Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 182-195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 наурызда № 866 тіркелген, 2015 жылғы 17 наурыздағы № 29 (3234) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 17 наурыздағы № 29 (3252) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде 2-тараудың 16-тармағы мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1) "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-2-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік кәсіпорыннан мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласында қөрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алу";.
2. "Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ахметов Руслан Аманжолұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Жақсыбеков |