Ақмола облысында "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № А-8/385 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 4982 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № А-2/35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 26.01.2016 № А-2/35 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса ұсынылып отырған Ақмола облысында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімінің
2015 жылғы «11» тамыздағы
№ А-8/385 қаулысымен 
бекітілген      

Ақмола облысында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақмола облысында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығын жүзеге асыру үшін әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының (бұдан әрі – қызметшілер) «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан құрылады:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      Облыстық басқармалардың басшылары үшін бағалау қадағаланатын мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасарымен жүргізіледі.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, жылжыту бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, аттестация өткізуге негіз болады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Облыс әкімімен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерімен, облыстық басқармалар басшыларымен құрылатын қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді.
      9. Комиссия бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Облыс әкімі аппаратының басшысы, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері аппараттарының басшылары, облыстық атқарушы органдардың басшылары Комиссия төрағасы болып табылады.
      Облыс әкімі аппараты, аудандар әкімдерінің аппараттары, облыстық атқарушы органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкері (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) Комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісім бойынша бағалауды өткізу кестесін құрастырады.
      Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда, қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізбесін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару қызметіне оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар бағалануының орташа есебін жүргізеді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағасы жасырын жүзеге асырылады.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

a = b + c

      мұндағы a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
      21-дан 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,
      33 балдан жоғары – «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарау

      20. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау жөніндегі комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды тапсырады:
      1) тікелей басшының толтырылған бағалау парағын;
      2) айналмалы бағалаудың толтырылған парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекіту;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда:
      1) егер де қызметші қызметінің тиімділігі бағалау нәтижесінен жоғары болса, онда қызметші жұмысының нәтижелерін құжаттамалық растау ұсынылады;
      2) нәтижені есептеу барысында персоналды басқару қызметімен қате жіберілген жағдайда, Комиссия хаттамада тиісті түсініктемесімен қоса бағаны түзетеді.
      Бұл жағдайда қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарауды жүзеге асырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне ұсынады.

Ақмола облысында «Б» корпусы әкімшілік
мемлекеттік қызметшілердің қызметіне
жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша             

нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Тегі Аты Әкесінің аты:_____________________________________
 

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________

№ р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Ынтымақтастыққа икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың жиынтығы)



      Таныстым:
      Қызметші                              Тікелей басшы
      (Тегі Аты Әкесінің аты)               (Тегі Аты Әкесінің аты)
      _________________                     __________________
      күні ______________________           күні __________________
      қолтаңбасы ________________           қолтаңбасы ____________

Ақмола облысында «Б» корпусы әкімшілік
мемлекеттік қызметшілердің қызметіне
жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша               

нысан

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Тегі Аты Әкесінің аты:__________________________________________________________
 

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

№ р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

Бағынышты адам

1

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың жиынтығы)


Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың жиынтығы)



Ақмола облысында «Б» корпусы әкімшілік
мемлекеттік қызметшілердің қызметіне
жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша              

нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)

№ р/б

Қызметшінің Тегі Аты Әкесінің аты

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1









Комиссия қорытындысы:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы:__________________________ Күні: _____________
                         (Тегі Аты Әкесінің аты, қолтаңбасы)

      Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: _______________
                         (Тегі Аты Әкесінің аты, қолтаңбасы)

      Комиссия мүшесі:______________________________ Күні: __________
                         (Тегі Аты Әкесінің аты, қолтаңбасы)

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в Акмолинской области

Постановление акимата Акмолинской области от 11 августа 2015 года № А-8/385. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 17 сентября 2015 года № 4982. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 26 января 2016 года № А-2/35

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 26.01.2016 № А-2/35 (вводится в действие со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих», акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» в Акмолинской области.
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким области                               С.Кулагин

Утверждена    
постановлением акимата
Акмолинской области
от «11» августа 2015
года № А-8/385  

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» в Акмолинской области

1. Общие положения

      1. Настоящая методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» в Акмолинской области (далее – Методика) разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета и аппаратов акимов (далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      Для руководителей областных управлений, оценка проводится курирующим заместителем акима области.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок «неудовлетворительно» в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку «неудовлетворительно», не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается акимом области, акимами районов (городов областного значения), руководителями областных исполнительных органов.
      9. Комиссия состоит из пяти членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата акима области, руководители аппаратов акимов районов (городов областного значения), руководители областных исполнительных органов.
      Секретарем Комиссии является сотрудник службы управления персоналом аппарата акима области, аппаратов акимов районов областных исполнительных органов (далее – служба управления персоналом). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Служба управления персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от службы управления персоналом, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником службы управления персоналом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 14 настоящей Методики, направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      16. Служба управления персоналом осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

a = b + c

      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – «неудовлетворительно»,
      от 21 до 33 баллов – «удовлетворительно»,
      выше 33 баллов – «эффективно».

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Служба управления персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3 к настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Служба управления персоналом ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      26. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

Приложение 1            
к методике ежегодной оценки деятельности
административных государственных  
служащих корпуса «Б» исполнительных 
органов Акмолинской области      

форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Фамилия Имя Отчество оцениваемого служащего:___________________________________
 

Должность оцениваемого служащего: _______________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


ИТОГО (сумма всех оценок):



      Ознакомлен(а):
      Служащий                          Непосредственный руководитель
      (Фамилия Имя Отчество)            (Фамилия Имя Отчество)
      ___________________               _____________________
      дата _________________            дата ______________________
      подпись ______________            подпись ___________________

Приложение 2 к методике ежегодной
оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса «Б»
исполнительных органов      
Акмолинской области       

форма

Лист круговой оценки

      Фамилия Имя Отчество оцениваемого служащего:___________________________________
      Должность оцениваемого служащего: ____________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)


Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)



Приложение 3 к методике ежегодной
оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса
«Б» исполнительных органов    
Акмолинской области       

форма

Протокол заседания Комиссии по оценке
______________________________________________________
(наименование государственного органа)

№ п/п

Фамилия Имя Отчество служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1









      Заключение Комиссии:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Проверено:

      Секретарь Комиссии:__________________________ Дата: ___________
                          (Фамилия Имя Отчество, подпись)

      Председатель Комиссии:_______________________ Дата: ___________
                          (Фамилия Имя Отчество, подпись)

      Член Комиссии:______________________________ Дата: ____________
                          (Фамилия Имя Отчество, подпись)