Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-596 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 26 мамырда № 909 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 107-1762 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 23.05.2024 № 107-1762 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағының 24-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңының 1-бабы 105-тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Әкім

Ә. Жақсыбеков


  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 107-596 қаулысымен
бекітілді

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағының 24-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртібін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды белгілейді.

      2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының Ішкі тәртіп қағидаларын (бұдан әрі - Ішкі тәртіп қағидалары) бекіту кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

      3. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ оқушылар, тәрбиеленушілер, ата-аналар мен өзге де заңды өкілдерінің оларға білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттемелер мен Ішкі тәртіп қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібі

      4. Ішкі тәртіп қағидалары:

      білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен педагогтарының оқушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара қарым-қатынасын;

      оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың міндеттемелерін;

      оқушылардың, тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайларды;

      білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды;

      білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібін, үзілістерді, оқушылар мен тәрбиленушілердің оқу сабақтарының ұзақтылығын;

      оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың тәртібін қарастырады.

      5. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі қызметкерлердің, оқушылар мен тәрбиеленушілердің, сондай-ақ олардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің Ішкі тәртіп қағидаларымен танысуына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования

Постановление акимата города Астаны от 24 апреля 2015 года № 107-596. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 26 мая 2015 года № 909. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 23 мая 2024 года № 107-1762.

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 23.05.2024 № 107-1762 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 24-2) пункта 3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", пунктом 105 статьи 1 Закона Республики Казахстан от 29 сентября 2014 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления", акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Типовые правила внутреннего распорядка организации образования.

      2. Государственному учреждению "Управление образования города Астаны" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата города Астаны.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Аманшаева Е.А.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня официального опубликования.

Аким

А. Джаксыбеков


  Утверждены
постановлением акимата
города Астаны
от 24 апреля 2015 года
№ 107-596

Типовые правила внутреннего распорядка организации образования
1. Общие положения

      1. Настоящие Типовые правила внутреннего распорядка организации образования (далее – Типовые правила) разработаны в соответствии с подпунктом 24-2) пункта 3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и определяют порядок организации и осуществления внутреннего распорядка организации образования.

      2. Типовые правила разработаны в целях обеспечения единых подходов при утверждении Правил внутреннего распорядка организации образования (далее – Правила внутреннего распорядка).

      3. В целях обеспечения внутреннего распорядка, администрация организации образования обеспечивает соблюдение сотрудниками, а также обучающимися, воспитанниками, родителями и иными законными представителями организации образования обязанностей, возложенных на них законодательством Республики Казахстан в области образования и Правилами внутреннего распорядка.

2. Внутренний распорядок организации образования

      4. Правилами внутреннего распорядка предусмотрены:

      взаимодействие администрации организации образования и педагогов с обучающимися, воспитанниками, родителями и иными законными представителями;

      обязанности участников учебно-воспитательного процесса;

      условия для получения знаний и сохранения жизни и здоровья обучающихся, воспитанников, охраны прав детей;

      организация повышения профессиональной квалификации сотрудников организации образования;

      режим работы организации образования, перерывы, продолжительность учебных занятий обучающихся и воспитанников;

      поведение участников учебно-воспитательного процесса.

      5. Администрация организации образования обеспечивает доступность ознакомления сотрудников, обучающихся и воспитанников, а также их родителей и иных законных представителей с Правилами внутреннего распорядка.