Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 84 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қыркүйекте № 29685 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Е.Т. Ашықбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Қасенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің
Төрғасы
Г. Пирматов
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 84 Қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13071 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Шетел валютасындағы вексель инкассосы (инкассолау) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Валюталық реттеу туралы заң), Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (бұдан әрі – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары) және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 202 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14298 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарда:

      41-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-2. Операторға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған немесе лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған эмитент банк шығарған электрондық ақшаны жеке тұлға - электрондық ақша иелерінен меншікті қаражаты есебінен сатып алуына рұқсат етіледі. Операторға "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 74-2-бабының 3-тармағында белгіленген таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес өзінің электрондық әмиянындағы сатып алынған электрондық ақшаның жалпы сомасы өтеледі.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Эмитент "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес алаяқтықты анықтау, сондай-ақ болдырмау және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында электрондық ақша жүйесінде ұйымдастыру және рәсімдеу іс-шараларын қамтамасыз ету мен енгізу шараларын қабылдайды.".

      3. "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 44) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) 747-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 19, 24-баптарына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 44) тармақшасына және 49-бабына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының банктерінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банктiк шот клиент пен банк арасында банктік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты (бұдан әрі – банктік қызмет көрсету шарты) жасалған кезде банк белгілеген нысан бойынша банкке қағаз тасымалдағышта немесе электрондық түрде ұсынылған клиенттің өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде ашылады.

      Тұрғын үй төлемдерін есептеуге және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Тұрғын үй қатынастары туралы заң) 101-5-бабына сәйкес мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыруға арналған банктік шот банктің, клиент – тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылатын қызметкердің және қызметкері тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылатын мемлекеттік мекеменің арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына (бұдан әрі – № 1727 қағидалар), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына (бұдан әрі – № 49 қағидалар) 10-қосымшаларға сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 872 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына (бұдан әрі – № 872 қағидалар) 8-қосымшаға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына (бұдан әрі – № 524 қағидалар) 5-қосымшаға сәйкес тұрғын үй төлемдері туралы шарт жасаған кезде ашылады.

      Клиент пен банк арасында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10610 болып тіркелген "Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес білім беру жинақтау салымы туралы шарт жасаған кезде "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң) 7-бабына сәйкес білім беру жинақтау салымына арналған банктік шот ашылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Клиентке банктік шот ашуды банк "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) 5-бабына сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылданғаннан кейін жүзеге асырады.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Банктік шот ашу үшін клиент берген құжаттар банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе жеке-жеке не түпнұсқада клиенттер бойынша құжаттарды бөле отырып жалпы істе сақталады.

      Көшірмелері клиент ісінде (жалпы істе) сақталатын жеке басты куәландыратын құжаттар, жарғылар, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісі не "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс) 158-бабына сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісім, сауда тізілімінен үзінді-көшірмелер не ұқсас сипаттағы басқа да құжаттар (оқшауланған бөлімшелер үшін – ережелер), үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің жүзеге асырылу фактісін растайтын құжаттар, заңды тұлғалар-клиенттерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғалар-клиенттердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар және банкте операциялар жасау құқығына берілген сенімхаттар кірмейді.

      Егер банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) электрондық досье қалыптастыру мүмкіндігі болса, клиенттің құжаттарын, оның ішінде түпнұсқалар болып табылмайтын құжаттарын қағаз тасымалдағыштарда қосымша сақтамай-ақ электрондық түрде сақтауға жол беріледі.

      24. Клиенттің банктік шотын ашу кезінде банк мемлекеттік кірістер органдарына Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған тәртіпте, жағдайларда және мерзімде хабарлайды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Ағымдағы шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғалары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғалары және дара кәсіпкерлер:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (жекеше нотариустар үшін) не "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған электрондық лицензияның көшірмесі;

      адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (адвокаттар үшін) не "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған электрондық лицензияның көшірмесі;

      атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (жеке сот орындаушылары үшін) не "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған электрондық лицензияның көшірмесі;

      медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (кәсіби медиаторлар үшін);

      3) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары және олардың филиалдары мен өкілдіктері, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

      филиалдың немесе өкілдіктің (өзге ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсаты (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін);

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат немесе осы құжаттар нотариат куәландырған және (немесе) заңдастырылған және (немесе) апостиль қойылған жағдайда, бейрезидент-заңды тұлға өкілдерінің шотқа иелік ету бойынша өкілеттіктерін растайтын және осындай уәкілетті өкілдердің қол қою үлгілері бар құжаттар;

      сауда тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осыған ұқсас сипаттағы, бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат қамтылған, нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар және қажет болған жағдайда заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      5) шаруа (фермерлік) қожалықтары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      6) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы сот не акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі;

      уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;

      уәкілетті органның банктік және өзге де операцияларды жүргізуге не сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесі;

      7) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      дипломатиялық және консулдық өкілдіктің тіркелуін растау туралы нотаның көшірмесі.

      Банк осы тармақта көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған жағдайда, оларды ұсыну талап етілмейді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тұрғын үй төлемдерін есептеуге және Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 10-5-бабына сәйкес мақсатқа төлемдерді жүзеге асыруға арналған ағымдағы шот ашу үшін клиент банкке:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) ағымдағы шоттың мақсаты бар өтініш;

      3) № 1727 қағидаларға 4-қосымшаға, № 872 қағидаларға 5-қосымшаға, № 524 қағидаларға 3-қосымшаға не № 49 қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы (банкке ұсыну үшін) анықтама және (немесе) № 1727 қағидаларға 6-қосымшаға не № 49 қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы (банкке ұсыну үшін) анықтама ұсынады.";

      28-1-тармақ алып тасталсын;

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар банкке Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде жасалған, мөр бедерінің үлгісі қамтылған, қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар банкке Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде жасалған, қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап сондай заңды тұлғалардың шығу елінің заңнамасына сәйкес мөрі жоқ, Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларына қолданылады.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Банктік шотты жабуды:

      1) клиенттің өтініші негізінде, егер банктік қызмет көрсету шартында және (немесе) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабында, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабында өзгеше көзделмесе, кез келген уақытта жүргізіледі;

      2) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 29-бабында көзделген тәртіппен банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартқан не күші тоқтатылған жағдайда банк өздігінше жүзеге асырады.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Клиенттің банктік шотын жабу кезінде банк Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында айқындалған тәртіппен, жағдайларда және мерзімде мемлекеттік кірістер органдарына хабарлайды.".

      4. "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-3) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 19, 24-баптарына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-3) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағынын 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және банктердің (оның ішінде делдал банктердің), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, төлем құжаттарын ресімдеу нысандары мен тәртібін айқындайды, сондай-ақ банктердің, банктердің төлем агенттері мен қосалқы төлем агенттерінің және төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсеткенін растайтын құжаттың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.

      Осы Қағидалар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) белгіленген талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бастама жасалған, шарттарда және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дәстүрлерінде реттелетін халықаралық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарына байланысты қатынастарға қолданылмайды.

      Қағидалардың қолданысы төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына, Қазақстан Республикасының аумағында аударым және жай вексельдермен операцияларды жүргізуге және чектерді қолдануға байланысты қатынастарға қолданылмайды.";

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 1-бабында көзделген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақша аударуға өтініш – ақша жөнелтушінің Қағидалардың 17-тармағында көзделген жағдайларда қолма-қол ақшасыз төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде пайдаланатын төлем құжаты;

      2) дебеттiк аударымдар – ақша жөнелтушінің төлеуі үшін бенефициардың банкке төлем талабын, төлем ордерін, инкассолық өкімді ұсынуы арқылы жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      3) картотека – ақша жөнелтушінің банк шотында оларды орындау үшін қажетті ақша сомасы жоқ болғанда не жеткіліксіз болған кезде орындалмаған және (немесе) ішінара орындалған төлем құжаттарын баланстан тыс есепке алу;

      4) кредиттік аударымдар – бастамашының ақша жөнелтушінің банкіне төлем тапсырмасын, жиынтық төлем тапсырмасын, төлем ордерін, төлем хабарламасын немесе ақша аударуға өтінішті ұсынуы арқылы жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      5) уәкілетті адамдар – Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) талаптарына сәйкес (құрылтай құжаттары, сенімхат, бұйрық, өзге құжаттар) заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелерінің (филиалдар, өкілдіктер, аумақтық оқшауланған бөлімшелері) атынан клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаны басқаруға) байланысты операцияларды жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға өкілеттік берілген адамдар.

      4. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шоттардан қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-100-1-баптарында және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) айқындалады.

      5. Қазақстан Республикасының аумағындағы қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 25, 45-57-баптарының, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 7-бабының, КЖТҚҚ туралы заңның 5, 7, 12 және 13-баптарының талаптарына және Қағидаларға сәйкес теңгедегі немесе шетел валютасындағы банк шоттарын пайдалана отырып және банк шоттарын ашпастан жүзеге асырылады.

      Банк шоттарын ашпастан жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына ақша жөнелтуші және (немесе) бенефициар банк шоттарын пайдаланбастан жүзеге асыратын және ақша жөнелтуші көрсеткен бенефициардың пайдасына аудару үшін қолма-қол ақшаны салу және (немесе) бенефициардың қолма-қол ақшаны алуы арқылы жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары жатады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 24-бабына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын банкке қолма-қол ақшамен салуға құқығы бар адамдар банктік шотты ашпай немесе пайдаланбай төлем хабарламасының негізінде жүзеге асырылады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Сот орындаушысының инкассолық өкімі ұсынылған банктік шотта ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде ақшаны өндіріп алу борышкердің теңгедегі не шетел валютасындағы басқа банктік шотынан (шоттарынан) жүргізіледі. Банк сот орындаушысының инкассолық өкімін инкассолық өкім ұсынылған банктік шоттан өзгеше клиенттің басқа банктік шотынан (шоттарынан) орындаған кезде, банк жүйесінде инкассолық өкімді қалыптастырады онда ақшаны алып қою жүзеге асырылатын банктік шоттың нөмірі көрсетіледі.

      Ақша жөнелтушінің банкі мемлекеттік кірістер органының инкассолық өкімдерін орындауды Салық кодексінің 122 және 123-баптарында, "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 129 және 130-баптарында және Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      Инкассолық өкімді жөнелтушінің банктік шотының валютасынан өзгеше валютада орындау валюта айырбастаудың төлем жасалған күніндегі нарықтық бағамын қолдана отырып жүргізіледі.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Салық кодексінің 122 және 123-баптарында, Кеден кодексінің 129 және 130-баптарында, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 36-бабында, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң) 17-бабында, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) 58-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 28-бабында, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда және (немесе) банктік шот шартында көзделген жағдайларда банк ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығаруды банк орындау үшін қабылдаған төлем құжаты не ақша жөнелтушінің келісімінсіз орындалатын төлем құжаты негізінде жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 77-1, 77-2 және 77-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "77-1. Ақша жөнелтушінің банкі банктік шот ашпастан халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде операцияға бірегей нөмір беруді және халықаралық ақша аударымдары жүйесінде қалыптастырылатын төлем құжатында осы нөмірді көрсетуді қамтамасыз етеді.

      77-2. Делдал банк пен бенефициар банк халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе төлем жүйесі қағидаларында көзделген ақша алушы немесе жөнелтуші туралы ақпаратты қамтымайтын төлем құжаттарынды анықтау үшін деректерді автоматтандырылған өңдеу рәсімдерін қолдануды қамтамасыз етеді.

      77-3. Банк ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың деректемелері жоқ төлем нұсқауын алу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерінің дәрежесін бағалау негізінде банктің іс-қимыл тәртібін айқындайтын ішкі рәсімдердің болуын қамтамасыз етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген банктің ішкі рәсімдерінде ақша жөнелтуші немесе алушы туралы қажетті ақпараты жоқ төлем құжаттарын орындау, орындаудан бас тарту және тоқтата тұру шарттары мен тәртібі және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау осындай операциялар анықталған кезде одан арғы іс-қимылдар тәртібі қамтылады.";

      80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Ақша жөнелтушінің банкі мына:

      1) егер төлем құжатында қолдан жасау белгілері болған, оның ішінде, егер төлем құжаты Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 56-бабында, Қағидаларда, жөнелтушінің және ақша жөнелтушінің банкі арасында жасалған шартта белгіленген, рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттері тәртібін бұза отырып берілген;

      2) егер төлем құжатында мынадай:

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген жағдайларды;

      бенефициарға құқық иеленуші-банк Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операциялардың шеңберінде қызмет көрсетілген жағдайларда ақша жөнелтушінің банк шоттарына бұрын ұсынылған инкассолық өкімдерді орындау жағдайларын қоспағанда, түзетулер, толықтырулар және түзетілген жерлері болған жағдайда төлем құжатын орындаудан бас тартады. Осындай инкассолық өкімдерді орындау бенефициар мен бенефициар банктің деректемелерін растайтын құқық иеленуші-банктің құжаты негізінде бенефициардың банктік деректемелерін (бенефициар банктің ЖСК, атауы және банктік сәйкестендіру коды) түзете отырып жүзеге асырылады;

      мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банкте бенефициарға қызмет көрсетілетін немесе мәжбүрлеп тарату процесіндегі банк бенефициар болып табылатын жағдайларда, ақша жөнелтушінің банк шоттарына бұрын ұсынылған инкассолық өкімдер мен төлем талаптарын орындау жағдайларын қоспағанда, түзетулер, толықтырулар және түзеткен жерлері болған жағдайда төлем құжатын орындаудан бас тартады. Осындай инкассолық өкімдер мен төлем талаптарын орындау бенефициар мен бенефициар банктің деректемелерін растай отырып, бенефициардың жаңа банктік шоты ашылған банк құжатының негізінде бенефициардың банктік деректемелерін (бенефициар банктің ЖСК, атауы және банктік сәйкестендіру коды) түзете отырып жүзеге асырылады;

      3) Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген жағдайларда ақша жөнелтуші банктің төлем құжаттарында клиенттің ЖСК түзетуін қоспағанда, Қағидаларда көзделген жағдайларда төлем құжатын клиенттің басқа банктік шоттарынан орындау кезінде ақша жөнелтушінің ЖСК, ЖСН (БСН) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген;

      4) салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, бірыңғай жиынтық төлемін аударуға арналған төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің ЖСН (БСН) мемлекеттік кірістер органы ұсынатын деректермен сәйкес келмеген;

      5) ақша жөнелтуші Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 31, 32, 35, 36, 37, 45 және 46-баптарында, Қағидаларда, сондай-ақ жөнелтуші мен банк арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген төлем құжатын жасау және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды сақтамаған;

      6) Қағидаларға 1, 2, 4, 5, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмеген;

      7) басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН) банктің клиентін сәйкестендірсе, мемлекеттік кірістер органы ұсынған инкассолық өкімді, сондай-ақ Қағидалардың 150-тармағының талаптарына сәйкес банктің клиентін сәйкестендіру кезіндегі сот орындаушысының инкассолық өкімін қоспағанда, клиенттің атауы төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің атауына сәйкес келмеген;

      8) төлем белгілеуді кодпен көрсетілуі оның мәтіндік бөлігіне сәйкес келмеген;

      9) бюджетке төлемдерді төлеу кезінде бюджеттік сыныптау коды цифрмен белгіленбеген;

      10) төлем құжатында көрсетілген сомалар цифрлармен және жазумен сәйкес келмеген;

      11) көлік құралына салық төлеу кезінде төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген;

      12) жөнелтуші және жөнелтушінің банк арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген талаптар сақталмаған;

      13) Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында, Экспорттық-импорттық валюталық бақылау қағидаларында көзделген;

      14) банктік шоттан ақшаны өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нотариус депозиті талабымен енгізілген ақшаны есепке алуға арналған, сондай-ақ "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң) 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шотқа, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға; инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушының клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру үшін банк шоттарындағы ақшаны, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттардағы ақшаны есепке алуға арналған банк шотына, әлеуетті жеткізушілердің немесе жеткізушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотына қойылғанда;

      15) Азаматтық кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша, сондай-ақ жеке әріптестің кредитор алдындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты және (немесе) концессия шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген міндеттемелерін орындау шеңберінде ұсынылған талаптар бойынша ақшаны алып қоюды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттарға талап ұсынылған жағдайда;

      16) қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу туралы төлем талабы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған ағымдағы шотқа ұсынылған жағдайларда;

      17) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде ақшаны алып алуды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар болған банктік шотқа талап ұсынылған жағдайда;

      18) "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банкі ұсынған төлем құжаты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктері, бейрезидент банктері, бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушы банктерімен корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларының 9-1-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын орындаудан бас тартады.

      81. Бенефициар банкі мына:

      1) жөнелтуші Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 31, 32, 35, 36, 37, 45 және 46-баптарында, Қағидаларда, сондай-ақ жөнелтуші мен банк арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген төлем құжатын жасау мен ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды сақтамаған;

      2) рұқсат етілмеген төлем анықталған, сондай-ақ бенефициардың пайдасына аударылатын ақшаны заңсыз алудың негізделген фактілері анықталған және расталған;

      3) ЖСК, ЖСН (БСН) бенефициардың деректемелеріне сәйкес келмеген, бенефициар банкінде ЖСК болмаған;

      4) егер есептелетін ақша сомасы көрсетілген талаптармен байланысты емес болған жағдайда, клиент-жеке тұлғаның талабы бойынша мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нотариус депозиті талабымен енгізілген ақшаны есептеу үшін ашылған, сондай-ақ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңның 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған ағымдағы шотқа ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттағы ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, өндіріп алушылардың пайдасына тұрғын үй төлемдері сомасын пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы өндіріп алынған ақшаны сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шотындағы ақшаны, осы инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функциясын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаны, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотына ақшаны есептеген жағдайда;

      5) егер есептелетін ақша сомасы алименттерге (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаға) байланысты емес болған және (немесе) төлем белгілеудің кодтық белгісі алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақша) есептеу үшін бөлінген төлем белгілеудің кодтық белгісіне сәйкес келмеген жағдайда, клиент-жеке тұлғаның талап етуі бойынша алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есептеу үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеген;

      6) егер есептелетін ақша сомасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған ақшалай талапты беруді қаржыландыру шарты, концессия шарты және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде төленетін инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеуге байланысты емес болған жағдайда, ақшаны инвестициялық шығындардың өтемақыларын есептеуге арналған ағымдағы шотқа есептеген;

      7) Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында, Экспорттық-импорттық валюталық бақылау қағидаларында көзделген;

      8) банк шотын ашпастан халықаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын сәйкестендіретін бірегей нөмір болмаған жағдайларда, төлем құжатын орындаудан бас тартады.

      Бенефициар банкі бенефициардың атауы төлем құжатында көрсетілген атауға сәйкес келмеген жағдайда, ал бенефициардың төлем құжатында көрсетілген басқа деректемелері (ЖСК, ЖСН (БСН) бенефициарды сәйкестендіретін болса, төлем құжатын орындайды.

      Мыналарды:

      1) ЖСК және БСН деректемелері сақталған кезде ақша жөнелтушінің және (немесе) бенефициардың ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, мемлекеттік орган және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі қайта ұйымдастырылған және атауы өзгерген жағдайды;

      2) мемлекеттік кірістер органы бюджеттік сыныптау кодтарын өзгерткен жағдайды қоспағанда, банк төлем құжатының деректемелерін өзгертуіне жол берілмейді.

      Қағидалардың 95-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бенефициар банкінің төлем құжатының деректемелерін өзгертуіне рұқсат етілмейді.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Бенефициар банк "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабында рұқсат етілген қаражат көздерінен кәсіптік одақтарды қаржыландыруды қоспағанда, бейрезиденттерден, шет мемлекеттерден, мемлекеттік органдардан, мемлекеттік ұйымдардан, діни бірлестіктерден және қайрымдылық ұйымдарынан шартты ("тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізу бойынша келісімшартты) орындауға байланысты емес операциялар бойынша саяси партиялардың және кәсіптік одақтардың пайдасына ақша, оның ішінде шетел валютасы түскен кезде төлем тапсырмасын орындаудан бас тартады".

      174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "174. Ақша жөнелтушінің банктік шоты бойынша шығыс операциялары уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді жойғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 161-бабы тоғызыншы бөлігіне және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабы 12-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес жаңартылады.";

      16-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      17-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      18-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      5. "Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 50) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату қағидалары;

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 50) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерін қоспағанда, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары (бұдан әрі – банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктер мен "Астана" халықаралық қаржы орталығына (бұдан әрі – АХҚО) қатысушы банктер арасында корреспонденттік қатынастар орнату тәртібін айқындайды.

      Банктер арасында, банктер мен банктік емес ұйымдар арасында, сондай-ақ банктер мен АХҚО-ға қатысушы банктер арасында корреспонденттік қатынастарды орнату тәртібі банктердің және банктік емес ұйымдардың және АХҚО-ға қатысушы банктердің ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарын ашуды, жүргізуді және жабуды, банктердің және банктік емес ұйымдардың ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары лимитінің есебін қамтиды.

      2. Қағидаларда "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жәе терроризмді қарыжыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – АЖТҚҚ туралы заң), Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) корреспондент – басқа банк және (немесе) банктiк емес ұйым үшiн өзінде корреспонденттік шот (лоро-шот) ашқан банк және (немесе) банктік емес ұйым;

      2) респондент – басқа банкте және (немесе) банктiк емес ұйымда корреспонденттік шот (ностро-шот) ашқан банк және (немесе) банктік емес ұйым, сондай-ақ, АХҚО-ға қатысушы банк.

      3. Банк операцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) сәйкес лицензиясыз жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, банктердің, АХҚО-ға қатысушы банктердің және банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу мен жүргізуді банктер мен банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуға және жүргізуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы бар банктер мен банктік емес ұйымдар жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Респондент корреспонденттік шотты ашу үшін корреспондентке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының 15-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды:

      1) банктер үшiн – банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн;

      2) кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, банктiк емес ұйымдар үшiн – банк операцияларын Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес уәкілетті органның лицензиясыз жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, аударым операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн;

      3) АХҚО-ға қатысушы банктер үшін – АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің депозиттерді қабылдау қызметтерін ұсынуға және (немесе) АХҚО аумағында банктік шоттар ашуға және жүргізуге арналған лицензиясының нотариат куәландырған көшірмесі ұсынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасына корреспонденттік шот ашу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалығын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы резиденті болып табылатын мемлекеттің резиденті болып табылатын банктің уәкілетті тұлғасы немесе банктің үлестес тұлғасы осы құжаттардың түпнұсқасынан немесе нотариат куәландырған көшірмесінен куәландырған жағдайда, олар нотариаттың куәландыруынсыз қабылданады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. АХҚО-ға қатысушы банктің корреспонденттік шоты бойынша операциялардың мынадай түрлері жүзеге асырылады:

      1) АХҚО-ға қатысушы банктің өз операциялары бойынша ақшаны қабылдау және аудару;

      2) АХҚО-ға қатысушы банк клиенттерінің салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі нұсқауларын орындау, сондай-ақ АХҚО банкінің клиенттің банктік шотына қойылған инкассолық өкімдерді (салық органдары мен сот орындаушылары) орындауы;

      3) АХҚО және "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – ҚҚБ) биржасында бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша брокерлік комиссияларды, листингтік және өзге де биржалық алымдарды төлеу;

      4) АХҚО және ҚҚБ биржасындағы бағалы қағаздар бойынша мәмілелер мен төлемдер бойынша есеп айырысу;

      5) ұлттық валютадағы қаржы құралдары бойынша, оның ішінде АХҚО-ға қатысушы банктердің номиналды ұстауындағы және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне кастодиандық қызмет көрсетуге берілген бағалы қағаздар бойынша мәмілелер бойынша есеп айырысулар мен төлемдер;

      6) АХҚО-ға қатысушы банк көрсеткен консультациялық қызметтерге ақы төлеу.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Корреспонденттiк шот:

      1) егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда және (немесе) корреспонденттік шот шартында өзгеше көзделмесе, респонденттiң жазбаша өтiнiшi бойынша кез келген уақытта;

      2) корреспонденттiк шот шартының қолданылуы тоқтатылған кезде;

      3) корреспонденттің корреспонденттiк шоттарды ашуға және жүргiзуге берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде;

      4) егер респондент банк болып табылған жағдайда, оның банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде;

      5) АХҚО-ға қатысушы банктің АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің депозиттерді қабылдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға және (немесе) АХҚО аумағында банктік шоттарды ашуға және жүргізуге арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде;

      6) егер респондент банктiк емес ұйым болып табылған жағдайда, оның аударым операцияларын жүргiзуге берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде жабылады.";

      6. "Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14297 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-7) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) тізілімге енгізуі және тізілімді жүргізуі үшін Ұлттық Банкке ақпаратты, құжаттарды және мәліметтерді ұсынуды қамтиды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ұлттық Банк жазбаша өтінішті қарайды және ол Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ол бойынша шешім қабылдайды.";

      1-қосымша Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымша Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      8-қосымша Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер және төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
кейбір қаулыларының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағында қолма-қол ақшасыз
төлемдерді және (немесе) ақша
аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына
16-қосымша
Нысан

Төлем құжатын кері қайтарып алу туралы _____жылғы "_____" ___________________ (үзінді көшірме күні) № _____ өкім

      Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы

      ___________________________________________________________ ұсынылды

      (атауы)

      "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      45 және 50-баптарына сәйкес

      ___________________________________________________________сомасында

      (санмен және жазумен)

      _____жылғы "_____" _______________ №____

      (үзінді көшірме күні)

      ____________________________________________________________________

      (төлем құжатының атауы) орындаусыз қайтаруды сұраймыз

      Жөнелтушінің ЖСК____________________________________________________

      Ақша жөнелтушінің ЖСН (БСН) _________________________________________

      КОд ________________________________________________________________

      Бек ________________________________________________________________

      Төлем мақсаты

      ____________________________________________________________________

      (төлем құжатында көрсетілген)

      Өзге мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басшының (уәкілетті адамның) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      _______________ _________________ _____________

      қолы ______________

      Бас бухгалтердің (уәкілетті адамның) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      _______________ _________________ _____________қолы ___________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер және төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
кейбір қаулыларының тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағында қолма-қол ақшасыз
төлемдерді және (немесе)
ақша аударымдарын жүзеге
асыру қағидаларына
17-қосымша
Нысан

Төлем құжатын орындауды тоқтата тұру туралы _____жылғы "_____" ___________________ (үзінді көшірме күні) № _____ өкім

      Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы

      ___________________________________________________________

      ұсынылды (атауы) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 45 және 50-баптарына сәйкес

      ___________________________________________________________сомасында

      (санмен және жазумен)

      _____жылғы "_____" _______________ №____

      (үзінді көшірме күні)

      ____________________________________________________________________

      (төлем құжатының атауы)

      тоқтата тұруды сұраймыз

      Жөнелтушінің ЖСК __________________________________________________

      Бенефициардың ЖСК _________________________________________________

      КОд ________________________________________________________________

      Бек _________________________________________________________________

      Төлем мақсаты

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (төлем құжатында көрсетілген)

      Өзге мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басшының (уәкілетті адамның) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      _________ _______________

      қолы ______________

      Бас бухгалтердің (уәкілетті адамның) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      қолы ___________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер мен төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
кейбір қаулыларының тізбесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағында қолма-қол
ақшасыз төлемдерді және
(немесе) ақша аударымдарын
жүзеге асыру қағидаларына
18-қосымша
Нысан

_____ жылғы "_____" ______________ (жазылған күні) ақша жөнелтушінің № _____ тұрақты өкімі

      Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына

      ___________________________________________________________ұсынылды

      (атауы)

      "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңының

      51-бабына сәйкес мына деректемелер бойынша төлемдерді және (немесе) ақша

      аударымдарын жүзеге асыруды өтінеміз:

      1-бенефициар:

      Бенефициардың атауы_______________________________________________________

      (толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Бенефициардың ЖСК _________________________________________________

      Бенефициардың ЖСН (БСН)____________________________________________

      Бенефициар банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының атауы

      ____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Бенефициар банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының

      БСК_________________________________________________________________

      Бенефициар банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының

      БСН________________________________________________________________

      Сомасы ___________________________________________________________________

      (цифрмен және жазумен не оны айқындайтын талаптар)

      ____________________________________________________________________

      Ақша аудару талаптары

      ____________________________________________________________________

      (күні, кезеңділігі, өзге де талаптар)

      ____________________________________________________________________

      Растау құжаттарының атауы

      ____________________________________________________________________

      (қажет болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      Төлем белгілеу

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2-бенефициар:

      Бенефициардың атауы

      ____________________________________________________________________

      (толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Бенефициардың ЖСК__________________________________________________

      Бенефициардың ЖСН (БСН) ___________________________________________

      Бенефициар банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының атауы

      ____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Бенефициар банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының БСК

      ____________________________________________________________________

      Бенефициар банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының БСН

      ____________________________________________________________________

      Сомасы

      ____________________________________________________________________

      (цифрмен және жазумен не оны айқындайтын талаптар)

      ____________________________________________________________________

      Ақша аудару талаптары

      ____________________________________________________________________

      (күні, кезеңділігі, өзге де талаптар)

      ____________________________________________________________________

      Растау құжаттарының атауы____________________________________________

      (қажет болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      Төлем белгілеу

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басшының (уәкілетті адамның) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      ___________________________________ қолы __________________

      Бас бухгалтердің (уәкілетті адамның) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      ___________________________________ қолы ___________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер мен төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
кейбір қаулыларының тізбесіне
4-қосымша
Қазақстан Республикасының
банктері, бейрезидент банктері,
бейрезидент банктерінің
филиалдары және банк
операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар арасында
корреспонденттік қатынастар
орнату, сондай-ақ банктердің
"Астана" халықаралық
қаржы орталығының қатысушы
банктерімен корреспонденттік
қатынастар орнату
қағидаларына
қосымша
Нысан
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Корреспонденттік шотты ашу туралы мәліметтер

      Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, банк

      операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және (немесе)

      "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктің (респонденттің) атауы

      __________________________________________________________________________

      Корреспонденттің атауы ____________________________________________________

      Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу тәртібі:

      1. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу мыналарға:


Ностро-шот

Лоро-шот ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      2. Корреспонденттік шот мыналарды:


клиент төлемдерін

банктік төлемдерді

төлем карточкалары бойынша есеп айырысуды

қолма-қол ақшамен банк операцияларын (есептеу, алу)

басқа төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      жүргізу үшін ашылған.

      3. Операциялық күн соңындағы қалдық:


нөлге тең

қалдықтың төмендетілмейтін деңгейі корреспонденттік шот шартында көзделген

қалдықтың корреспонденттік шот шартының талаптарына қатысы жоқ өзгермелі деңгейі

      Корреспонденттік шот ашылған күні 20 __ жылғы "___" ______________

      Басшы ___________________________________ _________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (ол бар болса))

      Бас бухгалтер ________________________________ _______________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (ол бар болса))

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер мен төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
кейбір қаулыларының тізбесіне
5-қосымша
Төлем жүйелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құру немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмысын бастағаны туралы ақпарат

      ____________________________________________________________________

      (төлем жүйесі операторының атауы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      осы арқылы Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құрғаны/

      Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны

      туралы хабарлайды (қажет емесі сызылып тасталсын)

      ____________________________________________________________________

      (төлем жүйесінің атауы)

      ____________________________________________________________________

      бастап (Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесі жұмыс істей бастаған күн

      – банктермен, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарымен немесе

      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен төлем

      жүйесіне қатысуға арналған шартты жасасқан күн) 1. Төлем жүйесі операторының

      орналасқан жері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның (бар болса) мекенжайы)

      2. Төлем жүйесі операторының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағында көзделген құжаттар орналасқан

      интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтер.

      ____________________________________________________________________

      (интернет-ресурс) 3. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттардың

      тізбесі:

      1) ____________________________________________________________________;

      2) ____________________________________________________________________.

      4. Қазақстан Республикасының резиденттері – төлем жүйесінің қатысушылары туралы

      мәліметтер (төлем жүйесіне қатысуға арналған шарттардың көшірмелерін қоса бере

      отырып) Мен қоса беріліп отырған мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және

      толық болып табылатынын растаймын. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын

      құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Төлем жүйесі операторының

      бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      _________________________________________ ___________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер мен төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
кейбір қаулыларының тізбесіне
6-қосымша
Төлем жүйелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу туралы ақпараттар

      ____________________________________________________________________

      (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының немесе банк

      операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      1) Төлем жүйесінің атауы: _____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2) __________________________________________________________________

      (төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуға арналған шартты

      жасау күні)

      3) Төлем жүйесінің операторы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      Төлем жүйесі операторының орналасқан орны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса) 4) "Төлемдер және

      төлемдер жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағында

      көзделген құжаттар жарияланған төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының

      домендік аты туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      (интернет-ресурс) 5) Төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуға

      негіз болатын шарттың (шарттардың) көшірмесі (көшірмелері):

      1) __________________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________________.

      Мен қоса беріліп отырған мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық

      болып табылатынын растаймын. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Банктің, Қазақстан Республикасы

      бейрезидент банкі филиалының немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін

      жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      _____________________________________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
төлемдер мен төлем жүйелері
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
кейбір қаулыларының тізбесіне
7-қосымша
Төлем жүйелерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Төлем жүйесі операторының жазбаша жолданымы

      ____________________________________________________________________

      (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)) төлем

      жүйесін _______________________________________________________

      (төлем жүйесінің атауы) төлем жүйелерінің тізіліміне (жүйелік маңызы бар, маңызды,

      өзге де төлем жүйелері) ретінде (керек емес түрлері сызылып тасталсын) қосуды

      сұрайды.

      Негіздеме:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      1) Төлем жүйесі операторының орналасқан жері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы)

      2) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      5-бабының 4-тармағында және 9-бабының 1-тармағында көзделген құжаттар

      жарияланған төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік аты туралы

      мәліметтер (аталған ақпарат жарияланған бөлімді/шағын бөлімді көрсете отырып)

      ____________________________________________________________________

      (интернет-ресурс, бұл ақпарат жарияланған бөлім (шағын бөлім)).

      3) Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      Туылған күні

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Азаматтығы

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (құжат, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үйдің (офистің) нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса))

      Жұмыс орны (орналасқан жерін көрсете отырып), лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4) Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 15-тармағы екінші бөлігінің

      1) және 2) тармақшаларында көзделген, қоса беріліп отырған құжаттар:

      1) _____________________________________________________________;

      2) _____________________________________________________________.

      Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 15-тармағы екінші бөлігінің

      1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар жарияланған интернет-ресурстың

      домендік аты (мекенжайы) (Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларының

      15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса

      берілмейді):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мен қоса беріліп отырған мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық

      болып табылатынын растаймын. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Төлем жүйесі операторының бірінші

      басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      _____________________________________ _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады