"Құскөл" жер асты суы кен орны "Бұқпа" учаскесінің № 2-Б ұңғымасының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 7 қазандағы № А-9/426 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 қарашада № 3880 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне және «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 02.12.2015 № А-12/552 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Қосымшаға сәйкес «Құскөл» жер асты суы кен орны «Бұқпа» учаскесінің № 2-Б ұңғымасының санитариялық қорғаныш аймағы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ. Әкімовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Қ.Айтмұхаметов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Ақмола облысы
      бойынша департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            Қ.Қ.Баймұхамбетов

      «Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі
      Есіл бассейндік инспекциясы»
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы м.а.                   С.С.Қатаева

Ақмола облысы әкімдігінің 
2013 жылғы 7 қазандағы  
№ А-9/426 қаулысына қосымша

«Құскөл» жер асты суы кен орны «Бұқпа» учаскесінің № 2-Б ұңғымасының санитариялық қорғау аймағы

Су алу көзінің атауы

Санитарлық қорғаныш аймағының мөлшері

I белдеу (шекаралары)

II белдеу (шекаралары)

III белдеу (шекаралары)

«Құскөл» жер асты суы кен орны «Бұқпа» учаскесінің № 2-Б ұңғымасы

Ұңғымадан 30 метр қашықтықта

ұзындығы – 584 метр
ені – 662 метр

ұзындығы – 2500 метр
ені – 2500 метр

Ескерту: Санитариялық қорғау аймағының шекаралары «Құскөл» жер асты суы кен орны «Бұқпа» учаскесінің № 2-Б ұңғымасы санитариялық қорғаныш аймағы жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады