"Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № А-3/101 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 4748 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
      4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ А-3/101
қаулысымен бекітілген

"Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының аумағында денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомствоға қарасты ұйымдары бар.
      3. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
      12. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттемелері

      14. Миссиясы: Ақмола облысы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
      15. Міндеттері:
      1) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік реттеу;
      2) азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің функцияларын жүзеге асырады;
      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушілерді таңдауды және олардың шығындарын өтеуді жүзеге асырады;
      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды:
      амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;
      стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;
      медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника, медициналық емес жабдықтар, санитарлық автокөлік, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеулер жүргізуге қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;
      мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
      денсаулық сақтау саласында ақпараттық-коммуникациялық желілер, ақпараттық жүйелер мен өңірлік электронды ақпараттық ресурстарын құру және қызмет атқаруын қамтамасыз етеді;
      жоғары және орта медицина білім беру орындарына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық базаларды ұсынады;
      төтенше жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді, тегін медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастырады;
      денсаулық сақтау саласында өңіраралық және халықаралық әріптестікті іске асырады;
      денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
      салауатты өмір салтын және салауатты тамақтануды қалыптастырып насихаттау мен гигиеналық оқуды ұйымдастырады;
      айналасындағыларға қауіп келтіретін әлеуметтік-маңызды аурулар мен аурулардың таралуы туралы халықты ақпараттандырады;
      азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет етеді;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде денсаулық сақтау саласынында ведомстволық статистикалық бақылауды іске асырады;
      ведомствоға қарасты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзырлығына аттестаттау жүргізеді;
      денсаулық сақтау саласында медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ психотропты заттар мен прекурсорлар, есірткі заттарының айналымымен байланысты қызметтің түрлерін лицензиялауды іске асырады;
      мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
      уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;
      қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      Қазақстан Республикасының заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы басқа да өкілеттіліктерді іске асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 29.06.2015 № А-7/308 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттемелері:
      мемлекеттік органдарынан және өзге де ұйымдардан құжаттарды, сондай-ақ "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін іске асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратады және алады;
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ведомствоға қарасты медициналық ұйымдардың қызметіне әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге асырады;
      медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша құрылтайшы орган мен медициналық ұйымдардың әлеуметтік серіктестікті дамытуына ықпал етеді;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.
      19. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақмола облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басшысының өкілеттігі:
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствосына бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;
      "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің және ведомствоға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және оған жеке жауап береді;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.
      21. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен көзделген жайдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Ақмола облысының денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесі туралы ережеге
қосымша

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының қарамағындағы мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесі

      1. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Ақмола облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      2. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "№ 2 Ақмола облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      3. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Ақмола облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      4. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Перинаталдық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      5. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      6. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Ақмола облыстық психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      7. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Ақмола облыстық онкологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      8. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Ақмола облыстық тері-венерологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      9. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Облыстық наркологиялық оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      10. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Болашақ" орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды қалпына келтіре емдеу облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      11. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      12. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      13. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Көкшетау қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      14. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "№ 2 емханасы бар Көкшетау қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      15. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      16. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      17. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жедел медициналық жәрдем станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      18. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "№ 1 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      19. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Көкшетау медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      20. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Ақкөл орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      21. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Аршалы орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      22. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Астрахан орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      23. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      24. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Бұланды орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      25. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Бурабай көпбейінді ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      26. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Бурабай аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      27. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      28. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Еңбекшілдер орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      29. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Ерейментау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      30. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Есіл орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      31. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жақсы орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      32. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жарқайың орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      33. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Зеренді орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      34. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Қорғалжын орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      35. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Сандықтау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      36. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Степногорск орталық қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      37. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Степногорск қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      38. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Целиноград аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      39. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Шортанды орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      40. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Атбасар ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      41. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Мариновка ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      42. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Степногорск ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      43. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Облыстық мамандандырылған туберкулезге қарсы шипажайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының қарамағындағы мемлекеттік
мекемелердің тізбесі

      1. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Облыстық қан орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен күрес және алдын алу орталығы" мемлекеттік мекемесі;
      3. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Бурабай" өкпе-бронхы жүйесі аурулары бар балаларға арналған облыстық шипажайы" мемлекеттік мекемесі;
      4. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Щучье балалар үйі" мемлекеттік мекемесі;
      5. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Ақмола облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Управление здравоохранения Акмолинской области"

Постановление акимата Акмолинской области от 12 марта 2015 года № А-3/101. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 15 апреля 2015 года 4748. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 17 мая 2016 года № А-6/219

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 17.05.2016 № А-6/219 (вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение о государственном учреждении "Управление здравоохранения Акмолинской области" (далее - Положение).
      2. Государственному учреждению "Управление здравоохранения Акмолинской области" обеспечить государственную регистрацию Положения в органах юстиции в порядке и сроки, установленные действующим законодательством Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Нуркенова Н.Ж.
      4. Настоящее постановление акимата области вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким области С.Кулагин

  Утверждено постановлением
акимата Акмолинской области
от 12 марта 2015 года
№ А-3/101

Положение
о государственном учреждении "Управление здравоохранения Акмолинской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере здравоохранения на территории Акмолинской области.
      2. Государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" имеет подведомственные организации, указанные в приложении к настоящему Положению.
      3. Государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" по вопросам своей компетенции, в установленном законодательством порядке, принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: 020000, Республика Казахстан, Акмолинская область, город Кокшетау, улица Сатпаева, 1.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области" осуществляется из республиканского и местного бюджетов.
      13. Государственному учреждению "Управление здравоохранения Акмолинской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.
      Если государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия: реализация государственной политики в области здравоохранения Акмолинской области.
      15. Задачи:
      1) государственное регулирование в области здравоохранения;
      2) обеспечение граждан и оралманов медицинской помощью и лекарственными средствами, изделиями медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, включая медицинские услуги по временной адаптации и детоксикации.
      16. Функции:
      организуют и осуществляют мониторинг и контроль за деятельностью субъектов здравоохранения, за исключением организаций здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения;
      осуществляют функции администраторов бюджетных программ здравоохранения;
      осуществляют выбор поставщиков медицинских и фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и возмещению их затрат;
      осуществляют закуп и хранение лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов в рамках оказания гарантированного объема бесплатной медицинской помощи в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан:
      на амбулаторном уровне — в соответствии с перечнем, утвержденным уполномоченным органом;
      на стационарном уровне — в пределах лекарственных формуляров;
      организует закуп изделий медицинского назначения и медицинской техники, немедицинского оборудования, санитарного транспорта, а также услуг на проведение капитального ремонта государственных организаций здравоохранения;
      организует кадровое обеспечение государственных организаций здравоохранения;
      обеспечивает оснащение государственных организаций здравоохранения;
      обеспечивает создание и функционирование региональных электронных информационных ресурсов и информационных систем, информационно-коммуникационных сетей в области здравоохранения;
      предоставляет клинические базы в государственных организациях здравоохранения, финансируемых за счет средств местного бюджета, для высших и средних медицинских учебных заведений;
      организуют оказание бесплатной медицинской помощи, лекарственными средствами и изделиями медицинского назначения при чрезвычайных ситуациях;
      осуществляют межрегиональное и международное сотрудничество в области здравоохранения;
      организуют и координируют деятельность по подготовке, повышению квалификации и переподготовке кадров в области здравоохранения;
      организует гигиеническое обучение, пропаганду и формирование здорового образа жизни и здорового питания;
      информирует население о распространенности социально - значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих;
      взаимодействует с международными и неправительственными общественными объединениями по вопросам охраны здоровья граждан;
      осуществляет ведомственные статистические наблюдения в области здравоохранения в пределах соответствующей административно-территориальной единицы;
      проводит аттестацию на профессиональную компетентность руководителей подведомственных государственных организаций здравоохранения;
      осуществляет лицензирование медицинской и фармацевтической деятельности, а также видов деятельности, связанных с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров в области здравоохранения;
      оказывает государственные услуги;
      осуществляют контроль за содержанием лиц, находящихся в центрах временной адаптации и детоксикации;
      обеспечивают реализацию мер по развитию добровольного безвозмездного донорства крови и ее компонентов;
      осуществляет иные полномочия в отрасли здравоохранения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными постановлением акимата Акмолинской области от 29.06.2015 № А-7/308 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      17. Права и обязанности государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области":
      запрашивать и получать от государственных органов и иных организаций документы, а также информацию необходимую для осуществления деятельности государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области";
      осуществлять методическое руководство деятельностью подведомственных медицинских организаций, финансируемых из местного бюджета;
      содействовать развитию социального партнерства уполномоченных органов и медицинских организаций по вопросам оказания медицинской помощи;
      осуществлять иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Руководитель государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Акмолинской области.
      20. Полномочия руководителя:
      в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должность и освобождает от должности сотрудников государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области", руководителей подведомственных организаций;
      подписывает правовые акты государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области";
      представляет государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" в государственных организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      в установленном законодательством Республики Казахстан порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложения дисциплинарного взыскания на сотрудников государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области", руководителей подведомственных государственных организаций здравоохранения;
      утверждает должностные инструкции работников государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области", а также руководителей подведомственных организаций здравоохранения;
      принимает меры по борьбе с коррупцией и несет за это персональную ответственность;
      осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Руководитель государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Руководитель государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области" определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление здравоохранения Акмолинской области" относится к областному коммунальному имуществу.
      24. Государственное учреждение "Управление здравоохранения Акмолинской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление здравоохранения Акмолинской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

  Приложение к Положению
о государственном учреждении
"Управление здравоохранения
Акмолинской области"

Перечень государственных предприятий, находящихся в ведении
Управления

      1. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Акмолинская областная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      2. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Акмолинская областная больница № 2" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      3. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Акмолинская областная детская больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      4. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Перинатальный центр" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      5. Государственное коммунальное казенное предприятие "Акмолинский областной противотуберкулезный диспансер имени Коныратбека Курманбаева" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      6. Государственное коммунальное казенное предприятие "Акмолинская областная психиатрическая больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      7. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Акмолинский областной онкологический диспансер" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      8. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Областной кожно-венерологический диспансер" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      9. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Областной наркологический реабилитационный центр" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      10. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения Областная больница восстановительного лечения детей с поражением центральной нервной системы "Болашак" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      11. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Областной центр формирования здорового образа жизни" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      12. Государственное коммунальное казенное предприятие "Областной врачебно - физкультурный диспансер" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      13. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Кокшетауская городская больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      14. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Кокшетауская городская больница с поликлиникой № 2" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      15. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      16. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника № 1" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      17. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Поликлиника для ветеранов и инвалидов Великой Отечественной войны" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      18. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Станция скорой медицинской помощи" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      19. Государственное коммунальное казенное предприятие "Кокшетауский медицинский колледж" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      20. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Аккольская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      21. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Аршалынская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      22. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Астраханская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      23. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Атбасарская многопрофильная межрайонная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      24. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Буландынская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      25. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Бурабайская многопрофильная межрайонная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      26. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Бурабайская районная поликлиника" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      27. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Егиндыкольская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      28. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Енбекшильдерская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      29. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Ерейментауская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      30. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Есильская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      31. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Жаксынская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      32. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Жаркаинская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      33. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Зерендинская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      34. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Коргалжынская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      35. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Сандыктауская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      36. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Степногорская центральная городская больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      37. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Степногорская городская поликлиника" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      38. Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Целиноградская районная поликлиника" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      39. Государственное коммунальное казенное предприятие "Шортандинская центральная районная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      40. Государственное коммунальное казенное предприятие "Атбасарский межрайонный противотуберкулезный диспансер" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      41. Государственное коммунальное казенное предприятие "Мариновская межрайонная противотуберкулезная больница" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      42. Государственное коммунальное казенное предприятие "Степногорский межрайонный противотуберкулезный диспансер" при управлении здравоохранения Акмолинской области;
      43. Государственное коммунальное казенное предприятие "Областной специализированный противотуберкулезный санаторий" при управлении здравоохранения Акмолинской области.

Перечень государственных учреждений, находящихся в ведении
Управления

      1. Коммунальное государственное учреждение "Областной центр крови" управления здравоохранения Акмолинской области;
      2. Государственное учреждение "Акмолинский областной центр СПИД" управления здравоохранения Акмолинской области;
      3. Государственное учреждение "Областной санаторий для детей с заболеваниями бронхо-легочной системы "Бурабай" управления здравоохранения Акмолинской области;
      4. Государственное учреждение "Щучинский Дом ребенка" управления здравоохранения Акмолинской области;
      5. Коммунальное государственное учреждение "Акмолинская областная база специального медицинского снабжения" управления здравоохранения Акмолинской области.