РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Құскөл» жер асты суы кен орны «Бұқпа» учаскесінің № 2-Б ұңғымасының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 7 қазандағы № А-9/426 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3880 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2013 жылғы 23 қарашада жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына» сөздері «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген)» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі С.Кулагин
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Ақмола
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы Қ.Қ.Баймұхамбетов
2015 жылғы «02» 12
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі
Есіл бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы Э.А.Мейрамов
2015 жылғы «02» 12