      18. Если в обеспечение платежа по векселю клиент предоставил домицилиату право на изъятие денег со своего банковского счета без его согласия, а денег на банковском счете клиента в момент предъявления к платежу домицилированного векселя недостаточно для осуществления платежа, банк:

      1) отказывает в платеже, и векселедержатель совершает протест в неплатеже векселя путем предъявления требований к плательщику или векселедателю по простому векселю;

      2) либо осуществляет платеж по векселю в той части вексельной суммы, которая имеется на банковском счете домицилианта в соответствии со статьей 38 Закона о вексельном обращении.

4. Залог векселей

      19. Залог векселя оформляется включением в индоссамент, совершенный на имя банка, оговорки "валюта в обеспечение" либо "валюта в залог" или иной оговорки, имеющей ввиду залог.

      Банк-залогодержатель векселя осуществляет все права, вытекающие из векселя, и поставленный им индоссамент имеет силу препоручительного индоссамента.

      20. Срок погашения банковского займа, обеспеченного залогом векселя, не превышает срок платежа по векселю.

  Приложение к Правилам
проведения операций с
переводными и простыми
векселями банками второго уровня,
филиалами банков-нерезидентов
Республики Казахстан и
организациями, осуществляющими
отдельные виды банковских операций
  Форма

                              Поручение на инкассо

      Сноска. Приложение - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      Место составления ________________________

      Дата составления _________________________

      Клиент/векселедержатель/ремитент
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
наименование юридического лица/фамилия, имя, отчество (при наличии) физического лица
Банк, филиал банка-нерезидента Республики Казахстан-ремитент
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
наименование и место нахождения Плательщик
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
почтовый адрес плательщика (место жительства физического лица/место нахождения
юридического лица)
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Банк, филиал банка-нерезидента Республики Казахстан плательщика
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
наименование и место нахождения Место платежа по векселю
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Срок платежа по векселю
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Иные лица, обязанные по векселю
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(наименование и почтовый адрес (место жительства физического лица/ место нахождения
юридического лица)
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Указания клиента
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

      Условия протеста по векселю
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Особые отметки
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(подпись банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан-ремитента)