"Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-596 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 107-1762 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 мамырда № 1383-01 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 33-ө өкіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-596 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 909 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады