РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің «Егіндікөл ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4737 тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде «Егіндікөл» аудандық газетінде жарияланды) 2015 жылғы 4 наурыздағы № а–3/43 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
келесі мазмұндағы 3.1 тармағымен толықтырылсын:
«3.1. Осы қаулы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.».
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов