"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабындағы 1-1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған Ақмола облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Н. Нұрмолдинға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № А-6/247 қаулысымен бекітілді |
Ақмола облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары
Ескерту. Сыныптау тәртібі мен шарттарына өзгеріс енгізілді – Ақмола облысы әкімдігінің 11.12.2019 № А-12/613 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.09.2022 № А-9/449 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақмола облысының облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – тәртібі) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабындағы 1-1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Сыныптаудың тәртібі мен шарттары
2. Ақмола облысының облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының сыныпталуы геометриялық параметрлеріне, сондай-ақ жол жүрісінің жиілігіне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жіктеледі.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпті жергілікті маңызы бар пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органға жергілікті маңызы бар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне автомобиль жолын қосу туралы материалдар жіберіледі.
4. Жіберілетін материалдар мыналарды қамтиды:
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылданғанын растайтын құжаттары жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамаға сәйкес сәулет-құрылыс бақылау туралы заңнамада белгіленген немесе мүлікті қабылдау туралы актісі заңнамаға сәйкес салынған нысанның мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің нысанында;
автомобиль жолының атауы мен индексі;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті орган бекіту тәртібінде облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі.
5. Осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
6. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болады.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады. Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
7. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнің бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi.
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексiндегi келесі әрiптер жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша белгiленедi.
Сонымен қатар Ақмола облысы "С" әрпімен белгiленедi.
Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолы индексінің "КС" әріптерінен кейiн келесiдей әріптер меншiктеледі:
Ақкөл ауданы – AK;
Аршалы ауданы – AR;
Астрахан ауданы – AS;
Атбасар ауданы – AT;
Біржан сал ауданы – BS;
Бұланды ауданы – BU;
Бурабай ауданы – BR;
Егіндікөл ауданы – EG;
Ерейментау ауданы – ER;
Есіл ауданы – ES;
Жақсы ауданы – JK;
Жарқайың ауданы – JA;
Зеренді ауданы – ZR;
Қорғалжын ауданы – KR;
Сандықтау ауданы – SA;
Целиноград ауданы – CL;
Шортанды ауданы – SH;
Көкшетау қаласы – K;
Қосшы қаласы – KS;
Степногорск қаласы – ST.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 20.09.2022 № А-9/449 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.