Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының кейіннен ресми және мерзімді баспасөз беттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталатын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануымен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ә. Жақсыбеков |
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 9 ақпандағы № 182-195 қаулысына қосымша |
"Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын-жай беру, жер учаскелерін алып қою және мемлекеттік қажеттіліктер үшін жылжымайтын мүлік объектілерін бұзып алу мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функциялары саласында басшылықты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, сондай-ақ апаттық тұрғын үйлерді бұзуға тапсырыс беруші болады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқармаға егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, С. Сейфуллин көшесі, № 30.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді беруді қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою (сатып алу), онда орналасқан ғимараттарды (құрылыстар, орын-жайлар) бұзып алуға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттарды нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, сондай-ақ апатты тұрғын үйлерді бұзу;
3) тұрғын үй бөлу (беру), бұзуға жататын тұрғын үйлерден тұрғындарды көшіруді қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, сонымен қатар Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру;
4) Қазақстан Республикасынын жемқорлыққа қарсы заңнамалары нормаларын сақтау.
16. Функциялары:
1) меншік иелеріне (жерді пайданушыларға) өтемақы төлеумен мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты жер учаскелерін босату және ғимараттарды бұзу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын атқару;
2) Авариялық тұрғын үйлерді бұзуды жүзеге асыруда тапсырыс берушінің функцияларын орындау;
3) келесі мәселелер бойынша Астана қаласы әкімдігінің Тұрғын үй комиссиясы қарауына енгізілетін материалдарды дайындау:
коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын кезекке қою (шығару, қалпына келтіру, кезегін сақтап қалу);
коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру;
4) Астана қаласы әкімдігінің Тұрғын үй комиссиясы шешімі негізінде коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын кезекке қою (шығару, қалпына келтіру, кезегін сақтап қалу) туралы шешім қабылдау;
5) коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алуды жүзеге асыру;
6) коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың тізіміне түгендеу өткізу;
7) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді беру кезінде кезектің сақталуына және заңдылығына бақылауды жүзеге асыру;
8) Басқарманың құзыретіне кіретін, сонымен қатар коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштерді қабылдау және қарастыру;
9) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлар беру мәселелері жөніндегі Астана қаласы әкімдігіне қарастыруға және бекітуге енгізілген материалдарды дайындау;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте: Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жалға беру (жалдау) шарттарын;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру шарттарын;
тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларының қатысуымен шарттарын жасау және беру;
11) мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жалға беру (жалдау) шарттарының, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру, Басқарманың ведомстволық мұрағатындағы басқа да шарттардың телнұсқасын беру, сондай-ақ құқығын белгілейтін құжаттарға түзетулер енгізу, мағынасын ашу;
12) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану мен қолдануына бақылауды жүзеге асыру;
13) ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органның қызметін іске асырады;
14) Астана қаласының әкімдігі мен әкімімен белгіленген азаматтық қорғаныс, жұмылдыру бойынша іс шараларды орындау;
15) гендерлік және отбасы-демографиялық саясатты іске асыру;
16) коммуналдық тұрғын үй қорын пайдалану кезінде мемлекеттің заңды мүдделерін және құқықтарын сақтау;
17) Басқарма қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұйғарымдар әзірлеу;
17-1) "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-2-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік кәсіпорыннан мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласында қөрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алу;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Басқарманың міндеттеріне сәйкес басқа да функциялар.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 13.11.2015 № 182-2052 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңды және жеке тұлғалардан Басқармаға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды және ақпараттарды сұрастырып алуға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптары бұзылғаны анықталған жағдайда коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жалға беру (жалдау) шарттарын, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру шарттарын беруді уақытша тоқтатуға;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамаларының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды;
анық емес мәліметтерді берген, коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке тіркеу, тұрғын-жайды беру, тұрғын-жай ғимараттарына жалға беру (жалдау), жекешелендіру (сатып алу) шарттарын беру мәселелері және басқа да мәселелер жөніндегі құжаттарды тапсырған азаматтарды жауапкершілікке тарту туралы мәселені қоюға;
4) Астана қаласының соттарында Астана қаласы әкімдігінің мүддесін ұсыну үшін талап арыз беруші, жауап беруші, үшінші тұлға және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінен шығаруға, жабдықталған тұрғын үй берумен немесе тұрғын үй берілместен апаттық және ескірген тұрғын үйлерден азаматтарды шығаруға, мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қоюға (сатып алу) қатысты мүдделі тұлға ретінде, Астана қаласы әкімдігінің қаулылары негізінде, барлық іс жүргізу құқықтарымен тұрғын үйге меншік құқығын тану және тұрғын үй мәселелері бойынша заңды фактісін растау, сонымен қатар, талап арыздарын беруге және қол қоюға, талап арызының мазмұнын өзгертуге, талап арыздан жартылай немесе толық бас тарту құқығымен, сот шешімдеріне, анықтамаларына, Астана қаласы сотының апеляциялық, кассациялық және қадағалау қаулыларына және орындауға сот актілерін ұсынуға, сот актілерінің мәжбүрлеп орындалуын талап етуге, жауап берушіден және басқа құзыретті органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды талап ету құқығымен, барлық қажетті сұраныстар мен өтініштерге қол қою құқығымен арыздануға;
5) өзінің құзыреті шегінде басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
18) Басқарманың Мекемені құру мақсатына жауап бермейтін қызметтермен айналысуға құқығы жоқ.
3. Басқарма қызметін ұйымдастыру
17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы әрекеттер үшін дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. Басқарма басшысы лауазымға Астана қаласы әкімінің өкімімен тағайындалады.
19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Басқарма басшысының өкілеттігі:
1) Басқарма бөлімшелері басшыларының және өз орынбасарларының жауапкершілік дәрежесін белгілейді және міндеттерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты кәсіпорын басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне және ведомстволық бағынысты кәсіпорын басшыларына сыйақы беру және тәртіптік жаза қолдануға қатысты мәселелерді шешеді;
4) Басқарма қызметкерлері және ведомстволық бағынысты кәсіпорын басшылары орындауға міндетті бұйрықтарды шығарады;
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;
6) Басқарманың қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға Басқарма басшысы ретінде бірінші қолын қоюға құқылы;
7) Басқармада жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және Басқарма қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының сақталуына жеке жауапты болады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне енетін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Басқарма Басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
4. Басқарманың мүлкі
22. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесімен берілген мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алған (ақша кірісін қосқанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қорлар көзінен сатып алынған мүліктен қалыптасады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа әдіспен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдар тізімі:
"Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
"Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.