Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 18512 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 59) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Қуандықов Ә.Ә.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      ___________________________

      20___ жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      ___________________________

      20___ жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 30 наурыздағы
№ 40 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 59) тармақшасына, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 5-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және резиденттер мен бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Қағидалар мынадай тәртіпті қамтиды:

      валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату;

      банктік шот бойынша қолма-қол шетел валютасын алумен, есепке жатқызумен және пайдаланумен байланысты операцияларды жүргізу.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар да пайдаланылады:

      1) БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3) ішкі корпоративтік ақша аударымы – заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелерімен немесе бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің арасында жүзеге асырылатын ақша аударымы;

      4) тіркеу куәлігі – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін валюталық шартты тіркеу кезінде берілген және күшін жоймаған, белгіленген үлгідегі құжат;

      5) Ұлттық Банк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      6) хабарлама туралы куәлік – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа берілген және күшін жоймаған, белгіленген үлгідегі құжат.

2-тарау. Валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру

      3. Уәкілетті банк резидент немесе бейрезидент Қағидаларға сәйкес ұсынған құжаттар және (немесе) мәліметтер болған жағдайда валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізеді.

      Қағидалардың мақсаттары үшін егер төлем және (немесе) ақша аударымының валютасы Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларынан басқа валюта болса, төлем және (немесе) ақша аударымы сомасының баламасы операция жүргізілген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланыла отырып есептеледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 5-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында есептік нөмірді алу талабы қолданылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүргізу ерекшеліктері көзделеді.

      4. Резиденттің міндеттемелерін орындау мақсатында бейрезиденттің шетелдік банктегі шотынан резиденттің валюталық операциясы бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы:

      1) резиденттің бейрезиденттен алған қаржылай қарызын үшінші тұлғалардың шоттарына аударған;

      2) өзі тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар бейрезидент резидентке бағалы қағаздар нарығында қаржылық қызметтер көрсеткен;

      3) бейрезидент резидентке тапсырма шарты бойынша қызметтер көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

      5. Есептік нөмірді алу талабы қолданылатын валюталық шарт бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде резидент төлем құжаттарында осындай шарттың деректемелерін және есептік нөмірін көрсетеді. Келіп түсетін сомаларды идентификаттау мақсатында резидент бейрезидентті өз пайдасына ақша аударуға арналған төлем құжаттарында валюталық шарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсету қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      Есептік нөмірді алу талабы қолданылатын валюталық шарт бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде уәкілетті банк (оның филиалы) төлем құжатында валюталық шарт деректемелерінің және оның есептік нөмірінің болуын тексереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Егер капитал қозғалысының операцияларын жүргізуге негіз болатын және (немесе) орындалатын шетелдік банктегі шотты пайдалана отырып төлемдер және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын, есептік нөмір берілген не тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік берілген валюталық шартқа (бұдан әрі – капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт) Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 5-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ұлттық Банк бекіткен Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 15 және 22-тармақтарына сәйкес жаңа есептік нөмірді алу талап етілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілсе, төлемді және (немесе) ақша аударымын қолданыстағы есептік нөмірді (тіркеу куәлігінің немесе хабарлама туралы куәліктің нөмірін) пайдалана отырып жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте уәкілетті банк (оның филиалы) резидентке жаңа есептік нөмірді алу қажеттілігі туралы кез келген нысанда хабарлайды.

      Егер валюталық шарт бойынша резиденттің пайдасына келіп түскен төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша төлем құжатында осындай шарттың деректемелері және (немесе) оның есептік нөмірі дұрыс көрсетілмесе немесе болмаса, уәкілетті банк ақшаны есепке жатқызуды валюталық шарттың деректемелерін және (немесе) оның есептік нөмірін резиденттің жазбаша растауының негізінде жүргізеді.

      Валюталық шарт бойынша келіп түскен ақшаны есепке алу үшін қажетті деректер төлем құжатында болмаған жағдайда, уәкілетті банк (оның филиалы) келіп түскен сомаларды идентификаттау қажеттілігі туралы резидентке алдын ала жазбаша хабарлай отырып, оларды жөнелтушінің нұсқауларын сақтау есебіне есепке жатқызады. Резидент валюталық шарттың деректемелерін және оның есептік нөмірін көрсете отырып, келіп түскен соманың сипаты туралы уәкілетті банкке (оның филиалына) жазбаша хабарлайды.

      6. Егер келіп түскен ақша күнтізбелік бір жүз сексен күннің ішінде валюталық шарттың деректемелері немесе оның есептік нөмірі бойынша идентификатталмаса не резидент Қағидаларда көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзге әрекеттерді орындамаса, уәкілетті банк (оның филиалы) мұндай нұсқауды жөнелтушіге орындамай қайтарады.

      7. Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 7-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлға уәкілетті банкте шот ашпай және (немесе) оны пайдаланбай, Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады.

      8. Уәкілетті банк экспорт немесе импорт бойынша ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын бұзушылықтарды қоспағанда, уәкілетті банктің клиенттері жол берген, күнтізбелік ай ішінде өзіне белгілі болған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының бұзылу фактілері туралы келесі күнтізбелік айдың соңғы күнінен кешіктірмей, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұзушылық бойынша карточкаға сәйкес Ұлттық Банкке хабарлайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-1. Уәкілетті банк Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің орталық аппаратына валюталық, оның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген, сомасы баламасында 50 000 (елу мың) АҚШ долларына тең немесе одан асатын операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша шетел валютасын сатып алу және сату операциялары бойынша сомаға қарамастан, жүргізілген валюталық операциялар туралы есепті ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 18 (он сегізінші) күніне дейін (қоса алғанда) ұсынады.

      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қағидаларға сәйкес талап етілетін ақпаратты уәкілетті банктер берілетін деректердің конфиденциалдылығын және бірдей болуын қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің көлік жүйесін пайдалана отырып, қағаз тасымалдағышта не электрондық тәсілмен ұсынады.

      9.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушылардан оның ішінде шетел валютасында қайта сақтандыру қызметтерімен байланысты валюталық операциялар бойынша Ұлттық Банкке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің есеп беру тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысына 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта сақтандыру қызметі туралы есепті ұсынады.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2020 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде талап етілетін құжаттар

      10. Валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде резидент немесе бейрезидент уәкілетті банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ЖСН қамтылған жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы жеке басты растайтын (сәйкестендіретін) деректер.

      Уәкілетті банк "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен ұсынылған иеленушінің келісімі болған кезде, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген иеленушінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу жолымен цифрлық құжаттар сервисінен деректерді пайдаланады;

      2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (бар болса) (жеке тұлға – шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін);

      3) Ұлттық Банктің банктік және өзге операцияларын жүргізуге лицензиясы (бар болса);

      4) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын не олардың негізінде орындалуы қажетті құжаттардың көшірмелері;

      5) валюталық шарт немесе оның көшірмесі. Есептік нөмірін алу талабы қолданылатын валюталық шарт немесе оның көшірмесі есептік нөмірді алғаны туралы белгімен ұсынылады (Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін есептік нөмір берілген валюталық шарт үшін);

      6) тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік алынған және есептік нөмір берілмеген капитал қозғалысы жөніндегі есептік тіркеуге жататын валюталық шарттар немесе шетелдік банктердегі шоттар үшін.

      Валюталық шартты ұсыну мынадай жағдайларда:

      егер валюталық операция бойынша ақша аударымы Қазақстан Республикасының шегінде резидент-жеке тұлғалар арасында немесе бейрезидент-жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылса және өтеусіз болып табылса;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      егер валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомада жүзеге асырылса және төлемнің және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі немесе бенефициары жеке тұлға, шетелдік заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі немесе бейрезидент-заңды тұлға болып табылса;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      егер валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомада жүзеге асырылса және резидент-заңды тұлға (төлемнің және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі және (немесе) бенефициары) осындай төлемнің және (немесе) ақша аударымының есептік нөмір беру талап етілетін валюталық шартты орындауға байланысты емес екені туралы жазбаны жасаса немесе растаса;

      егер валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жеке тұлға шетелдік банктегі өзінің банктік шотына (өзінің банктік шотынан) жүзеге асырса талап етілмейді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Резидент-үшінші тұлға резиденттің және (немесе) бейрезиденттің міндеттемелерін орындау есебіне уәкілетті банк арқылы жүргізетін валюталық операция бойынша төлемге және (немесе) ақша аударымына осындай төлем және (немесе) ақша аударымы негізінде жүзеге асырылатын валюталық шарттан туындамаса, резидент-үшінші тұлға мен төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын тұлға арасындағы өзара міндеттемелердің сипатын айқындайтын шарт ұсынылған жағдайда жол беріледі. Егер валюталық шарттардың кез келгеніне есептік нөмір алу талабы қолданылатын болса, онда есептік нөмір беру туралы белгісі бар валюталық шарттың көшірмесі немесе тіркеу куәлігінің көшірмесі немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады.

      Егер валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын резидент-жеке тұлға жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының міндеттемелерін орындау есебіне жүзеге асырса, онда валюталық шарт ретінде ақша жөнелтуші міндеттемелерін орындау есебіне төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылатынын растайтын құжат ұсынылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Резиденттің немесе бейрезиденттің валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын уәкілетті банк шығарған төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізуі Қағидаларға сәйкес талап етілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алдын ал сұратусыз жүзеге асырылады.

      Егер осындай операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға жүргізілсе, онда резидент немесе бейрезидент Қағидалардың 14 және 15-тармақтарына сәйкес уәкілетті банктің сұратуы бойынша мәліметтерді ұсынады.

      Егер төлемді және (немесе) ақша аударымын резидент-заңды тұлға немесе шетелдік қаржылық емес ұйымның резидент-филиалы (өкілі) корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға жүргізсе, онда осындай резидент осындай төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке валюталық шартты немесе оның көшірмесін ұсынады.

3-параграф. Валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде талап етілетін мәліметтер

      12. Валюталық шартты ұсыну талап етілетін валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде және жеке тұлғада (ақша жөнелтушісінде немесе ақша бенефициарында) оны ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде уәкілетті банк осындай төлемді және (немесе) ақша аударымын жеке тұлға жасаған немесе растаған мынадай:

      1) уәкілетті банкке осындай төлемі және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына және (немесе) Ұлттық Банкке ұсынуын рұқсат ететін;

      2) осы төлемінің және (немесе) ақша аударымының есептік нөмір (резиденттер үшін) алу талап ететін валюталық шартты орындауға байланысты емес екенін растайтын;

      3) осы төлемінің және (немесе) ақша аударымының террористік және экстремистік қызметті қаржыландырумен және терроризмге не экстремизмге өзге де қолдау көрсетумен байланысты емес екенін растайтын жазбалары туралы мәліметтер болған кезде жүргізеді.

      13. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы ақша жөнелтуші немесе ақша алушы болып табылатын резидент уәкілетті банкке осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына беруге рұқсат беру туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады.

      Осы рұқсат еркін нысанда ресімделеді. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін валюталық операцияларды жүзеге асыруға негіз болатын валюталық шарт шеңберіндегі валюталық операциялар бойынша барлық төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына қатысты бір рұқсат беруге жол беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 66 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Резидент баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 15-бабына сәйкес хабарлауға жататын төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оның ішінде:

      1) егер осы деректер төлем құжатында көрсетілген деректермен сәйкес келмесе, төлем құжаты бойынша жөнелтушінің және бенефициардың тіркелген елін;

      2) ішкі корпоративтік ақша аударымының белгісін;

      3) төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілетін валюталық операцияның кодын;

      4) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші және (немесе) ақша алушы туралы мәліметтерді;

      5) төлем құжаты бойынша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда, валюталық шарт бойынша ақша жөнелтушінің және ақша алушының тіркелген елін;

      6) валюталық шарттың деректемелерін және валюталық шарттың есептік нөмірін (ол болған кезде) көрсете отырып валюталық операция туралы мәліметтерді ұсынады.

      Валюталық операцияның кодын және осы тармақта көрсетілген өзге мәліметтерді көрсету мақсаты үшін уәкілетті банктің сұратуы бойынша резидент-заңды тұлға құрылтай құжаттарын ұсынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Бейрезидент баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 15-бабына сәйкес хабарлауға жататын төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде уәкілетті банкке Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша валюталық операция бойынша мынадай мәліметтерді ұсынады:

      1) егер осы деректер төлем құжатында көрсетілген деректермен сәйкес келмесе, төлем құжаты бойынша жөнелтушінің және бенефициардың тіркелген елі;

      2) төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілетін валюталық операцияның коды;

      3) ішкі корпоративтік ақша аударымының белгісі.

      16. Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мәліметтерді уәкілетті банкке клиент ұсынады немесе уәкілетті банк клиент ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өзі дербес көрсетеді.

      Валюталық бақылау агенті ретінде уәкілетті банк клиент ұсынған мәліметтердің және ұсынылған валюталық шарттың негізінде валюталық операцияның кодын көрсетудің дұрыстығын тексереді және қажет болған кезде клиент көрсеткен деректерді түзетеді.

4-параграф. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін жекелеген валюталық операциялардың түрлері мен өлшемшарттары және оларды жүргізу тәртібі.

      Ескерту. Қағидалар 4-параграфпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 № 66 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      16-1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-1. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге бағытталуы мүмкін валюталық операцияларға мынадай операциялар жатады:

      1) егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) бейрезиденттен алынуы тиіс ақшаны резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шоттарына аудару көзделмесе, бейрезиденттің резидентке (уәкілетті банкті қоспағанда) ақша ұсынуы көзделетін қаржылай қарыз;

      2) егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) бейрезиденттен алынуы тиіс ақшаны резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шоттарына аудару көзделмесе, резидентте (уәкілетті банкті қоспағанда) бейрезидентке ақша қайтару бойынша талаптардың туындауы көзделетін қаржылай қарыз;

      3) егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) қаржылай қарыз нысанын пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу көзделмесе, резиденттің үлестес тұлға болып табылмайтын бейрезидентке ақша ұсынуы көзделетін қаржылай қарыз;

      4) егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) бейрезиденттің экспортқа ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап 720 (жеті жүз жиырма) күннен асатыны көзделсе, экспорт бойынша операциялар;

      5) егер тиісті валюталық шарттың талаптарында (бастапқыда не валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін) аванстық төлемді немесе толық көлемде алдын ала төлем сомасын қоса алғанда (бейрезидент импорт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда), бейрезиденттің тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) бойынша немесе ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап 720 (жеті жүз жиырма) күннен асатыны көзделсе, импорт бойынша операциялар;

      6) резиденттің клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына бейрезидент-кәсіби қатысушыға баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын сомаға ақша аударымы;

      7) резиденттің шетелдегі өз шотына баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын сомаға ақша аударымы;

      8) резиденттің бейрезиденттің пайдасына баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын сомаға жүзеге асыратын өтеусіз ақша аударымы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген валюталық операциялар сауда немесе исламдық қаржыландыру жөніндегі мәмілелер шеңберінде туындайтын қаржылай қарыздарды, сондай-ақ бейрезиденттер Қазақстан Республикасындағы өз филиалдарымен (өкілдіктерімен) жүзеге асыратын операцияларды және шетелдік ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы филиалдарының (өкілдіктерінің) арасындағы операцияларды қамтымайды.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін резиденттің үлестес тұлғасына:

      1) резидент - заңды тұлғаның акционерлік қоғамының дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызы (қатысушылар дауыстарының он және одан көп пайызы) тиесілі тұлға;

      2) осы резидентке акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызы (қатысушылар дауыстарының он және одан көп пайызы) тиесілі тұлға;

      3) осы резидентпен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы тұлға жатады.

      Осы тармақ шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асыратын ішкі корпоративтік ақша аударымдарына қолданылмайды

      16-2. Жүргізілуі Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін валюталық операцияларға бір бейрезидентпен жасалған екі немесе одан да көп валюталық шарт бойынша осындай валюталық шарттарға есептік нөмір берілуі тиіс шекті мәннен асатын жалпы сомаға бір тұлғаның күнтізбелік бір ай ішіндегі төлемдері және (немесе) ақша аударымдары жатады.

      16.3. Қағидалардың 16-1 және 16-2-тармақтарында көрсетілген валюталық операциялар бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізу кезінде резидент уәкілетті банкке осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына, сондай-ақ уәкілетті банктің талабы бойынша уәкілетті банкке "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) талаптарына сәйкес операцияға мониторинг жүргізу және оны зерделеу үшін қажетті өзге де құжаттар мен ақпаратты ұсынуға рұқсат береді.

      16-4. Қағидалардың 16-1 және 16-2-тармақтарында көрсетілген валюталық операциялар бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізу кезінде уәкілетті банк КЖТҚҚ туралы заңның 11-бабына сәйкес әзірленіп, қабылданған ішкі бақылау қағидаларында көзделген клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасына сәйкес осындай операцияға мониторинг жүргізеді және оны зерделейді.

3-тарау. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      17-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Резиденттер және бейрезиденттер, жеке тұлғалар мен уәкілетті банктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуды және (немесе) сатуды қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу немесе сатуға өтінімдер негізінде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуды және (немесе) сатуды ішкі корпоративтік ақша аударымын бұдан әрі жүзеге асыру мақсатында шетелдік қаржылық емес ұйымдардың (резиденттер және бейрезиденттер) филиалдары (өкілдіктері) бұл аударымның ішкі корпоративтік болып табылатындығын растайтын құжат негізінде жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      18-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Уәкілетті банктерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімді ресімдеу кезінде қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсатын көрсетеді.

      Бейрезидент-заңды тұлғалар ұлттық валютамен уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға немесе сатуға өтінімді ресімдеу кезінде қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу немесе сату мақсатын көрсетеді.

      19. Резидент-заңды тұлғалар (уәкілетті банктерді қоспағанда) шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір уәкілетті банктен бір жұмыс күні ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын елу мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомаға сатып алады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      19-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға шетел валютасын шетел банктеріндегі өзінің шоттарына аудару, шетел валютасындағы өтеусіз ақша аударымдары, сондай-ақ шетел валютасын уәкілетті банктердегі өзінің шоттарына есепке алу және (немесе) аудару жатады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2020 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      20-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) елу мың АҚШ долларынан баламасы асатын сомада ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімді ресімдеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетеді, сондай-ақ өтінімге валюталық шарттың көшірмесі мен шотты не орындау үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынатын төлемге арналған өзге құжатты қоса береді. Бұл ретте резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімге уәкілетті банкке оны сатып алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәлімделген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, осы валютаны кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұлттық валютаға сату нұсқауын қоса береді.

      Қағидалардың осы тармағына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетел валютасындағы міндеттемелерді орындаумен байланысты емес мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді.

      Егер валюталық шартқа есептік нөмірді алу талабы қолданылатын болса, онда есептік нөмір тағайындау туралы белгімен немесе тіркеу куәлігінің көшірмесімен, немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесімен бірге валюталық шарттың көшірмесі ұсынылады.

      Уәкілетті ұйымдардың уәкілетті банктен ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған қолданыстағы лицензия және оған қолданыстағы қосымшаның (қолданыстағы қосымшалардың) негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2020 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20-1. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) осы резидент-заңды тұлға өзінің акционерлері, құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірісті немесе оның бір бөлігін төлеу мақсатына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде уәкілетті банкке Қағидалардың 20-тармағында көзделген нұсқауды ұсыну талап етілмейді.

      Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 20-тармағына сәйкес міндеттемелерді орындау қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде басталатын шарт сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын алынған сыртқы қарыздар және шығарылым проспектісіне сәйкес номиналдық сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын шетел валютасында шығарылған облигациялар бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті алдындағы шетел валютасындағы міндеттемелерін өтеу мақсатына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде резидент-заңды тұлға тиісті шетел валютасында жекелеген банктік шотты ашуға өтінішті, уәкілетті банкке сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын шетел валютасындағы жеке шотқа есепке алу нұсқауын, уәкілетті банкке сатып алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде оны мәлімдеген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, кейінгі үш жұмыс күні ішінде осы валютаны ұлттық валютаға сату нұсқауын, сондай-ақ міндеттемелерді орындау сомасы мен мерзімін растайтын құжаттарды (кредиттік шартты және төлем кестесін, өзге құжаттарды) қоса береді. Уәкілетті банк резидент-заңды тұлға сатып алған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын жекелеген банктік шотқа есепке алады және оны резидент-заңды тұлға мәлімделген мақсатқа қана пайдалануын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2020 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      21-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Резидент-заңды тұлғаның (уәкілетті банкті қоспағанда) елу мың АҚШ долларынан астам баламасындағы сомаға ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімін орындау кезінде уәкілетті банк өтінімде көрсетілген қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын валюталық шартпен және шотпен не шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын растайтын өзге төлем құжатымен, сондай-ақ осы валюталық шарт негізінде Қағидаларға сәйкес бұрын жүзеге асырылған ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу туралы қолда бар мәліметтерімен салыстырып тексерді.

      Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма қол ақшасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы валюталық шарт сомасынан асып кетуіне жол берілмейді. Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма қол ашасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы резидент-заңды тұлғаның өтінімдері және (немесе) басқа уәкілетті банктердің осы валюталық шарттың шеңберінде жүзеге асырылған шетел валютасын сатып алу ақпараты негізінде есептеледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2020 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      22-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынған бұрын ресімделген өтінімге Қағидалардың 20-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес ресімделген қосымша өтінімді уәкілетті банкке ұсынған кезде Қағидалардың 20-1 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты мақсаттарға пайдалануға рұқсат беріледі.

      Резидент-заңды (уәкілетті банкті қоспағанда) тұлға валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерін орындау мақсатында Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бұрын сатып алған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа уәкілетті банктегі өзінің шотына аударған кезде уәкілетті банк ақшаны аудара отырып бірмезгілде басқа уәкілетті банкке бұдан әрі валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бұрын сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасы туралы ақпаратты жолдайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2020 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Уәкілетті банк резидент-заңды тұлғаның (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 19, 20, 20-1 және 22-тармақтарына сәйкес ресімделген ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімін, сондай-ақ егер:

      резидент-заңды тұлғаның өтінімі және (немесе) басқа уәкілетті банктердің шетел валютасын сатып алу жүзеге асырылғаны туралы ақпараты негізінде есептелген бір валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы осындай валюталық шарттың және шоттың не төлемге арналған өзге құжаттың сомасынан асып кетсе;

      бір резидент-заңды тұлға бір уәкілетті банк арқылы резидент-заңды тұлғаның өтінімі негізінде есептелген шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір жұмыс күніндегі ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, орындауға қабылдамайды.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2020 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Қолма-қол шетел валютасын алуға, есепке жатқызуға және пайдалануға байланысты уәкілетті банктегі банктік шот бойынша операцияларды жүргізу тәртібі

      24. Жеке тұлғалар уәкілетті банктердегі өздерінің банктік шоттарынан (өздерінің банктік шоттарына) қолма-қол шетел валютасын шектеусіз алады (салады).

      25. Заңды тұлғаларға және шетелдік ұйымдардың филиалдарына (өкілдіктеріне) Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 7-бабында көрсетілген жағдайларда жеке тұлғалармен есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін уәкілетті банктегі өздерінің банктік шоттарынан қолма-қол шетел валютасын алуына рұқсат етіледі.

      26. Заңды тұлға немесе шетелдік ұйымның филиалы (өкілдігі) жеке тұлғаға оның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға баруына байланысты шығыстарды, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеу жөніндегі валюталық операцияны жүзеге асыру мақсаттары үшін өзінің банктік шотынан қолма-қол шетел валютасын алған кезде уәкілетті банкке жеке тұлғаларға жүзеге асырылатын төлемдерді растайтын және алынатын қолма-қол шетел валютасының сомасына нұсқауды қамтитын құжаттарды ұсынады. Осындай құжаттар ретінде бұйрықты, өкімді, шешімді, іссапар шығыстарының сметасын ұсынуға жол беріледі.

      Жеке тұлғаға оның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға баруына байланысты шығыстарды, оның ішінде өкілдік шығыстарды корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып төлеу жөніндегі валюталық операцияны жүзеге асыру мақсаттары үшін қолма-қол шетел валютасы алынған жағдайда көрсетілген құжаттар осындай алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке ұсынылады.

      27. Жеке тұлғаға оның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға баруына байланысты шығыстарды, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеу жөніндегі валюталық операцияны жүзеге асыру мақсаттарына алынған қолма-қол шетел валютасы көрсетілген мақсатқа (толық немесе ішінара) пайдаланылмаса, пайдаланылмаған қолма-қол шетел валютасы қызметкерлердің іссапар мерзімі аяқталған соң он жұмыс күні ішінде заңды тұлғаның немесе шетелдік ұйым филиалының (өкілдігінің) уәкілетті банктегі банктік шотына міндетті түрде есепке жатқызылады.

      Заңды тұлға немесе шетелдік ұйымның филиалы (өкілдігі) қолма-қол шетел валютасын уәкілетті банктегі өзінің банктік шотына есепке жатқызған кезде кассалық кіріс ордерінде өзінің қолма-қол шетел валютасын алу негізін көрсетеді.

      28. Уәкілетті банк Қағидалардың 8-тармағына сәйкес Ұлттық Банкке Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 7-бабында көзделген жағдайларда қолма-қол шетел валютасын есепке жатқызуды қоспағанда, қолма-қол шетел валютасын заңды тұлғаның немесе шетелдік ұйым филиалының (өкілдігінің) банктік шотына есепке жатқызу фактісі туралы хабарлайды.

      29. Қағидалардың 25, 26, 27-тармақтары дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерге, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қолданылмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      № _______ бұзушылық бойынша карточка

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: KN1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: ________ жылғы ________ айға

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде

      Нысан

Жол коды

Ақпарат түрі

Бұзушылық бойынша ақпарат

10

Банк клиентi бойынша ақпарат:


11

атауы (заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғалар үшін)


12

БСН (заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн)


13

ЖСН (жеке тұлғалар үшiн)


14

клиент белгісі:
1 – заңды тұлға, 2 – жеке тұлға,
3 – заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі)


15

тұрақты тұратын (орналасқан) жері


16

облыс коды


20

Валюталық операция бойынша ақпарат:


21

күні


22

сомасы


23

валютасы


30

Бұзушылық жөнiндегi ақпарат:


31

түрі


32

бұзушылықтың сипаты


33

валюталық шарттың нөмірі (бос орынсыз көрсетіледі)


34

валюталық шарттың күні (ЖЖЖЖ/АА/КК форматында)


35

есептік нөмірі (бар болса)


36

валюталық шарт бойынша өзге ақпарат (бар болса)


37

бұзушылық бойынша қосымша мәліметтер


      Атауы ______________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  "Бұзушылық бойынша
карточка" нысанына
қосымша

Бұзушылық бойынша карточка Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – KN1, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Бұзушылық бойынша карточка" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

2-тарау. Нысанды толтыру

      3. Ақпарат Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда ұсынылады.

      4. Коды 11-жолда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); заңды тұлғаның немесе заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) атауы; ұйымдық-құқықтық нысаны (бар болса) көрсетіледі.

      5. Коды 16-жолда "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" ҚР МС 11 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес облыс кодының алғашқы 2 цифры көрсетіледі.

      6. Коды 21, 22 және 23-жолдар құжаттар немесе ақпарат беру мерзімдері бұзылған жағдайларда толтырылмайды.

      7. Коды 21-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып валюталық операция жүргізілген күн көрсетіледі.

      8. Коды 22-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операцияның сомасы операция валютасының мың бiрлiгiмен көрсетiледi.

      9. Коды 23-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюта кодының ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес әріппен берілген белгісі көрсетiледi.

      10. Коды 31-жолда мәтіндік және (немесе) сандық форматтағы бұзушылықтың түрi көрсетiледi.

      11. Коды 32-жолда бұзушылықтың қысқаша сипаты мәтiндiк форматта келтiрiледi.

      12. Коды 34, 35 және 36-жолдар валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюталық шарт болған кезде толтырылады.


      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.08.2024 № 48 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Валюталық операция туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Уәкілетті банктің коды _____________

      Төлем құжатының нөмірі _____________

      Күні __________________

Жолдың коды

Ақпарат түрі

Ақпарат

01

Валюталық операцияның коды


02

Төлем (ақша аударымы) белгісі ("1" – ішкі корпоративтік ақша аударымы; "0" – өзге төлем (ақша аударымы)


10

Төлем құжатында көрсетілген төлем және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі және бенефициары туралы ақпарат


11

Жөнелтушінің резиденттік елінің коды


12

Бенефициардың резиденттік елінің коды


20

Валюталық шарт туралы ақпарат:


21

Шарттың нөмірі (атауы, бар болса)


22

Шарттың күні


23

Шарттың есептік нөмірі (бар болса)


24

Валюталық шарт бойынша өзге ақпарат (бар болса)


30

Валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушімен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады)


31

Резиденттік белгісі


32

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Заңды тұлғаның, оның филиалының (өкілдігінің) атауы


33

ЖСН немесе БСН (бар болса)


34

Экономика секторының коды


35

Резиденттік елінің коды


40

Валюталық шарт бойынша ақша алушы туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады)


41

Резиденттік белгісі


42

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Заңды тұлғаның, оның филиалының (өкілдігінің) атауы


43

ЖСН немесе БСН (бар болса)


44

Экономика секторының коды


45

Резиденттік елінің коды


  "Валюталық операция
туралы мәліметтер" нысанына
қосымша

"Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан тиісті төлем құжатына қосымша ретінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру

      4. Резидент-клиенттер мен бейрезиденттер 01, 02, 11 және 12-жолдарды толтырады. 21, 22, 23, 24, 31, 32, 33, 34, 35, 41, 42, 43, 44 және 45-жолдарды тек резиденттер толтырады.

      5. 01-жол Түсіндірмеге қосымша болып табылатын валюталық операциялар кодының кестесіне сәйкес толтырылады.

      6. 11, 12, 35 және 45-жолдарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" 06 ISO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес резиденттік елінің екі мәнді коды көрсетіледі.

      Резиденттік елі – заңды тұлғаны, заңы тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу елі немесе жеке тұлғаның тұрақты тұратын елі (азаматтығы немесе Қазақтан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған құқық негізінде).

      7. 31, 34, 41 және 44-жолдар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.

  "Валюталық операция туралы
мәліметтер" нысанын толтыру
бойынша түсіндірмеге
қосымша
  Кесте

Валюталық операциялардың кодтары

Валюталық операциялар кодтары

Операциялардың атауы

1. Банктік шоттарды қолдана отырып жүргізілетін операциялар

11. Сыртқы сауда-саттық операциялары (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), оның ішінде комиссия және электрондық ақшаны сатып алу/өтеу шарттары бойынша

11.1 тауарлар үшін төлемдер:

1111

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар үшін төлемдер;

1112

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарлар үшін төлемдер;

1113

Қазақстан Республикасының аумағында және оларды Қазақстан Республикасынан тыс әкетпей сатып алынған немесе сатылған тауарлар үшін төлемдер;

1114

Қазақстан Республикасынан тыс және оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелмей сатып алынған немесе сатылған тауарлар үшін төлемдер;

11.2 жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер:

1121

бейрезиденттің резидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер;

1122

резиденттің бейрезидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер;

1123

резиденттің резидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер;

1124

бейрезиденттің бейрезидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер

11.3 электрондық ақшалармен операциялар

1131

эмитенті резидент болып табылатын электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілетін операциялар

1132

эмитенті бейрезидент болып табылатын электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілетін операциялар

11.4 өзге төлемдер:

1141

тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары бойынша ілеспе төлемдер

1142

қате аударылған сомаларды, ұсынылмаған тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, орындалмаған жұмыстар үшін төлемдерді қайтару

1143

тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге шарттар бойынша өзге төлемдер

12. Жылжымайтын мүлікпен, басқа жабдықпен және көлік құралдарымен (сатып алу және сатудан басқа), өндірілмеген қаржылық емес активтермен, зияткерлік меншік нысандарымен, материалдық емес активтермен жүргізілген операциялар

12.1. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды, зияткерлік меншік нысандарына толығымен айырықша құқықты қоса алғанда, меншік құқығын иелену

1211

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті, өндірілмеген қаржылық емес активтерді (жер, оның қойнауы) қоспағанда, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иелену

1212

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікке меншік құқығын иелену

1213

зияткерлік меншік нысандарына толығымен айырықша құқықты иелену

1214

өзге материалдық емес активтерге меншік құқығын иелену

12.2. ағымдағы жалдау (жер қойнауын пайдалану құқығын қоса алғанда), айырықша құқықты ішінара иелену

1221

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті, өндірілмеген қаржылық емес активтерді (жер, оның қойнауы) қоспағанда, жылжымайтын мүлікті жалдау

1222

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті жалдау

1223

жабдықты және көлік құралдарын жалдау

1224

зияткерлік меншік нысандарына ішінара айырықша құқықты иелену

1225

өзге материалдық емесе активтерді пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге төлемдер

12.3. қаржы лизингі немесе кейіннен сатып алумен жалдау

1231

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті қоспағанда, кейіннен сатып алумен жылжымайтын мүлікті жалдау

1232

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүліктің қаржылық лизингі

1233

жабдықтың және көлік құралдарының қаржылық лизингі

12.4. өзге төлемдер

1241

өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате аударылған сомаларды қайтару және жылжымайтын мүлікпен, басқа жабдықпен және көлік құралдарымен (сатып алу және сатудан басқа), өндірілмеген қаржылық емес активтермен, зияткерлік меншік нысандарымен, материалдық емес активтермен жүргізілген операциялар бойынша басқа да төлемдер

13. Қаржы құралдарымен операциялар

13.1. қарыздар, капиталға қатысу құралдары, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары

1311

қаржы құралдары бойынша төлемдер: қарыздар (беру және өтеу), капиталға қатысу құралдары (жарғылық капиталды қалыптастыру, сатып алу, сату), бағалы қағаздар (сатып алу, сату, өтеу) және олар бойынша кірістерді төлеу (сыйақы, дивидендтер, бөлінген пайда)

1312

туынды қаржы құралдары бойынша төлемдер және олар бойынша кірістерді төлеу

13.2. брокерлік қызмет көрсету, портфельді инвестициялық басқару (егер қаржы құралын анықтау мүмкіндігі болмаса) шарттарының шеңберінде

1321

брокермен, резидент басқарушы компаниямен жасалған шарттар бойынша операциялар

1322

брокермен, басқарушы компаниямен, бейрезидент инвестициялық банкпен жасалған шарттар бойынша операциялар

13.3. мүлікті сенімгерлік басқару, трасттар

1331

резидент сенімгерлік басқарушымен жасалған шарттар бойынша операциялар

1332

бейрезидент сенімгерлік басқарушымен жасалған шарттар бойынша операциялар

13.4. бірлескен қызмет қатысушысының міндеттемелерін орындау (1, 2-бөлімдерге енгізілген операцияларды қоспағанда)

1341

Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен қызметті жүзеге асыруды көздейтін шарттар бойынша операциялар

1342

Қазақстан Республикасынан тыс бірлескен қызметті жүзеге асыруды көздейтін шарттар бойынша операциялар

13.5. өзге төлемдер

1351

өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате аударылған сомаларды қайтару және қаржы құралдарымен, электрондық ақшамен операциялар бойынша, брокерлік қызмет көрсету, портфельді инвестициялық басқару, сенімгерлік басқару, траст, бірлескен қызмет шарттары бойынша басқа да төлемдер

14. Меншік шоттары және сауда-саттық емес операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

14.1. меншік шоттар бойынша

1411

басқа резидент-банктегі меншік шотқа (меншік шоттан) ақша аудару

1412

шетелдік банктегі меншік шоттан (меншік шотқа) ақша аудару

1413

резидент-банктегі шоттан қолма-қол шетел валютасын алу

1414

резидент-банктегі шотты толтыру үшін қолма-қол шетел валютасын салу

1415

1419 кодында көзделген операцияны қоспағанда, банктің клиенттен ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алуы

1416

банктің клиентке ұлттық валютаға шетел валютасын сатуы

1417

банктің клиенттен (клиентке) шетел валютасын басқа шетел валютасына сатып алуы (сатуы)

1418

өзге валюталық құндылықтарды сатып алу/сату

1419

клиенттің бұрын сатып алған және белгіленген мерзімде пайдаланбаған шетел валютасын сатуы

14.2. үшінші тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардың) пайдасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

1421

өтеусіз аударымдар, өтеусіз қаржылай көмек, мүшелік жарналар және үшінші тұлғалардың пайдасына басқа да төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

1422

резидент-банкте үшінші тұлғаның шотын толтыру үшін қолма-қол шетел валютасын салу

1423

төлем карталарын қолдана отырып жүргізілген төлемдер (егер операция басқаша сыныпталмаса)

1424

баждар, салықтар, айыппұлдар, сот шешімдерін және басқаларды төлеу

1425

зейнетақы, жалақы, іссапар шығындарын төлеу

1426

банктік шоттар бойынша сыйақы және комиссиялар

14.3. ілеспе төлемдер

1431

өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате аударылған сомаларды қайтару және 14.1, 14.2-бөлімдерге енгізілмеген басқа да операциялар

2. Банктік шоттарды қолданбай жүргізілген операциялар

21. Клиенттерден валюталық құндылықтарды сатып алу (қолма-қол шетел валютасын қоспағанда)

2101

чектер, вексельдер және басқа төлем құжаттарын сатып алу

2102

аффинирленген алтыннан жасалған өлшеуіш құймаларды және басқа да валюталық құндылықтарды сатып алу

22. Клиенттерге валюталық құндылықтарды сату (қолма-қол шетел валютасын қоспағанда)

2201

чектер, вексельдер және басқа төлем құжаттарын сату

2202

аффинирленген алтыннан жасалған өлшеуіш құймаларды және басқа да валюталық құндылықтарды сату

23. Шот ашпай жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

2301

Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем және (немесе) ақша аударымы

2302

Қазақстан Республикасынан тыс жіберілген немесе шетелден алынған төлем және (немесе) ақша аударымы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 30 наурыздағы
№ 40 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің құрылымдық элементінің тізбесі

      1."Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 551-556 (27629) жарияланған).

      2."Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 34-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10777 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 264 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13580 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 250 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16537 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады