"Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № А-3/101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № А-7/308 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 тамызда № 4923 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № А-3/101 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4748 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2015 жылғы 25 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      16-тармақтың екінші, төртінші, бесінші, он бесінші азат жолдары жаңа редакцияда жазылсын:
      "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;";
      "тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушілерді таңдауды және олардың шығындарын өтеуді жүзеге асырады;
      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды:
      амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;
      стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;";
      "денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;".
      2. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің мәтініне енгізілген өзгерістер бекітілсін.
      3. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
      5. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ А-7/308
қаулысымен бекітілді

"Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге енгізілетін өзгерістердің мәтін

      16-тармақтың екі, төрт, бес, он бесінші азат жолдары жаңа редакцияда жазылсын:
      "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;";
      "тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушілерді таңдауды және олардың шығындарын өтеуді жүзеге асырады;
      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды:
      амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;
      стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;";
      "денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады