Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № а-3/43 "Егіндікөл ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № а-6/104 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 шілдеде № 4856 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің «Егіндікөл ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4737 тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде «Егіндікөл» аудандық газетінде жарияланды) 2015 жылғы 4 наурыздағы № а–3/43 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      келесі мазмұндағы 3.1 тармағымен толықтырылсын:
      «3.1. Осы қаулы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.».
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының әкімі                  А.Тайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады