Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № А-9/449 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қыркүйекте № 29834 болып тіркелді

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақмола облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № А-6/247 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4852 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібінде мен шарттарында:

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.

      Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнің бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi.

      Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексiндегi келесі әрiптер жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша белгiленедi.

      Сонымен қатар Ақмола облысы "С" әрпімен белгiленедi.

      Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолы индексінің "КС" әріптерінен кейiн келесiдей әріптер меншiктеледі:

      Ақкөл ауданы – AK;

      Аршалы ауданы – AR;

      Астрахан ауданы – AS;

      Атбасар ауданы – AT;

      Біржан сал ауданы – BS;

      Бұланды ауданы – BU;

      Бурабай ауданы – BR;

      Егіндікөл ауданы – EG;

      Ерейментау ауданы – ER;

      Есіл ауданы – ES;

      Жақсы ауданы – JK;

      Жарқайың ауданы – JA;

      Зеренді ауданы – ZR;

      Қорғалжын ауданы – KR;

      Сандықтау ауданы – SA;

      Целиноград ауданы – CL;

      Шортанды ауданы – SH;

      Көкшетау қаласы – K;

      Қосшы қаласы – KS;

      Степногорск қаласы – ST.".

      2. "Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № А-12/573 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6979 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      аудан, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалалар, облыс әкімінің алғыс хаты;

      ақшалай сыйақы болып табылады.";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін аудан, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалалар әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.";

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, аудан, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалалар, облыс әкімінің алғыс хатын табыстау ПБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.".

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады